Материалдар / Ертеңглік"Күзгі орманға саяхат"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ертеңглік"Күзгі орманға саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңглік"Күзгі орманға саяхат". Күз мезгіліне арналған концерттік шара. Ертеңгілік саяхат ретінде өткізіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2021
512
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Күзгі орманға саяхат»

Мақсаты:

  • Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы, білімдерін бекіту. Табиғат әсемділігін эстетикалық түрде сезіну.

  • Күз көрінісін ән, би, ойын арқылы сипаттау. Жұмбақ, өлең арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.

  • Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру.

Залды безендіру: сахнаның ортасында жапырақтар тігілген түрлі түсті маталар, шарлар, залға ілінген күзгі жапырақтар.

Көрнекіліктер: жемістер, көкөністер муляжы

Кейіпкерлер: Күз аруы, Сәбіз бөбегі, Алмұрт ата, Орманшы, Алтын күз

Безендіру: Музыка залы екіге бөлінеді. Бір бөлігі мерекеге сай безендірілген, екінші бөлігі орман бейнесінде.

Балалар залға музыкамен кіреді, бірінші бөлігінде жартылай шеңберге тұрады.

Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селдіретіп

Тойға бөлеп елімді күзім келді.

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Құрметті ата-аналар, әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді. Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз, жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті, өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, біз де әрқашан көңілдіміз. Жүргізуші:Бұлттар төніп

Жерге шөгіп

Дымқыл тұман басады

Өңі тайып

Дала нұры қашады

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады?

Балалар жауабы: Күз

Жүргізуші: Күз мезгілі туралы ән білесіңдер ме?

Балалар жауабы:

Ән: «Күзгі вальс»

Тақпақтар.

Дәулетәли

Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ, .

Саудырап түседі.

Күз жомарт дейміз біз,

Жемісін жейміз біз.

Қуаныш

Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқып жүр.
Әндетейік жырлайық.
Шырқатып ән салайық
.

Қарақат

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батса айдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай.

Аянат

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.


Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.


Фатима

Қайтқан құсты көрдің бе,

Қаптай ұшқан әуелеп.

Күткен күзім, келдің бе,

Сыңсып бағың мәуелеп.

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.


(Тақпақтардан кейін желдің дауысы естіліп хат ұшып келеді, ханшайымнан хат келеді)

Жүргізуші:(Хатты алып оқиды да) Балалар бізді күз ханшайымы өз сарайына қонаққа шақырып жатыр, барғыларың келеді ме?

Балалар жауабы:ия

Жүргізуші: Ендеше бәріміз жолға шығайық

Жүргізуші: Би билесек жол қысқарар, кәне жапырақтар биін билеп жіберейік.

Би: «Жапырақтар»

  1. Біржан

  2. Аят

  3. Дәулетәлі

  4. Аян

  5. Қуаныш

(Орманға келгенде Орманшы ата кезігеді).

Орманшы: Сәлеметсіңдерме балалар? Жорытқанда жолдарың болсын Қайда бет алып жатырсыңдар?

Жүр:Сәлеметсізбе ата «Алтын күз» мерекесіне күз ханшайымы сарайына мерекеге бара жатырмыз. Жол көрсетіп жіберсеңіз!?

Орманшы: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын егер де сол жұмбақтың шешуін дұрыс тапсаңдар, жолдарыңды да табасыңдар .

Жұмбақтар : Қабат-қабат қаттама,

Ақылын болса,аттама. (кітап)

Қалың киім ұнатады.

Шешіндірсең жылатады. (пияз)

Алты қырлы,

Алтын сырлы. (қалам)


Орманшы: Өте тамаша, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар мен енді өз уәдемде тұрайын қолымдағы мына сиқырлы жіп сендерге жол көрсетеді. (деп жіпті береді)

Жүргізуші: Орманшы ата сізге көп рахмет, Балалар орманшы атаға тақпақтарымызды айтып берейікші.

Малика

Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

Балауса

Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.

Жеміс - жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.

Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...

Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

Рухия

Сары ала жапырақтың түстері
Салқын самал желде өтіп кетеді
Алтын күздей сұлулықты көрмедім
Алтын күзді бір тамаша күн дедім
Алтын күздің кереметі рас еді
Сұлулығы аймен күнге тең еді.  

Мөлдір

Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.

Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

Ұлданай

Миновало лето,
Осень наступила.
На полях и в рощах,
Пусто и уныло.
Птички улетели,
Стали дни короче,
Солнышка не видно,
Темны, темны ночи.

Жүргізуші: Рахмет сізге ата!

Жүргізуші: Ал енді мына жіптің көмегімен біз күз ханшайымын іздейік.

Балалар қараңдаршы жан-жағымызда көп ағаштар

Жүргізуші: Ия балалар сендер ағаштардың қандай түрлерін білесіңдер

Балалар жауабы: Ақ қайың, емен, қара ағаш.

Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар ендеше балалар «Жапырағын тап» ойнынын ойнап жіберейік

Ойын: «Жапырағын тап»

Шарты : 2 түрлі ағаш 2 бұрышқа қойылады сол ағаштардың жапырақтыры аралас шашылып 2-стол үстінде жатады. Балалар әр бір ағаштың жапырағын дұрыс тауып сол ағашқа орналастырады.

Жүргізуші:Балалар күн бұлттанып, жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты, жаңбыр мен бірге нұр келер.

Би: «Қолшатыр»

1.Малика

2.Шалқы

3.Қарақат

4.Рухия

5.Фатима

6.Ұлданай

7.Гүлсезім

8.Құралай

9.Жанайым

Музыка әуенімен Алмұрт ата мен Сәбіз бөбегі бір-бірімен дауласып музыка залына кіреді.

Сәбіз: Мен тәттімін!

Алмұрт: Жоқ, мен тәттімін дедім ғой!

Жүргізуші: Сендерге не болған, достар! Бір-бірлеріңмен таласа бермей, балалардан сұрап көріңдер.

Алмұрт: Балалар, сәбізге айтыңдаршы мен тәттімін ғой!

Сәбіз: Сен тәттілеу болсаң, менің дәрумендерім көбірек!

Жүргізуші: Онда балалардан сұрайық. Сәбіз бен Алмұрттың қандай пайдасы бар?

Балалардың жауаптары:

Жүргізуші: Сендер енді келісесіңдер ғой балалардың жауаптарымен? Екеулеріңіз де пайдалы, тәтті екенсіздер!

Жүргізуші: Балалар, мен сендерге қызықты ойын даярладым. Алмұрттың достары кім? (балалар жемістерді атайды) Сәбіздің достары кім? (балалар көкөністерді атайды)

Алмұрт, Сәбіз: Балалар, сендер көкөніс пен жемістерді талғамай көп жеңдер, сонда қыс мезгілінде ауырмайсыңдар. Бірақ, барлығын жуып жеңдер. Ал енді сендердің өнерлеріңе көп рахмет! Біз басқа балабақшалардың балаларының өнерлерін көріп келейік. Сау болыңдар.

Жүргізуші: Сау болыңдар, достар!

Тақпақтар:

Көрініс: «Көкөністер айтысы»



Мейіржан(қияр):
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күймде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.

Гүлсезім (картоп):
Мен ұялшық картоппын,
Мен емесепін мақтанар,
Мені жақсы көреді,
Үлкендермен балалар.
Құралай (Ас бұршағы):
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын және бәріне,
Дәмді салаттарыммен ,
Сый жасаймын бәріңе.

Аян(пияз):
Боламын мен демеуіш,
Барлық- барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.

Аят(сәбіз):
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де.

Шалқы: (шалқан)
Кім білмейді шалқанды,
Дәмімді татып таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып көр менен дарқанды.

Біржан(қырыққабат):
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда.
Мені қосса самсаға.
Жейді бәрі тамсана.
Жанайым (қызанақ):
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Барма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген

Қайсар (Қызылша)
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелге.

Аманжол(медбике):
Көкөністер бәрі де ,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.


Жүргізуші: Орманшы ата берген сиқырлы жіптің көмегімен жолға шығайық.

(Сиқырлы әуен ханшайымның сарайына келеді, сарайдың ішінен Ханшайым шығады).

Сәлеметсізбе Ханшайым!

Ханшайым: Сәлеметсіңдерме балалар! Қош келіпсіздер алтын күз мерекесіне.

Сендерге күз мезгілі несімен ұнайды?

Балалардың жауабы:

Жүргізуші: Біз мерекеге құр қол келген жоқпыз, өзімізбен бірге биімізді ала келдік. Кәне балалар биімізді билеп жіберейік.

Би: «Саңырауқұлақ»

1.Аянат

2.Балауса

3.Мөлдір

4.Қайсар

5.Аманжол

6.Мейіржан

Ханшайым: Балалар менде сиқырлы жүзім бар. Жүзімнің әрқайсысында сендерге арналған тапсырма бар.(1-жүзімде жұмбақтар жасырылады, 2-ші жүзімде сұраққа жауап беру, З-ші жүзімде ойын)

Жүргізуші: Ендеше сиқырлы жүзім тапсырмасын оқиық.

Жұмбақтар білесің бе?

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!