Материалдар / Ғылыми жоба "Ғашықтар жырларындағы діни үғымдар мен салт-дәстүрлердің байланысы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба "Ғашықтар жырларындағы діни үғымдар мен салт-дәстүрлердің байланысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ғылыми жоьамен айналысқысы келетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне және оқушыларға қажет. Ғылыми жобаның негізгі құрылымын қалай жасауға болатыны туралы толық мәлімет алуға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2018
811
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «№4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектеп » Мемлекеттік мекемесі





ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы:Ғашықтар жырларындағы діни ұғымдар мен салт-дәстүрлердің байланысы



Бағыты: Қазақтың тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары



Секция: Қазақ әдебиеті



Жас ізденуші: Азат Тоғжан МейірханқызыЖетекшісі: Тұяқова Зинегүл Қуандықызы



Ғылыми кеңесші: Сүлеймен Демирел атындағы Университеті,филология кафедрасының меңгерушісі,филология ғылымдарының кандидаты,доцент Еркінбеков Ұлан













Мазмұны І. Аннотация ІІ. Кіріспе ІІІ. Негізгі бөлім:
  • «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында кездесетін
салт-дәстүрлер мен діни ұғымдар
  • «Қыз Жібек» жыры бойынша кездесетін салт-дәстүрлер мен діни ұғымдар


  • «Айман - Шолпан» жырындағы салт-дәстүрлер мен діни ұғымдар


ІҮ. Қорытынды Ү. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

























№4 Тілеміс батыр орта мектебі Мемлекеттік мекемесінің 10-сынып оқушысы жас ізденуші Азат Тоғжан Мейірханқызының «Қазақтың ғашықтар жырындағы діни ағымдар мен салт-дәстүрлер» атты ғылыми жобасынаПІКІРХалықтың ауыз әдебиеті адам баласының қоғамының дамуымен бірге дамып, өсіп, көркейіп, қанатын кең жайып, мазмұны да әр қоғам даму саласына қарай идеясы да өзгеріп, жаңарып отыратындығын, жаңа дәуірде жыршы жаңа идеялы өлең-жыр шығарып, халқымыздың арманын, тілегін, мақсатын көрсетіп суреттейтінін, жырлайтынын біздің алдымызда отырған өскелең жас ұрпақтарымыз, болашақ ғалымдарымыз жақсы біледі, түсінеді. Олар халық шежіресінің теңіздей терең, даладай дархан құнарлы қайнар көзінен нәр алады. Ғылыми жұмысында Ұлы Сократтың «Ізденуші» деген дана пікірін пайдаланып, көркем жырлардың табиғатынан алтын сөз кенін іздеп тауып, оған әдеби талдау жүргізгені аңғарылады. Қазақ поэзиясында ертеде туған және күрделі оқиғаға құрылған ғашықтар жырындағы діни ағымдар мен салт-дәстүрлерге ерекше тоқтала отырып, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» жырларын салыстыра дәлелдеген. Ізденуші халқымыздың өмір тәжірибелеріне ұтымды, жинақы, образды, айшықты өткір сөз орамдарын тере отырып, көркем шығарма тілін жандандыратын, астарлап бейнелей суреттеудің дайын құралдарының бар екеніне, оның сөз байлығын молайта түсетініне көзін жеткізеді. Жас ізденуші Азат Тоғжан Мейірханқызы ғылыми жұмыс жазу барысында, бастаған ісін соңына дейін аяқтай алатын тиянақтылығын, зерделілігін, біліктілігін таныта алған.

Сүлеймен Демирел атындағы Университеті,филология кафедрасының меңгерушісі,филология ғылымдарының кандидаты,доцент Еркінбеков Ұлан











Аннотация Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Қазақтың ғашықтар жырындағы діни ағымдар мен салт-дәстүрлер Ғылыми жұмыстың мақсаты: Зерттеудің алдына қояр негізгі мақсаты – қазақ поэзиясында ертеде туған күрделі оқиғаға құрылған жырлардың бір бөлігі – лиро-эпос жырлары екендігін, оның мазмұнының осы уақытқа дейін әдемі сақталуын ескере отырып, бұл жырдағы бір-біріне ғашық болған екі жастың өмірін баяндаумен бірге, қоғамдық мәні бар әңгімелерді қамтыған, халықтың өткендегі тұрмыс-салтын суреттеген жыр екендігін таныту.

Ғылыми жұмыстың болжамы: Өткен замандағы жастардың бас бостандығын алуы, олардың арман-мүдделеріне жетуі мен сүйгеніне қосылуы жолында лиро-эпос жырларында ұнамды қаһармандарға шет жаулардың іс-әрекеттері емес, ескі салт-санадан туған әр алуан бөгеттердің болатындығын ескеріп, халықтың өткендегі тұрмыс-салтын суреттеген жыр екендігін, оның жыр барысында қалай қолданылғанын зерттей отырып, оған әдеби талдау жүргізу. Ғылыми жұмыстың кезеңдері: 2016 ж. қыркүйек- желтоқсан Ғасырлар бойы ел аузында сақталып, атадан балаға мұра ретінде қалып келген ғашықтық жырларын толық оқып танысу, салыстырмалы түрде талдау.

2017 ж. қаңтар-мамыр Лиро-эпостық жырлардың тақырыбына, оқиғасына баса назар аудара отырып, олардың тарихи жырларға жақындығын толық түсініп оқып, олар туралы жазылған ғалымдардың пікірін оқу.

2017ж. мамыр-қыркүйек Лиро-эпостық жырлардың идеялық мазмұны, композиция құрылысы, тілі, тағы басқа жағынан ойдың негізгі қазығын түйіндеу және оған талдау жасау.

2017ж. қазан-желтоқсан Ғашықтық жырлардағы әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің оқиғаны суреттеуде көрсетілген іс-әрекеттеріне қарай жүйелеп, сұрыптап, әдеби талдау жүргізу. Ғылыми жұмыстың жаңалығы мен дербестік дәрежесі:

Зерттеу объектісі етіп алған ғашықтық жырларындағы ұлттық мәдениеттің мәйекті бұтағы, халық рухының ажырамас бөлігі діни құндылықтар мен салт-дәстүрлерінің қаншалықты жырда молырақ қамтылғанының жемісінде, ойды тереңірек қамтып, ажар, рең беріп отырғандығын әдеби талдаулар арқылы нақты мысалдармен талданды. Жырдың қазақ фольклорын байытып отырғандығы осы уақытқа дейінгі ғалымдар назарынан тыс қалған емес. Біз ғашықтық жырлардағы халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттіліктері дамып, жаңа мағынаға ие болғандығын ашуға тырыстық.



Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

Ғашықтық жырларындағыдай сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген «сегіз қырлы, бір сырлы» абзал азамат өсіру ісі халқымыздың ғасырлар бойғы ой-арманы болып келгенін біздің келешек өскелең ұрпағымыз біле түссе екен дейміз. Осы арман, ақыл-ой, адамгершілік, кәсіптік және эстетикалық тәрбиенің түрлері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа заманалар бойы халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, діни құндылықтарын өскелең ұрпағымыздың бойына сіңіріп, оны іске асырып отыруымыз керек. Қандай шығармалар болса да осындай ұлттық құндылықтар арқылы мазмұны байи түседі.







































Аннотация Тема научной работы:«Религиозные направления и традиции в лироэпических поэмах о любви»Основная цель работы: Показать важность лироэпических поэм,как поэм, рассказывающих о древней истории народа; жизни и быте казахского народа, о любви молодых. Среди казахских этических сказаний особое место занимает лироэпические поэмы, в которых необладающей является тема любви,жестокость старых нравов и обычаев. В этих произведениях рисуются картины внутренней мирной жизни казахских аулов,действие переносится в сферу феодально-родрвых отношений со множеством конфликтов, преград в том числе любовных и психологических, делается упор на изоброжение традиций,обычаев,моральных достоинств,глубоких чувств и переживаний героев. Поэтому для меня было важно перевести литературный анализ, исследуя их содержание.AnnotationThe theme of scientific work is Religious movements and traditions in Kazakh love.Purpose of scientific work:  The main purpose of the research is to emphasize that one of the poems written in ancient Kazakh poetry is lyric-epic poems, and its content is beautifully preserved so far, as well as telling the story of the lives of two young adults who love each other, to show that the people are a symbol of their past life.Forecast of scientific work:  In the past, the young people's freedom to take part in the pursuit of their dreams and interests, not only the actions of foreign enemies in the lyric-epic poems, but also the diversity of old traditions, to analyze literary analysis of how it was used in the poetry.The degree of novelty and autonomy of scientific work:    The pearl of the national culture, which is the object of the study, has been analyzed by means of literary analyzes, as an integral part of the spirit of the people, as a result of the richness of religious values ​​and traditions. The fact that the gyro enriches Kazakh folklore has been ignored by scientists. We tried to find out that the needs of life have evolved and gained new meaning through the birth, and transformation of generations from generation to generation.

Results of scientific work:     The sense of beauty is as fresh and intelligent as it is. We want our future generations to know that the nation-wide idea of ​​the "eight-sided, one mystery" is a centuries-old dream. Throughout the centuries, we have to absorb the traditions and customs of people and their religious values ​​into the younger generation, through their dreams, mental, moral, professional and aesthetic upbringing. Whatever their works, they are rich in content through such national values.

Кіріспе Фольклор – халықтың өзімен бірге туып, бірге жасайтын, бірнеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ескірмейтін, ұмытылмайтын, қайта жандана түсетін құбылыс. Осындай қазақ халқының бай фольклорлық мұраларының бірі, қазақтың ауыз әдебиетінің мол әрі рухани асыл қазынасы - махаббат тақырыбына арналған лиро-эпостық дастандары. Лиро-эпостық жырлар өзінің тақырыбы жағынан өткен дәуірдің күрделі әлеуметтік проблемаға құрылған, бұл жырлардың өлмейтін көркемдік қасиеті – қоғам өмірінің ұсақ сыртқы көрінісін емес, ішкі сырын, жұмбағын, философиясын жинақтайды.(«Қазақ фольлклорының тарихы.» ). Мазмұны мен көркемдік жағынан алғанда ауыз әдебиетінің классикалық дәрежеге көтерілген туындылары. Олар - даналықтың көзі ретінде адамды өзіне баурап алатын, тәнті ететін, теңдесі жоқ асыл дүниеміз. Оның сырын ұғыну үшін терең зерттеуді, үлкен еңбекті талап етеді. Бұл жырлар туралы ұлы жазушыларымыз бен фольклорист ғалымдарымыз өз еңбектерінде зор құрметпен қарап, жан-жақты сипаттап, зерттеген. Атап айтсақ, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Ғабдуллин, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, С.Садырбаев және тағы басқалар. Ғалым Сұлтанғали Садырбаевтың зерттеуінде: «ХХ ғасырдың отызыншы және елуінші жылдары қазақ халық әдебиетін (фольклорын) жинау, жариялау және зерттеу өте қауіпті болды. Мысалы, кім «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын зерттесе, ол қазақтың ежеқабыл (болашақ ұл-қыздары іште жатқанда атастыру) заңын дәріптейді, ал егер кім «Қыз Жібек» жырын зерттесе, ол қазақтың көшпелі дәуіріндегі әмеңгерлік салтты мадақтайды. Әйтеуір, ілік табу. Ұлы фольклорист ғалымдар Мұхтар Әуезов пен Мәлік Ғабдуллин ағаларымыз сондай саяси қысымға қарамастан, қазақ ауыз әдебиетін шексіз сүйіспеншілікпен қорғады» -дейді. Батырлар жыры сияқты лиро-эпос жырлары да бір дәуірдің жемісі емес. Бұл да талай ғасырмен бірге жасасып, әртүрлі жағдайлардың, таптық, қоғамдық тілектердің ыңғайына қарай өзгеріп отырады, қаншама қайшылықтарды, кемшіліктерді бастан өткізеді. Сондай-ақ үстем тап өкілдері де өз мүддесіне пайдаланып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының жат жақтарын көрсетіп ұмыттырмақ болды. Алайда, осы қайшылықтарға төтеп беріп, қазақ халқының салт-дәстүрін сақтап жеткен дастандардың бірі – ғашықтық жырлар. Ғашықтық дастандарда тек екі жас арасындағы махаббат, сүйіспеншілік қана емес, оларда көшпелі қазақ тіршілігінің әлеуметтік, тұрмыстық жағдайлары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, дүниетанымы, өмірге көзқарасы мол көрініс тапқан. Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан басты үш ерекшелігі бар. Ең алдымен, батырдың халық мүддесі жолындағы күресін негізгі тақырып ететін батырлық эпостай емес, ғашықтық дастандардың өзекті тақырыбы – екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет-зары, махаббаты. Екіншіден, батырлық дастандарда шешуші рөл атқара бермейтін рулық қарым-қатынастар, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласына заңды түрде қабысады. Оларда махаббаттың мәңгілік тақырыбы ерекше түрде жырланады. Бұл ерекшелік рулық қоғамда (қазақ қоғамында) басым болған әдет-ғұрып пен көшпелі тұрмыс жағдайларына байланысты, яғни ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген, ескі рулық заманның неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттары үстем болған. Мысалы, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастандарының драмалық негізінде «еже-қабыл» салты жатыр. Бұл салт бойынша ата-аналары әлі дүниеге келмеген нәрестелерді күні бұрын атастырып, белқұда болып қояды. «Айман -Шолпан» дастанының драмалық негізінде барымта салты және кек үшін қызды тұтқынға алған әрекет жатыр. Ал «Қыз Жібек» дастаны әмеңгерлік салтына құрылған. Бұл дастандардың батырлық жырдан үшінші айырмасы соларда образдар реалистік түрде сипатталады. Егер батырлық жырларда батыр бес жасқа келгенде-ақ ерлік жасап жатса, оның образы шындықтан шалғай, шартты түрде алынса, ал ғашықтық жырында кейіпкерлер өздерінің хас қасиеттерімен көрінеді. Ғашықтық жырларда дастанның оқиғалары мен кейіпкерлердің іс-әрекеттері психология жағынан нанымды да терең мотивировка табады. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында жалғызын, яғни ұл бала күтіп жүрген Сарыбай Қарабайдың тілегі бойынша маралды атады. Оқ тиген соң келсе, марал буаз екен. Ішінен екі лақ шығады. Соны көріп, дәті шыдамай шошып, түйіткіл алған Сарыбай дүние салады. Ғашықтық жырларда кейіпкерлердің мінез-құлқы соншалықты айқын да нанымды суреттеледі. Қазақ ауыз әдебиетінде лиро-эпос жырларының ертеден келе жатқан бірнеше үлгілері бар. Солардың ішінде бастылары деп «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»,«Қыз Жібек», «Айман -Шолпан» жырларын айтуға болады. Бұл жырларда тек ғашықтық, махаббат идеялары ғана қамтылмайды, сонымен қоса халықтың ертедегі тұрмысы, салты, қоғамдық мәні бар жайлары және көптеген діни ұғымдар да қамтылады, халықтың тұрмыс-салтынан туып дамиды, күрделі мәселелер айтылады. Ғашықтар жыры - ең алдымен, халықтың ертедегі жалпы әдет-ғұрпына, үйлену салтына байланысты туған. Онда көбінесе бір-біріне ғашық болған жұбайлар жайлы, олардың арман-мүдделеріне жетуі, сүйгендеріне қосылу жолында көптеген бөгеттерді жеңе алмай ауыр аза, зор қасіретке ұшырағандары жырға қосылады. Бұл ретте халықтық негізінде туған лиро-эпос жырлары өткен заманның жастарға жасаған озбырлық әдет-ғұрпын әйгілеп сынға алады. Біз ғашықтық жырларын ғашықтық жырлар ретінде ғана сыңаржақ танытып келген сияқтымыз. Қазір құдайға шүкір, тәуелсіздік заманда ғашықтық жырындағы ұлттық салт-дәстүріміз бен діни ұғымдарын бұрынғыдай жабулы күйінде қалдырмай, ашқанымыз жөн сияқты. Халықтық көркем жырларын қандай жолмен болса да келер ұрпаққа мұра етіп, зерттеп қалдырсақ, олардың есінде мәңгі қаларына кәміл сенемін. Негізгі бөлім «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында кездесетін салт-дәстүрлер мен діни ұғымдар

Бүгінде ғашықтық әлемінің үлгісі деп танылған «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» дастанында ғашықтықтан бұрын салт-дәстүрлер дәріптеледі. Салт-дәстүрлер – сол ұлттың өмірге деген көзқарасына, тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне байланысты қалыптасып дамиды. Қозы өмірінде көрінген Шығыс дастандарындағыдай түсіне де кіріп, аян бермеген Баянды ғашық болып іздемейді, әкесінің бел құдалығын ( қазақта бел құда, бесік құда секілді дәстүр болған) бұлар тумай тұрып құдаласып қойған ақ батасын бұзбау үшін қайтсе де әке өсиетін орындау үшін іздейді. Бел құда дегеніміз – ауылы аралас, қойы қоралас отырған көршілес, жапсарлас отырған екі рулы елдің, екі жанұя басшысының, отағасының өзара келісімімен аяқтары ауыр, жүкті жұбайларының құрсағында жатқан, әлі дүниеге келмеген болашақ нәрестелерді өзара атастыру ырымы. Жырды ерекше ажарлап, көрік беріп тұратын қазақ халқының бел құдалығынан басқа естірту, жоқтау, қоштасу, жар-жар, ас беру, арыз айту, жұбату, жаушы жіберу, жеңгетай, сәлемдеме, бата-тілек, тағы басқа салт-дәстүрлер және көптеген діни ұғымдар кездеседі. Жырдың ең алғашқы басталуында Сарыбай ерте тұрып пандатын оқып аңға шығады. Бұл жерде пандат дегеніміз – ертеңгі оқылатын намаз. Яғни, Сарыбай дін жолын мықты ұстанған адам десек болады. Бұған нақты дәлелді жырдан үзінді келтіруге болады. Мысалы: Ерте тұрып пандатын үйінде оқып, Сарыбай да сахарадан аңға шықты.(104-бет) Сахараның төрінде кездейсоқ кездескен Сарыбай мен Қарабай екеуі де бір перзентке зар болатын. Екеуі де сәулетінен дәулеті асқан бай болғанымен, бір ұрпақ көрмей арманда өткен болатын. Сәті түскен кездесуден Сарыбай мен Қарабай Алланы ауызға алып, бір-біріне серт берісіп, төс қағысып құда, дос болуға келіседі. Бұл жерде серт ұғымы қолданылып тұр. Яғни, ертеде қазақта діни наным-сенімінде серт деген ұғым болған. Мысалы: Ауыр дәулет беріпті Алла нәсіп, Аузынан уағда мен серт берісіп. Екеуі жапан түзде бек сөйлесіп, Дос болды ақыреттік құда десіп
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!