Материалдар / Ешкім де,ешқашан да ұмытылмайды!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ешкім де,ешқашан да ұмытылмайды!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына орай өткізілген мерекелік іс шара туралы ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2019
367
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№49 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ ұжымы 7-мамыр Отанқорғаушылар күні мен 9-мамыр Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына арнап мерекелік іс шара ұйымдастырды. Аталған іс шараға мектеп әкімшілігі ҰОС ардагерлерін, мектеп оқушыларының әкелерін, аталарын құрметті қонақ ретінде шақырды.

Мереке мектеп директоры мен соғыс ардагерлерінің тәрбиелік мәні зор құттықтау сөздерімен бастау алды. Бұл іс шарада «Асыл әжелер» ансамбіліндегі әжелеріміздің және мектеп директоры Г.Т. Тоқтубаеваның соғыс жылдарындағы әндерді орындауы оқушыларға берер тәрбиелік мәні жоғары болды.

Сондай-ақ, мерекелік іс шарадағы басты номерлардың бірі мектебіміздің қазақ, орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен, пән мұғалімдерінің және 8-сынып оқушыларының қатысумен қойылған театрландырылған көрініс болды. Мектеп бітірушілер кешінің аяғы соғыстың басталуына ұласқан сәттен бастап 5 жыл сұм соғыстың адамзат басына әкелген қасіреттерінен үзінді көрсеткен бұл көрністе терең тарих пен тәрбие ізі болды. Қойылымның жоғары деңгейде өтуіне мектебіміздегі орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Р.С.Карабаева мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі Д.Т.Таңатарованың рөлі ерекше болғанын атап айтқан дұрыс. Әрине, ұйымдасқан жұмыстың мәртебесі жоғары дегендей өз өнерлерін паш еткен ұстаздарымыз бен кеудесі мен көзінен патриоттық сезімнің жалыны ұшқындаған оқушыларымыздың өнері ерекше.

Ерлік ешқашан есеппен істелмейді. Ол ешқандай есепке көнбейді. Ерлікті сантиметрмен өлшеп, грамдап салмақтап, секундтап санай алмайсың. Ерлік адам жанының лап еткен жалыны, жарқ еткен найзағайы. Ерлік биіктегі кемерінен асып, лақ етіп құздан құлаған тасқын.



Келді міне,күндей жайнап гүл көктем.
Самал желі шашты тарап,бетті өпкен,
Ұмытуға хақымыз жоқ оларды.
Олар біздің бақыт үшін қан төккен,-демекші бейбіт өмірге өз жандарын айырбастап берген еліміздің ерлерін ешқашан ұмытпаймыз!




Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: М.Т.Қажығапбасова

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!