Материалдар / ғылыми жұмыс Абай Құнанбаев
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ғылыми жұмыс Абай Құнанбаев

Материал туралы қысқаша түсінік
материал оқушыларға ғылыми жұмыспен айналысуына көмегі тиеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
418
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы Ақсу ауданы «Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ 10 - сынып оқушысы Талғатқызы Аяулымның «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...» атты жұмысына


Рецензия



Зерттеу жұмысында ұлы ақын А.Құнанбаевтың өмір жолы, ақындық қарымы мен қоғамдық қыры, шығармаларындағы педагогикалық сарын жан-жақты талданып зерттелген. Зерттеу барысында оқушының жан-жақты ізденгені, зерттеліп отырған тақырып негізінде ғалымдардан кеңес алып, түбегейлі жұмыс жасағаны көрініп тұр.

Абай – әдем мойындаған дарын. Ол сыншы, публицист, тарихшы, саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері, сонымен қатар орыс, қазақ тілінде көсіле сөйлейтін өзгеше шешен адам. Ақынның шығармаларының негізгі тақырыптары сан-салалы. Ойшыл философтың қоғам мен мемлекет қайраткері ретінде және зор шығармашылық еңбегі арқылы халқымыздың әлеуметтік және рухани дүниесіне, мәдени өміріне қосқан үлесі зор.

Оқушы зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты әдебиеттерге аналитикалық және синтетикалық талдау жасаған. Пайдаланған әдебиеттері бойынша сілтеме көрсете отырып, ғылыми жұмыстың талаптарын толық сақтаған.

1 тарауда Абай Құнанбайұлының өскен ортасы мен еңбек жолының басталуы мен ақынның қоғамдық-саяси қызметіне, шығармаларындағы адамгершілік мәселелеріне әдеби - хронологиялық тұрғыдан жүйелі, нақты салыстырулар арқылы талдайды.

2 тарауда Абай шығармашылығы мен шығармаларындағы педагогикалық сарын яғни тәрбие мәселесі бойынша мысалдар келтіреді.

Жұмыспен танысу барысында оқушының өз ойын шеберлікпен сауатты, қисынды жеткізу тұрғысынан дайындығы жоғары екені байқалады.

Ғылыми жұмысты өте жақсы деген бағаға бағалап, қорғауға жіберуге болады деп сенім білдіремін.




Ілияс Жансүгіров

атындағы ЖМУ аға оқытушысы,

филология ғылымдарының кандидаты

«Nur-Alem 7» БҒИМ ғылыми қызметкері А.Турысбекова




Алматы облысы Ақсу ауданы «Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ 10 - сынып оқушысы Талғатқызы Аяулымның «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...» атты жұмысына

Пікір


Алынып отырған тақырып тың әрі ғылымилығы жоғары. Зерттеу жұмысының мақсаты – Абай Құнанбаев еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді мүмкіндігімізше ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, оларды мектептің оқыту үдерісінде тиімді пайдалану.

Оқушы тақырыпты зеттей келе, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, философ, ақын, сыншы, қазақ елінің ерекше тұлғаларының бірі Абай Құнанбайұлы туралы жаңа деректер мен мәліметтер жинақтады. Сонымен қатар, Абай Құнанбаевтың әлеуметтік-қоғамдық көзқарастары және шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін педагогикалық пәндердің әрбір тақырыптарына пайдалануға іріктеу, Абайдың педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану жолдарын анықтау, «Абайдың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану» атты арнаулы курс бағдарламасын жасау, оны өткізу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы қалыптастырылған. Ол кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Оқушы зерттеу жұмысын жазу процесі кезінде материалды зерттеу талдау және жүйелеу әдістерін, безендіру тәсілдерін дұрыс пайдаланған, ғылыми жоба авторы барлық қойылған талаптарды толық орындаған.

Жұмыс материалдары ғылыми жүйелі түрде баяндалған, мазмұны түсінікті әрі тілге жатық. Зерттеу жұмысының құрылымы мен бөлім аттарын дұрыс жүйелей білген.

Зерттеу жұмыстың танымдық маңызы бар, тақырып бойынша зерттеулер жүргізіліп талданған.

Қорытынды нәтижесі жасалынып, негізгі тұжырымдар келтірілген.




Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі

А.Галиева









Аннотация


Бұл зерттеу жұмысы Абай шығармаларының тәлім – тәрбиелік мәнін ашу үшін бағытталған. Мен кіріспе бөлімінде осы зерттеу жұмысымның мақсатын айқындап жаздым. Негізгі «Абай шығармаларындағы адамгершілік сарыны» бөлімінде оның шығармаларындағы адамгершілік мәселесіне тоқталып, өлеңдерін зерттеп отырдым. Ал, бірінші бөлімнің екінші бөлімшесінде Абай өзінің туындыларында әлеуметтік жағдайды қалай сынағандығы жайлы баян еттім. Екінші бөлімде жеке – жеке Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен өлеңдеріне талдау жасап, педагогикалық сарынын талдап, педагогикалық ойларының мәнін анықтадым.




Аннотация


Данное исследование направлено на раскрытие образовательного значения произведении Абая. Введении я уточнил цель моего исследования. В основном разделе «Моральная часть творчества Абая» я изучал человечность в его произведениях. А во второй части первого раздела я рассказал о том, как Абай раскроет социальную ситуацию в своих работах. Во второй части я проанализировал слова и стихи Абая Кунанбаева и раскрыл суть его педагогического мышления.




Annotation


This study is aimed at revealing the educational significance of the work of Abai. Introduction, I clarified the purpose of my study. In the main section, “The moral part of Abay’s work,” I studied humanity in his works. And in the second part of the first section, I talked about how Abay will reveal the social situation in his works. In the second part, I analyzed the words and poems of Abay Kunanbayev and revealed the essence of his pedagogical thinking.













МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ


І «ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ» – АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ

    1. Абай Құнанбаевтың шығармаларының адемгершілік идеясы

    2. Абай Құнанбаевтың шығармаларының әлеуметтік мәні


ІІ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТӘЛІМ – ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ ШЫҒАРМАЛАРЫ

2.1 Абай Құнанбаевтың өлеңдеріндегі педагогикалық көзқарасы

2.2 Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі педагогикалық сарын


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


























КІРІСПЕ

Зертеудің көкейкестілігі.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ,

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.

Абайдың бұл сөздерінің мәні күні бүгінге дейін зор. Күні бүгін айтылып отырған сөз сықылды. Ақын айтқан «өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу» сияқты теріс әдеттерге біз күні бүгіннің өзінде де аяусыз күрес ашып келеміз, біз де жастарды осы айтылғандарға қарсы тәрбиелейміз. Ал оның айтып отырған «талап, еңбек, ғылым, қанағат, рахымы» да қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Талап ет, еңбек ет, ойлы бол, бір нәрсені өз бетіңмен іздеуге тырыс, досқа қайырымды бол деп біз де айтамыз. Абай айтқан бұл пікірлердің бәрі де бүгінгі тілекпен түгел қабысады. Сондықтан да мен бұл тақырыпты өзекті болғаны үшін алып отырмын. Сан ғасырлық Абай поэзиясы, ел қамын жақтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.

Ол халықтың түбегейлі мүлдесін, арман-тілектерін оқу-білім қаншалықты терең үғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында ақын үлкен творчестволық тұлға,қазақ халқының маңдай алды ақыны жүздеген поэзия туындыларының авторы,ұлы ойшыл ұстаз.

Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы - сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады.

Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім-ғылым түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыр әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы - ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындағы бір елеулі кезенді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді. Абайдың педагогикалық еңбектерін дұрыс түсініп игеру арқылы ғана, шынайы халқымызға тән тәлім - тәрбиеміздің қайнарынан қанып ішуге мүмкіндік ашамыз. Сонда ғана, Абайдың ұрпағына өсиет етіп қалдырған «...мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла...» деген сөзінің мәніне түсінеміз. Күллі адам қауымында өткен, ақыл - парасат алыптарының ішінде, ой кермегін тартып, тіршілік тұңғиықтарын ұғынған сайын, өздерінің кемелдеріне жеткен кемеңгерліктерін ұрпақ тәрбиесіне арнамағандары аз. Сонау, көне дүние данышпандары: Сократ та, Платон да, Аристотель де, төрткүл тіршіліктің тылсым сырларын шешкен ата-бабаларымыз - Әбунасыр әл-Фараби, Әбу Абдолла ибн-Мұса әл-Хорезми, Әбу Әли ибн - Сина, Ғұламаһи Дуани да мектеп ашып, шымырлай аққан ой құдіретін ұрпақ тәрбиесіне бұрған. Олай болса, ұлы ойшылдардың қол созған мұраттарының тікелер жері, тікелей адам тәрбиесімен астасып жатыр. Тіпті, кешегі өткен - Декарт, Локк, Каменский, Ж.Ж. Руссо, Л.Толстой да тәрбие саласына бар жиған-тергендерін толғаныстары, тіршілікпен тікелей жалғасу үшін, екі түрлі арнаға - педагогика мен психология салаларымен үндесе қабысуға мәжбүр болады екен. Осыдан келіп, кемеңгерлікке жеткен жанның қос қанаты-ойшылдық пен ұстаздық бірін-бірі толықтырып, ғажайып үлкен үндестіктерге жететінін аңғарамыз. Қазіргі кезде рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударылып отырғанының себебі де осы. Жастар тәрбиесінде халқымыздың рухани мұраларын пайдаланып, жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да ұлттық мәдениетіміздің дамуына зор үлесін қосқан ұлы дала ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасын зерделеу ешуақытты маңыздылығын жоймайды. Ал бұл мәселені зерттеу педагогикалық пәндер курсының мазмұнын кеңейтіп, онан әрі байыта түсетіні хақ. Міне қазіргі заманда осындай рухани байлық пен ішкі дүниенің үндестігі барлық азаматтарға керек. Оны адам бойында қалыптастыру үшін мектеп үрдісіне адамгершілік пен жақсылыққа шақырған адамдардың шығармаларын көптеп оқу керек. Ал, ол ойлар Абай Құнанбайұлының шығармаларында ерекше кездеседі. Сондықтан да бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті болып отыр.

Зерттеудің мақсаты: Абай Құнанбаев еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді мүмкіндігімізше ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, оларды мектептің оқыту үдерісінде тиімді пайдалану.

Зерттеудің міндеттері: •

1. Абай Құнанбаевтің әлеуметтік-қоғамдық көзқарастары және шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін педагогикалық пәндердің әрбір тақырыптарына пайдалануға іріктеу;

2. Абайдың педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану жолдарын анықтау;

3. «Абайдың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану» атты арнаулы курс бағдарламасын жасау, оны өткізу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің нысаны: барлық білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің пәні: Абай Құнанбаев шығармаларын зерттеп, талдап педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, А.Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой пікірлерді оқу-тәрбиеде пайдаланудың жағдайын зерттеу, сауалнама, бақылау, эксперимент ұйымдастыру және нәтижесін қорыту.

Зерттеудің болжамы: Егер А.Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері ғылыми-әдістемелік жағынан негізделсе, мектептің оқыту үдерісінде пайдаланылса, онда 21-ғасыр жастарының тәрбиесіне тиімділігіне белгілі бір дәрежеде оң ықпалын тигізер еді. Оқушылардың ой – өрісін дамытып жеке тұлға болып қалыптасуына өзіндік септігін тигізетіні анық.

Зерттеудің құрылымы: Бұл жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.


































1.«Қазақтың бас ақыны» – Абай Құнанбаевтың

өмір жолы


Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:

«Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,

Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,

Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,

Сірә да оңбас торғайым...»

Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.

Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.

Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді.

Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды.

Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен , 80-жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А. А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ Абай Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озгын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тарбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеументтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына жане ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік ” деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша Европаның 'Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды. Сөйтіп Әуезовтың сөзімен айтқанда “1884 жылдары, жасы қырыққа таман іліңенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды.” Абай осы тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды.

1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып, 1878 жылға дейін болыс болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу жосындарын, әдет-ғұрып заңдарын жетік білетін Абай ел ішіндегі әр алуан әкімшілік-құқықтық реформаларға белсене араласады. Егде тартқан шағында әкімқара биліктен, атқамінерліктен іргесін аулақ салып, шығармашылықпен ғана шұғылданады. Абайдың көптеген шығармаларында Адам, Болмыс және Ралам тақырыбы, сондай-ақ, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады.

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семейдің ген.-губернаторы Цеклинцкийдің басқаруымен Семей губернасиясына қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға “Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін” әзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа ,зорлық-зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Оның әсіресе ұрлық, қылмыс пен әйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдің атақ-даңқын осынша көкке көтерген Қарамола съезінен кейін оның дұшпандары тіпті еліріп кетті. 1890 ж. Байғұлақ, Кұнту деген жуандардан бастаған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға қарсы дұшпандық әрекетке сөз байласады.

1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сү

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!