Материалдар / Эссе. Білімді шәкірт тәрбиелеудегі педагогикалық әдіс–тәсілдер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе. Білімді шәкірт тәрбиелеудегі педагогикалық әдіс–тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімді шәкірт тәрбиелеудегі педагогикалық әдіс–тәсілдер тақырыбына эссе. Бұл жерде сабақтарымда қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерім туралы баяндап жаздым. Топтық әдісін жиі қолданамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2022
826
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білімді шәкірт тәрбиелеудегі педагогикалық әдіс–тәсілдер

Педагогикалық әдіс–тәсілдер білімді шәкірт тәрбиелеудегі бірден–бір тиімді тәсіл. Әдістәсілдердің маңыздылығы сол – қай істе болмасын оның нәтижеге бағытталуында. Бүгінгі күн – білімділердің заманы. Ал көзінде нұры жанған білімді ұрпақ жанжақты жетілген, түрлі әдіс –тәсілге бай, білімді ұстаздың алдынан шығатынын айтпасақ та белгілі. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімін жетілдірудегі педагогикалық әдіс тәсілдердің үлесі зор.

Біріншіден, әдіс–тәсілдер мақсатқа жетудің жолы мен ұтымды таным құралы. Әрбір педагог балаға сіңімді білім мен тәрбие беруде сауатты жетілген, түрлі әдістәсілдерді меңгеруі тиіс. Себебі ұстаз бала жанының бағбаны. Ертеңіне ой тастап, жол көрсетер нұсқаушысы. В.Сухомлинскийдің: «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»,–деген сөзінен көп нәрсені аңғардым. Демек педагог түрлі әдістерді қолданып қана қоймай, оның тиімдісін анықтап, өзіне талдау жасап отыруы қажет. Міне, сонда ғана шебер мұғалімнің білім берудегі ұтымды тәсілдері мен тиімді креативті қасиеті оқушы бойынан көрініс табады деп ойлаймын.

Екіншіден, педагогикалық әдіс–тәсілдердің ішіндегі субъекті мен объекті үшін де топтық жұмыстың білім берудегі алатын орны орасан. Оны оқу ордасында көріп те жүрміз. Топтық жұмыстың маңыздылығы сол – балаларды тақырыпты бірге меңгеруге, бірлік пен ынтымақтастыққа, білімді тұшымды меңгеруге, қарсылас топпен жарыса отырып, тапсырманы жылдам орындауға, сапалы білім алуға жетелейді.

Үшіншіден, тиімді әдістердің ішінде саралап оқытудың да оқушы үшін берері мол. Кейбір оқушылар сабақта негізгі мәтінмен жұмыс жасаумен шектелсе, қабілеті жоғары оқушылар жетілген деңгей сөздіктермен және күрделі идеялармен жұмыс жасауға қабілетті болады. Міне, мұны саралап оқытудың оқу нәтижелеріне жету үшін, оқу материалдарын кең көлемде пайдалануға мүмкіндік беретін, барлығына ортақ керемет тәсіл деп айтар едім.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам, мұғалім– мектептің жүрегі. Ал педагогтың әдістәсілдері ізгі қасиетке бояушы, ынтаны оятып, сананы сілкіндіріп, субъектіні оқу үдерісінде ілгері жылжытатын құнды амал әрекет дер едім.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!