Материалдар / Еселі еңбек еш кетпейді
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Еселі еңбек еш кетпейді

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп ұжымының жетістіктері жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2021
362
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Еселі еңбек еш кетпейді

«Еселі еңбек еш кетпейді» дегендей мектебіміздегі ұстаздар еңбегінің жемісі республика, облыс, аудан көлемінде айтарлықтай нәтижеге ие болды. Айтар болсақ, 11-сынып оқушысы Тлеуқабыл Бекмұхамед ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Ұлттық инновациялар конкурсында мектебіміздің «Galgan TOR» командасы «Орта мектеп оқушылары арасындағы ең үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша екінші орынды иеленіп, Мадақтамамен және 800 мың теңге сертификатымен марапатталды, жетекшісі география мұғалімі Әукебай Ғалым. Оқушыларымыз халықаралық Сатпаев оқуларының жүлдегерлерлері: Нүркенова Әсем 1 орын, Ерлаш Ақерке 2 орын; 10-сынып оқушысы Кереева Алуа, 8-сынып оқушылары Кимадиден Саяжан, Шарапиденова Назар аудандық, облыстық Мағжан оқуларының, Абай оқуларының жүлдегерлері.10-сынып оқушысы Кереева Алуа «ІQanat» олимпиадасының эссе эрудит конурсында 1-кезеңінің жеңімпазы болса (мұғалімі Жакуленова Ж.К.), 10-сынып оқушысы Тұрсынбай Ерасыл «ІQanat» олимпиадасының математика пәні бойынша 1,2-кезеңінің жеңімпазы (мұғалімі Намазбаев А.Қ.). Мектебіміздің Алтын белгі иегері Қайролла Назым Daryn.online білім беру платформасында тарихымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған І Республикалық «Жас тарихшы» олимпиадасының І Дәрежелі Дипломымен марапатталды (мұғалімі Слямбеков М.С.), 10-сынып оқушысы Кереева Алуа «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған І Республикалық «Үш бәйтерегі» онлайн байқауында өзінің шығармашылық қабілеті мен көркемсөз оқу шеберлігінің жоғарғы деңгейде екенін көрсетіп І орынды иеленді(мұғалімі Жакуленова Ж.Қ.) Құқықтық бағыттағы «Құқық бойынша үздік» облыстық қашықтық конкурсында қызыл аттестат иегері Нүркенова Әсем ІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталды (жетекшісі Кажмаганбетова А.Е.). Мектебіміздің «Экология сақшылары» атты тобы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық «Менің кіші Отаным» интеллектуалдық конкурсының жеңімпазы (жетекшісі Әукебай Ғалым).

Бастауыш сынып оқушылары Кайыров Нұрмұхаммед «Кенгуру - математика барлығы үшін халықаралық зияткерлік конкурсында І орын, Тұңғыш Президент күніне орай қараша айында өткізілген «Елбасы- ел бағы» 3 -ші аудандық көркем сөз оқу шеберлер байқауында 1 сынып оқушысы Казбек Исабек пен 4 сынып оқушысы Сатылған Инабат 2 орынды, Темирболатов Нүреке 3 орынды иеленсе, Қазбек Исабек «Тәуелсіздік- ел тұғыры » атты республикалық сырттай мәнерлеп оқу байқауының бас жүлдесін иеленіп, халықаралық «ПОНИ» білімділер сайысына  белсене қатысып 3 орынға ие болды. . Ал, «Таlaptylar» kz даму орталығы ұйымдастырған «Тұңғыш Президент-Елбасы» атты республикалық байқауда 4 сынып оқушысы Сатылған Инабат мәнерлеп оқудан ерекше өнерімен үздік деп танылып , 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.



Нығманов атындағы орта мектебі

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Ж.Қ.Жакуленова

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!