Материалдар / Физика пәнінде деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Физика пәнінде деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылар өзін-өзі таниды,сезінеді, оқушылардың қабілеті, ақылы,біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Сондықтан оқушылар өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдету үшін оқушыларды ізденуге баулу керек. Деңгейлік тапсырмалар беру – баладан шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушылардың біліміне, мүмкіндігіне,сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған жұмыстар беру арқылы олардың білімін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қырқүйек 2018
382
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары№9 жалпы білім беру орта мектебі» ММ













Шығармашылық жұмыс



Тақырыбы: Физика пәнінде деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану





Физика пәнінің мұғалімі: Нурмаганбетова К.Я.













2013-2014 оқу жылы



















ЖоспарІ. Кіріспе бөлімІІ. Негізгі бөліма)Деңгейлік тапсырмалар ерекшеліктеріә)Деңгейлік тапсырмаларды физика пәнінде қолдануІІІ.Қорытынды















Физика пәнінде деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалануМақсаты:Оқушының жеке қабілетін есепке алу, шығармашылығын шыңдау, пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге баулу.Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылар өзін-өзі таниды,сезінеді, оқушылардың қабілеті, ақылы,біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Сондықтан оқушылар өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдету үшін оқушыларды ізденуге баулу керек.Деңгейлік тапсырмалар беру – баладан шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушылардың біліміне, мүмкіндігіне,сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған жұмыстар беру арқылы олардың білімін дамыту.Деңгейлік тапсырмалар оқушының ойлау қабілетін үйренушілік деңгейден шығармашылық деңгейге бағыттай отырып құралған. Деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, тапсырманы орындауына байланысты келесі деңгейге көшіп отырады. І-деңгейлік тапсырмалар білімнің ең төменгі шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес, бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болады. ІІ-деңгейлік тапсырмалар түрленіп, күрделене түседі. Өткен материалдарды реттеуге ойлау қабілеттерін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оқушының материалды қабылдауы міндетті деңгейде әлдеқайда жоғары болады. ІІІ-деңгейлік тапсырмалар танымдық іздену, оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтерінің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесін жоғары болуымен , білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады. ІV-деңгейлік тапсырмалар дарынды,ізденімпаз қабілеті жоғары талапты баларға арналады. Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі:
  • сабақтың мазмұны мен сапасы артады;
  • оқушының физиологиялық, психологиялық ерекшелігіне сай ойлау қабілеттері дамиды;
  • оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады, шеберлігі шыңдалады;
  • жауапкершілігі артады, шығармашылығы қалыптасады;
  • жүйелі оқу принциптері арқылы оқушы өзін-өзі дамытып, өзін-өзі бағалап білім деңгейін өрбіте алады;
  • оқушы өз қызметіне талдау жасайды, қорытынды шығарады, өзіне-өзі баға береді, жаңалыққа ұмтылады.


Ескеретін жағдайлар:
  • Барлық тапсырмаларды орындаған оқушы үлгермеушілерге көмектеседі.
  • Барлық тапсырмалар сол сыныптың бағдарламасы көлемінде құрылады.
  • Оқушыларды «қабілетті», «қабілетсіз» деп жіктеуге болмайды, барлығына бірдей талап қойылады. Қорытындысында оқушылар біліміне қарай өз деңгейіне көтеріледі.
Күтілетін нәтижеӨз іс- тәжірибемде сабақ беру кезінде мынадай қағидаларға сүйенемін:
  • оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
  • оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;
  • деңгейін саралау;
  • оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту;
  • дарынды оқушылармен жұмыс;


Сабақ өткізу барысында алдыма мынадай міндеттер қоямын:
  • оқушы сабақ кезінде қажетті мәліметті, заңдылық, ережені, фактіні алуға және есіне сақтауға міндетті.
  • оқушыны сабақ барысында оқуға, есеп шығаруға үйрету;
  • оқушының қабілетін арттыру, олардың өз бетімен жұмыс істеуін, шығармашылық мүмкіншліктерін, ойлау қабілетін арттырып отыру;
  • оқушының дүниетанымын, адамгершілігін арттыру;




ҚорытындыШығармашылық жұмыс және алға қойған мақсаттарым бойынша атқарылып жүрген жұмысымның қорытындысы:
  • 100% үлгерім
  • Оқушы «2» аламын деп қорықпайды, керісінше тапсырманың жауабына жоғары ұпай жинау арқылы ынтасы артады.
  • Оқушы оқу материалын өзі меңгереді.
  • Жоғарғы деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды баланы таңдауға мүмкіндік береді.
Осы шығармашылық тақырыбыма байланысты төмендегі сабақ үлгілерін салып отырмын.9«А» сыныбына«Математикалық және серіппелі маятник тербелісі » тақырыпты өткен кездегі деңгейлік тапсырмалар:І деңгей1.Массасы 20 г жүк серіппенің әсерінен жиілігі 2 Гц болатын тербелісжасайды. Серіппенің қатаңдығын табыңдар.2. Математикалық маятниктің тербеліс периодын 4 есе азайту үшін оның ұзындығын неше есе қысқарту керек?ІІ деңгей1.Жібінің ұзындығы 0,8 м-ге тең математикалық маятниктің Периоды мен меншікті жиілігін анықтаңдар.2.Жібінің ұзындығы 100 см маятник 30 секундта 15 тербеліс жасайды.Үдеудің мәні неге тең?ІІІ деңгейМаятник жер бетінде 2 секунд периодпен тербеледі. Бұл маятниктіңАй бетіндегі тербеліс периоды қандай, ай бетіндегі еркін түсу үдеуіЖер бетіндегіге қарағанда 6 есе аз.

Сабақтан үзінді10 «А» сыныптағы«Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбы бойынша деңгейлік есептер шығаруІ деңгейа)Кедергісі 0,2 кОм және ондағы ток күші 100 мА болғандағы тізбек бөлігіндегі кернеуді табыңдар.ә)ЭҚК-і 1,2 В ток көзінің сыртқы кедергісі 5 Ом болғанда, одан 0,2 А ток өтеді. Элементтің ішкі кедергісі неге тең?ІІ деңгейа)Егер 120 Ом кедергі арқылы 6 А ток өтіп жатса, 80 Ом кедергі арқылы қандай ток өтеді.ә)Егер кедергі 2 есе кеміген кезде ток күші 3 есе артса,тзбек бөлігіндегі кернеу қалай өзгереді? ІІІдеңгейа)Шамдағы токты өлшеу кезінде оқушы қателесіп, амперметрдің орнына вольтметрді жалғаған. Бұл кезде шамның қыл сымында қандай жағдай болады?ә)Ішкі кедергісі 0,5 аккумулятор батареясы, әрқайсысының кедергісі 250 Ом параллель жалғасқан 10 шамды қоректендіреді. Егер әр шамдағы ток күші 0,5 А болса, батареяның ЭҚК-ін табыңдар

10 сыныптағы сабақтан көріністер



«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары №9 жалпы білім беру орта мектебі» ММ













Шығармашылық жұмыс



Тақырыбы: Физика пәнінде деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану





Физика пәнінің мұғалімі: Нурмаганбетова К.Я.













2013-2014 оқу жылы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!