Материалдар / Ғылыми жоба "СӨС насихаттау, ішімдік ішу, темекі шегу және ерте жүктіліктің алдын алу.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба "СӨС насихаттау, ішімдік ішу, темекі шегу және ерте жүктіліктің алдын алу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба "СӨС насихаттау, ішімдік ішу, темекі шегу және ерте жүктіліктің алдын алу. Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен алдын алу жұмыстары туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2020
473
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы, Есперлі ауылы

«Есперлі негізгіорта мектебі»КММ











Тастемирова Маржангуль Еркебулановна

Туған күні: 12.09.1995 жыл



Жұмыс орнының атауы: «Есперлі негізгі орта мектебі»КММ



Тақырыбы: СӨС,темекі шегудің және спирттік ішімдіктерді тұтынудың алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу, отбасылармен жұмыс, ата-аналар мектебімен алдын алу жұмыстары.



























ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І.ТАРАУ

1.1. Жасөспірімдермен СӨС-тың насихаттау, темекі шегудің және ішімдік ішімдіктердің алдын алу

1.2. Ертежүктіліктің алдын алу

ІІ. Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жүргізілетін жұмыстары

2.1. Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.











































МАҚСАТЫ:

  • Жасөспірімдер арасында СӨС-тың ұстанып, зиянды заттардан аулақ болуға баулу

  • Бала құқығын қорғап, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау;

  • Ата-аналардың тәрбиеге көзқарасын жандандыру мақсатында алдың алу жұмыстарын жүргізу.





МІНДЕТТЕРІ:

  • Жасөспірімдердің СӨС-тың насихаттау барысында, темекі және ішімдіктерді тұтынудың алдын алу жұмыстары;

  • Ертежүктіліктің алдын алу жұмыстарын жүргізу;

  • Ата-аналармен әлеуметтік-педагогикалық бағытта жұмыс жүргізу;

  • Отбасындағы бала тәрбиесіне бақылау жүргізу, қадағалау;

  • Отбасындағы жағдайды анықтау, жұмыс жоспарын құру;































КІРІСПЕ

Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», – деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күресу қажеттілігін атап көрсеткен. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы зиянды заттарды қолдану көбейіп кетті. Сондықтар мемлекет тарпынан және мектеп, ата-ана тарапынан алаңдаушылық туындауда. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында зиянды заттарды қолданбау, керісінше салауатты өмір салтын ұстануға ұстаздар және ат-ана тарыпына біріккен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдерді, бойжеткен қыздарды тәрбиелеу бағытында әртүрлі мектептер ашылды. Олар: «АНА мектебі», «Әке мектебі», «Ата мектебі», «Әже мектебі» дегендер бар. Яғни бұл мектептердің негізгімақсаты:

«Жасөспірімдерді, бойжеткен қыздарды дұрыс тәрбиелеу. Үлкен өмірге дайындау, жеке тұлға болып қалыптасуына көмек беру болып табылады. Жасөспірімдердің өмірінде отбасының алатын рөлі өте зор. Сондықтан бала тәрбиесіне тек қана мектеп ұжымы емес, сонымсен қатар ата-ана және ақпараттық құралдармен қоса, қоғамда өз септігін тигізуі қажет.

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Қазақ отбасында әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.

Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі отбасында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

Ұлттық салт-дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда әсірісе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып- ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.

Бүгінгі менің қозғағалы отырған тақырптарым денсаулық жаулары деп аталатын “ішімдік ішу”, “шылым шегу”, “нашақорлық” сияқты зиянды әрекеттерге тоқталамыз. Жасөспірімдер бойжеткендер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу және салауатты өмір салтына баулу.Олардың адам ағзасына тигізетін зияны, өміріне туғызатын қаупі туралы түсінік бермекпін.

Максүнемдік, темекі шегу және ерте жүктілік сияқты зиянды әрекеттер соңғы кезде қоғамда көптеп орын алуда.

Отбасындағы психологиялық жағдайдың шиеленуі, ата-ананың ұрыс-керісі, маскүнемдігі сияқты жайсыздықтар да балалардың үйінен қашып, түрлі топтарға үйір болуына ықпал етеді.

Кейде балаларды алкогольге үйрету отбасынан басталады. Ата-аналары, әсіресе әкелері, өгей әкелері, ағалары, аталарының өздері балаға ішімдік береді. Зерттеулерге қарағанда, тіпті 4-8-10 жастағы балалардың ішімдік ішіп көргенін анықтап отыр.

Негізі балалар алғашында алкогольді ішімдікті жай ойнап, ермек ретінде қабылдайды, алайда кейін біртіндеп оған деген тәуелділік туындайды. Ересек балалар туған күн, мектепті бітіру кештерінде, мейрамдар мен салтанаттарда ішімдікке жақын бола түседі.соның әсерінен кейбір жасөспірім қыздарда ерте жүктілікке әкеліп соғуы мүмкін.

Жасөспірімдердің болашағын ойлай келе ұстаздар және ата-аналар біріге алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет.

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ МАҚСАТЫ:

    • Әр тұлғаның психология-медико-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау және оқушының тәртібіндегі кездесетін қиыншылықтарын қадағалай отырып, өз уақытысында әлеуметтік көмек көрсету, мүддесін қолдау, құқығын қорғау.

МІНДЕТІ:

  • отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың тұлғалану үдерісінің дамуына тікелей әсер ету;

  • Баланың құқықтары мен қызығушылықтарын, түрлі инстанцияларда және мектепте баланың қорғанышы ретінде өзі немесе басқа да мамандарды қатыстыра отырып қорғайды;

  • Бала тәрбиесінде отбасына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету. Тұлғалану үдерісіне кері әсерін тигізетін әлеуметтік қатерлі отбасыларын анықтау;

  • Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізу;

  • Мінез-құлқында ауытқу байқалатын балалар мен жастарды дер кезінде анықтау, асоциалдық мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын (қылмыстың, құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің, таксикоманияның, наркоманияның және т.б. алдын алу жұмыстарын жүргізу).

  • Салауатты өмір салтын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады, оқушылардың ақыл-ой және физикалық дамуына байланысты түзету-оңалдыру әрекетін ұйымдастырады;

  • Түрлі әлеуметтік топтарда сенімді қарым-қатынасқа түсе алуына көмек көрсету, әлеуметтену үдерісіне (кәсіп таңдауда, жұмысқа тұруда, денсаулығын нығайтуда, бос уақыттарын ұйымдастыруда және т.б.) ықпал ету;

  • Ата-аналарға, педагогтарға, басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік-педагогикалық кеңес берумен айналысады.



Әлеуметтік педагогтің қызметтік бағыттары

Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді:

  • балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін

психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;

  • социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау

арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады;

  • баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен

тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылуы себептерін анықтап, алдын ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету.

Әлеуметтік педагог төмендегі ережелерді қатаң сақтауы керек:

  • ата-аналар мен балалар өзін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс;

  • зерттеу мақсаты, жоспарлы, үздіксіз және жүйелі жүргізілуі тиіс;

  • зерттеу әдістері халықтық дәстүрлі тәрбие әдістерімен байланысты болуы тиіс;

  • психологиялық, педагогикалық әдістер әртүрлі, санқилы және кешенді пайдалануы тиіс.









    1. Жасөспірімдермен СӨС-тың насихаттау, темекі шегудің және ішімдік ішімдіктердің алдын алу

Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.

Тұңғыш ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкагольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және бағытталған» делінген. «Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» -дейді халқымыз . Ата бабаларымыздың бұл дана ой –пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Осыған орай қазіргі жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулуымыз қажет.  

Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында еліктеушілік немесе т.б мәселелер арқылы көптеген аурулар жүріп жатыр, бұл проблеманы шешудің негізгі жолы салауатты өмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау болып отыр. Бұл тұрғыда елбасы « Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында  «Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда, ауруларға қарсы күрес, денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз –азаматтарымызды салауатты өмір салтын әзірлеуден басталады» -деп атап көрсетті. Сондықтан келешегімізді ойлай келе жс жеткіншектерді Салауатты өмір салтын ұстануға бет бұрғызу керек.



  • ІШІМДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ

Ішімдік – бұл спирттік сусындарды ішуге физикалық және психикалық әуестігі бар күрделі ауру. Әртүрлі жастағы ер және әйел адамдар, кей кезде жасөспірімдер мен балалар да ішімдіктің құрбаны болады.
Біздің қоғамымыздың міндеті адамдарды осы қауіптен қорғау, ішімдік салдары және оның дамуы туралы ақпараттың қол жетімдігі мен таралуына ықпал ету, дені сау адамдарға спирттік суысын ішудің қатерін түсіндіру, жаңадан ішуді бастап келе жатқан ішкіштерді тоқтату және науқастарға көмектесу. Бұл үшін қорғаныс факторларын нығайту (ішімдікті ішу жағдайлары) және қауіп факторларын төмендету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу керек.
Қорғаныс факторлары:
*
Отбасындағы амандық, отбасы мүшелерінің берекелігі, өнегелі тәрбие, отбасындағы конфликттердің болмауы;
*Жоғары интеллект деңгейі, физикалық және психикалық денсаулық, күйзелістерге деген төзімділік;
*Молшылық, баспанамен қамтамасыздануы;
*Үнемі медициналық бақылау;
*Тұратын мекендегі қылмыстықтың төмен деңгейі;
*Өзін-өзі жоғары бағалау, туындаған проблемаларды тиімді шешу қабілеті, қыспаққа шыдамдылығы, эмоциясын және өзінің жүріс-тұрысын бақылауда ұстай білу;
*Қоғамдық нормаларды сақтау.


Қауіп факторлары:
*
Индивидтің психикалық және физикалық денсаулық проблемалары;
*Ішкіш ата-анадан туылған және олардан тәрбие алған балалар;
*Ішімдікті үнемі пайдаланатындармен сөйлесуі және құрдастарының қыспағына қарсы тұра алмауы;
*Жеке бас қасиеттері (төмен интеллект, өзін-өзі төмен бағалауы, көңіл-күйінің ауыспалылығы, өз-өзіне сенімсіздігі,

әлеуметтік нормаларды, құндылықтар және жүріс-тұрыс т.б. ұстануды қаламауы);
*Жыныстық қатынасқа ерте түсу;
*Отбасында жиі болатын конфликттер, отбасындағы төмен табыс;
*Мектептегі төмен үлгерімі, оқығысы келмеуі;
*Туыстармен, құрдастармен сөйлесу кездегі проблемалары.
*Адам өмірінде әртүрлі оқиғалар, жағдайлар болады, оларға әртүрлі уақытта қорғаныс және қауіп факторлары ықпал етуі мүмкін.



Ішімдік ішудің себептері:

НЕВРОСТЕНИКАЛЫҚ- ағзалар мен нерв жүйелері қызметіне орасан зор басылмайтын физиологиялық өзгерістер пайда болады да, олар дами түседі. Ұйқы нашарлап кетеді. Ой жұмысына деген қабілет мүлдемс жорйылып кетеді. Бас ауырады, ашуланшақ мендеп алады. Не болмаса, соған ашулана береді. Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады.

НАРКОМАНИЯЛЫҚ АЛКОГОЛЬДІК ПСИХОЗ БАСТАЛУЫ- Спиртке тәуелділік пайда болады. Адам ішпесе тұра алмайтын жағдайға келеді. Тұрақты маскүнемділік көзге көріне бастайды. Алкоголизмнің екінші сатысы 10-15 жылға созылады.

ҚОРЫТЫНДЫ НЕМЕСЕ ЭНЦЕФАЛОПАТИЯЛЫҚ- ешқандай үзілісті білмейтін, салынып ішетін адамдар әбден маскүнемдік фазасына көшеді. Бүкіл ағза әлсірейді. Адамс күш-қуатынан мүлдем айырылып қалады. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады.

ТЕМЕКІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Бүгінде балалар өте жылдам өседі немесе олар өте тез өседі, бұл олар үшін өте жақсы. Сондықтан, ересек адамның бәрінде,бәрі де ересек адам ретінде көрінгісі келеді. Балалар үшін ересектердің негізгі белгілерінің арасында, өкінішке орай, темекі шегу ерекше рөл атқарады.

Әрбір бала, жасөспірім, ересек адамның темекіге деген сүйіспеншілігін немесе ашкөздігімен қаншалықты аулақ болатынын көреді, ал баланы мұны істеуге рұқсат етпейді. Сондықтан көптеген адамдар өздерінің жақсы нәрселерінен айырылған деп ойлай бастайды. Бұдан басқа, темекі шегу ересек адам сияқты қарапайым тәсілі болып табылады, өйткені бұл үшін қасақана, маңызды іс-әрекеттер жасаудың қажеті жоқ.

Темекіні тартуды көптен бері әдетке айналдырған адамдарда никотинді қажетсіну сезімі туады, яғни олар темекі тартуын қойса немесе кемітсе, көңіл қошы болмай өздерін ауыр сезінеді. Қалай болғанда да никотин және темекінің жану барысында шығатын басқа да заттар денсаулыққа  зиянды  әсер ететіндіктен, темекі шегуден бас тарту қажет. 
Темекі тартудың бастапқы кезінде – ақ тыныс алу және жүрек тамыр жүйелері қызметінің бұзылып, дене мүшелері мен ткандердің оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлай бастағаны (темекі артерия қанында оттегін тасымалдайтын гемоглобинге кері әсер етеді) байқалады. Темекі тартатындар жұқпалы ауруларға   шалдыққыш мысалы, олардың араларында тыныс жолы ауруларымен ауратындар темекі тартпайтындарға қарағанда 4 есе жиі ұшырасады. Табиғи және өндірістік факторлардың қолайсыз әсеріне төзімсіз келеді. Темекі тарту жүрек тамыр жүйесінің тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің ауруға шалдығу, қатерлі ісіктің пайда болу қауіпін тудырады.



БАЛАНЫҢ ШЫЛЫМ ШЕГУІҢ ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ.

Балаға шылым шегуді анықтау өте қиын емес, себебі жасөспірімдер әдетте өздерінің хоббидерін қалай жасыруды білмейді. Демек, темекі шегудің негізгі белгілері көзге көрінбейді:

*темекі түтінінің айқын иісі,

*құрғақ жөтел,

*бет пен қол терісінің сарғайуы, тырнақтардың және тістердің сарғыш түстері (бұл әсіресе арзан темекі шегетін жасөспірімдерде байқалады),

*қоздырғышты, ауыспалы көңіл-күйді, агрессивті мінез-құлықты (бұл баланың тек темекіге ғана тәуелді емес, сондай-ақ, шылым шегу қоспаларына) тәуелді екенін көрсетеді

*сағызды үнемі шайнау (мүмкін, «жағымсыз» иісті «басуға» тырысып жатқан жасөспірім)

* баланың темекі шегуіне ұшыраған жағдайда. Осы сәтте, олар айтқандай, сіз бас тарта алмайсыз. Бірақ сіздің ұлыңыздың шылым шегуін көрген «жақсы көретіндер» туралы әңгімелеріне әбден күмәншілдікпен қарау керек.

ТЕМЕКІ ШЕГУДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ

  • Темекi бұйымдарын сатып алуға құқығы бар адамдар үшiн жас шегiн енгiзу;

  •  кәмелетке толмағандар арасында темекi шегушiлiктi болдырмау;

  •  темекiнi тұтынуға әуестiктiң зиянды салдарлары, темекi шегушiлiктен туындаған аурулар мен өлiм-жiтiм туралы ақпарат тарату;

  • темекi шегушiлiкке халықтың өмiр мен денсаулық үшiн аса қауiптi фактор ретiндегi көзқарасын қалыптастыру;

  • темекi шегушiлiктiң таралуының алдын алу жөнiнде келiсiлген iс-шаралар жүргiзу болып табылады.

  • Жасөспірімдер арасында темекінің зияның насихаттау барысында тренингтер, сауалнамалар және дебат өткізу.

  • Ақпараттық құралдарға темекінің зияны туралы жарнамалар енгізу.

  • Темекі шегуші жасөспіріммен ата-анасымен біріге отырып алдын алу жұмыстарын жүргізу

ТЕМКІНІҢ ЗИЯНЫ

  • Ас қорытуға

  • Асқа деген тәбетті қайтарады.

  • Ас қорытуды қиындатады.

  • Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.

  • Асқазанда жара пайда болады.

  • Ерін, тіл және өңеш рағына жол ашады.

  • -Жүрек аурулары. Шылым шегетіндер басқаларға қарағанда 4 есе жүрек ауруына көп ұшырайды

  • -Бедеулік. Жұбайлардың біреуінің ғана темекі тартуы бедеулік қаупін 3 есе арттырады.

  • Диабет. Темекі дененің инсулин бөліп шығару қабілетін уақыт өте келе жояды. Бұл диабет ауруына жол ашады. 

  • Асқазандағы қатерлі ісік. Темекі тартатын адамдардың асқазан және ішектегі қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупі темекі тартпайтынға қарағанда 2 есе көп

  • Адамның өкпесін зақымдайды.

ТЕМЕКІ ШЕГУДІҢ МИҒА ӘСЕРІ:

  • Есте сақтау қабілетін азайтады.

  • Көңілсіздікке душар етеді.

  • Ұйқыны азайтады.

  • Теріге әжім түсіреді.

  • Темекі тартатындардың төңірегінде темекі тартпайтындар да уланып, мазасызданады.

ҚАН АЙНАЛЫМСЫНА:

  • Тамырды қатайтады (атересклероз).

  • Қол, аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.

  • Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.

  • Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.













    1. ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ

Жасөспірім қыздар арасында ерте жастағы жүктілік белең алып барады. Мектеп партасында отырып, екіқабат болатын оқушы қыздардың саны жетерлік. Бұл ата-ананың жауапкершілігінің төмендігі ма, әлде білім беру бөлімі тәрбиені жеткілікті бермегендіктен бе? Сондықтан бұндай жағдайлар болдырмас үшін алдын-алу мақсатында осы тақырыпты тандадым.

  • Ерте жүктілік деген не?

Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицинада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.

  • Ерте жүктілік немен қауіпті?

Жүктілік кезінде ағза  күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры,эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жасаналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктеме

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!