Материалдар / Эссе тақырыбы: «Бағалау стратегиялары»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе тақырыбы: «Бағалау стратегиялары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағалау түрлері бойынша эссе. Бұл түрлі видео роликтерді көре отыра өз ойымды бір жерге жинақтап жазған эссем.Келіспеушіліктеріңіз болса қарсылығы жоқ.520 сөзден тұратын қысқа нұсқа түрде жазылған деп ойлайын үш тілділік курс оқығандарға өте тиімді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1193
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Эссе тақырыбы: «Бағалау стратегиялары»

« Оқушылардың жетістіктерін мұғалімнің дәл бағалау қабілеті педагогикалық шеберліктегі негізгі формалардың бірі»М. БарберХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Еліміздің болашағы үшін – біріншіден сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеу қажет. Жаңа оқыту технологиясының оқу процесіне енуіне байланысты арнайы білім мазмұнына өзгерістер әкелді.Білім жетілдіру курсында көрген бейнеролик маған жаңартылған білімге деген жаңаша көзқарас туғызды. Бұл жаңа терминге былай түсінік берер едім, оқытудың жаңа бағдарламасы – болашаққа сенімді қадам. Меніңше, бағдарламадағы ең өзекті категория – бағалау. «Бағалау деген нені білдіреді?» «Бағалау» латынның «assidere» етістігінен шыққан - «отыру ...» дегенді білдіреді. Бағалау кезінде оқушымен бірге отырамыз. Оқушымен жұмысты бірге жасаймыз және оған баға қоямыз. Біз бағалаудың маңызды рөл атқаратындығын білеміз. Менің ойымша, бағалаудың мақсаты оқушылардың нәтижелерін бағалау ғана емес, оларды жақсартуға жұмыс істеу. Шынында да бағалаудың артында баланың ынта- жігері, қабілет-қарымы, оқуға деген қызығушылығын арттыруға болатынын тәжірибеде көз жеткіздім. Балалардың өз білімін өзі бағалауы және сыныптасын бағалауы маңызды деп ойлаймын. Әрі қарай өзін қалай дамыту керек екенін, нені үйренгенін және нені үйрену керек екенін оқушылар өздері шешу керек және одан арғы қызметті өздері белгілеулері қажет. Мысалы оқушыларға өзін-өзі бағалау кестесін берген кезде оқушылар өзінің білімінің қандай деңгейде тұрғанын бағалай алды және алдағы уақытта нені білу керектігін анықтай алады. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, бағалайды. Әділдік пен шыншылдықты үйренеді.Бағалау стратегиясы өзіңді дұрыс бағалауға, өзіңе талдау жасауға, өз іс-әрекетіңді бақылауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау, диагностикалық тестілеуді қоса алғанда, оқушылардың оқу жетістіктерін жетілдіру мақсатында оқу және оқу іс-әрекеттерін өзгерту мақсатында оқу үрдісінде мұғалімдер өткізген ресми және бейресми бағалау рәсімдерінің жиынтығы. Жиынтық бағалау, бағдарламаның мазмұны бойынша қатысушылардың (тыңдаушылардың) қаншалықты назар аударғандығының нәтижесін білдіреді. Бұл қатысушылардың белгілі бір уақыт ішінде дамуын қорытындылайтын қалыптастырушы бағалаумен ерекшеленеді, деп өз ойымды қоспақпын. Әр күнгі сабақта мұғалімнің жаңаша бағалау түрлерін қолдана білуі – сыныптағы оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілетін, қарым-қатынысын, пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттырады деген шешімге келіп отырмын. Оқу процесін алға жылжыту, дамыту үшін мен бағалаудың әр түрлерін қолдану қажет деп ойлаймын. Сонда ғана біз оқыту және бағалауды бірін бірі толықтырып, оқу процесінде дұрыс қолданылып жатыр деп айта аламыз. Келешекте сабақтың сапасын жақсарту мақсатында бағалаудың формативті және сумативті түрлерін пайдалану керек екенін түсіндім. Ал сабақта бағалауды мен ғана емес, оқушылар өздері де білімдерін бағалап отырса,олардың білім алуға деген ықыласы,ынтасы,талпынысы және қызығушылығы одан сайын арта түсуіне көзім жетті.Баға бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек.Мұғалім оқушының білмегендігі үшін емес, нәтижелерді жақсарту үшін бағалауға тиіс. Біз қалыптастырушы бағалаудың үш аспектісін түсінуіміз және есте сақтауымыз керек: оқуды бағалау; оқытуды бағалау; бағалау тренинг ретінде. Әрине, мұғалімге қайта құрылымдау оңай емес. Оқушыларға да жауапты болуға үйрену оңай емес. Болашақта мен бұғанға дейін сабағымда қолданып көрмеген «Рубрика», «Бейресми пікір-талас», «Графикалық органайзер», «Байқау», «Ауызша презентация» т.б секілді бағалау құралдарын алдағы уақытта жоспарға кіргіземін деген ойдамын.Қорытындылай келе, әлемнің өзгеріп келе жатқанын айтқым келеді. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтып өткендей, ұстаз әрқашан ізденіс өз білімінің жоғарғы деңгейде болуына әрқашан назар аударып отыруы керек деп ойлаймын.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!