Материалдар / Ғылыми жоба Бөлме гүлдері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба Бөлме гүлдері

Материал туралы қысқаша түсінік
гүлдерді үй жағдайында қалай өсіру керектігін зерттеп анықтау,гүлдердің адамға деген әсерін айқындау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2019
5171
29 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Түйіндеме (аннотация)

Бұл жобада жаңа өскінді үй жағдайында қалай күтіп-баптау керектігі сипатталды. Оның ішінде өзі баптап өсірген гүл туралы толық мағлұмат берілген. Біздің жұмыс қала шетіндегі көгалдандыру ЖШС «Озеленительдегі» гүл күтушілердің ақыл – кеңестеріне сүйене отырып жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының бірі. Бұл зерттеу жұмысында жаңа өскіңді үй жағдайында күтіп-баптау қарастырылды. Жоба шағын орталық тәрбиеленушісіне арналған.

Ғылыми жобаның мақсаты: гүлдерді үй жағдайында қалай өсіру керектігін зерттеп анықтау,гүлдердің адамға деген әсерін айқындау.


Жұмыс міндеттері: жаңа өскіңді үй жағдайында өсіру жағдайлары, бөлме гүлдерін күтіп- баптау.


Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда көптеген балалар бос уақыттарын ұялы телефондармен немесе компьютердің алдында өткізеді. Ал мен бос уақытымды гүлдерді күтіп- баптаумен өткіземін деп шештім. Қазіргі таңда бос уақытты тиімді пайдалану, гүлдерге қамқорлық көрсету шараларын қолға алу мәселелері өзекті болып табылатыны белгілі. Зерттеу жұмысы қала шетіндегі көгалдандыру ЖШС «Озеленительдегі» гүл күтушілердің ақыл- кеңестеріне сүйене отыра жүргізілді.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап, жинақтау, әңгімелесу, пікірлесу, қорытынды жасау.


Зерттеу жұмысының құрылымы:

  • Кіріспе

  • негізгі бөлім

  • қорытынды

  • пайдаланған әдебиеттер тізімі

  • Қосымша беттен тұрады.


Зерттелінетін нысаны: бөлме гүлдері



Күтілетін нəтиже: Осы кішкене ғана жобамен үлкен жобаларға аяқ басу арқылы, қаламыздың көркеюіне, ауаның ластануын азайтуға өз үлесімізді қосу



Мазмұны:


I Кіріспе............................................................................................................

II Негізгі бөлім ...............................................................................................

2.1 Гүл туралы жалпы түсінік

2.2 Гүлдерді күтіп- баптау.

2.3 Зерттеу жұмысы


III Қорытынды...............................................................................................

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................

Қосымша


























КІРІСПЕ

Мен күнделікті анаммен шағын орталыққа келе жатқанда дәліздегі гүлдердің жайқалып өсіп тұрғанын көріп, анама, тәрбиеші апайларыма гүлдер қалай өседі? деген сұрақ қойып, гүлдерге деген қызығушылық таныттым. Сонда апайларым жүр бірге зерттейік деп, апайлармен бірге осы ғылыми жұмысты жасадым.

Гүлдер қалай өседі, қандай жағдайда жақсы өседі деген сұраққа жауап алу үшін қаңтар айының аяғында тәрбиеші апайларыммен бірге қала шетіндегі көгалдандыру ЖШС «Озеленительге» бардық (сурет 1).Гүл күтуші апаймен бірге көгалдандыруды аралап алғашқы гүлдің өскінін алдым.(сурет 5) Оны қалай отырғызу керек, қалай күту керектігін сол жерде айтып берді.(сурет 3)

Осыдан кейін үй жағдайында жаңа өскіңді қалай өсіру керектігін үйреніп жəне де гүлдерді тек əдемілік үшін ғана емес, сонымен қатар бөлме ауасын тазарту үшін де қажет екендігіне көз жеткізу болды. Гүлдің біздің өмірде алатын орны ерекше. Гүл отырғызған адамның көңіл-күйі көтеріңкі болады.Сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Сондай-ақ әдемілік үшін біздің бау- бақшаларымызда да тұрады.

Ғылыми жобаның мақсаты: гүлдерді үй жағдайында қалай өсіру керектігін зерттеп анықтау, гүлдердің адамға деген әсерін айқындау.


Жұмыс міндеттері: жаңа өскіңді үй жағдайында өсіру жағдайлары, бөлме гүлдерін күтіп- баптау.


Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда көптеген балалар бос уақыттарын ұялы телефондармен немесе компьютердің алдында өткізеді. Ал мен бос уақыттымды гүлдерді күтіп- баптаумен өткіземін деп шештім. Қазіргі таңда бос уақытты тиімді пайдалану, гүлдерге қамқорлық көрсету шараларын қолға алу мәселелері өзекті болып табылатыны белгілі. Зерттеу жұмысы қала шетіндегі көгалдандыру ЖШС Озелинительдегі гүл күтушілердің ақыл- кеңестеріне сүйене отыра жүргізілді.













НЕГІЗГІ БӨЛІМ

.

2.1 Гүл туралы жалпы түсінік


Гүлдер де адам сияқты оларды жақсы көргенін сезеді.Адамның көңіл- күйіне байланысты өсіп жетіледі.




өседі




қоректенеді

тыныс алады


көбейеді

қурайды





Су құю

тазалық

Жарық мөлшері

Жайлы орын

Тыңайтқыш пайдалану

Жылудың әсері













2.2.Гүлдердің қолданылуы Гүл – əдеміліктің, нəзіктіктің, жұпар иістің, тазалықтың белгісі. Сыйға гүл тартсаңыз, адамның көңілі жадырайды. Гүлдер əртүрлі мақсаттарда қолданылады. Мысалы:

  • Ауаны тазартады

  • Гүл турған жерде ұрыс-керіс болмайды

  • Адамның көңіл- күйін жақсартады.

  • Дәрілік қасиеттері де бар



2.3. Зерттеу жұмысы: Зерттеу жұмысымды көгалдандырудан әкелген жаңа өскіннен бастадым.


1. Топырақты арнайы ыдысқа салып, ортасын шұңқыр етіп қаздым. Содан кейін көгалдандырудан әкелген жаңа өскінді ыдысқа отырғызып, су құйдым


2. Күн аралатып су құйып жүрдім.

3. Бірнеше күннен кейін гүлдің біраз өскенін байқадым

4. Нәтижесінде мен баптап өсірген гүл жайқалып өсті


ҚОРЫТЫНДЫ:


Бұл жұмыстан менің түйгенім гүлді өсіріп, баптауда адам ерекше сезімге бөленеді екен. Менің көңіл-күйім жақсарды. Өзім еккен гүлге қарап, тамсанатын болдым. Əсіресе, гүлдер үйдің шаңын жұтып, бізге таза ауа бөлетінін білгенімде таң қалдым. Үйдегі басқа да гүлдерге өзім қарап, суғаруды өз мойныма алдым. Менің бұл іс-əрекетім топтағы басқа да балаларға үлгі болады деп ойлаймын. Жəне өз достарымды да гүлді жұлмай, оларды аялауға шақырамын. Гүл – әсемдік белгісі.













ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:



  • Паркер С, Уильямс Б, « Сұрақ және жауап»

  • Иващенко А.А « Қазақстанның өсімдіктер әлемі» Алматы қаласы, « Алматы кітап»

  • Баталов Э.Н « Қазақстанның өсімдіктер әлемі»

  • Мектеп кітапханасы

  • "Гүлстан" республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журнал, 2010 ж

  • Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 1998 ж., 10 томдық

  • Интернет желісі.

































Қосымша:


Сурет 1 Гүлдің жаңа өскінің алу үшін Сурет 2 Біз қала шетіндегі көгалдандырудамыз

ЖШС «Озеленительге» бардық


Сурет 3 Көгалдандырудың ішін аралап Сурет 4 Гүл күтушілердің кеңесін тыңдадық

апайлардың еңбегін бақыладық



Сурет 5 Жаңа өскінді де алдым Сурет 6 Анамның көмегімен ыдысқа отырғыздым



Сурет 7 Гүлге қамқор бола бастадым Сурет 8 Гүлім ақырындап өсе бастады



Сурет 9 Гүлдің алғашқы көрінісі Сурет 10 Гүлдің дамуы




Сурет 11 Гүлдің өсе бастауы Сурет 12 Гүлдің қазіргі көрінісі

8



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!