Материалдар / физика пәні бойынша ашық сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

физика пәні бойынша ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
физика пәні бойынша ашық сабақ 7 сынып бұл материалды жаас мамандар көмек ретінде қолданылуға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2022
251
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰМЖ бөлімі: Жұмыс және қуат

Мектеп: «№2 жалпы білім беретін мектеп»КММ

Күні;8.04.2022 ж

Оқытушының аты тегі: Атшыбаева С.Н

Сынып:

Қатысқандар

Қатыспағандар

Сабақ тақырыбы

Практикалық жұмыс №18 Сапалы және сандық есептер шығару

Осы сабақта жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

Механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану;

Оқыту мақсаттары

Механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығара алады

Жетістік критерийлері

Механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығара алады

Энергияның түрленуіне мысалдар келтіре алады

Тілдік мақсаттар


Келесі терминдерлі дұрыс және сенімді қолдана отырып, тілдік дағдыларын қалыптастырады: энергия,потециалдық және кинетикалық

Маңызды сөйлемдер:

Бұл дұрыс шешім, себебі бұл .....

Сіздің түсіндірмеңіз жақсара түседі, егер … 

Құндылықтарды тәрбиелеу

Өмір бойы оқыту – сабақта алынған білім жоғары сыныптарда қолданыс тауып, тұрмыста қолданылуы мүмкін;

Сыйластық – топтық жұмыстар кезінде топтың әрбір оқушысы қатынасады және әр оқушының пікірі ескеріледі

Пәнаралық байланыс

Есептер шығару кезінде математикалық есептеулер қолданылады

Осыған дейінгі білім

Механикалық энергияның сақталу заңы


Сабақ барысы


Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспарланған шаралар

Ресурстар

0-2мин



















3-9 мин



































































10-40мин







































































Ұйымдастыру кезеңі

Оқу мақсаттарын анықтау.


Оқушыларды төрт топқа бөлу: Оқушыларға формулалар жазылған карточкалар таратылады. Үстел үстінде батман жатыр. Батман әр бөлігінде қандайда бір шама жазылған үш бөлікке бөлінген. Оқушылар қолдарындағы карточкадағы жасырылған шаманың тұсына қояды. Нәтижесінде келесі топтар топталады: жұмыс,қуат,кинетикалық және потенциалдық энергия.


Кіші топтарда жұмыс, ойын элементтерімен:

1-тур. Сұрақ – жауап

Топтарға топтасқан кіші топ атаулары бойынша сұрақтар қойылады.

Жұмыс тобына

1.Механикалық жұмыс дегеніміз не?

2.Механикалық жқмыстың формуласы қалай жазылады?

Қуат тобына сұрақтар

1.Қуат дегенміз не?

2.Қуаттың формуласын жаз.

Кинетикалық энергия тобына сұрақтар

1.Энергия дегенміміз не?

2.Кинетикалық энергияның формуласын жаз.

Потенциалдық энергия тобына сұрақтар

1.Потенциалдық энергия дегеніміз не?

2. Потенциалдық энергияның формуласын жаз.

Жаңа сабақ

Есептер шығару

1.Әр топқа Сапалық есептер беріледі

1.Садақпен оқ атқан кезде қандай энергиялық түрленулер болады?

2.Қазақстанда күн жылы және кей жерлерде қатты жел

соғады.Жел және күн электр станциялары тиімді болса да неге кең етек алмаған?

3.Массасы 200кг құлан жүгірмей-ақ 1,5м биіктікке секіре

алады. Ол қандай жұмыс істейді?

4.Бала каспийдің жағасында болат шармен ойнап жүр шар құлаған кезде секіріп кетеді, кейбір секірістер алдағы секірістен де асып түсті.Мұны қалай түсіндіруге болады?

1. Садақты керіліп тұрған жібін созғанда потенциалдық энергия береді. Керілген жіпті жіберіп қалсақ потенциалдық энергия жебенің кинетикалық энергиясына айналады.

2. Жел мен күн электростанциялары қуатты емес және тұрақты жұмыс істемейді:біріншіден желдің күшіне тәуелді болса екіншіден бұлтты күні жұмыс істемейді.

3.300 Дж

4. Ұсақ құмдардан шағылысқан кезде соқтығысқанан кейін айнала бастауы мүмкін Онда ең үлкен потенциалдық және кинетикалық энергия айналулары болады, бұл жағдайда энергияның бір бөлігі басқа энергияға айналадыда аз биіктікке көтіріледі. Көлемі соққыда егер шар жарқырағаннан кейін тербелмесе

( мұндай да болуы мүмкін) оның жоғарғы нүктеде потенциалдық энергияға айналады да, шар бұрынғысыннан жоғары биіктікке ие болады

2.Сандық есептер беріледі А деңгейіндегі есептер

1.Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз

2. 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең?

3. Массасы 3,0 г оқ винтовка ұңғысынан 800м/с жылдамдықпен шығады. Оның кинетикалық энергиясы қандай?

4. Массасы 50 т реактивті ұшақ Жерге қатысты 300 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оның кинетикалық энергиясын табыңдар.

В деңгейіндегі есептер беріледі.

1. Серіппені 5 см-ге сығу үшін 150 Дж потенциалдық энергия жұмсалса,серіппенің қатаңдығы қандай болғаны?

2. Қатаңдығы 104 Н/м серіппе 3 см сығылғанда, оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді

3. 20 м/с жылдамдықпен қозғалған дененің кинетикалық энергиясы 400 Дж болса,оның массасы:

4. Массасы 20 кг денені көтергенде 4000 Дж жұмыс жасалса, дене көтерілген биіктігі қандай болады? g = 10 Н/кг


DrawObject1

С деңгейіндегі есептер

1.Массасы 50 г доп қандай биіктіктен еркін түскенде оның потенциалдық энергиясы 2 Дж-ге өзгереді. Кинетикалық энергиясы қалай және қаншаға өзгереді?

2.Бала динамометрді созып, өзінің тарта алатын ең үлкен күшін анықтады. Ол 400 Н болып шықты. Серіппені созғанда бала қандай жұмыс атқарады?Динамометр серіппесінің қатаңдығы 10 000 Н/м. 3.Жоғары ұшы бекітілген серіппеге массасы 18 кг дене ілінген. Сондағы серіппенің ұзындығы 10 см. Оған массасы 30 кг денені ілгенде ілгенде оның ұзындығы 12 см болды. 10 см серіппені 15 см ұзындыққа дейін созу үшін қандай жұмыс атқару керек екенін есептеңдер. Бұл кезде серпімділік күші қандай жұмыс атқарады.

4 .Массасы 5 т жер серігін 100 км биіктікке 8 км/с болатын бірінші ғарыштық жылдамдықпен шығару үшін қандай жұмыс шағындалады? Жер серігінің орбитадағы механикалық энергиясы неге тең?


Бағалау критериі Есептер шығаруда формулаларды тиімді пайдалану Дискриптор

Шамаларды ХБЖ ға айналдырады – 2 Формулаларды түрлендіреді - 3 Формулаларды тиімді пайдалана отырып есептер шығарады - 3


Сәйкестендіру кестесі

Энергия қандай әріппен белгіленеді?

E=mv^2/2

Кинетикалық энергияның формуласы

E

Потенциалдық энергияның формуласы

EП+EK=const

Механикалық энергияның сақталу заңы

E=mgh



Жалпылау: Сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау (рефлексия)

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.


Үй тапсырмасы

Физика 8кл – Дуйсембаев Б.М. - §36-37 – оқу

Сборник задач по физике Лукашик В.И. – 181- 185, 190,191 – есептерді шығару










Физика 7кл – Дуйсембаев Б.М.
























Презентация
























































































Физика 9кл – Башарулы Р. - Сборник задач Лукашик В.И.

Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: кедергінің физикалық мағынасын, кедергінің өлшем бірлігін түсіндіре алады, өткізгіш кедергісі мен Ом заңының өрнектерін біледі

Оқушылардың басым көпшілігі есептер шығару кезінде өткізгіш кедергісінің өрнегін қолдана алады, кедергінің температураға тәуелділігін түсіндіре алады

Кейбір оқушылар кедергінің өткізгіш ұзындығы мен оның затына тәуелді екендігін түсіндіре алады

Мадақтау

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?






Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!