Материалдар / Етістік тақырыбы сабақ жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Етістік тақырыбы сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары «Етістік» 3 сынып Қмж Слайд.Сабақтың мақсаты:Етістік туралы түсінік қалыптастырады,сөйлем ішінен етістікті табады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2022
466
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Қоршаған орта

Етістік

Мұғалімнің аты-жөні: Асубаева Б

Күні:

СЫНЫП: 2


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.2.3.1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырыпкөлбеу және таза жазу

2.4.2.5* - дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтау

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: етістік деген не екенін,қандай сұрақтарға жауап беретінін біледі

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Етістік қандай сұрақтарға жауап беретінін айта алады

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Етістікті таба алады

Бағалау критерийі

Етістік деген не екенін,қандай сұрақтарға жауап беретінін біледі


Ойлау дағдылары

Білу Түсіну Қолдану Талдау

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басы

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Көңіл-күйлерің қандай?

Егер көңіл-күйлерің жабырқаулы болса,жұдырығымызды жұмып,бұлтты көрсетеміз,ал егер көтеріңкі болса,алақанымызды ашып,күнді көрсетеміз.

-Біз қолымызбен не істедік?

-Қолымызды аштық,жұмдық,яғни іс-қимыл жасадық.

-Балалар күнделікті өмірде біз сан қилы әрекеттер жасаймыз,яғни қимыл-қозғалыссыз өмір сүре алмаймыз.





.

Ортасы

30-32 минут






Өткенді еске түсіру. "Сұрақ-жауап"әдісі

Сұрақтарға жауап алу.

-Сөз таптары нешеге бөлінеді?

-Зат есім деген не?

-Зат есімнің қандай сұрақтарын білесіңдер?

-Жалқы есім деген не?

-Жалпы есім деген не?

-Зат есімнің жекеше түрі деген не?

-Зат есімнің көпше түрі деген не?

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.


1. Суреттерге қара.

  • Суреттерден көктемнің қандай белгілерін байқадыңдар?

  • Балалар не істеді?

  • Балалардың қимыл атауларын білдіретін сөздерді ата.

  • Өзіңе ұнаған суретпен сөйлем құрап жаз.

«Қалай дыбыстайды?» ойыны.Жан-жануарлардың суреттері дыбыстарымен қоса беріледі.Олардың қалай дыбыстайтынын айтып,етістікті табу.

Қоддану. Дәптермен жұмыс.

2. Оқы. Сөйлемдердің қатесін түзеп жаз.

Ережені оқыту

Заттардың қимылын, іс әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. 
Етістіктер не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады: өсті,ойнады,сайрады,күлді,жүгірді.
№3,4. Өздік жұмысы.

Сергіту сәті-2 минут

Қоян қайтеді?Қоян секіреді.

Аю қайтеді?Аю қорбандайды.

Жылан ше?Жылан ирелеңдейді.

Бүркіт ше?Бүркіт аспанда қалықтап ұшады.

Талдау.Топпен жұмыс.

  Өлең құрастыру

1-топ.

Атам жылқы бағады,

------- -------- шабады.

------- ------- сауады,

------ ------ қағады.

  • 2-топ.

  • Бұлбұл                           бақылдайды

  • Сиыр                              сайрайды

  • Аққу                               мөңірейді

  • Бақа                               қарқылдайды

  • Тырна                            сұңқылдайды

  • Түйе                               қаңқылдайды

  • Қаз                                 боздайды

  • Қарға                              тыраулайды    






Оқулық,

мәтіндер.






Соңы

3 минут







Рефлексия:

-Сабақ ұнады ма?

-Не қызықты болды?

-Не қиын болды?

-Өздеріңнің түсініктеріңді бас бармақ арқылы көрсетіңдер. Сабақтағы іс-әрекеттеріңді смайлик таңдау арқылы көрсетіңдер.














Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!