Материалдар / Естімейтін балалардың мектептеріне арналған математика пәнінен жылдық бағдарламаға сәйкес оқу әдістемелік құралдар және логикалық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Естімейтін балалардың мектептеріне арналған математика пәнінен жылдық бағдарламаға сәйкес оқу әдістемелік құралдар және логикалық

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама оқулық жайында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
483
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шымкент 1 саңырау балалардың мектеп – интернаты

















БАЯНДАМАТақырыбы:Естімейтін балалардың мектептеріне арналған математика пәнінен жылдық бағдарламаға сәйкес оқу әдістемелік құралдары мен логикалық тапсырмалар жинағын шығару.





























Мұғалім:Жанибекова Г.А





























2016-2017 оқу жылы

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе- білім» деп М.Әуезов айтқандай Қазақстан өз алдына дербес мемлекетке айналып нарықтық қатынастар заңымен өмір сүруге бет бұрған кезең білім беру ісіне тікелей әсерін тигізіп отыр. Математика пәні – жеке тұлғаның ақыл ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз даму мен жетілуін қамтамасыз ететін пәнінің бірі. Қазіргі мектепке мұғалімдерге қойылған – жаңа технологияны ғылыми түрде меңгеру және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – мәселесі қолдау табуда. Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер атқарады, оқушыға бағыт-бағдар беріп тұрады. Негізі көңілді әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін қызығушылықтарын анықтауға бөледі. Мен осы мектепте математика пәнінен сабақ бергеніме 5 жыл болды. Сабақта жеке және топтық оқыту түрлерін қолданамын. Топтық оқытудың негізгі мақсаты- оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. Мұндай топта оқушы өз даралығын жоғалтпайды. Қажетті жағдайда оқушылар бір-бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді,т.б. бұл жағдайда әрбір оқушы тек өзінің жетістіктерін бағалап немесе кемшіліктерін түсініп қана қоймайды, сонымен бірге ортақ нәтижеге өзі қалай әсер ететінін көре алады. Жеке оқыту түрі оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапты болуға үйретеді. Бүгінгі таңда жас ұрпақ пәнді тиімді ұғындырудың бірі-жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінеде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.1)Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.2)Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға,оларды саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.3)Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық),бағдарламалық, күрделенген деңгей. Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшіна)жеке тұлға ерекшелікьеріне,б)пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.в)психологиялық даму ерекшеліктеріне.

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын.Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлімін:1)сабақтың мазмұны,2)сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,3)сабақтың нәтижелігі.Жалпы,менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу,үйрету,шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысыг білім саласының дамуын қамтамасыз етеді.Құлағы естімейтін балаларға арналған авторы Пышкало, баспасы «Просвешение» 1970 жылы шыққан математика оқулықтарын қолдандық. Жалпы орта мектептің оқулықтары біздің балаларға қиындықтар туындағандықтан біз өзіміздің оқу әдістемелік құралдарын жарыққа шығаруды қолға алдық. Дәл қазіргі уақытта 5-шісыныптарға арналған математикадан, оқу әдістемелік құралы жарыққа шықты. Қазіргі уақытта осы әдістемелік құрал «Атамұра» баспасымен қатар сабақтарда пайдалануда. Оқу әдістелемелік құралдағы тақырыптар Қазақстан Ресрубликасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына сәйкес құрастырылған. Оқу әдістемелік құралдың ішіндегі тапсырмаларды балалар өте қызығушылықпен орындайды. Тапсырмалар нақты және біздің балаларға түсінікті етіп берілген. Қазіргі таңда 6-шы сыныптарына математика пәнінен және 7-шы сыныптарына алгебра , геометрия пәндерінен оқу әдістемелік құралдары дайындық үстінде. 2016-2017 оқу жылының аяғына дейін жарыққа шығаруға тырысамыз.Ұсыныс:Естімейтін балаларға оқу әдістемелік құралдары мен қатар математикадан логикалық есептермен тапсырмалардың жинақтарын құрастырып шығару.































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!