Материалдар / Ғылыми жоба ' Сабынның үй жағдайында жасалу жолдары'
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба ' Сабынның үй жағдайында жасалу жолдары'

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба жазатын тәрбиешілерге көмегі тиіп қалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
1417
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің «№47 жалпы орта білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Ғылыми жоба

Тақырыбы «Сабынның бала денсаулығына әсері және оны үй жағдайында жасау технологиясы »











Орындаған: Мектепалды даярлық сынып оқушысы

Төленді Айару

Жетекшісі: Мектепалды даярлық сынып мұғалімі

Батырова Гульнур Найманғазықызы













2020 жыл

Тақырыбы: Сабынның бала денсаулығына әсері және оны үй жағдайында жасау технологиясы

Мақсаты:

Сабының бала денсаулығына әсері және оны үй жағдайындағы дайындау технологиясын зерттеу, үйрену.

Міндеттері:

-Керекті мәліметтер жинап, сұрыптау.

- Сабынның бала денсаулығына тигізер пайдасын анықтау;

-Семей қаласындағы ашық дүкендер мен кіші маркетердегі жуғыш заттардың маркаларын анықтау;

-Үй жағдайындағы сабынының жасалынуын үйрену

Тақырыпты зерттеу өзектілігі:

Балалар сабынның шығу тархын, жасалу жолдарын және адам ағзасындағы биологиялық жағынан пайдасын анықтау,балалар экологиялық таза сабынды жасауға болатындығын белмеуі, мәліметтің аздығы.

Қолданылған зерттеу әдістері:

- Зерттеу жұмыстарының мәтінін талдау;

- Сауалнама ( ата – ана мен оқушылар)

- Иіс сабынының жасалу жолы;

- салыстыру, интервью, кеңес алу, мониторинг жүргізу.

- Жалпы қорытынды

Жаңашылдығы :Балаларға бұрын білмеген немесе толық мән бермеген кейбір әдістерді жеткізіп, адамдар арасында жанашырлық, достық, сыйластық қарым-қатынастарды нығайтуға өз үлесімізді қосу.

Зерттеу обьектісі: Мектеп оқушыларының сабын жасауын бақылау.











Болжам:

Егер біз, балалар осы аталып отырған сабынның адам ағзасына кері әсер ететін биологиялық жақтарын анықтап, жуғыш заттардың ішіндегі иіс сабынын үй жағдайындағы жасалу жолын ұсынсақ,онда яғни өз айналамызда денсаулығы жақсы жандар артады деп ойлаймыз

Күтілетін нәтиже:

Егер,біз иіс сабынның жасалу жолдары таныстырып көрсетсек,сабын туралы деректер мен дәйектерді балалармен біргелікте талқылап, тиімді іс- шаралар қолдана білсек, өз денсаулығына сын көзбен қарайтын, іс-әрекетін басқара білетін жастар саны артуына үлес қосамыз



Кіріспе сөз

Қазір барлығын білгім келеді, қолымнан келмейтін істерді үйренгім келеді. Өмірдің толқынынан, көшкен көшінен қалғым келмейді.Әлемдегі болып жатырған жаңалықтарды уақытында біліп отырғым келеді. Сабынның үйде жасалу жолы туралы ойды тәрбиешім айтты. Содан сабынның пайдасы,түрлері туралы үй жағдайында жасалу жолын зерттей бастадым.   Бұл сабын жасау түрін тәп-тәуір табыс табатын бизнеске де айналдыруға болады.  Ғаламтордан сабын жасау туралы өте көп, әрі қызықты мәліметтер табуға болады. «Өнерді үйрен де жирен» демей ме дана халқымыз.

Егер адам өмірін бағаласа барлық іске үйренуге талпынады. Ізденуі басқа балалар қызығушылығын оятады екен, достарыммен біргелікте, таңғажайып табиғаттан алынатын - сабын және үй жағдайында жасалу жолдары туралы мағлұмат бермекпін.























МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I тарау

1.1 Сабынның шығу тарихы

1.2 Сабының түрлері,тандау және сақтау

1.2 Сабынның бала денсаулығына пайдасы

II тарау

2.1 Қара және иіс сабынның жасау жолдары

2.2 Сабынның үй жағдайында жасалу технологиясы

2.3 Балалар мен жүргізілген сауалнама



Қорытынды

Глоссарий

Қолданылған әдебиеттер

























1.1 Сабынның шығу тарихы

Сабын [1] – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты шықты. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен: Қара қойдың терісін, Сабындап жусаң ағармас…Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:

Сабының сақар болды дені келін,

Көрмедің шыбын құрлы мені келін

Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары. Жалпы химиялық формуласы: RCOONa. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Синаөз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Алскифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 — 10 ғасырларда Орта Азияның Асбара (Исфара), Бахи, Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады. Сабын — кристалл қатты заттар, 220 — 270C-та балқиды; ыстық суда, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиеті бар, себебі сабын әлсіз қышқыл және күшті негіздің тұзы болғандықтан гидролизге ұшырайды. Мысалы, RCOONa+HOHR—COOH+ +NaOH. Мұндағы R радикал, егер ол кіші мән H, CH3, C2H5, C3H7-ге тең болса сабын жақсы еріп, жуғыштығы жоғары болады. Қарапайым сабын — карбон қышқылдарының тұздары. Оларды глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады. Қазақтар жануар майын алабұта, балаты қурайы, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар) араластырып, қайнату арқылы қолдан сабын жасаған. Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, KOH, сода, NaOH, сақар, конифоль, нафтен, т.б.) қолданылады. Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғанда,глицерині бар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. Құрамында май қышқылдарының тұзы мен органикалық және бейорганикалық қосымша заттар болатын кір сабын, 72%-ды қатты сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабын, медицинада қолданылатын арнайы сабын тәрізді түрлері бар. Тоқыма, былғары, металлургия өнеркәсібінде, сондай-ақ, зиянды жәндіктерге қарсы күресте препараттар дайындауда техникалық сабын қолданылады. [2]







2.1 Сабынның түрлері, таңдау және сақтау

Археологтар сабынның пайда болу тарихын алты мың жылға шегерсе де, адамдар оған ұзақ уақыт бойында жуыну бөлмесінен орын бермей келді. Олар балшықпен, ағаш ұнтақтарымен, ұнмен, желіммен, кеуектаспен, жұмыртқа сарысымен жуынды. Мәселен, XIV Людовик патша шарап араластырылған сумен ғана жунып, әтірмен шыланған. Тек ХІХ ғасырда француз ғалымы Луи Пастер көптеген сырқаттың себепкері бактерия екендігін дәлелдегеннен кейін, әлем жеке гигиенаның тазалығына көңіл бөле бастады. Сабынның мәртебесі осы сәттен бастап жоғарылай түсті.

Сабын деген не?

Сабынды алу үшін кем дегенде үш компонент керек: май (өсімдік немесе жануар майы), күйдіргіш натр (немесе күйдіргіш калий) және су. Жо-жоқ, құрамын көріп шошына көрмеңіз, терідегі май мен кірді ерітетін тап осы заттар саналады. Ғылыми тілмен айтсақ, классикалық сабын – бұл май қышқылдарының тұзы (натрий немесе калий).

Өркениет сабындарды айналып өте алмады, нәтижесінде оның құрамына бояғыштар, иістендіргіштер, пішін ұстап тұрушылар, консерванттар, біріктіргіштер сынды синтетикалық компоненттер қосылады. Мұндай сабын қарапайым суда да, теңіз суында да жақсы көпіріп, оңай сақталынады. Алайда, бұл артықшылық біздің теріміздің синтетикалық жаңалықтарды дұрыс қабылдамайтындығын ақтай алмайды. Аллергия, терінің құрғауы, қабыршақтануы, иммунитеттің жоғалуы – міне осылар көпірік пен жарқын түстердің, жағымды иістердің «ақысы». Сондықтан, ең жоғарғы сортқа табиғи майдан жасалған сабындар жатады.

Сабын түрлері

Балалар сабыны

«Балаларға арналған» деген сөзді естісек, сабынды дәстүрлі түрде қауіпсіз, таза деп қабылдаймыз. Дұрысы – бейтарап деу, себебі, бұл сабындардың стандартты өндірілуі аллергия тудыруға қабілетті компоненттерді қосуда тартыншақтайды. Сіздердің ашық, қанық түсті балалар сабынын көрмейтіндіктеріңізді осылай түсіндіреміз. Сондай-ақ, бұл сабындарға жұмсартқыш, емдегіш (ланолин, түймедақ, календула, жебіршөп т.б.) компоненттер қосылады. Бұлардың мөлшері жеткіліксіз болғанымен, сезімтал терілі немесе аллергиясы бар адамдарға абайлап қолдануға болады.

Косметикалық сабын

Француз тілінің сөздігіне үңілсек, toilette сөзінің екі мағынасын көреміз: біріншісі – «тазалау», екіншісі – «ретке келтіру». Иіссулық сабын (туалетное мыло) да дәл осындай қасиеттерге ие. Теріні тазарта отырып, күтім көрсетесіз. Себебі, косметикалық сабынның құрамына крем (сыртындағы орамында «крем-сабын» деген көрсеткіш болады), глицерин, дәрілік шөптердің сығындысы, ланолин, күтім көрсететін өсімдік майы кіреді. Косметикалық сабын күн сайынғы қолданыс үшін де жарайды, терінің құрғауын, қартаюын қайтарады. Алайда, бұл сабын қосымша күтімнің (крем жағу сияқты) қажеттілігін жоққа шығармайды.

Сабын-скраб.Аталған өнімді сатып алмас бұрын сабынның құрамындағы қатты бөліктерге дайын болу керек. Олар тері бетіндегі өлі жасушаларды алып тастау үшін енгізілген. Олар синтетикалық (мәселен, полиэтиленді) та, табиғи (ұсақ кофе, құлпынай сүйегі) да болуы мүмкін. Сол себепті, скрабты сабынды негізгі қолданысқа алмаңыз, онымен аптасына бір рет қана жуыну керек.

Парфюмерлік сабын

Барлық ерекшелігін сөзсіз түсіндіріп тұрған әдемі атау. Яғни, бұл сабынның тек қана иісін бағалаңыз. Сізге иіс ұнап тұрса да, ұзақ уақыт сақталып, иіссудың орнын алмастыра алады деп үміттенбеңіз. Бәрібір үнемдей алмайсыз. Іш киімдерді жусаңыз ұтылмайсыз, ұйқы алдында да жуынып қоюға болады.

Бактерияға қарсы сабын

Сөйлейтін атауы бар тағы бір сабын. Бұлардың құрамында 90%-ға дейінгі тірі организмдерді өлтіретін триклозан деген зат болады. Яғни, бұл өнім арнайы мақсатта қолданылады. Сабынды көкке шыққанда, теңізге барғанда, жараны тану кезінде залалсыздандырушы құрал ретінде пайдаңызға асырыңыз. Қиындығы көп терімен күрес үшін антибактериалды сабынды сатып алу үлке қателік. Бұл сабынды күнде қолдану арқылы терінің иммунитеті мен дымқылдылығын құртасыз.

Шипалы сабын

Сабындар шипалы сығындыларымен жиі мақтанғандығымен, олардың концентрациясы емдеуге қабілетсіз болып келеді. Алайда, саны көптің арасында сапалылар да бар. Тек маман кеңесімен таңдасаңыз жетіп жатыр. Мәселен, қарамайлы сабынды синтетикалық түстендіргіш, иістендіргіштерсіз дайындайды. Қайың қарамайының қою, өткір, шайырлы иісіне екінің бірі шыдай бермейді. Қарамай мен күкірт – халықтың тері қиындықтарымен күресте мойындаған құралы. Қабыну, іріңдеу, ұшыққа қарсы қолдансаңыз болады. Алайда, барлық теріге бірдей қолдануға тыйым салынады.

Табиғи сабын

Ең алдымен еске салатынымыз: табиғи сабын мен қолдан жасалған сабын бір емес. Қанық түстер мен жағымды иістер арнайы бояғыштар мен иістендіргіштердің (шиенің, шабдалының, жасыл алманың, құлпынайдың эфир майлары, бұлар табиғатта кездеспейді) қосылғандығынан хабар береді. Қолдан жасалатын сабындарға да күйдіргіш сода мен май қосылады. Бұл жерде сабын қайнатушының арына байланысты, ол қандай шикізат қосады, мәзірін дұрыс жасай ма? Себебі, сабын қайнату асқан жауапкершілікті, пропорция бақылауын талап ететін жұмыс. Бір грамм майдың жетіспеуінің өзі химиялық күйікке апаруы мүмкін. Екінші жағынан сабын қайнатушы нағыз маман болса, жолымыз болды дейік. Ондай сабын кокос, пальма, жүгері, манго, жожоба, майларымен, глицерин сығындысымен, бал, сүтпен байытылады. Екеуінің де сыртқы түрі сүйкімсіз болғанымен, құрамы әлдеқайда сапалы болады. Табиғи сабын алғыңыз келсе, глицериндіге тоқтаңыз, олар түссіз әрі біртегіс келеді.

Калий сабыны Бұл сабынды сұйықтардың қатарына жатқызуға болады, дегенмен сыртқы көрінісі пастаны немесе сары майды еске түсіреді. Өндіру үшін күйдіргіш сақар (поташ) мен улы калий қолданылады екен. Дәл осы әдіспен хаммамға (түрік моншасы) арналған атақты бельди дайындалады. Бельдидің 30 пайызын ұнтақталған дәрілік шөптер құрайды. Моншаға арналған сабын скрабты, нәрлендіргіш, жұмсартқыш құралдарды алмастыра алады. Бельдиді қолдану үшін моншаға бару міндетті емес, өзіңізді еркелеткіңіз келсе үйде де жуыныңыз (өте қатты қабынуларға қарсы пайдаланбаңыз). Кемшілігі – сабынды кетіру үшін едәуір уақыт жұмсайсыз.

Сабынды қалай сақтау керек

Үй шаруасындағы қыз-келіншектің көпшілігі сабын суланып, езіліп тұрса да, тұрақты қалпын жоғалтпайды деп ойлайды да, сабын салғышқа қалай болса солай салып қояды. Шын мәнінде, сабын, әсіресе табиғи болса, қасиетін жоғалтып алады. Олар шектен тыс дымқылды ұнатпайды. Пайдаланып болғаннан кейін жақсылап шайып, шамаңыз келгенше құрғаққа қойыңыз. Сабын салғышта суы сорғитын тесік болса тіптен жақсы. Әлі басталмаған сабынды құрғақ, қараңғы жерде, табиғи сабынды қағазға орап сақтаңыз

Сабынды күнде қолданамыз. Алайда қарапайым сабын түрі теріні құрғататыны белгілі. Ол сабынмен бет терісін жуған дұрыс па? Денені ше?

Бет терісі нәзік, сезімтал келеді. Күнделікті жағылатын макияж бояулары мен күні бойы жиналған май, шаң-тозаңды жуу кезінде теріні қатты зақымдай аламыз. Қазірде бұл мақсатта сабынды жуынуға арналған гель мен көбіктер алмастырды. Бұл бет терісінің саулығы мен сымбаттылығына үлкен көмегін береді.

Қарапайым иіс сабынның ортасы сілті болады, сол себепті оны тұрақты түрде қолдану бет терісінің сыртқы қорғаныс қабатын бұзады. Тері ылғалдығынан айырылып, түрлі бактерияларға төтеп бере алмай қалады. Сабынды қолдану терінің қозуына, қабыршақтану мен қабынуына әкеле алады.Ал жуынуға арналған гель, көбіктердің рН көрсеткіші 5,5-ке тең. Бұл оның ортасы қышқыл екендігін көрсетеді. Бұндай құрал эпидермиялық қабатты зақымдамай, терінің ылғалдылығын сақтап, бактериялардың дамуына жол бермейді. Құрамында болатын қосымша ылғалдандырғыш және антибактериалды компоненттер теріге қосымша күтім көрсетеді.

Бетті жууда сабын емес, жуынуға арналған арнайы құрал қолданған әлдеқайда дұрыс. Алайда қазірде көптеген косметикалық компаниялар жуынуға арналған құралдарды үйреншікті сабын ретінде шығаруға көшті. Бұндай сабындар барлық шарттарға сай, ортасы сілтіден тұрмайды, ал құрамындағы пайдалы компоненттер жуынуға арналған гель мен көбіктерден еш кем емес.

Бет жуатын құрал таңдау

Жуынатын құралды қатты не гель түріне байланысты емес, сіздің теріңізге жағатындығына байланысты таңдау керек.

Құрғақ теріге крем тектес сабын не жуынатын құрал алу керек. Ол теріні тазалап, ылғалдандырады. Оның құрамында глицерин мен вазелин болған дұрыс. Бұл құрамдас бөліктер терінің қорғаныс қабатын қорғап, қалпына келтіреді. Мұндай сабын қатты көбіктенбей, оңай шайылады, сол себепті теріні құрғатып, тартып тастамайды. Құрғақ теріге арналған сабынға кокос, зәйтүн, ши майлары қосылғаны дұрыс.

Майлы теріні қабынуға қарсы компоненттері бар сабын не жуынатын гельмен жуып жүрген дұрыс. Қырмызы не шай ағашының экстракты сынды құрамдас бөліктер терінің майлануын азайтып, безеу шығуының мүмкіндігін кемітеді.

Пилинг-сабынның құрамында теріні терең тазалайтын бөліктер болады. Бет терісі үшін мұндай сабын тым қатты болады, оны денеге аптасына 2-3 рет қолданған дұрыс.

Бет терісін ретімен жуыңыз

Біріншіден, беттегі бояуды арнайы сұйықтықпен сүртіп алу қажет. Косметиканы бірден сабынмен не жуынатын гельмен жуған дұрыс емес. Ол бояуды соңына дейін кетірмей, бет терісін зақымдай алады. Макияжға арналған сұйықтықпен бояуды кетіргеннен кейін ғана бетіңізді арнайы сабынмен не гельмен жуыңыз. Бетті ақырын, мұқият тазарту керек, әсіресе, көз маңындағы теріні абайлап жуу керек. Артынан бетті тоникпен сүртіп, крем жаққан дұрыс.

Сабын туралы 3 аңыз:

Қарапайым сабынмен бет терісін жууға болмайды, бірақ ол дене терісіне жаға береді. Әрине дене терісін иіс сабынмен жууға болады, алайда сіздің теріңіз құрғақ болса, жуынуға, душқа арналған гель қолданғаныңыз дұрыс.

Кір сабын сабындардың арасында табиғи, сондықтан пайдалы. Кір сабынның құрамында химиялық қосындылар аз, алайда оның сілтілік көрсеткіші иіс сабындардан да асады. Ол теріңізді

Небір жарнамадан бактерияға қарсы сабындардың күші мен пайдасын айтып жатады. Бактерияға қарсы сабындар ағзаны кез келген зиянды заттардан 100% сақтайды деседі. Алайда, Америка дәрігер-ғалымдары оның пайдасынан залалы көбірек екенін анықтады.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Америка ғалымдары бактерияға қарсы сабындардың онкологиялық ауруларға жол ашатынын дәлелдеді. Көбіне бұл сабындарды спортшылар қолданады екен. Өзгелерге қарағанда олар тұмау, суық тию, тері ауруларына жиі ұшырайды. Бактерияға қарсы сабындар адам ағзасындағы сыртқы ортадан сақтайтын микробтардың көзін жойып, зиянды бактериялардың орналасуына жол береді.Бактерияға қарсы сабынмен тұрақты түрде жуыну теріні құрғатып жібереді. Сондай-ақ, терідегі қорғаныш қабықшасын жұқартады. Мұның салдарынан тері аурулары пайда болады. Бұл сабындар бетке әжімнің ерте түсуіне жол ашады.Бактерияға қарсы сабындарды қолдану тері рагына, инфекциялық созылмалы ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Оны әрдайым пайдалану өте қауіпті. Бұл сабындарды қажетіне қарай пайдаланған жөн. Мысалы, жарақат алып, инфекция түсіп кету қаупі төнгенде бұл сабындарды қолдануға, ит-мысықты ұстап, кейін қолыңызды бактерияға қарсы сабынмен жууға болады. Ал тұрақты түрде онымен жуынуға, бет-қолды ысқылауға, моншада пайдалануға болмайды. Сондай-ақ, бұл сабындармен жас балаларды шомылдыруға болмайды.

Бактерияға қарсы сабындардың сұйық гель түрі де бар. Екеуінің құрамы бірдей болғандықтан, ағзаға деген зияндығы да бірдей. Бактерияға қарсы сабын мен оның сұйығымен шаш жууға, денені ысқылауға болмайды.Әдетте, бактерияға қарсы сабын құрамында триклокарбан немесе триклозан элементтері кездеседі. Екі элемент те ағзаға кері әсерін тигізеді. Триклозан аллергиялық ауруларды, ал триклокарбан болса, эндокринологиялық ауруларды туғызады.

Жарнамаларда бактерияға қарсы сабындар иммунитетті күшейтеді деп айтып жатады. Керісінше, бұл сабындар иммунитетті әлсірететіне көз жеткізуге болатындай.

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!