Материалдар / Ғылыми жоба «Балалар мен жасөспірімдердің ұялы телефонға, теледидарға және ғаламторға тәуелділігі »
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба «Балалар мен жасөспірімдердің ұялы телефонға, теледидарға және ғаламторға тәуелділігі »

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2019
1731
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы







Бағыты:



Секциясы:



Тақырыбы: «Балалар мен жасөспірімдердің ұялы телефонға, теледидарға және ғаламторға тәуелділігі »



















2018 жыл





























Біздің жобамыздың басты мақсаты: Жасөспірімдер мен балаларға телефон, теледидар мен ғаламтордың тек қана пайдасы ғана емес зияны да бар екенін дәлелдеу.


Міндеттері:

Жаңа технологиялардың шығу тарихымен таныстыру

Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.


Зерттеу  нысаны- адам

Зерттеу заты: теледидар, телефон, компьютер

Зерттеудің өзектілігі- біз ғаламтор мен теледидарды, телефонды жиі пайдаланамыз бірақ оның денсаулыққа қандай зияны бар екенің біле бермейміз

 Зерттеудің болжамы; егер біз бұл құрылғылардың зияның білсек қазіргіден аз мөлшерде қолданар едік.

Зерттеу әдістері:

- ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

- бақылау;

-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.
















1 КІРІСПЕ



Бүгінгі күні жоғары технология тез жылдамдықпен дамуда. Адамзат баласы сандық әлемге де енді. Жоқтан барды жасауға қабілетті. Қазақстан инновациялық дамуын одан әрі жоғарылатуға мүдделі. Сон­дықтан бүкіл ел аумағына, алыс шалғай жерлерге барынша қол­жетімді интернетті жеткізіп, бай­ла­ныс жүйесін дамытуға барынша күш салынуда.

Мен қазіргі қоғамды өзіне толығымен жаулап алған құрылғыларды сөз етпекпін. Бұл құрылғылар қазіргі заман талабына сай, өте қарқынды дамып келеді.

Жасөспірімдер мен балаларға телефон, теледидар мен ғаламтордың тек қана пайдасы ғана емес зияны да бар екенін дәлелдеу менің мақсатым. Осы құрылғылардың зияны өте көп. Бірақ пайдалы жақтарыда жетерлік. Бұл құрылғылар болмаса адам өмірі қандай боларын елестетудің өзі қызық.



2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Кітаптың орнын басқан ғаламтор

Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Мен кішкентай кезімде басқа балалар секілді ойын ойнағанды, достарыммен көңіл көтергенді ұнататынмын. Бірақ біз мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап әр түрлі кітаптармен танысып, дос болып келеміз. «Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол» деген ұлағатты сөздің астарында үлкен мағына бар екенін мен осы зерттеу барысында түсіндім.Зерттеу барысында мен өзіме қажетті көптеген мәліметтермен таныстым. Сонын ішінде ғаламтор теледидар, телефон деген құралдардың қазіргі заманда үлкен сұранысқа ие екені, кітаптың орнын басып келе жатқанын барлығымыз білеміз. Осы техникалардың пайда болып, өте қарқынды дамуынын салдарынан мен және менің достарымның оқып жүрген кітаптарының беттері ашылмай, кітапханалардың қаусырап қалғанын байқап жүрмін. Әкем мен анам, апам мен атам жас кезімізде кітап пен газет-журналдарды жарыса оқыдық деп айтып отырады. Бірақ қазір кітаптар мен газет-журналдардың көп сұранысқа ие емес екендігі бәрімізге мәлім. Бұл үлкен қоғамдық мәселе деп ойлаймын. Қазіргі қоғам ойы екі пікірге бөлінген. Бірі ғаламторды адамзаттың үлкен жетістігі десе, екіншілері ғаламтор адамзаттың үлкен дерті деп есептейді екен. Егер мен зерттеу жүргізбей тұрып осы сауалға жауап берсем ойланбастан адамзаттың үлкен жетістігі деп жауап берер едім. Қазіргі кезде кітаптарды тек мектептер мен оқу орындары ғана пайдаланады десек артық емес. Бірақ әлі күнге дейін кітап оқығанды ұнататын адамдар да кездеседі.

Кітап оқудың пайдасы неде? Неге кейбір адамдар оқуды әлі де жалғастыруда, тек демалу немесе бос уақытты өткізу үшін ғана емес шығар?

Әрине, кітап оқудың пайдасы зор екендігінде сөз жоқ. Жақсы кітапты оқу арқылы адамның білім көкжиегі кеңейіп, ішкі жан дүниесі байып, есте сақтау қабілеті артады, ақылдырақ болады екен. Ал тағы бір кітап оқудың маңызды жағы:

  • кітап оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейіп, ойлау қабілетін арттырып, өз пікірін еркін жеткізе алады;

  • оқу логикалық ойлауды дамытады;

  • Көңіл-күйің болмаса да кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уақытша болса да уайымыңды басады;

  • Кітап оқудың тағы бір пайдасы адам ағзасының қартаймауына септігі бар екенін оқымыстылар дәлелдеуде. Урсула Ленз - егде адамдармен жұмыс жасайтын Федеральды біріккен ұйымның қызметкері былай дейді: «Егде адамдар үшін кітап оқу пайдалы екендігіне бірнеше себеп бар. Біріншіден, оқылған сөзді санада бейнеге айналдыру қабілеті когнитивті қызметке жақсы әсер етеді. Екіншіден, оқу ойын жинақтауға көмектеседі. Сондықтан оқудың қартайғанда да  белсенді ақыл-ойды сақтап қалуға пайдасы бар екен»;

  • ғалымдар кітап оқу, сурет, музыка, жазушылық секілді ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың жүйке-жүйесінің басқа адамдардан әлдеқайда тез дамитынын және қартайған кезде де жүйке-жүйенің шаршауы, әлсіреуі және үлкен мидың қартаюы болмайтынын дәлелдеді;

  • Қан тамырдың, өкпе, жүрек және басқа да ағзалардың сау денелі болуы үшін дене әрекеті маңызды орында тұратыны белгілі. Бірақ, барлық дене мүшесіне әсер ететін үлкен миды жаттықтырудың ең тамаша тәсілі кітап оқу. Кітап оқу – жүйке жүйесін шынықтыру, дене-бітімді күшейту, әртүрлі аурулардың алдын алуда тамаша маңызға ие;

  • Адамның ішкі құрылысында кезігетін барлық аурулар психологиямен тікелей байланысты. Көңіл-күйдің түсіңкі болуы, үлкен мидың шаршауы қатарлылар әртүрлі аурулардың басты себепкері. Сол үшін де жақсы кітап – рухани азық. Сау денелі болудың табылмас дәрісі;

  • Олардың айтуынша, ең ұзақ өмір сүретіндер – философтар, одан кейінгісі ғалымдар мен көркемөнершілер екен. Олар «кітап оқу – үлкен миды үздіксіз қозғалысқа салады. Кітап оқып болған соң да оның адамға сыйлайтын әсері дене шынықтырудан кейінгі массаж секілді адамды рухани қалыпқа түсіріп отырады» дейді;

  • Қағаз түріндегі және электронды кітаптар да бар. Электронды кітапқа қарағанда қағаз түріндегі кітаптарды оқыған дұрыс. Себебі қағаз кітаптарға қарағанда электронды кітаптарды оқыған көп уақытты алады және электронды кітапты оқу барысында адамның көзі тез талып қалады екен.

Міне, адам ағзасына кітаптың берері мол. Кітап - асыл қазына деп бекер айтпаған. Бірақ осы асыл қазынамыздың орнын ғаламтор, теледидар телефондар басып жүр.


2.2 Жаңа озық электрондық технологиялардың шығу тарихы

Қазіргі кезде жұртты арбап, алдына байлап қоятын сиқырлы үй құралдары бар. Олардың бірі – көгілдір экран, екіншісі компьютер. Бүгінгі өмірді әрбір шаңырақтың төрінде тұратын теледидарсыз немесе әр адамның қолында жүрген телефонға дейін жалғанған интернетсіз көзге елестету мүмкін емес. Ал бұдан жарты ғасыр бұрын интернет тұрмақ, көгілдір экранға қол жеткізудің өзі көпшіліктің арманы болған.

Кеңес Одағында өткен ғасырдың 60-жылдарында алғаш теледидар пайда болды. Ал АҚШ-та 1951 жылы 10 млн теледидар болған. Алпысыншы жылдардың басында КСРО-да мерекелік «Голубой огонёк» деген бағдарлама дайындалып, жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында теледидары бар тұрғындар оны тағатсыздана күтетін. 1962 жылы алғашқы музықалық-ойын са­уық бағдарламасына тапсырыс берілгенде «Рекорд» маркалы көгілдір экран елге енді таралып жатқан. Бұл алғашқы лампалық теледидарлар Воронеж және Александров қалаларындағы радио зауыттарында 1956 жыл­дан бастап жасала бастады. Са­па­лы, құнды ағаштан жасалған жә­шіктің ішіне орнатылған бұл те­ледидар бастапқы 5 арнада жұ­мыс істеді, радиостансалардың бағ­дар­ламаларын да қабылдайтын. Жәшіктің көлемі 485х425х525 мм, экранның көлемі диагональ бо­йынша 51 см ғана болғанмен, он­ың салмағы – 24,5 келіні құрады.

Алпысыншы жылдардың ба­сында үйінде теледидары бар адам тұрмысы жақсы, бақуатты отбасы болып саналды. Теледидарды сатып алған адам оны міндетті түрде құзырлы органға апарып тіркететін болған, сондай-ақ абоненттік төлем тө­ленетін. Бұл теледидарлар, әрине, қазіргідей түрлі-түсті болған жоқ. Бірақ Александров қаласында жасалатын телеқұралдың экраны әдемі көгілдір түспен ерекшеленді. Мұндай тұрмыстық озық техникаға қолы жеткендер теледидарды көшедегі жүргіншілер көріп, қызығып қарасын деген ниетпен терезелерінің алдына қою сән болған. Көгілдір экранның сәулесі күндіз де көрініп тұратын, ал түнде көшеде өтіп бара жатқан адамдардың назарын өзіне еріксіз аударатын. Александров зауыты 10 жыл­­дың ішінде «Рекорд» деп жазылған «КВН-49» маркалы 2,5 млн теледидар шығарыпты. Бұл КСРО-да тұратын 250 млн халықтың сұранысын қалай қанағаттандырсын?! Жоқтың қасы деген сөз. Сондықтан жетпісінші жылдарға дейін Кеңес Одағында көгілдір экран қат болды.

Енді теледидар мәселесіне жалпылай келсек, алғашқы ка­тодтық-сәулелік түтікшені, яғни кинескопты 1895 жылы Карлсруэ қаласының тұрғыны Браун деген өнертапқыш ойлап тапқан екен. Алғашында бұл құрал «Браун тү­тікшесі» деп аталған. Карл Фер­динанд Браун өзінің бұл идеясы жалғасын табатынына сенімсіз болып, әрі қарай же­тілдіруді ойламаған. Оның бұл бастамасын 1907 жылы Петербург технологиялық институтының профессоры Борис Львович Ро­зинг деген жетілдіріп, «көріністі қашықтықтан электрмен беру тәсілін» жасауға өтініш жолдайды. Сөйтіп, ол 1911 жылы 9 мамырда қарапайым геометриялық фи­гураларды электр желісі ар­қы­лы қашықтықтан жіберіп, отан­дастарын таң қалдырады. Бірақ бұл Ресейдің тарихында қал­ған физиктің жаңалығы. Ал бұған дейін 1908 жылы армян өнертапқышы Ованес Адамян екі түсті белгіні жеткізетін құралға патент алған екен. Соны әрі қа­рай жетілдіре келе Адамян 1925 жылы теледидардың үш түс­ті электромеханикалық жүйе­сіне патент алады. 1928 жылы Ташкент тұрғындары Грабовской мен Белянскийдің «телефоты» патенттелді. Бірақ бұлардың еңбектері әлемдік деңгейде өзгеріс әкелген үлкен жаңалық, жаппай пайдаланылатын құрал ретінде қабылданбады.
Бұл кезде америкалықтар да қарап жатқан жоқ. В.Зворыкин деген физик 1923 жылы электрон­дық принципте жұмыс істейтін теледидар жасауға өтініш тү­сір­ді. Сөйтіп, 1931 жылы ол әлем­дегі ең алғашқы мозайкалық фо­то­катодпен электрондық түтікшені жасады. Бұл түтікше «иконоскоп» деп аталды. Ико­нос­коптың жұ­мысы сыртқы фотоэффект және заряд­тардың жинақталуына негіз­делген. 50-жылдардың ба­сында америкалықтардың басым бөлігінде көгілдір экран болды. Түр­лі-түсті теледидар бұларда 1953 жылы пайда болды. Ол теле­дидарлар сол кезде АҚШ-та мың доллар (автомобиль құ­нының жартысы) тұрды. Ал Кеңес Одағы алғашқы кең көлемдегі телебағдарламаны таратуға 1967 жыл­дың 7 қарашасында қол жет­­кізді.

Интернет тарихы ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғынан басталады.

1957 жылы АҚШ қорғаныс министрлігінің зерттеу агенттігі – ARPA құрылды. Бұл ұйым, ядролық қақтығыстар бола қалған жағдайда да жұмыс істейтін, әр жақта тұрған компьютерлерді өзара телефон желісі арқылы қосу мәселесімен айналысты. Сөйтіп, 1969 жылы қаңтарда АҚШ-тың әр шетінде тұрған төрт компьютерді байланыстырған жүйе іске қосылды. Енді бір жылдан кейін ARPAnet деп аталатын жаңа ақпараттық желі пайда болды. 1973 жылы ARPAnet халықаралық желіге айналды. 1983 жылы жаңа механизм шығып, ол телефон желісі арқылы интернетке қосылуды жеңілдетті. 90 жылдардың аяғында желі арқылы мәтіндерді ғана емес, графикалық ақпараттар мен мультимедиаларды жіберу мүмкін болды.

Интернетке 1990 жылы ресейлік «Курчатов институты» орталығының базасында жасалған Relcom желісі бірінші болып қосылды. Желіні жасауға «Демос» кооперативінің мамандары қатысты. Сол жылдың аяғында ресейлік 30 ұйым интернетке қосылды. 1991 жылы Relcom желісінде ақпараттық жаңа сервер пайда болды. Көп ұзамай ол Ресейдің ірі қалаларын, ТМД және Балтық жағалауы елдерін байланыстырды. Бүгінгі күні интернет бір-бірімен ақпаратты өте жылдам жіберетін ғарыштық магистральдар мен комутаторлық телефон желісімен жайлап ақпарат жеткізетін әртүрлі арналар арқылы байланысқан миллиондаған компьютерлерден тұрады.

Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.

Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді. Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр. Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын. Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады. Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.



2.3 Ғаламтор, теледидар мен телефонға телмірген өмір

«XXI ғасыр - білім мен ғылымның ғасыры болады» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс атқаруға бет бұрып келеді. Біз мемлекетіміздің өркендеп-өсуі үшін заман ағысынан қалмай тек алға ұмтылып, халық үмітін ақтауға тырысуымыз керек.

Интернет – тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпаратты сиғызып, жан – жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе – көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету тек қана ғаламтордың ғана қолынан келеді десек артық емес. Интернеттің жеке – дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады:
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана – сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;

  • Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;

  • Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;

  • Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;

  • Қаржылық операциялар жасауға;

  • «Maіl. Ru Агент», «Facebook», «Skype» тағы басқа әлеуметтік желілер арқылы реалды уақытта тіл қатуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады.

Бұдан өзге біз біліп – біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес. Бұл адам өмірін әлде қайда мәнді әрі сәнді қылады деп ойлаймын.


2.4 Балалардың теле және ғаламторға тәуелділігі

Біз теледидарлар, компьютерлер, ойын қосымшалары әркімге қолжетімді болатын әлемде өмір сүрудеміз, балалардың компьютер немесе теледидар экраны алдында өткізген уақытын бақылау керек, себебі бұл құрылғыларды шектен тыс пайдаланса адам денсаулығына зиян келтіруі әбден мүмкін.

5 жастан 12 жасқа дейінгі балалардың шамамен 45%-ы барлық бос уақыттарын теледидардың алдында өткізеді. Барлық істерді ысырып қойып уақытты экран алдында өткізуді қажет ететін бұл әуестік бірте-бірте және білінбей әдетке айналады.

Зардаптары:

  • көру қабілетінің нашарлауы: көгілдір экран алдында көп уақыт өткізетін баланың көру қабілеті төмендей бастайды;

  • гиподинамия, соның салдары – омыртқаның қисаюы;

  • дене белсенділігінің жоқтығы, аз қозғалатын өмір салты майдың жиналуына, денеде артық салмақтың пайда болуына әкеп соғады;

  • неврологиялық проблемалар (ұйқының бұзылуы, жоғары қызбалық, сескенушілік): егер, мысалы, 15 жасар жасөспірім теледидар алдында 3 сағаттан аса уақыт өткізсе, онда ұйықтауда едәуір қиындықтар пайда бола бастайды, бұл есейген шақта да сақталып қалуы мүмкін;

  • теледидардағы зорлық-зомбылықтың жария насихатталуы балалар ызақорлығына әкеліп соғады, экрандағы мұндай көріністерді ми өмірдегідей қабылдайды: бала алаңдаушылықты, қорқынышты сезінеді, сонымен бірге қашу немесе белсенділік рефлекстері іске қосылады, уақыт өте келе оның бұған еті үйрене бастайды және зорлық-зомбылықты ересек өмірдегі қалыпты жағдай деп санайтын болады. Теледидарды қоса отырып балалар арбалудың әсеріне түседі. Теледидар тілі – бұл бейнелер тілі, ол негізінен соқыр сезімге жауапты мидың оң жақ жартышарын қабылдайды. Телехабарды көргенде алған эмоциялар баланың соқыр сезіміне ұялайды. Ол неғұрлым ызақор және мазасыз бола бастайды.

  • Уақыт өте келе бағдарламалардың мазмұны ұмытыла бастайды, бірақ тамашалау кезіндегі бастан өткерген эмоциялар ұмытылмайды. Балалар үшін олар эмоциялық тәуелділікке айналады. Нәтижесінде олар саналы түрде ғана емес, сонымен қатар санасыз түрде де қандай да бір сезімді қайта бастан өткізу үшін теледидарға ұмтылады. Бұл әрдайым жағымды бола бермейді.

Балалар үрейлі фильмдерді көргенді ұнатады – бұл үрейді бастан өткізуге деген эмоциялық тәуелділік көрінісі. Тамашалаудан бір сағат өткеннен кейін-ақ баланың ойы экраннан алған бөтен эмоцияларға толы болады (ал неғұрлым эмоциялы балалар үшін 15 минут та жеткілікті).

6 жасқа дейінгі сәбилер барлық ақпаратты сын көзбен емес, боямасыз қабылдайды. Оларға шындық пен жалғанның ара жігін ажырату қиынға соғады. Экранда болып жатқанның бәрін олар осылай болуы тиіс деп қабылдайды. Ал сосын көргендерін ойынға, тіпті кей кезде өзінің шынайы тәртібіне ауыстырады.

Телеқор-балалар «қиялдау қабілетін толықтай жоғалтуға» шалдығады. Оларға елестетудің, қиялдаудың, ой елегінен өткізудің қажеті шамалы – олар үшін бәрін теледидар істейді. Телеқорлықты нашақорлықпен салыстырушылық бекер емес. Осы тәуелділіктердің белгілері ұқсас. Олардан арылу өте қиын, бірақ қажет.

Осы тұста телемания деген сөз бар.

Телемания – кез келген құмар ойындары секiлдi, барлық шаруаны ысырып тастап, барлық уақытты көк жәшiк алдында өткiзуге деген қажеттiлiк. Телемания – бала үшiн өте қауiптi. Теледидар құмарлығына салынған бала театрға, мұражайға, киноға бару, серуендеу, өз қатарластарымен аулада ойнау секiлдi дүниенiң бәрiн экранға кiрпiк қақпай қадалумен алмастырады. Мiне, осыдан кейiн сәбидiң өмiрдi тәжiрибелiк жолмен тану, бәрiне шынайы көзқараспен қарау сияқты дамуына қажеттi қабiлетi жоғала бастайды.

Ата-аналарға пайдалы кеңестер:

  • Балаңыз көгілдір экран алдында қанша уақыт өткізетінін үнемі қадағалап отырыңыз. Дәрігерлердің пікірі бойынша, теледидарды бала үш жастан бастап көре батағаны жөн, және де 15 минуттан көп емес.

  • Қолыңыз бос болмаса да теледидарды электрондық бала күтуші ретінде пайдалануға болмайды. Оны көрумен байланысты емес әрекет ойлап табуға болады: бұл құрастырғышпен ойнау, сурет салу, оқу, пазлдар құрау. Әрекетті таңдау сәбидің жасына байланысты болады, және бұл жерде ата-ананың қатысуы әрдайым міндетті емес. Әрекетке қызығушылық таныту, бір нәрсе арқылы көмектесу, бір нәрсе жайында кеңес беру жеткілікті.

  • Оқушыға теледидарды мектепке барар алдында көруге жол бермеңіз, өйткені ол бағдарламаларды ерте көргеннен қайта өршеленеді, оған мектептегі жұмыс ырғағына бейімделу қиынға соғады.

  • Отбасылық кеңесте бүкіл отбасы үшін теледидарсыз бір күн бөліңіз. Ынталандыру және көтермелеу ретінде сыйлықтарды пайдалану керек. Бұл сыйлық – ойыншық, қызықты серуен немесе достармен кездесу болуы мүмкін. Балаға ерекше не қызықты немесе ол сізге бұрын ұсынған, бірақ сіздің қолыңыз тимей жүрген нәрсемен айналысыңыз.

  • Балаларды жеке үлгіңізбен сендіріңіз. Телеқорлыққа душар ата-аналар өз баласын да дұрыс жолға сала алмайды. Ал бұны жасау қажет-ақ, әсіресе бала кезінде – жүйке жүйесіне кері әсерінен ғана емес, жағымсыз әдеттердің өте тез және ерте сіңірілуіне байланысты.

  • Баланың өміріне ықылас танытыңыз. Оның барлық істеріне, қамдарына және мазасыздығына қатысты болуға тырысыңыз. Себебі көбінесе балалар экранда көрген образдардың немесе жағдайлардың артына жасырына отырып шынайылықтан қашады, олар не бәрін ұмытуға, не мультфильмдегі батыл кейіпкер ретінде сезінуге көмектеседі.

  • Ұлыңыздың немесе қызыңыздың шығармашылықпен байланысты хоббиіне қолдау көрсетіңіз: мүсін илеу, сурет салу, кесте тігу – оларды еліктіруге болатын көптеген қызықты істер бар. Әрине, бұл үшін ата-аналарға белгілі бір уақыт қажет, бірақ дербестікке үйретуге болады.

  • Баламен араласыңыз, өйткені ең құнды нәрсе – бұл адамдар арақатынасы. Тіпті ол көп уақытын теледидардың алдында өткізуді қаласа да оны өзіңізбен, қатарластарымен араласуға қызықтыруға сіздің мүмкіндігіңіз бар. Белгілі мультфильм кейіпкерлерін жаттап алуға тура келеді. Дегенмен тасбақа-ниндзялар туралы әңгімелерді бірте-бірте шынайы: кітаптардың кейіпкерлері, ауладағы достар туралы кеңістікке ауыстырыңыз.

  • Табиғатқа рахаттануға үйреніңіз. Мүмкіндігінше бос уақытыңыздың көбін дала

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!