Материалдар / Газдалған сусындардың пайдасы мен зияны
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Газдалған сусындардың пайдасы мен зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Ақпан 2019
2445
8 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСБУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Болашақ» мектебі







ҒЫЛЫМИ ЖОБА



Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Газдалған сусындардың

пайдасы мен зияны»



Бағыты: Таза табиғи орта

Секция: Жаратылыстану

Орындаған: Кунакова Зейнеп

Сыныбы: 1 «Е»

Ғылыми жетекшісі: Булекбаева Г. А.

Шымкент 2018



Мазмұны

Аннотатция……………………………………………………………… 3

Пікір……………………………………………………………………6

І.Кіріспе ……………………………………………………………… 7

ІІ.Негізгі бөлім………………………………………………………… 8

2.1. Газдалған сусындардың шығу тарихы…………………………… 8

2.2. Газдалған сусындардың шығарылу жолдары және түрлері…… 10

2.3. Газдалған сусындардың құрамы және ағзаға әкелетін әсері…… 13

2.4. Кока –кола сусыны. Кока-коланың шығару тарихы. ……………16
2.5 Кока-коланың құрамы…………………………………………… 18

IIІ.Менің тәжірибелерім……………………………………………… 19

ІV.Қорытынды………………………………………………………… 22

Мамандардың кеңесі…………………………………………………… 23

Әдебиеттер тізімі…………………………………………………… 25





























Аннотация



Оқушы ғылыми жобасында «Газдалған сусындардың» адам ағзасына пайдасы мен зиянын толық зерттеген.Зерттеу барысында өсіп келе жатқан ұрпақтың қандай сусындарды пайдаланып жүргенін сауалнама арқылы анықтаған. «Кока-кола», «Фанта», «Пепси-кола», «Спрайт» сусындарының құрамы адам ағзасына тигізетін зияны,олардың басқа да қасиеттері қарастырылып, күнделікті өмірде тұрмыста көрсететін қасиеттері зерттеу нәтижелерімен анықталған.

Оқушы тақырыпты жан-жақты зерттеу жұмыстарының нәтижелері арқылы толық аша білген.









































Аннотация



Ученик в своей научной работе полностью исследовал о полезности и вредности газированных напиток для организма человека.

Прочитав вопрос-анкету при исследовании узнал что пьет подрастающая поколения. «Кока-кола», «Фанта», «Пепси-кола», «Спрайт» и других газированных напитках в составе есть вредные вещества, которые опасны для организма человека.Узнали в составе этих газированных напиток имееются красители и химикаты.

Ученик расскрыл полностью тему, который он выбрал.Прочитал,исследовал со всех сторон.







































Annotation

In his research project, the pupil has studied the benefits and harmfuls of carbonated drinks in the human body. During the research work, it was determined by what kind of drinks the growing generation was using. The properties of coca cola, fanta, pepsi cola, sprites were examined by the results of the study, examining the effects of the harmful effects on the human body and their other properties in daily life. The pupil was able to fully understand the topic through the results of comprehensive research.




































«Болашақ» мектебінің

1»Е»сынып оқушысы

Кунакова Зейнептің

«Газдалған сусындардың

пайдасы мен зияны»

тақырыбында ғылыми

зерттеу жұмысына


Пікір



1 «Е» сынып оқушысы Кунакова Зейнеп «Газдалған сусындардың пайдасы мен зияны» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді. Еліміздегі «Денсаулық сақтау министірлігінің» анықтауы бойынша жалпы газдалған сусынды мөлшерден көп ішсе, кері әсері де артығымен болады делінген. Бұл ғылыми жұмысты зерттеудің басты мақсаты қазіргі таңдағы дүкен сөрелерінде аттарынан көз сүрінетін жаңа газдалған тәтті, түрлі-түсті сусындардың адам ағзасына тигізетін әсерін анықтау.Олардың зиянды және пайдалы жақтарын зерттеу.

Зерттеу үшін «Кока-кола», «Спрайт», газдалған ас суы сусындарын алды. Зерттеу нәтижесінде мынадай қорытындыларға келді:

-Сусындардың құрамын зерттеп, олардың адам ағзасына кері әсері барын білді. Мысалы, аспартам қалдықтары улы зат болып ағзаға сіңеді (формальдегид), ортофосфорлық қышқыл – канцероген.

-Зерттеу барысында сусындардың жақсы зат тазалаушы ретінде пайдалануға болатынын білді. Осындай сусындардың қалай ағзаға әсер ететінін білді.

-Газдалған сусындар ағзадағы жасушаларға және сүйек, тістерге кері әсері барын, олар мөлшерден көп пайдаланған жағдайда кариеске, остеопорозға әкелуі мүмкін, кальцийді ағзадан көп мөлшерде жуып кетуі мүмкін екенін . білді.

-Барлық химилық қоспалар аллергиядан бастап басқа да ауыр дертке дейін апарады. Ал көмірқышқыл газы асқазан, ішектердің ауруына, гастритке алып келуі мүмкін. Газдалған сусындарды асқазан, ішектері ауыратын, панкреатитпен ауыратын адамдарға ішуге болмайтынын білді.

Кунакова Зейнеп газдалған сусындардың адам ағзасына және оның атқаратын қызметіне тікелей кері әсері бар екендігін өзінің жүргізген тәжірибелерінде нақты дәлелдеп көрсете білді.Бұл жұмыс өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында оқушылардың ғылыми конференциясына ұсынылады.





Ғылыми жетекшісі: Булекбаева Г.А..


Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Газдалған сусындардың пайдасы мен зияны»

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Газдалған сусындардың адам ағзасына және оның атқаратын қызметіне тікелей кері әсері бар екендігі жөнінде өскелең ұрпаққа насихаттау.


Міндеттері:

1.Газдалған сусындардың шығу тарихы

2.Газдалған сусындардың шығарылу жолдары және түрлері

.3.Газдалған сусындардың құрамы және ағзаға әкелетін әсері

4.Кока –кола сусыны. Кока-коланың шығу тарихы

5. Кока-коланың құрамы

6.Кока-коланың тұрмыстық жағдайда және өмірде қандай заттарды тазалайтын пайдалы жақтары мен зиян келтіретін ерекше тұстарын таныту.


Зерттеу жұмысына қолданған әдіс-тәсілдер:

-Сұрақ-жауап

-Тәжірибе

-Талдау

-Пікірлесу



І.Кіріспе

Жалпы ағзаның 70%-ын су құрайтыны белгілі. Ендеше бойдағы тепе-теңдікті сақтау үшін күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұру қажет. Дегенмен, табиғи сусындар мен құрамында түрлі қоспалары бар жасанды сусындардың айырмашылығы үлкен.

Ми қайнатар ыстықта тамағы кеуіп шөлдеген жұрт неше түрлі құты - қалбырлардағы суларды сатып алып жатады. «Кока - Кола», «Фанта», «Спрайт», «Макси чай», «Либелла», «Некси чай» дейсіз бе, толып тұр. Бұрын - соңды аты белгісіз «су жаңа» сусындар қаншама? Ол қайдан шыққан, қалай жасалған, бауырға әсер етіп, бүйректі сыздатып, асқазан ауруын қоздырмай ма, бұл мәселеге бас қатырып жатқан халық жоқ, шөлі қанса болды. Әсіресе, балалар жағы бояғыштар мен стабилизатор, консерванттар, эмульгаторлар қосылып жасалған осындай қызылды - жасылды сусындарға тым құмар.
Сонымен, бұлар қандай сусындар? Шөл қандырам деп жүріп денсаулығымызды бүлдіріп алып жүрмейміз бе? Бұл туралы мамандар не дейді екен?
Осындай сұрақтарға жауап беру үшін мен осы ғылыми жобаны алып, зерттеу жүргіздім. Зерттеу үшін мен интернет арқылы әр түрлі мәліметтерді жинадым, теледидардан осы тақырыпқа байланысты бағдарламалар көрдім, қасымда жүрген адамдардың пікірін білдім және өзім тәжірибе жасадым. Осы жұмыстың нәтижесі және қорытындылары төмендегі бөлімдерде көрсетілген.




ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Газдалған сусындардың шығу тарихы



Табиғи газдалған суды оның емдік қасиеттерін адамдар ерте заманнан білген. Ежелгі уақыттың ғалымдары осындай су туралы ғылыми жұмыстар жазған, соның ішінде грек философы Гиппократ. Бірақ мұндай суды кең мөлшерде қолдану мүмкін емес, судың емдік қасиеттері ыдысқа құйылып алынған соң аз уақытқа сақталады. Мұндай суларды тек қана өзінің шыққан жерінен шипайжайларда ішуге пайдалы, яғни дәрігердің кеңесінен кейін.

Ал адамның өз тәсілдерімен шығарылған бірінші газдалған сусын осыдан 200 жылдан астам уақыт бұрын пайда болды. Оны Ұлыбритания химигі Джозеф Пристли ойлап тапқан.

Химик жергілікті сыраханада отырғанда су неліктен көпіреді деп ойлайды. Сөйтіп "суда газ жақсы еруі мүмкін" деп жорамалдайды. Осы оймен қайнап жатқан сыраға газды қосады. Ғалым көміртек диоксиді бар сусынның дәмін татып көрген. Судың дәмі химиктің көңілінен шықты. Кейіннен Джозеф Пристли 1767 жылы алғаш болып бөтелкедегі газдалған сусынды халыққа ұсынды.

1770ж. швед химигі Торберн Улаф Бергман (1735— 1784 гг.) суды көмірқышқыл газбен араластыратын құрылғы ойлап тапқан. Оның аты «сатуратор».

Сатураторлардың түрлері

Кейін газдалған сусын 1783 жылдан бастап Якоб Швепп есімді кәсіпкердің мұрындық болуымен кең көлемде өндіріле бастаған. Ол Женева қаласында тұрған. Оның арманы газдалған алкогольсіз шампан шарапын шығару болған. 20 жыл тәжірибе нәтижесінде ол өндіріске арналған құрылғы ойлап тапқан. 1783 жылдан бастап ол газдалған лимонад және басқа да жеміс қосылған сусындар шығарған. Ол Schweppes фирмасын құрған.

1807 жылы дәрігер Филип Синг Физик және өзінің дәріханасы бар Таусенд Спикман сироп қосылған газдалған сусынды өзінің емделуші науқастарына ұсынған. Содан соң Америкада бірінші газдалған сода қосылған сусындар сататын киосктер пайда болған.

1832 жылы Англиядан келген иммигрант Джон Мэтьюс Нью-Йорк каласында өндіріске арналған сатураторларды шығара бастады. Соның арқасында газды сусындар шығаратын фирмалар көбейе бастады.

1886 жылы Америкала Кока-Кола компаниясы ашылған. Ол Кока-кола, Фанта, Спрайт   газдалған сусындарды шығара бастады.

1886 жылы фармацевт ВэйдМоррисон және химик Роберт Лезенби шие шырынымен Dr. Pepper маркасын және сусынын шығара бастады.

1898 жылы дәріханашы Калеб Брэдхем Pepsi-Cola сусынын ұсынады. Ол КокаКоланың нарықтағы бәсекелесі болады. Қазіргі таңда Pepsi-Cola әлемде сатылым бойынша 2 орында тұр.

Осы және басқа да маркалардан газдалған сусындардың шығару индустриясы басталған.

Бұрынғы Кенес Одағында және қазіргі уақытта Лимонад, Ситро, Байкал, Буратино, Тархун, Дюшес, Крюшон, Колокольчик, Саяны деген сусындар көп жылдар бойы шығарылған.

Бұл сусындар шыны бөтелкелерде және кұймалы түрінде сатылған, оларды автоматтардан сатып алуға болатын еді. Автоматтарды кез келген қалада көруге болатын. Бүгінгі заманда сусын сататын автоматтар жаңартылып қайтадан шығарылуда. Оның ішінен газдалған сусындар, квас, шай, кофе сатып алуға болады.

1950 жылдардан бастап төмен калориялы сусындар шығарыла бастады. Қант алмастырушы заттар қосылған соң бұл сусындарды қант диабеті бар, семіздікке шалдыққан адамдар да іше бастады. Өндірушілер 1980 жылдардан бастап аспартам, сукралоза қант алмастырушы заттарды кеңінен пайдалана бастады. Ал бүгінгі таңда көп газдалған сусындар бұл күрделі химиялық құрамы бар сусындар. Ішінде мүлдем табиғи заттар, жеміс-жидек қосылмауы мүмкін.

Газдалған сусын соншалықта танымал әрі оны бәрі сүйсініп пайдаланады, сол үшін кейбір өндірушілер 24 сәуір күнін «Газдалған сусын күні» деп атауға ұсынған. Бүгінгі күні газдалған сусындардың көп түрлері шығарылады, әр түрлі қоспалармен.


2.2. Газдалған сусындардың шығарылу жолдары және түрлері


Газды су (газдалған) салқындатылған минералды және хосиістегіштер қосылған тәтті сусын (лимонадттар), көмірқышқыл газбен қанық. Лимонад сөзі итальяндық «limonata» деген сөзден пайда болған, оның аудармасы лимоннан жасалған сусын. Газды су үш түрде шығарылады: аз газдалған, орташа газдалған және қатты газдалған.




Газды сусындар көмірқышқылмен 0,3-0,6% дейін шоғырландырады. Көмірқышқыл газдың арқасында сусынның рН төмендетіледі және ол суды бактериялардан тазартады, осы газды консервант ретінде пайдаланады, оның арқасында сусынның қолдану мерзімі ұлғаяды. Газды сусынның сергіткіш және дәмділігін ең жақсы көрсететін температура 10-12 градус. Кейбір өнім шығарушылар газды сусынға жасанды витаминдермен шоғырландырады.

Табиғи минералды сулар әдеттегідей жердің астындағы бұлақтардан шығады. Оның құрамында түрлі минералдық тұздар, газдар, органикалық заттар болады. Мұндай суды адамдар ертеден бастап әр-түрлі ауруларды емдеуге қолданған. Табиғи минералы суды дәрігер жазып берген мөлшерде ішеді, немесе түрлі ванна қабылдайды.

Лимонад — тәтті алкогольсіз сусын, көбінесе газдалған болады. Оның құрамына лимон қосылады.

Спрайт — компания TheCoca-ColaCompany шығаратын тәтті алкогольсіз сусын. Сусынның атын компания XX ғасырдың 40жылады ойлап тапқан. Ол кездері компанияның жарнамасында күміс шашты Спрайт атты кішкентай эльф пайда болған. Бұл кейіпкердің соншалықта тұтынушыларға ұнағаны, оның аты жаңа шыққан сусынға берілді. Бұл сусынға лимонның және лаймның дәмдері қосылған. 1961 г. Жылы шыққан Sprite, бүгінге әлемде 190 мемлекетте сатылады.

Фанта (нем. Fanta) — Кока-Кола компаниясының газдалған сусынның маркасы. Бүгінге Фантаның әлемде 90 түрі шығарылады. Сусын 1940 жылы Германияда Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде бірінші рет шығарылған. Кока-Колаға қосатын сироп АҚШдан әкелінбеген соң Макс Кайт деген Кока-Коланы Германияда басқарған адам жаңа сусын тауып шығарған. Бірінші кездерде ол сидро деген сусын

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!