Материалдар / Есімдер сыры. Ғылыми - практикалық жоба.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Есімдер сыры. Ғылыми - практикалық жоба.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата - аналарға, мұғалімдерге,сынып жетекшілерге, психологтарға,оқушыларға есімді балаға ойланып, дұрыс қою үшін қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2019
1032
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Аққулы ауданының Потанин жалпы орта білім беретін мектебі» КММ









Ғылыми – практикалық жобаның тақырыбы:

Есімдер құпиясы.





Орындаған: 3 «А» сынып оқушысы

Ермахамбет Инара

Жетекшісі: Мустафина Гульмира Куанышевна

педагог- психолог, өзін – өзі тану пән мұғалімі























Ғылыми – практикалық жобаның тақырыбы: Есімдер құпиясы.


Орындаған: 3 «А» сынып оқушысы Ермахамбет Инара

Аннотация
Мені өзімнің, өз сыныптастарымның және сынып жетекшімнің есімінің ерекше болуы мұның сырын білуге деген қызығушылығымды арттырды. Сол себепті есімдердің негізгі мағынасын білу мақсатында «Есімдер сыры» тақырыбын таңдап алдым.
Зерттеу мақсаты:
● Бүгінгі күні балаларға қойылған есімдердің сырын анықтау;
● Есімдер ұғымына талдау жасау;
● Сауалнамалар арқылы өз сыныбымның оқушыларының есімдерінің сырын білу деңгейлерін байқау;
Зерттеудің басты кезеңдері:
● Есімдерге қатысты материалдармен танысу;
● Бақылау, зерттеу, сауалнамалар жүргізу;
● Қорытынды жасау;

Күтілетін нәтиже:
● Есімінің сырын білу арқылы өзін – өзі тануға жол ашу;

Бұл тақырыпқа қызығушылығым өз сыныптастарымның есімдері, сынып жетекшімнің есімі және де өзімнің есімім өзгелерден ерекше екенін білгеннен бастап туды.
- Неге басқа қыздардың, мысалы екі Айдана, екі Наргиз, есімдері бірдей, ал менікі өзгеше?
- Бала дүниеге келгенде туыстары оған атты қалай таңдайды?
Осы сияқты көптеген сұрақтардың жауабын табуға тырыстым.
Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата - анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады», - деген наным - сенім бар.
- Адам есімі келешек тағдырына қаншалықты ықпал етеді?
- Аттас адамдардың көбісінің мінез - қылығы неліктен бір - біріне ұқсас?
Бұл ХХ ғасырдың басынан бері ғалымдардың зерттеу жүргізіп келе жатқан жұмыстарының бірі. Соның нәтижесінде кейін адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болды.
Қазақ тіл білімінде антропонимия деген термин бар. Антро+пос - «Адам, оним//онима - «Есім», «Ат» деген сөз. Ендеше, антропоним дегеніміз - «Кісі есімі», антропонимика дегеніміз - ономастиканың кісі есімдерін зерттейтін саласы.
Бала – адамның бауыр еті. Қай ата - ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата - ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.
Баласының атын ырымдап қою – ата - анасының ниетін білдіреді. Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп – Марғұлан, Қаныш, ақын болсын деп – Абай, батыр болсын деп – Едіге, Жәнібек, Алпамыс, ақылгөй ана болсын деп – Зере, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады. Кейінгі кезде елімізде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе бастады. Бұл да елбасымыздай дана, ақылды болсын деген ырым.
Абылай («ата, әке») -------------------------------- Аида («сыйақы, пайдалы»)
Әсел («бал») ------------------------------------------ Әмина («сенімді»)
Асхат («бақытты, сәтті») ---------------------------- Ғазиза («сүйікті, қымбатты»)
Ғани («бай») ------------------------------------------ Данияр («жақын, таныс»)
Динара («күміс ақша») ------------------------------ Жамал («әдемі, тартымды»)
Қадір («құрметті») ----------------------------------- Қайрат («күшті, қуатты»)
Мәлік («патша») -------------------------------------- Мұхит («мұхит, қоршаған орта»)
Мұхтар («ерекше, таңдамалы») -------------------- Рәзия(«сүйікті, тартымды»)
Сәбит («нық, сенімді») ------------------------------ Айдана («ақылды, дана»)
Айнагүл («таза, мөлдір») ---------------------------- Ахан («темір»)
Бақтияр («бақытты, қалаулы») --------------------- Бибігүл («Гүл шашқан ханым»)
Дана («данышпан, ақылды») ------------------------ Жәния («нәзік жанды»)
Раушан («көрнекті, ашық - жарқын») -------------- Рүстем («батыр, ер - жүрек»).
Осындай мәліметтерді қарастыра отырып өз сыныптастарыммен, туыстарыма мынадай сауалнама жүргіздім:
1. Өз есімің ұнай ма?
Ұнайды – 12------------------ Ұнамайды - 1
Яғни барлық адамға өз есімдері ұнайды екен. Бұл да қуантарлық жай деп ойлаймын. Өйткені әр адамға өзіне қатысты нәрселердің барлығы қуаныш әкелуі қажет деп ойлаймын. Сонда ғана алдыңа қойған мақсатыңа жету жеңіл болады.
2. Өз есімің жайлы білесің бе?
Білемін – 6 ------------------ Білмеймін - 7
Бұл сауалнамадан кейін мен достарыма есімдері туралы мәліметтер беріп, әрбір баланың есімінің мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне көмек жасауды ұйғардым.
Өз есімің ұнай ма?
Ұнайды - 12
Ұнамайды - 1

Өз есімің жайлы білесің бе?
Ғылыми деректерге сүйенсек, адамның туған кезеңінің, маусымның тағдырға тигізер әсері мол. Әсіресе, қысты күндері туғандардың басты қасиеті пысықтық, көктемде туғандарға жұмсақтық, жаз мезгілінде туғандарға қайырымдылық, күзде туғандарға шаруақорлық қасиеттер тән.
Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес келсе, әрбір сан белгілі бір планетаның ықпалына бағынады. Адам өз есімінің қай планетамен байланысты екенін төмендегідей тәсілмен анықтай алады.
Осы кесте бойынша әрбір адам өз есімінің тиесілі санын анықтап, сол арқылы қай планетаның мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне болады.
А - Ә - 1 Е - 5 Л - 2 Р - 2 Х - 5 Ы - І - 1
Б - 2 Ж - 2 М - 4 С - 3 Ц - 3 Ь - 1
В - 6 З - 7 Н - Ң - 5 Т - 4 Ч - 7 Э - 6
Г - Ғ - 3 И - Й - 1 О - Ө - 7 У - Ұ - Ү - 6 Ш - 2 Ю - 7
Д - 4 К - Қ - 2 П - 8 Ф - 6 Щ - 9 Я - 2

1. Күн. Күн планетасының ықпалындағылар: көсемдер, асқақ көңілді тәкаппар, астамшыл және жауапкершілігі мол адамдар.
2. Ай. Сезімтал, талантты, шығармашылыққа бейім ойшыл - қиял кеңістігі мол көпшіл, сезімтал да парасатты жандар.
3. Юпитер. Кеңпейіл, оптимист, адамның тілін таба білетін қасиеті мол, бірден шешім қабылдай қоймайтын, идеалист жандар.
4. Уран. Тік мінезді және бірбеткей, өзімшіл болып келеді, жақсы жұмыс істеп, адамдармен тез достасады.
5. Меркурий. Көпшіл, епті және табиғатында бастамашыл, әр нәрсені білуге құмар, сыншыл, сәтсіздікке мойымайды.
6. Шолпан. Табиғатында сезімтал, сүйкімді, аздап тәкаппарлау, іскер, әр уақытта қай істе де жолы болғыш.
7. Нептун. Жұмсақ мінезді және материалдық жағдайы әркелкі, сезімтал, ымырашыл, қайырымды философтар.
8. Сатурн. Ішкі жан - дүниесі сезімтал, бірақ сырт көзге суық көрінеді. Прагматик, жетістікке өз еңбегімен ғана қол жеткізеді. Бірбеткей, өте сақ, бірақ оларға әр уақытта сенім артуға болады.
9. Марс. Қайратты, қызба, басынан сөз асырмайтын, қысымға төзбейтін, өзімшіл, қай уақытта да тек өзіне ғана сенеді.
Зерттеп көрейік/Презентация/
Менің әкемнің аты Досым - жан серігім, жолдасым.

Анамның есімі Гүлмира

иран тілінен алынған гүл + орыс тілінен мир(а) - бейбітшілік, тыныштық яғни бейбітшілік, тыныштық гүлі. Синонимі — Бейбітгүл.

Менің әпкемнің есімі Ғайни

араб тілінен - әдемі, көркем, танакез.

Ортаншы әпкемнің есімі Айханым – айдай сұлу ару.

Менің есімім Инара

Арап тілінен аударғанда әлқуатты ,әдемі,ақылды болсын деген мағынмен қойылған есім.

Бауырымның есімі Қасым

Бауырмал, серік, батыл болсын деген мағынамен қойылған есім.

Сынып тастарымның есімдері:

Айымжан

Айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.

Ақылбек

ақылды, сергек болсын деген тілекпен қойылған есім.

Алтын

Көбіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б.

Әнуар

арабтың нұр сөзінің көпше түрі. Мағынасы — нұрлы, ең жақсы, жарық, жарқыраған. Біріккен тұлғалы есімдер — Әнуарбек, Әнуархан.

Жансұлу

жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.

Дильназ

парсы тілінен өмір еркесі, қосымша сөзі наз – еркелік, кежірлік.

Досымхан

жан серігім, жолдасым, ер баланың мықты, күшті, атақты болуын тілеп қойылған есім. Қысқартып-еркелете айтылатын түрі — Қаныш.

Ерназар

қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған назар көру, көзқарас, ықылас. Рухы күшті, батыр деген мағынаны береді.

Алмагүл

сұлу, хош иісті, тәтті деген мағыналы есім.

Ержігіт

Ер мінезді, намысшыл болсын деген тілекпен қойылған есім.

Азамат

Елі үшін, жері үшін еңбек, қорған болатын ниеттпен қойылған есім.

Есімдегі әріптердің мән-мағынасы

А-Ә – күш, билік, салта­нат; Б – биік сезімге бейім­ділік, тұрақтылық; В – тұрақ­сыз­дық, жүйеліліктің жоқ­ты­ғы; Г – құпиялылық, бол­ма­шыға мән берушілік, тиянақты­лық; Д – көпшілдік, ақжар­қын­дық, кінәмшілдік; Е – өмір сүруге бейімділік, сөзге құмар­лық; Ж – өзіне деген сенім­сіз­дік, маңыздылық, ішкі сырына беріктік; З – материалдық тұр­ғыдан қанағаттанбау­шы­лық, жоғары сезімталдық; И – нәзік руханилық, әсерленгіш, бейбіт­шіл; К-Қ – төзімділік, күйге­лек­тік; Л – әртістік, ұсақшылдық, қисын, әр нәрсені ойлап табу­шы­лық; М – қамқоршылдық, ұялшақтық, еңбексүйгіштік; Н – шығармашылық амбиция, денсаулыққа мән берушілік, ал­ғыр ой; О – ерекше сезім­тал­дық, құпия толғаныс; П – қарапайымдылық, жалғыздық, идеяның молдығы, сыртқы тү­рі­не мән беру; Р – өзіне деген сенімділік, үнемі шиыршық ату; С – билікке құмарту­шы­лық, кінәмшілдік; Т – идеал із­деушілік, сезімтал шығарма­шы­­лық тұлға; У – жаралан­ғыш, үркектік, ..., интуиция; Ф – жұмсақтық; Х – сексуаль­дық проблема, заңға бағын­ғыш­­тық, сезімнің екіұ­дай­лы­ғы; Ш – қызғаншақтық, әзіл­қойлық; Ы – іспен көрінушілік; Я – өз орнын бағалай білуші­лік, зиялылық, шығармашы­лық бейімділік.
Сондай-ақ есімдері түрлі әріп­тен басталатын ерлі-за­йыптылар, бір әріптен баста­ла­тын жұбайларға қарағанда бақытты өмір сүреді делінеді.

        Соңғы жылдары жылы Қазақстан Республикасының статистика агенттігі ең көп таралған ұл балалардың есімдерін былай деп көрсетеді:

1. Ерасыл

2. Әлихан

3. Санжар

4. Нұрислам

5. Нұрасыл

6. Мирас

7. Артем

8. Арсен

9. Диас

10. Әмір

11. Ислам

12. Әділет

13. Әли

14. Руслан

15. Азамат

16. Алдияр

Агенттік көрсеткіші бойынша қазақстандық ата-аналар өздерінің қыздарына мынадай есімдерді өте көп таңдаған екен:

1. Айзере

2. Айару

3. Інжу

4. Кәусар

5. Айша

6. Аружан

7. Әмина

8. Аяулым

9. Іңкәр

10. Сезім

11. Мадина

12. Дария

13. Диана

14. Аяла

15. Нұрай

16. Жанерке

17. Аяжан

18. Алина

Қазіргі кезде,  өкінішке  орай,  кейбір жағдайда қазақтың ат қоюы өз бағытын жоғалтып баратынын байқап жүрміз. Олай дейтінім, өзіміздің ардақтыларымыздың емес, шетелдің танымал адамдарының есімін беру, біз үшін мағынасы жоқ әртүрлі аттарды қою белең алып бара жатыр. Бүгінде Диана, Тансу, Даяна, Алсу, Дамир деген сияқты қазаққа жат жеңіл аттарды қоюға әуестеніп кеттік. Еліктегеннің жөні осы екен деп түрлі сериалдардағы кез келген шетелдіктердің, немесе не қазақша, не орысша мағынасы жоқ аттар ды (Сафиназ, Самитхан, Самита, Азиада,т.б)  естіп жүрміз. Оның үстіне қазақша әп-әдемі атты адамдардың  орысшалап бұзып (Елнұры-Эльнура, Әнел-Анель, Әмина-Амина, Әмір-Амир,т.б.) қойып жатқандарын байқауға болады.

Одан кейінгі көңіл қынжылтарлық нәрсе - өзіміздің әдемі есімдерімізге келсін-келмесін «а» әрпін жалғап жүргендігіміз. Анарымыз - Анара, Жанарымыз - Жанара болып мәнін жоғалтып жүр. Ең сорақысы, ауызекі тілде айтылғаны былай тұрсын, құжаттарын солай толтырып жүргендер де баршылық. Сосын әп-әдемі аттарды екіге бөліп жазу «сәнге» айналды. Айталық, Алтын-Ай, Айдар-Бек деген сияқты... Мұны өздерінше жаңалыққа балап жүргендер бар, бірақ шындап келгенде, бұл да соқыр еліктеу ғой.

Сондықтан есіміміздің дұрыс аталуы мен жазылуына да мән беру керек. Кеудесінде кішкене болса да ұлттық намысы бар, өзінің халқын, ұлтын мақтан тұтатын әрбір ата-ана баласына ойланып барып ат қойса екен деймін. Жаңа туып жатқан сәби ештеңеден хабары жоқ, өзін қалай атаса да бәрібір, ол біліп жатқан жоқ, бірақ есейе келе бала өз атының қандай мағынаға ие екенін білуге талпынады. Сондықтан ат қоюдағы үлкен жауапкершілік ата-анада. Баласының өмір бойы көтеріп жүретін есімі болғандықтан алдымен ата-анасы бұған бейжай қарамай, барлық жағын ескеруі керек.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!