Материалдар / Этнопедагогика пәнінің қоғамға тигізетін пайдасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Этнопедагогика пәнінің қоғамға тигізетін пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ой сананың оянуына түрткі болатын пән
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2021
529
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Этнопедагогика

Алғашында этнопедагогика деген пән атауын көргенде эээ демек салт-дәстүр деп жеңіл желпі байланыстырған едім, бұл пәнді оқи келе ата-бабама, тарихыма жақындай түскенімді байқадым, бәлкім содан болар қазіргі жастардың Еуропа мен Америкаға еліктеп жүргендігі сол ұлттық сананың оянбағаны болар деген ой түйдім. Мәдениеттің барлығы шет елдерде деп жатады, ал сіз білесіз бе сол мәдениеттің бастауы қайдан шыққанын? Бір кездерде қазақ халқын орыс тілін білмесе сауатсыз деп, тіпті араб, парсы тілдерін жетік білген Абай атамыздың өзін білімсізге теңеп, рухымызды түсіріп, бізді тамыры жоқ, тарихы жоқ, қуыс кеуде ел деп санамызға сіңірумен болған, шындығына келер болсақ Шоқан Уәлиханов, Бауыржан Момышұлы, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды ұлы тұлғаларымыз болды емес пе? Біле білсеңіз Бауыржан Момышұлы жайлы жазылған "Волоколамское шоссе" атты кітап Израильде әрбір жауынгерге беріледі екен, 16 ғасырда сонау Абдулла ханның кезінде салынған Түркістан қаласындағы шығыс моншасы ше, оған не айтасыз? Моншаны өшірген соң екі ай бойы жылуын өздігінен сақтап тұрған, тарихи мұра болып бүгінгі күнге дейін сақталған ескерткіш қой, жарайды, одан бөлек "Мадинада-Мұхаммед, Түркістанда-Қожа Ахмет" деп келген сопылық ілім үйренген, Диуани хикметтен дін мен ділді үйренген халық едік қой, руға бөлініп, 7 атадан қыз алыспай, қан тазалығын сақтаған халықымыз сол кезден білген еді ғой. Қалай ойлайсыз осының барлығы біздің мәдениетіміздің жоқ немесе қараңғы халық екенімізді көрсетеді ме? Әрине жоқ, қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп отырып, жер бетіндегі шөптің өзін жаңарып шығуымен қоныстанған, малды қырғыннан сақтап бабымен бағып отырған, осының өзі даналық емес пе? Ал мәдениетке келер болсақ шүбәсіз ол бізде болған, қазір де бар, тек оны көре білу керек екен. Дана халқымыз адасқанның айыбы жоқ үйірін тауып қосылса демекші бояуы өшіп бара жатқан ұлттық қасиетімізді көрсетіп, өскелең ұрпақты салт-дәстүрімізге үйрететін этнопедагогика сияқты пәндерді тек жоғары оқу орындарында ғана емес мектеп бағдарламасынан бастап ұлттық құндылықтарымызды баланың бойына дарытсақ текті халықтың ұрпағы екенін біліп, ата-бабасын мақтан тұтатын, елім деген, жерім деген еңсесі биік ұрпақ тәрбиелейміз деп ойлаймын. Әрине бұл біздің ел болып өркендеуімізге жол ашатын үлкен қадам болатыны анық....

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!