Материалдар / Эссе: Мамандығым -мақтанышым
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе: Мамандығым -мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе. Балабақша тәрбиешілеріне. Мамандығым -мақтанышым . Жалпы мамандықты таңдау жолым жайлы. Мамандықтың бәрі жақсы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2021
308
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мамандығым- мақтанышым

Эссе

...Өмір біреулерге кино сияқты. Ал біреулерге театрландырған қойылым секілді қысқа болып сезіледі. Туасың. Өсесің. Өнесің. Қартаясың. Көзіңді ашып, көңіліңді оятып қарасаң өмірдің қағидасы қарапайым ғана формуладан тұрады. Бірақ осы өмірдің мәні мен мағынасын түсініп, сырына үңіліп, қысқа ғұмырды қызықты әрі ғибратты қылып өткізу өз қолыңда. Кейбір адамдар өмірдің бар қызығын ақшаға апарып тірейді. Ақша, байлық, мансап, дүние бүгін бар да ертең жоқ болатын алмасып жүретін бақ сияқты. Тұрақсыз болғасын ол үшін бас ауыртып, қайғырудың қажеті жоқ. Ал адамның өміріне мән беріп, тұрмысына сән беріп тұратын, оның қадір-қасиетін арттырып, тіршілігіне ләззәт сыйлайтын нәрсе – ол оның мамандығы десек артық айтқандық болмас. Мен де өз мамандығымды жаныммен қалап, адалдықпен қарап жүрген жандардың бірімін. 13 жыл жемісті еңбек етуім, ол менің осы мамандығыма деген адалдығым, кәсібімді қастерлей білуім дер едім. «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деп арғы аталарымыз аманат сөзін қалдырған болатын. Бүгінгі бүлдіршіннің болашағы бұлыңғыр болмас үшін, әрбір қазақ баласы тәрбиеге мән бергеніміз маңызды.

Таңдаған бағытым, болашақ бақытым деп осыдан он үш жыл бұрын балабақшаға тәрбиеші болып орналасқан едім. Ойым жүзеге асты. Осы жылдардың ішінде қаншама қарлығаштың қанат қағып, өмірден өз орынын табуға «теңізге тамған тамшыдай» болса да өз үлесімді қостым деп ойлаймын. Білікті оқушы мен білімді студенттің ұшар ұясы ең бірінші өзінің отбасы болса, олардың тәлім алып тәуір жолға түсуі – балабақша деп айтуға болады. Қызмет барысында бұзақы балаларға да, өнерлі өрендерге де куә болдым. Өзінің талабымен топ жарып тобымда үлгілілердің қатарында жүретін Даулетхан Ясмина, Бәгім Әбілхан, Биязбеков Альтаир секілді балаларды ерекше атап өткім келеді.

Бір сөзбен айтқанда «Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын». Мақтан етуге себептерімде жетерлік. Оны толық жазатын болсам, бір парақ қағаздың беті аздық ететіні белгілі. Дегенмен, жауапты да, сауапты сапарға жол бастағаныма қуаныштымын. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін қасиетті мамандығымның алдағы күнінде табандылық танытып, ұлт ұрпағын тәрбиелеу саласында аянбай еңбек ете алсам арманым жоқ дер едім.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!