Материалдар / География сабағында оқушылардың ізденушілік дағдыларын дамыту арқылы білім сапасын арттыру.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

География сабағында оқушылардың ізденушілік дағдыларын дамыту арқылы білім сапасын арттыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
География сабағында оқушылардың ізденушілік дағдыларын дамыту арқылы білім сапасын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2019
1740
7 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН №47 МЕКТЕБІ» КММ











Баяндама тақырыбы:География сабағында оқушылардың ізденушілік дағдыларын дамыту арқылы білім сапасын арттыру.Болысханова Айнұр Маратқызы география пәнінің мұғаліміҒылыми – жаратылыстану бағыты: Жаратылыстану – география Білім беру ұйымының мекенжайы: Комсомол көшесі. 33/3Автордың мекенжайы: Сатпаев к. 13-71,87778490897, Bolyshanovaai@gmail.com















Өскемен, 2019

АңдатпаҚазіргі таңда жаңартылған бағдарлама бойынша білім беру-заман талабы «Ұстаздың биігі: ойлана қарасаң – биіктей береді, үңіле қарасаң – тереңдей түседі, қол созсаң – қарсы алдыңда, айналсаң – артыңда тұрады» – деген Сократтың даналығының мағынасына тереңірек үңіліп, үлкен мән жатқанын ұғынуға болады. Адам ағзасындағы жүрекке күш қандай керек болса, мектептің оқу үдерісіне, ойы мен қиялы ұшқыр жас жеткіншектерге ғылым мен техника дамыған уақытта сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін мұғалімдердің іс-тәжірибесіне жаңалық енгізуі де сондай қажет. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш-жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.

































География сабағында оқушылардың ізденушілік дағдыларын дамыту арқылы білім сапасын арттыру.« Сен ешбір жаңа нәрсе меңгерген, немесе өз біліміңе ештеңе қоспаңан күнді не сәтті бақытсыз сана» демекші қазіргі таңда жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша, елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Жаратылыстану ғылымдарының жетістіктері мен қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді ескере келе мектепке беріліп отырған әлеуметтік тапсырыс жас ұрпақтың географиялық сауаттылығы мен географиялық мәдениетін көтеру болып табылады.Жаңалыққа бастайтын жарқын жұлдыз - оқу. Бүгінгі таңда барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай, келешек ұрпақтың санасын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы, білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу, функционалдық сауаттылығын арттыруды талап етеді. Бұл бағдарламада оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қажетке асыра білу керек. Оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, дамытуға жетелеу. Мен өзімнің өзекті тақырыбым бойынша міндеттерді шешу барысында география және жаратылыстану сабақтарында оқушылардың ізденушілік дағдыларын дамытуға ерекше мән беремін. Білім беру барысында талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді. Оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Ал біздің мақсатымыз – баланың сабақ үстіндегі оқу-әрекетін тиімді әрі қызықты болатындай етіп ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, бағалау.Жаратылыстану сабағында тақырыпты толыққанды меңгеру үшін мен оқушылардың өз бетінше жұмыс жасап үйренуін  қалыптастыруға мән беремін. Оқулықтағы материалды жан-жақты меңгеру аясында оқушылар кейбір тірек сөздерді,терминдерді,кескін картамен жұмысты өз бетімен жасау нәтижесінде жаңаша бір мәселені біліп үйреніп жаттығуларына мүмкіндік жасаймын. Жаңа білім игеру мақсатында оқушының өз бетімен жасаған жұмыстарына үнемі көңіл бөліп, ұйымдастырып отырамын. Жаратылыстану пәнінің ерекшелігі сол сарамандық жұмыстар мен өзіндік жұмыстар әрқашан бірін-бірі толықтырып отырады. Оқушының өз бетінше орындалуына берілетін әрбір тапсырма олардың күші келетіндей, түсінікті, көлемі жағынан бағдарламаға сай, мазмұны оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі болуын қадағалаймын. Өз бетімен жұмыс істеу оқушыларды тиянықтылыққа, төзімділікке, бастаған ісін жемісті аяқтауға тәрбиелесе, ал мен үшін оқушы еңбегін бағалайтын ең жақсы көрсеткіштің бірі және ізденушілікке бағыттайды. Мысалы оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстарының бірнеше түрлерін сабақ барысында әр кезеңінде ұйымдастырамын. Олар мыналар:
  • Оқулықпен жұмыс істеу—Оқушылар материалдарды, кесте, сызба-нұсқаларды талдау арқылы оқулықтағы білімдерін кеңейтіп, негізгі білімдерін жүйелейді.(көбіне бұл жұмысты жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде пайдаланған тиімді.)
  • Картамен жұмыс істеу: жаратылыстану - география пәнінде картамен жұмыс барлық сыныптарда жүйелі жүргізілуі тиіс. Географиялық нысандарды ажырату, олардың ерекшеліктерін, жату бағыттарын, орналасуын тек карта арқылы түсіндіруге болады. Сондай-ақ өнеркәсіп орталықтарын, олардың мамандану салаларын карта арқылы білуге болады. Сондықтан да бұл жұмысты да жүйеге келтіру  керек деп есептеймін. Атласпен картамен жұмыс жасай алмайтын оқушы география пәнін меңгермеген оқушы деп санаймын.
  • Кескін картамен жұмыс: бұл жұмысты 5 – ші сыныптан бастап үйрете беру керек . Себебі жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 5 – сыныптың оқушысы 6 материк туралы және 4 мұхит жайлы меңгеріп, саяхатшылардың жүріп өткен жерлерін кескін картаға сала білуі керек.
  • Географиялық есептер шығару, жаттығулар орындау:  Жаратылыстану курсында есептер шығару арқылы оқушылардың қисынды ойлау дағдыларын дамытып, пәнаралық байланысты қалыптастыруға мүмкіндік болады. Мысалы, қысым мен температура арасындағы байланысқа арналған есептер, географиялық градус торы арқылы жер бетіндегі қашықтықты анықтауға арналған есептер құрастыруға болады. т.с.с.
5   Географиялық сөздік, анықтамалық материалдармен жұмыс. Оқулықтардың соңында географиялық терминдер мен ұғымдардың түсіндірме сөздігімен жұмыс жүргізіп отыру керек. Сондай-ақ онда кездеспейтін ұғымдарды күнделікті жұмыс дәптерлерінің соңындағы бірнеше бетке жазып отыруды тапсырып отыру керек.  Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуін қадағалап отыру қажет, себебі  ол- оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.6. Кестелерді толтыру. Кесте толтыру арқылы оқушылардың салыстыру, нақтылау, ойлау қабілеттері дамытады.7. График, профиль, диаграммалар сызу: 5і сыныптан бастап температура графигін салу, бағандық диаграмма арқылы жылдық жауын-шашынның айлар бойынша таралуын сыздырту- оқушыларды төзімділікке, ыждаһаттылыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ 9- шы сыныпта статистикалық материалдарды пайдалана отырып, шеңберлік диаграмма сызу арқылы білім, білік дағдыларын дамытуға мүмкіндік болады.8.Сарамандық жұмыстар істеу - сарамандық жұмыс барысында оқушылар алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда зерттеп қорытынды жасайды.Оқушылардың ізденушілік дағдаларын дамыту мақсатында мынадай әдіс -тәсілдерді қолданамын.

  • Сыныпта психологиялық ахуал тудыру: Бір – біріне тілек білдіру, шаттық шеңбері,
  • Топтық жұмыс – бұрын – соңды көп қолданбаған тәсілдерімнің бірі. Оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады ұйымшылдыққа тәрбиелейді, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды және көшбасшыны анықтауға мүмкіндік береді.








3.Суреттер сөйлейді әдісі: Оқушыға сурет беріледі сол арқылы өз ойын толықтырып жаза алады.
Қоршаған орта ..........................................................

Ірі өнеркәсіп......................................................
Қоршаған ортаны ластауда ..................................................................Террикондар-пайдалы қазбаларды игеру................................
Ауылшаруашылығы...........................................................

Зиянды газдар ......................................................
4.Бартер әдісі. Мәтінмен жұмыс әрбір шеңберге сабақтың ең керекті мағлұматын жазып алады.Placemat – әдісі. Әрбір материкті кесіп мозайка түрінде құрастыру Оқушыларға өз бетімен жұмыстар орнату арқылы шығармашылықпен білім алуға қол жеткізуге болады.Өзіндік жұмыстарда :-Оқушының пәнге деген қызығуы артады;-Оқушының шығармашылық қабілеті дамиды;-Ізденушілік қабілеті артады;-жауапкершілігі жоғарлайды;-Ақпаратты бағдарлау біліктілігі қалыптасады;-Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!