Материалдар / Эссе. Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе. Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала жас мамандарға таптырмас құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Тамыз 2018
580
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы керемет сөзбен бастасам: Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманының өзінен бері алсақ, 1932-де аштықпен қырып, 1937-де қастықпен қырып, 1941-де қаншама ерімізді құртып, 1954-те тың жерімізді жыртып, 1979-да Ауғанға жегіп, 1986-да сескенбей енген орыстардың өзінен қаншама тепкі көрген халықпыз. Дәл сол қысыл-таяң шақта Кеңес өкіметінің кеңеспей кесетін сұрқия саясатының кесірі ұлттық құндылықтарымызға зиянын тигізбей қоймады. Адасқан заманда жарасқан бірліктің шырайын көрсетсек, мөлдір көзден қайғының қан жасы тамбас та еді-ау. Әрине, өрмекші өрмегіндей көзге көрінбей құртатын сол жауыз заманның өткені шындыққа айналды. Үлкен қысымның ортасында қалған қазақтың қайда барып жан сауғалайтыны белгісіз болды. Бытыраңқы болмай, бірлік танытар тұста мұнша күйбелектенген ұлттың тағдыры қыл үстінде тұрғанын барлығы ұқты. Ұлт үшін шыбын жанын отқа да, суға да салған жаужүрек батырларымыз бен азулы ақындарымыз қаншама қиындықты көзімен көрді десеңші. Солайша бабам аңсаған бейбітшілік баламның бағына бұйырды. Тәуелсіздіктің арайлы таңы атып, егеменді елімнің әнұраны әлемнің дүбірлі додаларында шырқалды. Таңтай қақпасқа болмайтын тарихы болмаса да, ғаламның ғажайып ғимараттары бой көтерген Астананың өзі-ақ шаршы ғаламға талай нәрсені дәлелдеп тастағандай. Бар әлем көз тіккен EXPO-ны да абыроймен өткізіп, жер жаһаннан жиналған туристерге ұлтымыздың ұлы мұраларын көрсеттік. Дәл осы сәттен соң болашаққа ерекше бағдар сыйлаған Елбасының жолдауы мені де елеңдетпей қоймады. Еңсесін тіктеп, кез келген мемлекетпен терезесі тең дәрежеге жетті. Бұл жолдаудың ес білер әрбір қазақ азаматы үшін өзіндік маңызы бар.Ұстаз – ұлылықпен егіз ұғым иелері. Қай ұлттың болмасын берік іргетасы білімінде екені анық. К.Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» деген керемет сөзін ескергеніміз жөн. Мұғалімнің бұл қоғамдағы алар орны мен атқарар қызметі орасан зор. Сондықтан Президентіміздің өзі ұстаздар қауымынан мол қолдау, жауапкершілік сұрап отырғаны айқын. Ы. Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп білім ордасының жүрегі мұғалімдер екенін тайға таңба басқандай етіп анық жазған. Сондай-ақ, «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» деп тағы бір сөзінде ұстаз халқына зор жауапкершілік, мол ізденіс керегін тағы да айқындайды. Біз бұл жолдауды ойымыздан шығарған жоқпыз, сонау бабаларымыздың жазып кеткен том-том шығармаларымен ұштастырып, ұлт мүддесіне жұмыс жасайтын тағы да бір бастаманы көтердік. Кітапты қанмен жазғандай әр сөзінен болашағына деген күдік пен әлсіз жанған шырақтай үміттің көрінісін көретін бабалар баспасының бүгінгі ұрпаққа берері мол. Ұлтымыздың көзі тірі ұлы ақындарының бірі М.Шаханов: «Батыстың цивилизациясын қабылдаймыз деп конализациясына түсіп кетпейік» деген ащы да болса шындығын заманымыздың сахнасына алтын әріптермен жазып қоюымыз керек сияқты. Себебі, ұрлықшы батыстың діліміз, дініміз, тіпті тіліміздің өзіне төтеден қауіп төндіргені белгілі. Уақытында ұқпаған жақұтымызды кейін өкінішпен еске алып қалуымыз неғайбыл еді. Сол батыстан келген тосқауылы қиын теріс тәрбиені жою әзірге қолымыздан келер емес. Ал, тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген құндылықтар мен өнер қуатын дарыту деп білсек, Әл-Фарабидің «Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу» деген керемет сөзін айта кеткен жөн болар. Адасқан жанды тәубеге келтіру немесе санасы батыстың лайымын уланған жандарды түзету ұстаздың ғана міндеті деп білсек, оңбай қателескендігіміз. Бұл бүкіл ұлттың міндеті, тіпті парызы десек те артық болмайды. «Ұлттық тәрбие», «Ұлттық сана», «Ұлттық код» деген терминдердің осы жолдаумен бірге енуі, яғни, «ұлттық» сөзінің қосылуы – жат елдің дәстүрін жойып, ұлттық тәрбие беріп, ұлттық сана қалыптастыру. Ұлттық тәрбиенің  міндеті – өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. Ал, осы ұлттық тәрбие берудің басым күші жас мамандарға тиесілі екені анық. Рухани жаңғыру жолындағы әрбір жас маманның рөлі Эверестке шығудан да қиын нәрсе екенін ескерген жөн. Парасыз қоғам қалыптастырып, бабалар заңы бойынша ақиқат ауылында өмір сүріп, еңбегін адал тапқан жандардың ғана қолынан келетін шаруа екені тағы мәлім.  Ұлттық тәрбиені үшке бөліп қарастырсақ:
  • «Отбасындағы ұлттық тәрбие»,
  • «Балабақшадағы ұлттық тәрбие»,
  • «Мектептегі ұлттық тәрбие».
«Мектепті сыйлағандықтан,мамандығын жан-тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек» деген ұлы сөздің астарын ұғып, Бауыржан Мошышұлының «Ұстаз- ұлық емес,ұлы қызмет» деген сөзін санамызды бір кітап десек, сол кітаптың басты бетіне жазып қою керек сияқты. Қорытындылай келе, адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Бүгінде ғылым мен білімге қояр талап артып, білім беру жүйесі күрделенген заманда қоғамдағы мұғалімдер алдына жүктелер міндет еселене түсуде. Ұстаздардың алдында жай ғана білім беру емес, өркениет көшіне жол бастайтын, ұлттық рухты бойына сіңірген саналы да білімді ұрпақты тәрбиелеу міндеті тұр. Болашақ мамандар мен жас мамандардың бұл жұмысы бабалардың арманымен тікелей ұштасып, ұлт үшін етер баға жетпес еңбегі болмақ. Ендеше, көк аспан астында көк туы еркін желбіреген еліміздің тұғыры әрдайым биік, татуылығы, бірлігі берік болсын демекпін. Мәңгілікке ел болу мақсатындағы ісіміздің кей олқылықтары оңалса, нақты алар төріміз айқындалары сөзсіз.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!