Материалдар / Эссе "Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе "Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ мұғалімдерге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
637
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі.

Ұстаздықтың ұлағатты жолын таңдаған адам ең бірінші адамдықтың мектебінен тәлім ала білуі шарт.Абай адамдық болмыстың үш қасиетін атап көрсеткен екен: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.Міне, осы қасиеттерді өз бойына тоғыстыра білген адам нағыз адамдықтың іргетасын берік қалап шығады.

Мұғалім – жан – жақты мамандықтарды бір арнада тоғыстыра алатын сегіз қырлы, бір сырлы адам.Ең бастысы ұстаз- білім берумен қатар тәрбиелеуші. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі еселенеді.

Яғни, білім мен тәрбие қатар жегілетін жетек болып табылады. Ал, мұғалім сол жетекке жегіліп, қандай жол кездессе де белі қайыспай алға жүретін ұлы күш иесі.Ұлы ғалым әл- Фарабидің өзі : «Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың хас жауы» деп түйінді ой түйген екен.Тәрбие мен білімді егіздестіріп ,бір арнадан өз шәкірттерін сусындата білген мұғалім болашақта Мағжан армандаған жастарды қалыптастырып шығады. «Жас бала жас шыбық тәрізді. Жас күнінде қалай тәрбиелесең, өскенде сол қалпында қалады. Ал,жас шыбықты дер кезінде түзетпесең, өскенде қисық өскен ағашты түзете алмайсың. Түзеймін десең сындырып аласың» деген Мағжан ақынның ұлағатты сөзі ұстаздарға артылар ауыр жүктің салмағын өлшейтін таразы іспетті.Әрі әл – Фарабидің мәнін жоймайтын сөзімен үндестік табады.

Менің мамандығым-мұғалім. 2016 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданы №5 Ақмол орта мектебіне дене шынықтыру пәні мұғаімі болып орналастым. Ең алғаш ұстаз болуым осы мектепте бастау алды. Өз алдыма ұстаз ретінде мақсаттарға жету үшін жұмыс жоспарын жасадым. Сол жоспарды негізге ала отырып,жыл бойы оқушылармен бірге еңбек етемін. Дене шынықтыру пәні бойынша түрлі сайыстар, ашық сабақтар өткіземін.Оқушылардың қызығушылықтарын арыттыру мақсатында «Волейбол», «Теннис» үйірмелерін өткіземін. Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысып келеді. Сонын нәтижесінде аудан көлеміндегі жарыстарда жүлделі орындар иеленіп жүрміз. Мысалы, үстел теннисінен аудан бойынша 3-оқушым жүлделі 2-3 орын алды. Цулиноград ауданының оқушылар арасында «Жастар» спартакиадасында волейболдан өткен жарыста қыздар командасы 3-орынды иелендік. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Ақмола облысының жалпы білім беру мектептері оқушылар арасында өткізілген «Жалынды болашақ» скауттық қозғалыс шатырлық лагерінде 1-орын иелендік. Мұғалімдер арасында аудандық волейболдан ашық турнирлерде 1-2 орын иелендік. Дене шынықтыру мұғалімінің басты қаруы–қарапайымдылық. Оқушының бойындағы жауапкершілікті арттыра түсу үшін ұстаз оған сенім артуы тиіс. Яғни біздің міндетіміз оқушыларды жақсы жүріп-тұруға, дене мәдениетін қалыптастыруға баулу. Егер ұстаз жаңашылдықты іздеп, үздіксіз еңбектенсе асар асулары көп болатынына сенемін.

Белгілі жазушы Әкім Ысқақтың атасы: «Адам болған соң ізгілікті көңілмен, ғибратты өмірмен артыңда із қалдыра біл» деп өсиет қалдырған екен. Білім дәнін себуші әр мұғалім осы сөзден ғибрат ала білуі керек. Қазақ даласына алғаш білім түренін салып, дәнін сепкен ұлт ұстазы Ыбырай атамыз балаларды оқытқанда қойға шапқан қасқырдай болғандығын атап көрсеткен.Бүгінгі таңдағы әр ұстаздың жүрегіне Ыбырай атамыздың жүрегіндегі шәкіртке деген махаббат ұялауы қажет.Сонда ғана ұлы мамандықтың, бар мамандықтың бастауы ұстаздықтың тұлпарын ерттеп мініп, білімнің сайын даласында Құлагердей оза шабамыз.

Едресов Медет Дузембаевич

Целиноград ауданы №5 Ақмол орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!