Материалдар / Ғылыми жоба "Менің өмірімдегі математика"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба "Менің өмірімдегі математика"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал барлық бастауыш сыныпқа арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2019
2413
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ







«Менің өмірімдегі математика»

қалалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы





Тақырыбы: Менің өмірімдегі математика


Бағыты: «Өміріміздегі математика»

Жоба авторы:

Манат Саян Алмасұлы ,

ТАӘ


4 сынып оқушысы

«№137 негізгі орта мектебі» КММ


Жетекшісі:

Багдат Харахат,

ТАӘ

Бастауыш сынып мұғалімі.

Қызметі


Қарағанды қаласы, 2018

Мазмұны



Түйіндеме ( Аннотация ).........................................................................................3

Кіріспе бөлім.....................................................................................................4-6

Негізгі бөлім .........................................................................................................7

2.1. Математика ас үйде..........................................................................................7

2.2. Математика бизнесте/ саудада/.................................................................8-10

2.3.Математика тігін саласында......................................................................10-11

2.4. Математика бақшада................................................................................12-14

Қорытынды бөлім ..............................................................................................15

Пайдаланған әдебиеттер ......................................................................................16







































Түйіндеме ( Аннотация )



Математиканың бастапқы мағлұматтары барлық халықтарда болған.

Математика – нақтылықты талап ететін ғылым саласы.Математиканың күнделікті өмірде маңызы өте зор. Математикамен бала күннен бастап қоректеніп, оның бұлтартпайтын дәлелдемелерін бойына молынан сіңірген адам ешбір алдамышқа оңайлықпен жол бермейтін шындықты қабылдауға дайын тұрады – деп Гассенди П.айтқандай математиканы күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Бұл жобада мен математиканы адам өміріне қажеттілігін төмендегідей жіктедім.

  • математика пәнінің маңыздылығын көрсету;

  • бастауыш сынып оқушыларының тұрмыс - тіршілігінде математиканы қолдана білуге үйрету;

  • тұрмыстық бұйымдарды өлшеп, жасай білу;

  • математика пәніне қызығушылығын арттыру;



























Кіріспе бөлім

Еліміздің ертеңі білімді азамттың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

Жемісті, жақсы иісті бәйшешек

Аралайық пайдасын көрем десек

Ұғымдағы милы жастың ойын қозғап

Үйретер талай тәлім, талай есеп “ – деп Шәкәрім атамыз айтқандай математика нақты ғылым болғандықтан ол барлық ғылымдармен байланысты. Сондықтан «математика біздің өмірімізге қалай әсер етеді?» деген сұрақ туындап, сол арқылы зерттеу жұмысымды бастадым. Яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтыны туралы, оны қалай оқып білу керектігі, оқушылардың қызығушылығын қалай арттыруға болатындылығы жайлы мәліметтер жинадым.Оқушыларға математиканың адам өміріне қаншалықты қажет екенін түсіндіру үшін көп жұмыс жасадым.

Негізгі сұрақ:

  • Математика сіздің өміріңізге қалай әсер етеді?

  • Күнделікті өмірде математикалық терминдерді қолданасызба?

  • Зат сатып алу үшінде математиканы білу қажет пе?

  • Тамақ істеу, киім тігу, ағаштан , темірден заттар жасауда математика керек пе?

  • Қай пәнде математиканы көбірек колданамыз?

Математика — менің өмірім. Математика ғылымы өмірмен байланысты қиын және өте қызық пән екендігімен ерекше. Әр түрлі әдіс-тәсілдермен әрі өмірмен байланыстыра өтілген әр сабақ оқушы санасына қонымды, әрі кейінгі өміріне азық болары сөзсіз.

Мақсатқа жетудің әрқашан бірнеше жолы болады, бірақ тек бір жолды — ең жақсысын, ең сәттісін, ең оңтайлысын таңдай білген жөн.Бұл жағдайдағы қиындық — «ең жақсы», «жақсы», «сәтті» түсініктер бір мағыналы емес және олар мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттерге байланысты, Мысалға, бір жағдайда «ең жақсы» өлшем процесті жүргізу жылдамдығы болуы мүмкін, екіншісінде — оның бағасы, үшіншісінде — алынатын сенім сапасы, ал жалпы алғанда осы параметрлер тегіс бір уақытта критерий қызметін атқарады.

Қайда болмасын сандармен кездесеміз. Мысалы: сабақ кестесінде, асханада, дүкенде, аялдамада….т.б. Дүкенге барғанда мен ойша қанша жұмсағанымды және дүкеншінің маған қайтаратынын есептеп тұрамын. Математика біздің өмірімізді тәртіпке келтіреді.

Қазіргі технологияның дамыған заманында компьютердің жыл сайын жаңа түрлері ойлап табылуда немесе өзі жүретінмашина, роботтар неге тек Жапониядан бастау алады. Неге ол біздің Қазақстаннан  жасалып, шығарылмайды. Ал оны шығаратын болашақтағы маман – біздер. Сондықтан экономикамыз қарыштап дамысын десек, Қазақстанымыз гүлденсін десек, жаңа технологияны дамыту үшін, өнертапқыштыққа жету үшін математикалық терең білім қажетті.Өмірде математиканы терең білмей орнын тауып жүрген адамдар көп. Әйтсе де математиканы жақсы білген адам көп болса, нұр үстіне нұр болар еді, яғни Қазақстанның болашағы нұрлы, жоспарлы жан-жақты білімді болар еді.

















 

Жұмыстың мақсаты: Математиканы күнделікті өмірмен ұштастыра отырып, оқушыларға күнделікті ас үйде, бизнесте, тігінде тұрмыстық заттар жасауда аса қажет екенін, үнемшілдікке үйрету,  математиканың  өмірде  қажеттілігіне көз жеткізу.

Жұмыстың міндеті: Математикадан алған білімдерін өмірде өз қажеттіліктеріне қолдана білуді қалыптастыру,басқаларды еңбекке тәрбиелеу.

Жұмыстың өзектілігі: Жоба арқылы ары қарай математиканы күнделікті қолдану, жеке кәсіп ашуға баулу.

Жұмыстың нәтижесі: Егер математиканы еңбекке баулу сабағымен ұштастырып , бағдарламаға енгізсек , математикаға деген әрбір оқушының қызығушылығы артып, келешек ұрпағымыз өмірге дайын, жатып ішер жалқау азаматтар жоқ болар деп ойлаймын.



































Негізгі бөлім

Математиканың қажеттілігін күнделікті өмірден көріп жүрген жоқпыз ба?!Әр қадам сайын жатқан математика емес пе?…



2.1.Математика ас үйде.

Ас үйде қандай тамақты дайындамас бұрын ең алдымен рецепт дайындап аламыз. Асты дайындау үшін мөлшері бар.Қажетті тағамды өлшеу үшін көлем мен салмағын білу керек.Мысалы,4-5 кісіден тұратын отбасына тәтті тоқаш дайындау үшін:

Қажетті заттар:

  • 1,5 пампушка маргарині

  • 400 гр қант

  • Ас қасықпен сода оған өте аз мөлшерде соданы көпіршітетіндей 3 тамшы уксус.

  • 2 дана жұмыртқа

  • 500гр ұн.

Әзірленуі:

Алдымен маргаринді ерітіп, оған қантты салып, миксермен араластыру.Дайын сұйықтыққа содаға уксусты тамызып, ертіндіге салу, көпіршігеннен соң жұмыртқаны одан дайын ұнды қамыр болғанша салып илеу.Қамыр жұп-жұмсақ болады.5 минуттан кейін қамырды жазып, дөңгелектеп кесіп,электр пешке 180 градусқа 20минут қойып пісіру. Тәтті тоқаш – дайын.

Picture 7

2.2.Математика бизнесте/ саудада/



Базарға барып сауда жасасақ немесе өмірге қажетті практикалық өлшеулер жүргізгенде математикалық өте терең білім қажет деп ойламаймын. Математикалық терең білім математика бағытындағы мамандықты таңдаған адамға аса қажет және ол адам өз мамандығы бойынша өз саласын дамытады. Барлық адамның қабілеті бірдей емес. Сондықтан математикаға қабілетібар адам ғана математикалық терең білім алып, ал математикаға қабілеті төмен адам күнделікті қажетті математикалық есептеулерді білсе жеткілікті. Бизнес-жоспар – бұл біздің экономикалық лексикамызда біршама жаңа категория. Кез келген жаңа элемент сияқты оны пайдаланудан бұрын оның дұрыс түсінілуі керек.Бизнес-жоспар бұл сіз өз бизнесіңізбен жетуді қалайтын нәрсе мен өзіңіздің мақсаттарыңызға жету үшін қолда бар ресурстардың пайдаланылуын жоспарлайтын тәсілдің қағазға түсірілген моделі болып табылады . Жақсы бизнес-жоспар логикалық түрде жоспарланған іс-әрекеттердің сызбасы болып табылады. Ол келешекте бизнеске мағына беруді жорамалдайды. Сіздің алдыңызға қойған мақсаттардан шыға отырып, ол осы мақсаттарға қатаң белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін сізге есептеу мен дәлдіктер қажет болады.Мысалы кешке жұмыстан, сабақтан келген кездерде барлығымыздың да жақсы жұмсақ ыңғайлы, көп жер алмайтын, тазалап қозғауға ыңғайлы мини диван болғанын қалаймыз.Ол сауда нүктелерінде өте қымбат және ауыр, көп қолданысқа келмейді.Оны үй жағдайында арзан, сапалы, жеңіл түрде жасап алуға болады.Бизнес көзін жасауға да боады.

Қажетті материалдар:

  • Кететін брус 2441см немесе 24м41см

90см-1д

22см-8д

42см-2д

54см-2д

53см-9см көлденең қию

94см-4д

100см-4д

104см-2д

82см-3д

52см-3дкөлденең

40см -3д

  • ДВП 1,5х1

  • 1кг 70тің шегесі 500гр 40-тың шегесі

  • 3 дана 4см пароллоны

  • 6м мата

  • 1 дана скоб

  • 1,5 м ақ мата

  • 1 қол пистолет









2.3.Математика тігін саласында./Мектеп технологымен әңгіме/



Киім тігуде ең қажеттісі , ол адамның өлшемін дұрыс есептеп алу.Ол үшін математиканы білуіміз керек.Сантиметрлік өлшеммен оның иығын, ұзынды- ғын,жеңінің ұзындығын,енін өлшейміз.Сосын фасонын таңдап, өлшеп алынған өлшемдер бойынша қиямыз. Математикалық есеп бойынша қайырғанда матадан қосымша қалдыру керек екенін ұмытпай бәрін дәптерге жазып отырамыз.Содан кейін барып тігуге кірісеміз.Дәл, нақты өлшенген матадан сәнді де,әдемі көйлек тігіледі.  Жеті рет өлшеп, бір рет кес демекші, есеп дәлірек болғаны жөн.Қазір көбіміз жер үйде тұрамыз.сондықтан қыс мезгілінде отын даярлау үшін жылы қолғапты сатып алмай – ақ қолдан тігіп алуға болады.

Қажетті материалдар:

  • Ескі женси шалбар

  • 50см синтифон

  • 53смх70смастарлық мата

 






















2.4. Математика бақшада

Күнделікті жазғы мезгілде қиярды дүкеннен жатып алмай – ақ , өзіміздің бақшада өсіруге болады.

Тұқымдарды отырғызу. қияр тұқымының 10-15 талын салып, әр уақытта мақтаның дымқыл болуын қадағалап, жылы жерге қойдым . 6 күннен кейін ыдыстағы қияр өскінінің алғашқы жапырағы шықты. Жүйектер жасау.Жүйектердің ені 60-70 см, қатардағы өсімдіктер арасындағы ара қашықтық 15—20 см.

Қиярдың күтімі. Жүйектердің топырағын қопсытып, арам шөптерін жұлып, жаңа өскен сабақтарын қыстырып, суардым. Кейіннен қопсыту жұмыстарын әр 10 күн  сайын қайталап тұрдым. Қопсыту жұмыстарымен бірге арамшөптерін жұлдым. Бірақ тамыр сабағына абай болу керек. Қиярды бірқалыпты, мол суарады. Судың жетіспеушілігі қиярдың тез өсуіне кедергі

болады, сондықтан қиярды кешке қарай, күні бойы күн астында тұрған жылы сумен де суғардым. Бұл қиярдың тамырларының суып кетуіне жол бермейді.



Picture 16

Қиярдың жемісі. Жеміс піскен кезде әрбір 2 апта сайын минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек. Дұрыс күтіп-баптағаннан кейін маусымның 30 –ынан бастап өнім ала бастайсың. Қиярдың салмағы 75 г, ұзындығы 12 см болады.



Математика пәніне қызығушылық

танытқан оқушылар



«Менің өмірімдегі математика» тақырыбына 3 «А» сыныбы оқушыларына сауалнама жүргізген едік.Барлық қатысқан оқушы 19.Нәтижесі төмендегідей.

Оқушыға арналған сауалнама

1.Математика пәнін ұнатасың ба? ____________________________________________________________

2.Математиканың өмірде пайдасы бар ма? Бар болса қандай? _____________________________________________________________

3.Ұнайтын пәндер ______________________________________________________________

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!