Материалдар / Ғылыми жоба "Тіс пастасы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба "Тіс пастасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану және валеология пәні бойынша арнайы дайындалған ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2019
2100
13 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғылыми зерттеу жұмысы

Тақырыбы: Тіс пастасы

Жобаның мақсаты:

Тіс пастасын зертте ,пайдасы мен зияны жайлы анықтау.

Міндетім:

1. Оқушылар арасында сауалнама жүргізу.

2. Қандай тіс пастасының тіс эмалін қорғауы ең тиімді

Зерттеу әдістері:

1. Әдебиеттерді зерттеу;

2. Интернеттен материалды іздеу ;

3. Эксперименттік бөлім.

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі уақытта сатып алушыға пасталарының көптеген түрі ұсынылады. Тіс пастасының иісі, дәмі, түсі, мөлшері және брендтерінің көптегіне қоса, оның әсеріне қарай көп түрлері бар: сезімтал тіс пастасы, ағартқыш әсері бар, кариеспен тістегі тасты алдын-алатын пасталар. Осы көптің арасынан керек пастаны қалай таңдайға болады. Гегиеналық заттардың тиімділігін бағалау қиын, сондықтан қымбат пастасын сатып алу дұрыс па? Бұл жұмыста ең танымал тіс пасталарының қорғау қасиететрі зерттелді

Тіс пастасының тарихы: Тіс тазалығы – денсаулықтың кепілі болатын басты факторлардың бірі. Өткен ғасырларда біз қолданып жүрген тіс пасталары, щеткалары, шайғыштары және спрейлері болмағаны айдан анық. Бірақ, тазалық үшін әр елде әртүрлі сипатта қолданылған. Қандай екен? Тіс пастасын біздің дәуірімізге дейін сонау Ежелгі Египетте де қолданған екен. Ол біздің ұғымымыздағы паста емес, ұнтақталған түрлі ас тұзы, жалбыз, бұрыш пен сарыгүлден жасалған. Ал алғашқы тіс щеткалары да қазіргі бізге мәлім щеткалардай емес, мүлдем басқа түрде болған. Мысалы, Шығыс халықтары ауыз қуысын тазалау және залалсыздандыру мақсатында гигиенаның барлық талабына сай ерекше тамырды пайдаланған. Сонымен тіс щеткасы осыдан мың жылдай  уақыт бұрын Араб еліндегі мұсылмандардан тараған. “Арак” ағашынан дайындалған тіс щеткасы “мисуәк” деп аталған. Ал, Қытайда тісті шөп түйінімен тазаласа керек. Уақыт өте келе, Ежелгі Үндістан, Қытай, Жапония елдерінде тіс тазалағыштың шөп түйінін алтын немесе күміске алмастырған, бұл қолданушылардың атақ-дәрежесін көрсеткен. Бертін келе тіс щеткасының өнеркәсіптік өндірісін ағылшын Уильям Эдис 1780 жылы бастаған. 1850 жылы жеке өндірушілер ғана тіс щеткасын жасап шығарған, ал жаппай өндіру тек отыз бес жылдан кейін басталды. Бұл өндірісті Ресейден алынған шошқаның жуан қылтанынан, ал сабынды сүйектен жасаған. Бірақ, бұл өнім көпке бара қоймады. 1938 жылы 24 ақпанда жануар қылтанын синтетикалық талшық – нейлонға алмастырып, тіс щеткасын Oral-B компаниясы жасап шығарды. Америкалық өндірушілердің айтуынша, тіс щеткасын өндіру көлік, ұялы телефон, қысқатолқынды пеш секілді тұрмыстық бұйымдарды өндіру тізімінде бірінші орында тұр. Сондай-ақ, тіс тазалығы туралы тағы бірер қызық ақпар: – І Петр өз кезінде боярларға тістерін ұнтақ бор жағылған дымқыл шүберекпен тазалауға бұйрық берген. – АҚШ-тың Провиденс қаласында сенбі күні тіс щеткаларын сатуға заңмен тыйым салынған.

Тіс пастасының түрлері:

  1. Балалар тіс пасталары.

  2. Кариеске қарсы тіс пасталары.

  3. Ағартқыш тіс пастасы.

  4. Сезімтал тіске арналған тіс пасталары .

  • Тіс пастасының зияны. Егер кішкентай балалар тіс тазалау кезінде тіс пастасын жиі жұтатын болса, ағзаға өте қауіпті. Неге дейсіңдер ғой? Тіс пастасының құрамында химиялық қоспалар өте көп. Мәселен, глицерин пастаның тез кеуіп кетпеуі үшін қосылады. Ал парафин өнімге жабысқыш қасиет береді. Бұлар асқазанға түскенде, оны тітіркендіріп, зақымдайды. Тіс пастасына ментол да қосылады. Ол жүрек-қан тамырлары жүйесіне зиян. Жүрегі ауыратын адамдар ментол қосылған тіс пастасын пайдаланбағаны жөн. Пастаның құрамында формальдегид де бар. Ол – өте улы зат. Егер формальдегид ас қорыту жолдарына жиі түсе берсе, көру қабілетін нашарлатады, бүйрек пен бауырдың жұмысын бұзады.
    Тіс пастасының құрамы:Құрамында титан диоксиді кездеседі. Ол көбінесе ақ түсті тіс пасталарында кездеседі. Ол адам ағзасына ешқандай зиян келтірмейді, бірақ оны қолданбаған жөн.

Формальдегид – тіс пасталарының құрамындағы негізгі компанент. Ол тіс киреукелерін бактериялардан қорғайды. Сонымен қатар ол адам ағзасына улкен зиян келтіреді: ол генетикаға, көзге кері әсерін тигізеді.

Тіс пастарадың құрамына теңіз балдырларын қосылады, олар тіс пастасының пішінін сақтауға арналған. Теңіз балдырларысыз тіс пастасы сұйық заттар болар еді. Теңіз балдырлары ағзаға ешқандай әсерін тигізбейді. Сахарин – тіс пастасының жағымсыз дәмін жоюға арналған. Көбінесе балалар тіс пасталарында кездеседі. Оның адам ағзасына ешқандай зиян келтірмейді.   Парафин тіс пастасының құрамында кездеседі. Мұнай өнімі болып табылады. Ол адам ағзасына үлкен қауіп төндіреді.Адам ағзасына түскен жағдайда адам ауруханаға түсуі мүмкін, асқазан аурулары мен ауыз қуысы аурулары болуы ықтимал.                
Сауалнама.

1.Қандай тіс пастасын қолданасыз?

2.Тісті күніне неше рет тазалайсыз?
3.Неше жастан бастап тіс тазалай бастадңыз?
4. Тісті қай уақытта тазалайсыз?  
5.Тіс дәрігеріне жиі барасыз ба?
Сауалнама жүргізудің мақсаты ең көп қолданатын тіс пасталарын алып, тісті күтудегі гигиеналық талаптарды оқушы сақтайды ма? – деген сұраққа жауап алу мақсатында жүргізілді.Тісті күтуді неше жастан бастауына тістің денсаулығы тікелей қатысты.

Қорытынды: балалар тістерін күніне 2 рет (таңертең және кешке) тіс пастасымен тазарту керек, ал әрбір тамақ ішкеннен кейін ауызды ең болмаса сумен щаю керек.

Тәжірибе:

Тәжірибені орындау үшін төрт түрлі тіспасталары, лейкапластырь, жұмыртқа және сірке қышқылы алынды.

1) Төрт шыны ыдыс алып оларға сірке қышқылы құйылды.

2) Төрт жұмыртқаны жіңішке лейкапластырьмен жартыға бөліп орадым.

3) Екіге бөлініп тұрған жұмыртқалардың бір жағына тіс пастасын жағып, екінші жағын солай қалдырамыз.

4) Ал бір жұмыртқаны, тіс пастасын жақпай, сірке қышқылына 48 сағатқа батырып қойдым.

5) Сірке қышқылына тіс пастасы жағылғын жұмыртқаларды салып тәжіребе нәтижесін бақыладым.

Әрбір жұмыртқаны лейкопластырьмен екі бөлікке бөлеміз. Жұмыртқаның бір жартысына тіс пастасын жағып,ал екінші бөлігін солай қалдырамыз. Жұмыртқаларды химиялық стакандарға салып, сірке қышқылын құйып, қандай өзгерістер болатынын бақылаймыз.
15 минут өткен соң экспериментті аяқтадым.Әр тіс пастасы әр түрлі нәтиже көрсетті. жұмыртқаның қабығының
«Colgate" пастасымен өнделмеген бөлігі жарылып кетті. Тіс пастасы толықтай еріп кетті, қабығы жарылып, сынып жатыр.
Жұмыртқаның
"Blend-a-med" пастасымен өнделмеген бөлігінің қабығы кальциийді жоғалтын серпімді мембранаға айналып кетті. жұмыртқаның тіс пастасымен өңделген жартысы берік болып қалды. Қарындашпен соққыласа қабығына тән дыбыс естіледі және қабығы сынған жоқ    
" Signal"- тіс пастасымен өңделген жұмыртқа нашар нәтиже көрсеті. қарындашпен соққылағанда жұмыртқаның қабығы сынып қалады.
Қорыта келсек,артқан сайын нарықта сапасы төмен төменде жақсы жарнамалатын тіс пасталары кездесуде.Олардың көбінің құрамы мен сапасы жағынан төмен болып келеді.Зерттеу жұмысын жүргізгенде нарықтағы кейбір тіс пасталарының адам ағзасына зиян келтіретінің анықтады. Зерттеу нәтижесінде тіс пастасын ұқыпты таңдау керектігін дәлелдедім.Себебе тіс пастасының сапасы көп жағдайда жарнамаға сай қасиетке ие болмайды. Сауалнама барысында « Colgate », « Blend-a-med »,« Signal » - тіс пасталары тұтынушылардың көптеген дауысына ие болды.Сол үш маркалы тіс пасталарын таңдап экспримент жүргіздім.Нәтижесінде таңдалған тіс пасталарын ешқайсысы да 100% көрсетпеді,бірақ арасындағы ең жақсы көрсеткіш көрсетпеді,бірақ арасындағы ең жақсы көрсеткіш « Blend-a-med » тіс пастасы көрсетті.Сондықтан мен тұтынушыға « Blend-a-med » маркалы тіс пастасын қолдануға кеңес беремін.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!