Материалдар / Эссе. "Мен- қазіргі заман педагогімін"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе. "Мен- қазіргі заман педагогімін"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Үздік педагог" сайысына қатысушыларға әдістемелік көмек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2021
223
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Гумарова Дина Қатесқызы

«Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, шебер қолдана білу – жетістік» дегендей, ұстаз- оқушысын оқыта жүріп, өзі де өмір бойы оқитын жан. Мұғалім ізденісін тоқтатқан кезде оның мұғалімдік қызметі де тоқтайды деп есептеймін. Яғни, сонау көне ғасырларда айтылған латындардың «Үйрете жүріп үйренемін» деген қағидасы осы мамандықтың тізгінін ұстаған әрбір тұлғаның ұранына айналуы тиіс. Елбасымыздың ұстаздар қауымына қарата айтқан «Қазақстанның болашағы- жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген пікіріне құлақ түрер болсақ, мойнымызға жүктелген жауапкершіліктің салмағы қаншалықты екенін сеземіз. Біздің алдымызда – ХХІ ғасыр ұрпағы. Ал сол ұрпаққа лайықты заманауи білім беру мұғалімнен жаңашылдықты, біліктілікті, жан-жақтылықты талап етеді. Яғни, бүгінгі мұғалім Америкалық педагог-ғалым Джон Дьюише айтар болсақ, «бүгінгі білім жүйесінде үлкен өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан Н.Коперниктің жаңалығына (Күн астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни, баланың тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі.» Иә, қазіргі жаһандану ғасырында болып жатқан қарқынды өзгерістер білім жүйесін де қайта қарау керектігін паш етті. Ал осы жолда мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалімге артылар жүк те салмақты. Үшінші деңгей бағдарламасының сертификатын иелене отырып, өзге әріптестерім секілді менің де алдымда «Мұғалім оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген маңызды мәселе тұрды.

  • Ал осы мәселені шешуде мен қандай қадамдар жасадым?

  • Менің педагогтік өсімімде рефлексиялық үрдіс қалай өзгерді?

  • Мен мұғалім-көшбасшы мәртебесін қалай атқарудамын?

«Біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» деп, ұлтымыздың ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, жас ұрпақты оқыту мен еліміздің болашағының тұтқасы етіп тәрбиелеу- әрбір мектептің, әрбір мұғалімнің міндеті. Әдебиетші мұғалім ретінде менің алдыма қойған ең басты мақсатым- алдымдағы оқушыларымның ұтқыр ой ойлап, ол ойын бай тілмен жеткізе білуі. Мектебімнің оқушылары бір жағынан қала балалары болғандықтан да шығар, бір жағынан кітаптың орнын ұялы телефон алмастырған уақыттан да шығар, көпшілігінің сөздік қоры аз, тіл байлығы жұтаң боп келеді. Тіпті кейбірінің тіл байлығы бола тұра өз ойын еркін жеткізуде қысылып-қымтырылу байқалады. Қай мектептің болмасын рейтінгісі оқушыларының білім сапасымен анықталады. ал жоғары білім сапасына апарар жол- баланың оқуға деген қызығушылығы мен құштарлығында. Ал осы оқушыларымның құштарлығын оятып, сөйлеу тілін қайтсем дамытамын деп ойландым. Бұл сауалыма жауапты оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің ішінен таптым. Мерсер мен Литлтонның «негізі білім диалог арқылы беріледі, ол оқушылардың білім деңгейінің өсіне әсер етеді» деп пайымдаған диалогтік оқыту амалдарын сабақтарымда орынды пайдалану оң нәтижесін берді. Өйткені сабақ үстінде сұрақты оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне сәйкестендіріп, яғни, қарапайымнан күрделіге, түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау арқылы шебер қиюластырып бере отырып, алдымдағы балаларды ойлантуға түрткі болдым. сын тұрғысынан ойлануға мүмкіндік беретін проблемалық сұрақтар арқылы оқушыларды диалогке тарту- ең маңызды әдісіме айналды. Бұл әдісім үнемі қайталанған әрекетке айналғандықтан, оқушыларым да ашыла бастады. Бұл менің сұрақ қою дағдыларымның өзгеруі болды. Яғни, бұрынғы «бастама-жауап-кейінгі әрекет» түріндегі стильден арылдым. Диалогтік оқыту әдісін қолдана отырып, адами қасиеттерді басқа адамды түсіну арқылы бойға сіңіру үшін қажетті жағдай жасауды негізгі қағида ретінде ұстанатын болдым. Өйткені мен- көкейінде үнемі талапқа сай оқыту тұратын мұғалім-көшбасшымын.

Оқыту мен оқуға негізделген ең басты өзгерісім- сабақ жоспарларымның Блум таксономиясының ойлау деңгейлеріне сай құрылуы. Сабақтарымды 7 модульдің тиімді жақтарын ықпалдастыра отырып жоспарлаймын. Бұрын оқушыларымыз дайын білімді алушы болса, енді өзгеріс енгізілген сабақтарда өз бетінше білім алып, ізденіс жұмыстарын жүргізіп, сыни тұрғыдан ойланып, өзіндік мені қалыптаса бастады. Оқушыларым менің әдебиет сабағымды көбірек ұнататындықтарын айтады. Бұған қарап өзімнің осы сабақта шығармашылық жұмыстарды түрлендіріп, сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларын оқушылардың қажеттіліктерін өтеуде тиімді қолдануымның себебі де бар шығар, әрі өзім де әдебиет сабағын, шығармашылықпен жұмыстанғанды ұнататындығымнан да болар деп зерделеймін. Әдебиет сабақтарында кейіпкердің сан түрлі қырларын ашуда, автор идеясын тануда СТО стратегиялары өте тиімді. Тіпті оқушыларымның әрқайсысының жақсы көретін әдістері бар. «Апай, бүгін кейіпкер мінберіне  мен отырайыншы», «Ыстық орындыққа отырайықшы», «Апай, бүгін серпілген сауалды ойнайықшы», т.б. деп, өз өтініш-тілектерін білдіріп жатады. Сабақтарымда осындай жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, мен енді бұрынғы «дайын білімді беруші» рөлінен «мұғалім-бағыттаушы», яғни, «оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» рөліне ауыстым.

«Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деген атам қазақтың аталы сөзі бірлескен жұмыстың мәнін аша түспей ме? сабақтарымда топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы әр оқушыма өз  қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға жағдай жасадым. Оқушыларым топтық жұмыстарға әбден төселді десем де болады. Топ басшылары өз тобын басқалардан қалып қоймас үшін алға сүйреуі, орташа үлгерімді балаларға көмек қолын созуы, топ мүшелерінің  бір-бірімен жеке қарым-қатынас орнатуы- осының нәтижесі. 7 а сыныбындағы Қ.және Д. есімді оқушыларым Выготскийдің ЖАДА-сы арқылы әдебиет сабағынан төрттік бағаға көтерілді. Оқушыларымды топтық жұмысқа белсендіруді кеңес, ұсыныс, сұраныс арқылы жасайтын болдым. Мұндай бірлескен жұмыстар арқылы сенімсіздіктен арылып, бір-біріне деген құрметі, өзара еркіндік қалыптаса бастады. Шәкірттерімнің топтағы белсенділіктеріне, өзара пікір таластыруда, идеялар алмасудағы тамаша ойларын тыңдап, риза боламын. Менің тарапымнан жиі айтылатын алғыс, қолпаштау сөздер де оларды қанаттандырады. Өйткені мен шәкірттеріне  оқу еркіндігін беретін мұғалім-көшбасшымын.

«Адамгершілігі барлар басқаларға тірек болады, осыны өздері де қалайды, басқаларға жетістікке жетуге көмектеседі, өзі де сол жетістікке жетуді қалайды» деп ұлы Конфуций айтқандай, мен де өз әріптестерім мен айналамдағы жандарға әсер ету үшін көшбасшылық қасиетімді көрсетіп жүрген мұғалім-көшбасшымын. Ата-аналарымды, әріптестерімді коучингтер арқылы оқыта жүріп өзім де оқимын. Себебі коуч болу үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Коуч болу бір жағынан қызықты да. Өйткені ересектерді оқыта жүріп, қызықты сәттерге тап боласың. Өзіңнің үйренген жаңалығыңды өзгелермен бөлісіп, олардың алған білімдерін бір кәдесіне жаратуына септігім тигеніне қуанамын.

Тәлімгерлік үдерісін жүзеге асыру арқылы да мен өзімді басты ұстаным қарым-қатынас деп есптеген, түзету емес, даму қағидасын көздеген мұғалім-көшбасшы ретінде сезіндім.

Деңгейлік бағдарламамен байланысты көп тарай бастаған Lesson study тәсілінің де мектебім үшін берері мол болды. Осы зерттеу сабақтарында фокус топ мүшелерінің бірі бола жүріп түйгенім: біз бәріміз бірге сабақ жоспарлап, оны бақылап, ары қарай өз тәжірибемізді жақсарту мүддесін көздейтініміз. «Әрбір келесі сабақ алдыңғы сабақтан жақсы болуы керек» деген ұран ұстанамыз. Бұл орайда оқушылармен сұхбаттасып, пікірін ескереміз. Ескі дәстүрдегідей мұғалім кемшілігін термейміз, ешқандай сынға жол бермей, кемшіліктер мен олқылықтарды талдау, бағалау арқылы шешеміз. Өйткені біз- оптимизмге ынталандыруды көздеген мұғалім-көшбасшымыз.

Уақыт көшінен қалмай, заман сұранысына қарай икемделіп, осындай игілікті істерді адамгершілікпен атқарып келемін. Өйткені мен- мұғалім-көшбасшымын. Елімізде қандай да бір игі істер атқарылар болса, соның ең басында мұғалімдер қауымы тұрады. Мұғалімге  қандай жұмыс тапсырылса да, «қолымнан келмейді немесе мұны маған үйрет» деп тұрмайды, өзі үйреніп, оны асқан жауапкершілікпен, тыңғылықты етіп орындайды, ол уақытпен санаспайды. Мұғалім-көшбасшыға жеті өнер де аздық етеді, ол-жан-жақты. ХХІ ғасыр мұғалімі болудың да шарты осы шығар, сірә? Иә, мен де — осындай мұғалімдер қауымынанмын! Мен- ХХІ ғасыр көшбасшысымын!

Сөзімнің соңын өлеңмен өрілген ойыммен өрнектесем деймін:

Уақыт тоқтамайды, жаңаруда,

Ой жаңа, ұмтылады санамыз да.

Сындарлы оқытуды меңгердік қой,

Өткеннің шеңберінде қаламыз ба?!

Ежелгі «дәстүрінен» арылғандар,

Іздегені «кембриджден» табылғандар.

Көбейсін деп тілейік қатарлары

Табысты оқытумен танылғандар!







Мен қазіргі заманның педагогімін
Адам баласы байлығынан, бақ - дәулетінен айырылғанда қатты налиды, ал асыл уақытының мән- мағынасыз өтіп жатқанын елең қылмайды- дейді Сириялық жазушы, философ Абуль- Фарадж. Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат- жігерін, ақыл- ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де, өзгелер үшін де игілікті істер жасайтын - ол ұстаз. 
Ұстаз - бала бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға және адам жанын нұрландырар ұғымның ұлысы да - ұстаз. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен ой толғай, Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар - біздің ұлтымыздың болашақ айнасы дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз - баға жетпес биік тұлға. Бүгін де ұстаздарға қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл міндетті шешуде мұғалімнің кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейде болуының маңызы зор. 
Ендеше қазіргі заманның педагогі қандай болуы қажет? Қолына уақыт пен кеңістіктің байланысын ұстап, кіршіксіз балалық әлеміндегі күш- қуат пен ақылды, талантты ашып, барлық күрделі нәрсені қарапайым тілмен жеткізе білетін, дүниенің жанды сұлулығын көрсетіп, жан дүниесінің бар болмысын көре білетін адам. 
Мұғалім - оқушының мектепке келгенде өзін ең қауіпсіз, ең қолайлы, ең сенімді ортада екенін сезінуіне ықпал етуші. Олардың сенімді қарым - қатынас ахуалдарын қалыптастыру үшін түрлі деңгейдегі жаңашыл іс- әрекеттерді ұйымдастырып, бұрынғы тексеруші, жазалаушы, бақылаушы қызметтерін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл бола отырып, рухани- шығармашылық тұрғыдан дамыған, педагогикалық дарындылығымен, жаңалыққа ұмтылысымен танылуы тиіс. Оқушының жан дүниесін түсіне білетін, өз сабағына жауапкершілікпен қарайтын, жан - жақты білімді, жаңалыққа жаны құмар жан –Мен мұғалім ретінде қандай әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы баланың бойына білімді қалыптастыра аламын? деген сұраққа жауап іздеуі керек. Менің ойымша, шығармашылыққа негізделген, интеллектуалдық, кәсіптік, адами қабілеттердің қалыптасуы мен білім беру саласындағы жаңа өзгерістерге ілесу, жаңа бағдарламаны білу, түсіну, қолдану және іске асыру. 
Жаңа заман талабына ілесу үшін мен өз алдыма мақсат қоя отырып, өз тәжірибемді барынша жаңашылдыққа бағыттау қажет деп қарастырдым. Кәсіби қызметімнің ағымын білім саласындағы болып жатқан жаңалықтар мен оң өзгерістерге бағыттай отырып, білікті әріптестермен тәжірибе алмастым және Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы білім беру бағдарламасы тақырыбында курстан өту арқылы өзімді өзім дамытып, оқу үрдісіне өзгеріс енгіздім. Тың әдіс - тәсілдер мен жаңа технологиялардың білімді дамытып, құзыретті білім берудегі, жеке тұлға тәрбиелеудегі тиімділігінің әсері мол екен. Қоғамдастық, жеті модуль, Блум таксономиясы, көшбасшылық және СМАРТты қолдану нәтижесінде шәкірттерім сыни ойлауға, өздігінен білім алуға, алған білімін өмірде қолдана алуға қалыптасып, өзімді Табысты мұғалім болу жолына жетелеуде. 
Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады деп қытайлық дана ойшыл Конфуций айтқандай, бұған дейін қол жеткізген табыстарым мен іс- тәжірибемді қазіргі білім саласындағы жаңашылдықпен ұштастыра отырып, бойымдағы жаңалыққа деген құлшыныспен, қызығушылықпен түпкі нәтижеге қол жеткізуге және кәсіби құзыреттілігімді жетілдірге жұмыс жасаймын. Жаңашылдыққа бағытталуда ізденіс нәтижелерім білім беру тәжірибемді өзгертіп қана қоймай, көздеген мақсаттарыма жетелейтініне сенемін. 







«Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану,адамның
күрделі және қызықты шым-шытырығы
мол рухани жан дүниесіне үңіле білу»

Ы.Алтынсарин

 

Мұғалім кім, ол қандай болуы керек, жалпы бұл мамандық несімен құнды ,ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек? деген сұрақтарға жауап іздеп көрсем.. .Шәкірт жүрегіне жол табу мен бағбан боп баулу ұстаздық  шыңның асқары болып саналатыны сөзсіз. Ұстаздық жол сонысымен құнды, көп мамандықтардың ішіндегі жан-жақты білімділік пен икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететіндігі де сол себепті. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста  болып, білсем, үйренсем деген бала арманымен сырласып,  оның сырлы тағдырына басшылық етуді  мойнына алған маман. Ал, бүгінгі таңда ұстаз  шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат,экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Себебі, жылдам өзгермелі қоғам мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару , өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті, тез шешім қабылдауды  қажет етеді. Жаһандану дәуірі- әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім-пайдалы инвестиция саласы ретінде  еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Елбасымыз: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады»,- деген болатын. Ауыл мектебі – зиялылық пен зияткерліктің, елжандылық пен дарындылықтың қайнар-бастауы, ұлттың күре тамыры. Қоғам талабына  сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар ұрпақ тәрбиелеу-  қазіргі заман мұғалімнің басты міндеті. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу,оның адамшылық ар-ұжданын, намысын, тұлғасын  жасына қарамай сыйлау,құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткен мұғалім-мектептің жүрегі»,-деген болатын Ыбырай атамыз. Ал ұлы химик Д.И.Менделеев: «Мектеп-халықтар мен мемлекеттер тағдырын айқындайтын алапат күшке ие» деген болатын.    Олай болса,тәуелсіз еліміздің болашақ тағдырын тәрбиелейтін қазіргі заман  ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы,осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі  айтпаса да түсінікті. Бұл-әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып білуші әрі оның жеке тұлға етіп, қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.Мұғалім-барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Оқушыны субьект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу,жеке тұлға бойындағы  қасиетті дамыту, «Мен»  менталитетін қалыптастыру,білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін мәселесі. Мұғалімнің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес. Қазіргі заман мұғалімі- рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман,өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Мұғалімнің кәсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің дамуының алғышарты болып табылады. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл,зерттеуші,практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Жақсы мұғалім-бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары,интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын,оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс. Ол- өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды , адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты  ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: -дүниетанымдық көзқарасы,сенімі-қызметке бейімділігі,-кәсіптік білімі мен біліктілігі,-қамқорлық көзқарасы,сүйіспеншілік сезім-ұйымдастырушылық қабілет,заманға сай жаңашылдық. Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Өз мамандығын жан-тәнімен сүю . Үздіксіз іздену,себебі бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

XXІ ғасырда еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процесті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор рөл атқарады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп елбасымыз өз жолдауында айтқандай, педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалардың курстарында оқытудың тиімділігін, ерекшеліктерін, нәтижелілігін байқадым. «Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» деп К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі таңда педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері — сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыру. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу — оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Жаңа форматты оқытудың тиімділігі тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыруына көмектеседі.Мектептегі мұғалім құзіреті де басты назарда, оның оқушылармен қарым-қатынас түрі де, сабақ жүргізу тәсілдері де оқушылардың, білім алушының өз білімін, өз ойын ештеңеден «қорықпай» еркін білдіре алатынында. Мектепте білім сапасын артыруда   мұғалімдердің және оқушылардың  іс-әрекетін қалай бақылауға, зерттеуге болатынына бағыт ала отырып,көшбасшы болу үшін эмоциялық зиятты басты назарда ұстау жаңаша білім беруде қажет-ақ. Мұғалім- өмір бойы ізденуші, жаңалық ашушының тәлімгері екенін ұмытпауы керек. Жаратылыстың заңы өсіп-өркендеу, даму екені белгілі. Қазіргі XXI ғасыр техниканың жетілген, ақпараттардың дамыған кезеңі. Кез-келген адамға ғылым, білім, ақпарат қолжетімді. Солардың бірі, адамзаттың болашағы: балалардың түйсігін, зейінін, танымын, талғамын, талабын осыдан он-жиырма жыл бұрынғы кезеңмен салыстыруға тіптен келмейді. Баланың кеңістігі уақыттың кеңістігінен оза немесе қатарлас дамиды. Ал соларға білім мен тәрбие беретін, өмірлік жолға бағыт нұсқайтын, тәлімгері, ұстасы  мұғалімнің білігі бір немесе бірнеше саты жоғары тұру керек. Білім беруде көптеген жаңашыл әдістердің қызметін, мазмұнын, қолданылу алғышарты,  оқушыларды бағалаудың дәстүрлі түрі мен қалыптастырушы бағалаудың айырмашылығы, мектептегі көшбасшылықтың түрлері мен қасиеттері, мектеп мәдениеті, эволюция, коучинг, желілік қоғамдастық, SWOT, SMART, іс-әрекетті зерттеу түрлері мен тізбектелген сабақтар топтамасының /Lesson Study әдісі/  соны ойлауы мен өзекті мәселелерді іздеу жолдары,  пайдалану негіздері жаңаша мазмұнның көрнекті жемісі.  Қазіргі таңда әлемдегі өзгерістер адамзат өмірінің барлық салаларына қандай да бір өзгертулер енгізіп, оны заман талабына сай, заман ағымына ілесе алатындай қайта қарау мен толықтырулар енгізуге мәжбүрлеуде. Соған байланысты білім беру саласында да үлкен өзгерістер орын алуда. Соның бірі жас ұрпақты болашақта өмірдің тұтқасын ұстар ұрпақ ретінде алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне дағдыландыру, яғни ХХІ ғасыр талаптарын орындай алатын ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Ал бұл талаптар деңгейінен шығу үшін осы жұмысты атқаратын мұғалімдер де өз әдіс тәсілдері мен жұмыс дағдыларына өзгерістер енгізуі бірінші қажеттілік екені айдан аян және осы бағытта алғашқы қадамдар жасалуда. Елімізде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары Деңгейлі Бағдарламалар бойынша жүргізілуде. Қазақстан Республикасында білім беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаты:экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту,білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.Сондықтан да қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім беру.Осы бағытта жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып,шығармашылық әлеуетінің дамуына кеңінен жол ашу қажет болды. Қоғамдастықтың мағынасын,жеті модульдің тиімділігін, Блум таксономиясының пайдалы жақтарын, SWOT және SMART талдауларын,бағалау үдерісін эвалюациялау, сценарийдің,ОМЖ,ҚМЖ, даму жоспарының не екенін, қалай, қай жерге қолдану керектігін меңгерген мұғалім болса,ХХІ ғасыр талабын орындай алатын өз кәсібінің майталманы болары сөзсіз.Сондай-ақ ұстаз күнбе — күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені — өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр мұғалімінің  басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; оқушының тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады. Еліміздің егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгерістер болды. Сол өзгерістер туғызған соңғы жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Ел ертеңі, ұлт болашағы үшін этнопедагогика мен этнопсихология ілімдерінің жетістігін тәрбие құралына айналдыру – бүгінгі күннің сұранысы.- Тұлға ретінде оқушының жеке басының іс-әрекетін дамыту теориясы негізінде белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тәрбиелеу мен білім беру жұмысын жетілдіру.

Оқушының рухани – адамгершілік, интеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулығы үшін әлеуметтік құзыреттілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау.

Отбасы қарым-қатынасындағы үлгі-өнегенің тәрбиелік ықпалын арттыру.

Ұлтжандылық пен халқымыздың мәдени – тарихи дәстүрлері негізінде тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпы адамдық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту.

Тұжырымдаманың жүзеге асырылу шарттары:

Қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа деген позитивті көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік – педагогикалық жағдай жасау.

Халық дәстүрінің элементтері бар ойындарды қолдану.

Халық салт-дәстүрінің қолдануымен мерекелер, ойын-сауықтар ұйымдастыру және өткізу.

Ұлы тарихи тұлғалармен таныстыру арқылы отаншылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Өз тілін білетін, интеллектуалды, жан-жақты, үйлесімді дамушы тұлға, өзінің салт – дәстүрін, Отанын сүйетін, шығармашылық әлеуетін айқындай алатын, қоғам мүддесіне сай, ертеңгі қоғам иегері боларлық, егеменді еліміздің айбынын асқақтатар өнегелі ұл – қызы

Баспалдағы бұл ғылымның, қиындықтан тұрады,

Оның шынар басына талмайтындар шығады

Талмау үшін әр кезде болу керек төзімді

Сондықтанда сен оған әзірлей бер өзіңді,- деген өлең  жолдары менің эссем мен ойымның түйінді дәлелі.

















Астана қаласы №10 мектеп-гимназиясының

тарих пәнінің мұғалімі Қарабалаұлы Қайрат


578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!