Материалдар / Есірткісіз өмір ғажайып!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Есірткісіз өмір ғажайып!

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал арнайы байқау үшін жазылды. Барлық жастағы балаларға да, ұстаздарға да өте маңызды оқуға, эссе түрінде пайдаланса да тиімді болатын дүние деп ойлаймын! Жазу барысында жетекшім көмектесті, әйтпесе оқушының эссесі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2021
187
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есірткісіз өмір ғажайып!

"Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ

тарапынан жарияланған байқауға"


Дүние дидарын дүрбелең басқан. Айнала тегіс астан-кестең. Бұралаңдап буырқанған бозбала мен бикештер. Жәудір жанарлары бұл жолы жалынға емес, қызыл түске қанықтау. Білектері болса бедірейіп, тамырлары тесіліп тынған. Ішіңіз сезіп отырған болар, бұл қала шетінде орналасқан белгісіз кафедегі кезекті көңіл көтеруден кейінгі көрініс еді...

Сыртқы сипатына қарап, кафе деп әсте ойламайсың. Өзге орындар секілді өзіне тән аты да жоқ. Алайда атаусыз кафені атамай танитындар жеткілікті. Тіпті, танымал дерсің! Кіреберіс залынан бастап лық толы адамдардан көз сүрінеді.

Арайлым әдеттегідей таң алакеуімде үйіне келіп, кеудесін әрең сүйрете "таксиден" түсті. Сол-ақ екен, егде тартқан ер кісінің айқайы естіліп, жас бойжеткенді жекіре бастады. Шамасы, жол ақысын төлейтін ақшасы да жоқ-ау... Сөзін елеген ол жоқ. Қолын бір сілтеді де, "подъездге" құлап-сүріне кіріп кетті. Жалдамалы пәтерде Арайлыммен бірге Мереке де тұратын. Бұл кезде Мереке үй тапсырмасын енді орындап, ұйықтауға кіріскелі жатқан. Тарсыл-гүрсіл дауыстан Арайлым екенін біліп, есікті жылдам аша қойды. Аяқ киімін шешпестен, салулы төсекке кіре сала сұлқ түсті. Үйді тазалайтын адам бар.

Арайлым мен Мереке бір ауылдың қызы. Балалық шағы бірге өткен. Бір сыныпқа барып, тіпті бір партаны да бөліскен. Уақыт өте келе көрші дос қыздар 9-сыныпты тәмамдайды. Көп ұзамай Мереке қалаға оқуға грантқа түскенін айтып, досы Арайлымнан сүйінші сұрайды. Мұны естіген Арайлым мен де мектепте оқымаймын деп, ата-анасын қыспақтың ортасына алады. Ақыры ол ақылы негізде оқуға түседі. Арман қуып қалаға келгелі, Арайлымның ахуалы сізге таныс...

Екеуі екі арнаға түсіп, тағдыр жолдары өріле береді. Бірі ілім қуып, бірі шылым қуып... Ақылынан адасқан Арайлым есірткі десе елеңдеп, ел кезіп кете жаздайтын. Ал ауылдағы сорлы ата-анасы қолына түскен тиын-тебенінің басын құрап, түйіншекке мықтап түйіп, қалаға күнара қатынайтын автобустан салып жіберетін. Күн өткен сайын ауылдан келген ақшаны азсынып, кекіреюді шығарды. Оқудың ақысын да төлемей, есірткінің етегінде есіріп кетті. Шырмауыққа шырмалып жатыр. Торға түскен балықтай...Тулағанмен пайда жоқ!

Мереке ертемен тұрып, сабағына жиналды. Есі кіресілі-шығасылы ол көзін жалма-жан ашып, төсегінен әмиянын іздей бастады. Табылды, көк тиынсыз. Ендігі бар ойы - Мерекеден жолына ақша алып қалу. Алады да... Әбден онысын әдетке айналдырған. Тарқатылған шаштары дода-додасы шыққан күйінде талықсып қайтадан төсекке құлай кетті. Алатынын алып алды. Енді алаңсыз ұйқы. Қарны ашты ма, әлде өзге бірнәрсені керек етті ме, ұйқыдан әйтеуір ерте оянды. Кітап сөрелері мен шкаф тартпаларын тарсылдата әлденені іздеуде. Қолдары дірілдеп, ұстаған заты жерге домалап жатыр. Дым таппасын сезген болар, көрінгенін оңды-солды жайратуда. Реттеліп, жып-жинақы бүктелген киімдерді лақтырып жібергенде, бір түйіншек топ етіп түкті кілем үстіне түспесі бар ма? Көзі шарасынан шыға жаздаған ол жылдам жанына жетіп, түйіншекті шешуге тырысады. Қатты буылыпты. Қолының қауқары болмаған соң, тістің көмегіне жүгініп, түйінін тарқатып алады. Қараса бір бума ақша. Бұл - Мерекенің бір жыл бойы жинаған шәкіртақысы болатын. Әкесі қайтқалы, анасының жүріп-тұруы тіптен қиындаған. Қос жанары көрмейді. Тұмса табиғаттың сұлулығын тамашалаудан қалғаны қашан?! "Жазғы емтиханды аяқтай сала, анамды қалаға алдыртып, жинаған қаржыға ота жасатамын" деген Мерекенің алғаусыз арманы бір-ақ сәтте желге ұшқандай...

Содан бері Арайлымнан хат-хабар жоқ. Ал Мерекенің жайы айтпаса да аян. Іші күйіп барады. Колледжге қаржысын үнемдеп, жаяу баратын. Соңғы кездері бүйрегі сыр беріп жүр. Сірә, қарлы боранда табанынан сыз өткен-ау... Бір қызығы, басқа бикештер секілді қыдыруды да арман етпейтін. Жүрек қалауы - анасының дүние дидарын көруі еді. Арайлым үшін бұл қаржы - есірткіге қол жеткізер өмір ғажабы болса, Мереке үшін өмір азабы.

Мерекенің ауылға қайтар уақыты таяды. Киімдерін жинастырып отырып, кенет теледидардағы жаңалықты құлағы шалып қалмасы бар ма?! Тәртіп сақшылары әлгі атышулы кафедегі ескірткіге еліткен "есерсоқтардың" үйірін құрықтап жатыр. Видео көрсетілімде ұсталғандардың жүздері қанша жасырынса да, Арайлымның киімі көзіне оттай басылды. Үстіндегі жылтыр көк көйлегін Мереке туған күнінде сыйлаған еді... Есірткі - ажал апаны. Тәртіп сақшыларының қырағылығы кезекті есірткі айналымының жолын шорт кесті.

Жаңылу. Жаза. Темір тор. Өкініш пен өксу... Есірткісіз өмір ғажайып! Әттең, Арайлым мұны түсінбестен кетті... Есірткіге еліктеудің ақыры - ғұмырдың ғаламат ғажайыбын сезінуден алыстатты. Тағдыр... Дегенін жасайды... Мереке өткенді ұмытты. Жүрек құрғыр кешірді. Бірақ...бірақ...Ауылдағы екі үйдің ортасындағы ескі шарбақ бәрін еске салады да тұрады. Балалық шақтың боямасыз бейнесі менмұңдалайды. Бақтағы бозғылт тартқан орындықта отырған анасының жанына Мереке де жетті. Мерекенің мизам шуағы - анасы. Нұрын жан-жағына сеуіп, сәуле шашып тұр. Тек тағы да көршінің көлеңкесі құртпасыншы...

N40Алма Қыраубаева атындағы орта мектеп

9-сынып оқушысы

Бекмұратов Ерлан







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!