жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Фасфуд тағамдарының қоғамдағы рөлі және денсаулыққа әсері
«Жетісу облысының білім
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Талдықорған қаласының облыстық
№1 «балабақша-мектеп-интернат»
арнайы кешені» КММ
Жетекшісі: педагог-зерттеуші
Мырзаханова Камшат Каматаевна
Оқушы: Сәрсенбек Марғұлан
4 сынып
Ғылыми зерттеу жобасы
Тақырыбы: Фасфуд тағамдарының қоғамдағы рөлі және денсаулыққа әсері
Мазмұны:
-
Кіріспе:
Фасфудтың пайда болуы мен дамуы
Фасфуд тағамының түрлері
-
Негізгі бөлім:
Фасфудтың қоғамдағы рөлі
Фасфудтың денсаулыққа әсері
-
Практикалық бөлім.
-
Қорытынды.
Зерттеу мақсаты: Оқушыларға фасфуд тағамдарының адам денсаулығы үшін өте зиян екенін түсіндіру,фасфуд тағамдары туралы қысқаша шолу,фасфуд туралы оқушылар қаншалықты мәлімет білетіндері жайлы айқындау, сауалнама жүргізу. Зерттеу болжамы: Көптеген ата-аналар мен балалар фасфудтың адам денсаулығына зиян екенін толық біле бермейді. Сондықтан осы жоба фасфуд тағамдары туралы жан-жақты білуге, тануға, түсінуге бағыттайды. Егер адамдар фасфуд тағамдарының зиянын және әр түрлі аурулар туғызатынын ертерек білсе, онда салауатты өмір сүру деңгейі жоғары болар еді;
Зерттеудің өзектілігі: Фаст-фуд тағамдарының адам ағзасына зиянды екендігін, көп қолданған жағдайда адам бірнеше ауруға душар болатыны жайында түсінік беріліп, алдағы уақытта табиғи таза тағамдарды қолдануға бағыттайды.
Зерттеу жаңалығы: Фаст-фуд тағамдарының адам ағзасына кері әсерін зерттеп, толығымен оқушыларға ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі және зерттеу бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспе. Фасфудтың пайда болуы мен дамуы. Фасфуд тағамдары қазіргі қоғамда кеңінен таралған және күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналған. Олардың жылдам дайындалуы, қолжетімділігі және дәмділігі адамдардың назарын аударады. Фасфуд — өте тез әрі кең қолданылатын тағамдардың бірі. Фастфуд тағамдары 20-шы ғасырдың басында пайда болды, бірақ олардың тамыры бұрынғы дәуірлерге кетеді. Ежелгі Рим мен Грецияда жылдам дайындалатын тағамдар болған. Фасфуд индустриясының шынайы дамуы 1950-1960 жылдары АҚШ- та басталды. 1921 жылы White Castle мейрамханасы ашылды, ол гамбургерлерді жылдам дайындап, сататын алғашқы мейрамхана болды. Фаст-фуд тағамының түрлері. Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп, бірақ олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Жоғарыда аталған барлық тағамдар фаст-фуд қатарына кіреді. Негізгі бөлім. Фасфудтың қоғамдағы рөлі. Фасфуд тағамдары әлемдік мәдениттте маңызды рөл атқарады. Олар жылдам, қолжетімді жіне әртүрлі дәмдермен ерекшеленеді. Уақытты үнемдейді, бағасы көбінесе арзан, фасфуд мейрамханалары достар мен немесе отбасымен кездесудің танымал орны болып табылады. Әлеуметтік байланыстарды нығайтуға көмектеседі. Фасфудтың денсаулыққы әсері. Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Олардың денсаулыққа әсері қандай? Осындай тағамдармен тамақтанатын адамдар осыны тиімді көреді. Көбіне адамдар фаст – фудты тамақ пісіруге уақыттың жетіспеушілігімен байланыстырса, кейбіреулері өздерінің қалаулары бойынша тамақтанады. Алайда екінің–бірі бұл тамақтың зиянды екенін ойлай бермейді. Ол қымбат емес, бірақ өте қауіпті.Фасфуд тағамдары көбінесе жоғары калориялы, майлы және қантты болады, бұл семіздікке және басқа да денсаулық мәселелеріне әкелуі мүмкін. Жиі тұтыну жүрек-қан тамырлары аурулары, диабет, асақазан-ішек жолдарының аурулары және басқада сазылмалы аурулардың қаупін арттырады. Практикалық бөлім. Фасфуд тағамдарының құрамы талданды, олардың каориялық құндылығы анықтыалды, тұтынуша адамдар арасында фасфудқадеген көзқарастарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Сауалнама сұрақтары
-
Сіз фасфудтф қаншалықты жиі тұтынасыз?
-
Денсаулыққы әсері туралы не ойлайсыз?
-
Құрамындағы химиялық заттар туралы не білесіз?
-
Қандай түрлерін жиңі тұтынасыз?
-
Сіз фасфудтф не ұшін таңдайсыз?
Фасфудтың зияны туралы сауалнама қорытындысы жасалды, нәтижелері талданды. Сауалнама нәтижелері фасфудтың зияны туралы білетіндерін көрсетті, денсаулыққа зиянды екенін білетінін атап өті. Сондада оның тәтті, дәмді болатыны оны жиі тұтынуға итермелейтіндерін айтты.
Қорытынды.Біздің тәжірибеміздің нәтижесінде біз фаст-фудтың ағзаға өте зиянды әсер ететінін, көптеген ауруларды тудыратынын анықтадық. Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылған шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. “Биолог анықтамалығы”ғылыми-педагогикалық журнал 2011 ж
2. Ғаламтордан алынған мәліметтер
3. “Биология және салауаттылық негіздері”
4. “Пайдалы кеңестер”
2
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген