Материалдар / Ғылыми жоба "Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба "Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы" тақырыбында ғылыми жоба жазылды. Жобаның өзектілігі қазақ халқының ұлы ақыны Абай мен орыс халқының ақыны Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы. Мақсатымыз екі ақынның жүрек сөзінің қолданылуы саны мен мағынасын айқындалды. "Жүрек" сөзін биологиялық тұрғыда және екі ақынның ұғындағы түсініктерді анықталды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2022
705
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «АХМЕР ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ



Секция: қазақ тілі мен әдебиеті



Зерттеу жұмысының тақырыбы: Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы




Орындаған:

9 «В» сынып оқушысы

Муртазина Анастасия

Жетекші:

Н.Т.Кияшова

қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі


Өскемен қаласы

2015 жыл


МАЗМҰНЫ

1.КІРІСПЕ ............................................................................................................ 3

2. АБАЙ МЕН ПУШКИН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ЖҮРЕК СӨЗІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ................................................................................................. 5

2.1 Жүрек сөзіне түсінік ................................................................................... 5 2.2 Абай өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы ...................................... 6

2.3 Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы .................................. 19

3. ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................ 23

4. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................. 24



























КІРІСПЕ

Қазақ халқы сөзге бай халық. Әрбір сөзді әр түрлі мағынада кеңінен, түрлендіре қолдана білген. Қазақ халқының қай ақынын алып қарасақта, «жүрек» сөзін өз туындыларына арқау ете отырып, ерекше қолдана білген. «Жүрек» сөзін тура мағынада да, ауыспалы мағынада да өз шығармаларында көркемдеп суреттеген. Жүрексз өмір жоқ дегендей, өзімнің сүйікті ақындарым, яғни қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен орыс халқының танымал ақыны А.С.Пушкин шығармаларындағы осынау бір сөздің қолданылу саны мен қандай мағынада қолданылған анықтап зерттеу болды. Екі ақында өз елдерінің қазіргі кездегі мақтанышы, ұлысы болып мәңгілік артынан өзпес із қалдырған ақындар. Шығармаларын түрлі тақырыптарда жазған. Осы өлеңдерінің қай-қайсысын алып қарасақта, «жүрек» сөзіне ерекше қолдана білген. Осынау «жүрек» сөзі арқылы өздерінің көңіл-күйлерін, халқының, елінің тағдырын суреттей білген.

«Жүрек» сөзінің мағыналары әр түрлі. Тура мағынасы – қан айналу жүйесінің көкірек қуысының сол эжағына орналасқан бас органы- ғылыми, медициналық салада қолданылады. Әдебиет саласында көбінде ауыспалы мағынада кездестіреміз. Мысалы: саяси-әкімшілік орын, орталық – Евразия жүрегі, Астана –қазақ елінің жүрегі; кісінің жан дүниесі, рухани сезімі – жүрек жылуы, жүрегі жарылды, жүрегі бұлқ етпеді, жүрегі қобалжылды,ақ жүрек, ер жүрек, тағы басқа.

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі : Қазақ халқының ұлы ақыны Абай мен орыс халқынының ақыны Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу.

Зерттеу жұмысының мақсаты : Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы саны мен мағынасын айқындау. Осы мақсатқа сай төмендегідей міндеттер қойылады:

  • Жүрек сөзіне биологиялық және ақындар ұғымында түсініктер;

  • Ақындардың жүрек сөзін қолданылу саны;

  • Абай өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу жағдайы;

  • Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу ерекшелігі.

Зерттеу жұмысының нысаны : Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу санын анықтау

Зерттеу жұмысының дереккөздері : Аталмыш мәселенің шешімін табу үшін көрнекті ғалымдардың, ойшылдардың, ақын-жазушылардың, тіл мамандарының жүрек сөзіне қатысты айтқан пікірлері, зерттеулері, жүрек туралы тұжырымдарын басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының жаңалығы : Жүрек сөзі, ақындар шығармаларында , олардың тілдегі көрінісі сараланды.

Зерттеу әдістері: Зерттеудің теориялық негізінде қазақ және орыс ғалымдарының ғылыми теориялық еңбектері, ой-пікірлері, тұжырымдары алынған. Әдістемелік негізінде сипаттау және кешенді түрде талдау, сипаттау, жинақтау.

Зерттеу жұмысының теориялық, практикалық маңызы : Зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен қорытындылардың теориялық және практикалық маңызы елеулі. Зерттеу нәтижелерін мектептерде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.








2. АБАЙ МЕН ПУШКИН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ЖҮРЕК СӨЗІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

2.1 Жүрек сөзіне түсінік


Биологиялық тұрғанда жүрек ол іші қуыс бұлшықетті мүше. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы. Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бесет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.[1]













1.2 Абай өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы


Абай поэзиясы – сұлу поэзия, Абай поэзиясы – махаббат, сүю, сүйіспеншілікке толы поэзия.

Ұлы ақын адам ұрпағының данасы да, дарасы да, патшасы да, қарасы да ет жүректен тұрады, жүрек соғып тұрғанда, адам өмір сүреді, жүрегі тоқтағанда «қайран жүрек мұзға» айналып, өмірден өтеді деген. Жақсылық та, жамандық та, қайғы мен қуанышта да ең алдымен жүрегімізге ден қоямыз. Ақын келешек ұрпаққа:

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен жалғыз алыстым кәні қойма! –

деп, бізге әрі өсиет, әрі үлкен сенім, әрі зор салмақ тастап кетті. Абай атамыз өзі айтқандай «жұмбақ адамды» түсіну үшін оның ең алдымен жүрегіне үңілу керек екендігін, бар сырды жүректен іздеу керек екендігін, ең бастысы не нәрсенің барлығын да жүректен қарау керектігін айтып өткен. Ақынның қай шығармасын алып қарасақта, «жүрек» сөзіне жиі-жиі айналып соғып отырғанын байқамыз. 1987 жылы шыққан «Абай Құнанбаев» деген кітабындағы өлеңдеріндегі жүрек сөздерін қолданылуына зерттеу жұмысын жүргіздім. Яғни бір жинақта ақынның 94 өлеңі берілген. Көптеген өлеңдерінде кейбір жүрек сөзімен тіркескен сөз тіркестері 2-3 рет қайталанады.

Данышпан ақын жүрек сөзін екі түрлі мәселедегі тақырыптарда қолданған. Бірі – достық, махаббат тақырыбында болса, екіншісі – өзі туралы, халқы, елі жайында сөз қозғаған кеңінен қолданған.

Енді осы өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуына тоқталатын болсам.

  1. «Көзімнің қарасы» өлеңінде:

Жүректен қозғайын (3 шумақ, 1 тармақ)

Әдептен озбайын.

Өзі де білмей ме,

Көп сөйлеп созбайын.

Жүректе оты жоқ (7шумақ, 3 тармақ)

Өрттенген жүрекке (19 шумақ, 3 тармақ)

Бір көрген болар сеп...

Біздердей ғашық көп

Қайсысы саған дөп?

Жөндеп те айтпадым,

Жүрегім лүпілдеп (20 шумақ, 4 тармақ) [4. 69-71]

Бұл өлеңін ақын 1981 жылы жазған. Өлең 22 шумақты, 4тармақтан тұрады. Ақын «жүрек» сөзін 4 түрлі мағынада қолданған. Өлеңде ғашығына деген ішкі сезімін де ірікпей айтқан, жігіт сөзінен жүрек лүпілі, тағат таптырмай тынышын қашырған, бір ысып, бір суыған, іңкәр ниет, алабұртқан көңіл күйі сезілгендей. Ақын өзі бой тасалап, кейіпкерін алға ұстап сөйлетеді. [2.280]

  1. «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңі:

Аласы аз қара көзі айнадайын,

Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,

Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,

Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?

Егерде қолың тисе білегіне,

Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.

Бетіңді таяп барсаң тамағына,

Шымырлап бу енеді сүйегіңе [4.56]

Бұл өлеңінде сұлу қыздың сыртқы бейнесі суреттеледі. Ақын халық ұғымындағы қыз сұлулығының негізгі белгілерін тізбектеп, жас арудың сыртқы сымбатын сипаттайды. Жас арудың сымбаты жүрегіне ыстық тиіп, жүрегі одан лүпілдегенін көрсетеді. [2. 171]

  1. Адамның кейбір кездері» өлеңі 7 шумақтан тұрады. Бұл өлеңде ақын :

Сылдырлап өңкей келісім

Тас бұлақтың суындай,

Кірлеген жүрек өзі ішін

Тұра алмас әсте жуынбай.

... Ызалы жүрек, долы қол

Улы сия, ащы тіл

Не жазып кетсе, жайы сол,

Жек көрсеңдер өзің біл [4. 88]

Абайдың сөз өнері, өлең, ән туралы ең таңдаулы лирикалық туындыларының бірі. Ақындық өнер айналасында сөз қозғайды. Бұл өлеңінде жүрек сөздерін ауыспалы мағынада қолданылған, яғни «кірлеген жүрек», «ызалы жүрек» тіркесінде. [2.61]

  1. «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңінде:

Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме. [4. 89]

Өлең сол дәуірдегі көкірегі ояу, көзі ашық ойлы жанға арналған. Жүрегіңді тыңда деген мағына айтылған. Шын асыл жүректің түбінде жатады сол асылды таңдаған адам жүрегінің түбіне терең бойлап, іздегенін тек содан ғана табады.

  1. «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде:

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап қайнап бір жүрек қылады әлек.

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек [4. 55]

Бұл өлеңінде «жүрек» сөзі үш рет қолданылған. Адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделген. Онда ақын шын мәнінде жақсы адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігін айтқан. Бұл жерде жүрек – қағілез, сергек сезімдіде берілген.[2.134]

  1. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде.

Сөз айта алмай бөгеліп,

Дүрсіл қағып жүрегі,

Тұрмап па едің сүйеніп,

Тамаққа кіріп иегі [4.42]

Өле

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!