×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512

Ең үздік ашық сабақ байқауы басталды
Алтын күз байқауы басталды
Сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романы

Автор:Қани Гүлназия Шахмаранқызы
Бағыты: Қазақ әдебиеті
Бөлімі: Сабақ жоспары
Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-10-29

Материал туралы қысқаша түсінік

ұстаздарға керек

Сабақ (3)
Қазақ әдебиеті

Сынып: 9
Қатысқандар:
Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:
Ғ.Мүсіреповтың Ұлпан романы.

Күні:
07.03.19 ж

Мұғалімнің аты-жөні:
Қани Гүлназия Шахмаранқызы

Мектеп:
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі

Бөлім атауы
Адам жанының құпиясы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
А/И:9.2.3.1-шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып,автор стиліне баға беру;
Б/С: 9.3.3.1-шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап,әдеби эссе жазу;

Сабақ мақсаттары
Барлық оқушы орындай алады:
Ғ.Мүсіреповтың Ұлпан романының мазмұнын біледі,сұрақтарға жауап береді,кейіпкерлерге мінездеме бере алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Ұлпан романындағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлеріне талдау жасай алады,автор стиліне баға береді.
Оқушылардың кейбіреулері орындай алады:
Романның идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап,әдеби эссе жазады, шығармашылық тұрғыдан пікір білдіре алады.

Бағалау критерийлері
Ғ.Мүсіреповтың Ұлпан романындағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура)түрлерін талдай отырып,автор стиліне баға береді, романның идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап,әдеби эссе жазады.

Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады:
Ғ.Мүсіреповтың Ұлпан романының мазмұнын біледі,сұрақтарға жауап береді,кейіпкерлерге мінездеме бере алады,романдағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлеріне талдау жасай алады,автор стиліне баға береді, романның идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап,әдеби эссе жазады,шығармашылық тұрғыдан талдап пікір білдіре алады.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Шылбыр-атты бір жерге байлау немесе жетектеп жүру үшін ноқтаға,жүгеннің сулығына тағылатын қылдан есілген жіңішке жіп немесе жалпақ қайыс.
Уытты- жігерлі,сенімді,дүректі,батыл деген мағынада қолданылып тұр
Күрлеуіт – ру аты
Балдақ – аяғы кемтар адамның сүйеніп жүруі үшін арнайы жасалған таяныш құрал
Томаға-қыран құстың басына көзін бастыра кигізіп қоятын былғары қапшық.
Жарамсақ- біреуге жақсы атанғыш жағымпаз.
Адас- бір есіммен аталатын,есімі бірдей адамдар, яғни аттастар.


Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Ұлпан – өзі тарихта шын болған адам; Есімі аңыз болған Ұлпан ана.


Талқылауға арналған сұрақтар:
Есеней мен Ұлпан қалай кездесті?
Оқиға кімдердің арасында өтеді?
Шығарма қалай басталады?
Мүсіреп арыз иесінің қыз бала екенін қайдан білді?
Есеней Мүсірепке қандай қолқа салды?
Есеней Ұлпанды не себепті Ақ нарым деп атаған? Романнан үзінді келтіре отырып түсіндір. Ұлпан кімді өзіне аға тұтты, не себепті? Бұл жерден Ұлпан бойындағы қандай қасиетті байқадың? Романда қандай жыр-дастандардың аты аталады? Мәтіннен үзінді келтір


Ишара: мадақтау, қошеметтеу, жылы шырай таныту.

Алдыңғы оқу:
Б.Майлин Шұғаның белгісі хикаяты

Құндылықтарға баулу:
Мәңгілік Ел ұлттық идеясы.Құрмет. Анаға құрмет

Пәнаралық байланыс
Қазақстан тарихы, қазақ тілі.

Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар

Сабақтың басы
(7 мин)



















1. Сәлемдесу. Түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық ахуал орнату.
Жүректен жүрекке әдісі арқылы психологиялық ахуал туғызамын.
Орындалу шарты:
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Мұғалім қолына жүрекшені алып: Мен сізді көргеніме қуаныштымын. Себебі сіз.................(Сұлусыз) деп сөйлемін айтып, оң жағындағы оқушыға ұсынады, осылай жалғасады. Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін айтады.
3.Топқа бөлу.
Ауылға бару әдісі арқылы топқа бөлемін. (Есеней ауылы, Артықбай ауылы, Ұлпан ауылы)
Орындалу шарты:
Оқушылар ауыл аттары жазылған қағаздарды таңдап алып үш топқа бөлінеді.
4. Үй тапсырмасы.
Б.Майлин Шұғаның белгісі хикаяты бойынша сұрақтарға жауап беру.
Боулинг әдісі арқылы орындалады.
Орындалу шарты:
Құтыға сұрақ жазылған қима қағаздар салынады. Белгіленген межеден оқушы қалаған құтыны доппен құлатып, сұраққа жауап береді.
Дескриптор:
1.Хикаятты мазмұндай алады.
2.Сұрақтарға жауап бере алады.
ҚБ: Гүл ұсыну арқылы орындалады.
Интербелсенді тақта


Ұлпан ауылы

Артықбай ауылы

Есеней ауылы







Сабақтың ортасы
( 25 мин)
Ғ.Мүсіреповтың Ұлпан романына қысқаша тоқталып өтемін.
1-тапсырма. Жеке жұмыс.Үзіндідегі кейіпкерлер әрекетін талдай отырып,оларға мінездеме беру. (6 мин)
Кім?
Қандай?
Қашан?
Не істеді?

Есеней




Аңшы Мүсіреп




Түрікмен Мүсіреп




Артықбай




Несібелі




Ұлпан




Дескриптор:
Романның мазмұнын біледі
Үзіндідегі кейіпкерлер әрекетін талдай алады, мінездеме бере алады.
ҚБ: Жұлдызша арқылы орындалады.
-жақсы
-қанағаттанарлық
-өте жақсы
2-тапсырма.Жұптық жұмыс.
Романдағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлеріне талдау жасау.
Орындалу шарты:Графикалық органайзер Торлы диаграмма арқылы .
Теңеу метафора

Ұлпан романы

эпитет Тұрақты тіркестер

Мақал-мәтелдер

Дескриптор:
Романның мазмұнын біледі.
Әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін анықтай алады және түрлеріне талдау жасай алады.
ҚБ. Смайликтер арқылы орындалады.
-өте жақсы
-жақсы
-қанағаттанарлық

Сергіту сәті. 2 шындық,1 өтірік (2 мин)
Орындалу шарты:Оқушылар алдын ала дайындалған сұрақтар бойынша ия, жоқ деп жауап береді
1.Ұлпан Есенейге өзі құда түсті.
2.Есеней Ұлпанды менсінбеді.
3.Есеней мен Ұлпанның жас айырмашылығы 40 жас.
4.Артықбай Есенейдің қас жауы.
5.Есеней балдаққа сүйеніп жүреді.
6.Есеней аңға шыққанды ұнатады.
7.Артықбай Есенейге қалыңмал берді.
8.Біжікен Ұлпанның көмекші қызметшісі.
9.Есенейдің бәйбішеден баласы болмаған.
10.Ұлпан елді қалай болса солай билеп төстеді.
11.Ұлпан Есенейден бұрын қайтыс болды.
12.Аңшы Мүсіреп Ұлпанның қыз баласы екенін байқады.
13.Біжікен Есенейдің бәйбішеден туған қызы.
14.Ұлпан Есенейді бір көргеннен таныды.
15.Ел Ұлпан ауылы атанды.
3-тапсырма. Топтық жұмыс.
Роман идеясына қатысты шағын эссе жазу.
І топ Ұлпан ауылы тобы.Ұлпан бейнесі-қаһарман әйелдер бейнесінің тәжі мен шыңытақырыбы бойынша іздену жұмыстарын жүргізу, шағын эссе жазу.
ІІ топ Есеней ауылы тобы. Ұлпан – өзі тарихта шын болған адам тақырыбы бойынша шағын эссе жазу
ІІІ топ Артықбай ауылы тобы.Есімі аңыз болған Ұлпан ана тақырыбында романның идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, шағын эссе жазу.
Орындалу шарты:Әр топқа жеке-жеке тақырып беріледі, берілген тақырып бойынша дәптерге әдеби эссе жазады. (10 мин)
Дескриптор:
Роман мазмұнын толық түсінеді
Романның идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап,шағын әдеби эссе жаза алады
ҚБ: Жапырақ ұсыну арқылы бағалаймын.
Жасыл жапырақ--үздік
Сары жапырақ-жақсы
Қызыл жапырақ-қанағаттанарлық.


Оқулықпен жұмыс. 9-сынып, Қазақ әдебиеті. Мектеп баспасы,198-бет



































































Сабақтың соңы
( 8 мин)
Кері байланыс.
Күн көзі әдісі бойынша жүзеге асады.
Орындалу шарты:Әр оқушы өз сыныптасына немесе мұғалімге бүгінгі сабақта қандай әсер қалдырғаны жөнінде күн жолақшалырына жазып,күн бейнесін құрастырады.
Үйге тапсырма:
Есімі аңыз болған Ұлпан ана тақырыбында романның идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап,әдеби эссе жазу.
Рефлексия. Анкета жазу әдісі арқылы орындалады.
Орындалу шарты: оқушыларға анкета толтыру үшін арнайы кесте үлестіріледі.Оқушылар өзі таңдаған жауаптың астын сызады.
Сабақта мен қалай жұмыс жасадым?
Белсенді/сылбыр

Сабақтағы жұмыстарға менің.....
Көңілім толады/ көңілім толмады

Сабақ маған
Ұнады /ұнамады

Сабақ бойы мен
Шаршадым/
шаршамадым

Менің көңі-күйім
Көңілді/көңілсіз

Ұсынылған материалдар
Түсінікті/түсініксіз
Пайдалы/керек емес

Үй тапсырмасы
Қызықты/қызықсыз
Қиын,ауыр/жеңіл,оңай










Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?



Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

1.Пәнаралық байланыс
2.Денсаулық және қауіпсіздік
3. АКТ-мен байланыс
4.Құндылықтармен байланыс.

Сабақ барысында сараланған тапсырмаларды жүзеге асыруда Жүректен жүрекке, Ауылға бару, Боулинг, Графикалық органайзер Торлы диаграмма әдістерін тиімді пайдаланып, үнемі оқушылардың қызығушылығын арттырып отырамын.
Қолдауды қажет ететін оқушыларға
Ғ.Мүсіреповтың Ұлпан романының мазмұнын білу,сұрақтарға жауап беру,кейіпкерлерге мінездеме беру бойынша тапсырмалар беремін.
Орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға
Ұлпан романындағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлеріне талдау жасау,автор стиліне баға беру тапсырмаларын беремін.
Қабілетті оқушыларға:
Романның идеясын ғаламдық тұрғыдан талдау,әдеби эссе жазу, шығармашылық тұрғыдан пікір білдіру тапсырмаларын ұсынамын.
Қалыптастырушы бағалауды сабақтың өн бойында жүргізіп отырдым.Қалыптастырушы бағалау критерийлерге негізделген дескрипторлар арқылы жүргізілді. Жұлдызша,Жапырақтар Смайликтер арқылы оқушылардың білімін бағалап отырдым.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география пәні, қазақ тілі пәндерімен жүзеге асырылады.
Денсаулық және қауіпсіздік ережелер сақталады.
АКТ-мен байланыс ретінде интербелсенді тақта пайдаланылады.
Құндылықтармен байланыс.Мәңгілік Ел ұлттық идеясы.Құрмет. Анаға құрмет сабақтың тәрбиелік элементі ретінде басшылыққа алынады.



Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?




Бүгін оқушылар нені білді?







Сыныптағы ахуал қандай
болды?




Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?



Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба?


Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?
Бүгінгі сабақ жоспар бойынша қамтылды,сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізуге қолданған әдіс-тәсілдерім, соған сәйкес берілген тапсырмаларым,нәтижеге бағытталған іс-әрекеттің барлығы қамтылды.Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталады.Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды.

Ғ.Мүсіреповтың Ұлпан романының мазмұнын білді,сұрақтарға жауап берді,кейіпкерлерге мінездеме бере алды және романдағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлеріне талдау жасай алды,автор стиліне баға беріп,романның идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап,әдеби эссе жазды, шығармашылық тұрғыдан пікір білдірді.

Сыныптағы ахуал өте жақсы болды.Оқушылар Жүректен жүрекке әдісі арқылы бір-біріне жылы лебіздерін айтып,сабақты жақсы көңіл күймен бастады.Оқушылардың барлығы белсенді әрекетте болды,ынтымақтаса жұмыс жасап,бірлескен белсенді әрекет көрсетті.

Оқушылардың қызығушылығын арттырып,қолданылған әдіс-тәсілдер оқу және сабақ мақсатына сәйкес болғандықтан, мен орындаған саралау шаралары тиімді болды деп ойлаймын.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталғандықтан, уақыт тиімді пайдаланылды.


Мен өз жоспарыма ешқандай өзгерістер енгізбедім.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.Сабақтың басында үй тапсырмасын тексеруде Боулинг әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру оқушылардың қызығушылығын арттырды.
2.Сабақ ортасындағы графикалық органайзер Торлы диаграмма арқылы романдағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлеріне талдау жасау бойынша жұптық жұмыс нәтижелі болды.Оқушылар жұптасып жұмыс жасап,бір-біріне көмектесті,толықтырды,бірінің білмегенін екіншісі түсіндірді.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? 1.Әрбір тапсырмалардан соң жүргізілген қалыптастырушы бағалау сабақты жақсартып отырды.Өйткені жұлдызша,смайликтер,гүл беру арқылы бағалауым оқушыларға ерекше шабыт сыйлап,келесі тапсырмаға ынталандырып отырғанын байқадым.
2.Оқушыларға дер кезінде көрсеткен ишара,мадақтау,қошеметтеу,жылы шырай таныту әрекеттерім сабақты жақсартып отырды.



50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: