Материалдар / Ғылыми жұмыс, Ел есіндегі -археолог 7-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жұмыс, Ел есіндегі -археолог 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының зерттеу жұмысын оқушылар мен ұстаздар тарих сабақтарында қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2018
615
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы, Талдықорған қаласы№28 ІТ мектеп-лицейі













ЕЛ ЕСІНДЕГІ АРХЕОЛОГ(ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС)







Дайындаған: 7-сынып оқушысы Тыныбек Жалғас













МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ............................................................................................................2-5НЕГІЗГІ БӨЛІМІ Б. Нұрмұханбетовтың еңбек жолы..............................................................6-8ІІ Ел есінде қалған археолог...........................................................................9-13ІІІ Алтын киімді адам – Тәуелсіздік рәмізі.................................................14-17ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................18ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................19













КІРІСПЕТақырыптың өзектілігі.Қазақстан – тарихи және мәдени мұраға бай мемлекет. Еуразияның орталығында орналасқан. Қазақстан әлемнің көне өркениеті торабында Батыс пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстікті әлеуметтік және экономикалық, мәдени және идеологиялық тұрғыда байланыстырады. Тәуелсіз еліміздің аумағында ежелгі дәуірдің мұрасы ретінде көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Ескерткіштердің саны және әр түрлілігімен Қазақстан Индия, Қытай, Жерортатеңізі мен Таяу Шығыс мемлекеттерінен қалыспайды және өзінше ашық аспандағы мұражай болып келеді. Сондай тарихи жәдігерлер мекені –  Алматы облысыЕңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласының маңында, Есік өзенінің жағалауында орналасқан. 1992 жылдың тамыз айында, белгілі археолог – Бекен Нұрмұханбетов ақсақалдың айтуынша, Елбасымыздың Жетісу өңіріне келген сапарында, Есік аумағын «Сақтардың астанасы» деп бағалаған екен. Елбасымыздың сол бағасы бүгінде өз маңызын арттыра түспесе, кеміген емес. «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 1970 жылы сақ ханзадасы жерленген қорған табылған аумақта, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 30 қаңтарындағы №43 Қаулысына сәйкес, ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен іске асқан «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасы аясында құрылды. Мұнда тарихи мұраларымызды зерттеп, оларды өңдеп, реттеп қалпына келтіру тапсырылды. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде «Мәдени мұра» бағдарлама аясында біздің тарихымызды жақсырақ біліп, түсінуге көмектесетін орасан зор материалдар алынып, көптеген жаңа мәліметтер табылды.Мәдени мұраларымызды заман талабына сай жөнге келтіріп, оларды елді біріктіруші құндылықтар ретінде айшықтау қоғамның өзекті мәселесіне айналған еді. Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, әлем бізді мәдени жетістіктерімізбен тануы керек деген Елбасы сөзімен толық келісемін.Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. Бұл біздің міндетіміз. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаладағы «Туған жер » бағыты бойынша, бүгінгі жаңартылған оқу бағдарламасына негізделген мектептен тыс жерде өткізілетін  саяхат сабақтары өлкеміздегі ұлы тұлғалар есімін білуге және ұлттық құндылықтарымызды сақтау мен оны насихаттаудың тетігі болатыны белгілі. Елбасымыз соңғы жолдауында үшінші жаңғырудың басталғаны туралы айтқан еді. Ал рухани жаңғыру дегеніміз – ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген мәселелердің түйіні еліміздің тамыры терең тарихын ғасырлар қойнауынан аршып, ел-жұрт қастерлеген қасиетті мекендердің, құрметті есімдердің маңызын өскелең ұрпаққа таныстыруға негізделген. Міне, бүгінгі зерттеу жұмысымызға арқау болған өзектілік. Зерттеу жұмысының деректік негізі: Зерттеу жұмысын жазу барысында тақырып төңірегінде жазылған еңбектер, баспасөз, ғаламтор беттеріне, (газет, журнал) жарияланған мақалалардан және де Бекен атаның өзінің зерттеулері бойынша бейнежазбалары зерттеліп отырған мәселенің деректік негізі құралады. Зерттеу мақсаты:Бүгінгі қоғамның, тұтас әлемнің кейпі жаңа технологиялармен қаруланып, руханияты әлсіреп тұр… Емдеу керек! Ем-домы – рухани мұралар әдебиет, тарих емес пе?! Ендеше,бүкіл әлемде қазақтың атын аспандатып, рухын шаттандырған керемет тосын жаңалық – ұлт мақтанышы, көрерменнің көзайымына айналған алтын адамның алғашқы зерттеушісі, археолог Бекен атаның бай мұраларын насихаттау, мәдени туризм бағыты бойынша көшпенділер дәуірінен сарқыт болып қалған тарихи ескерткіштеріміз сақталған жерлерді аралатып, жастардың тарихи-танымдық зердесін ашу арқылы туған өлкеге деген көзқарастары мен дүниетанымдарын кеңейтудің маңыздылығын көрсету; Зерттеу әдістері:
  • Бүкіл әлемге қазақтың атын шығарған ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы сақ заманының мәдени мұрасын зерттеудегі археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың бай мұрасымен танысу;
  • «Алтын киімді адам» туралы құнды деректерді жинақтау, салыстыру, талдау арқылы бүгінгі тәуелсіз ел тарихындағы алар орнын анықтау;
  • «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына саяхат жасап, көненің көзі, ескінің жұрнағы болып табылған заттай деректер арқылы хатқа түскен тарихты нақтылау; 
  • Ежелгі өркениеттің көзі — Алтын адамның Қазақстанның азаттық символына айналуының тарихи маңызын көрсету;
Зерттеу әдісі: салыстырмалы талдау, саяхат жасау, тарихи көзқарастар, жүйелеу және қорытындылау.Гипотезасы: зерттеу жұмысы нәтижелері оқушыларға тәуелсіз Қазақ елі тарихындағы өлке тарихымыздың алар орнын бағамдауға , сан ғасырдан жеткен мұраны жан-жақты зерттей отырып, археолог Бекен атаның өмірінің соңғы күндеріне дейінгі қызметін ашып көрсету арқылы өскелең ұрпақтың өз өлкесінің тарихына деген қызығушылығы мен патриоттық сезімін оятуға негізделеді.Ғылыми жаңалығы: Өткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз – демекші, сақ заманынан бізге жеткен, тәуелсіздігіміздің рәмізіне айналған «Алтын киімді адамның» алғашқы зерттеушілерінің бірі болған Бекен атаның еңбегі мен қызметінін, сондай-ақ көненің көзі, ескінің жұрнағы болып табылған сақ заманының ескерткіштері сақталған Есік қаласындағы мұражайдың мол мұрасының өскелең ұрпақ алдындағы тарихи құндылығын көрсету;Зерттеу жұмысының практикалық қолдануы:жұмыс нәтижелерін тәрбие сағаттарында, қала, облыс көлемінде өткізілетін түрлі іс-шараларда тарихи-мәдени, ұлттық-патриоттық тәрбие беруде, қосымша сабақтарда қолдануға болады.Зерттеу жұмысының құрылымы.Жұмыс кіріспеден, негізгібөлім және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

























І БЕКМҰХАНБЕТ НҰРМҰХАНБЕТОВТЫҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫТанымал ғалым, «Алтын адамды» алғаш тапқан археолог, Бекмұханбет   Нұрмұханбетұлы   1935 жылы 17 мамырда Алматы облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Бекмұханбет   Нұрмұханбетұлын ел арасында Бекен ата деп атап кеткен. Бекен ата 1962-1993 жылдар аралығында Қазақ КСР-і ғылым академиясының Ш.Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография институтында лаборант, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет етті. 1993 – 1998 жылдары Алматы облысы Есік қаласында ашылған облыстық өлкетану мұражайының директоры қызметінде болады. 1998 жылдан Қазақ Ұлттық ғылым академиясының Ә.Марғұлан атындағы Археологиялық институтында ғылыми кеңесші кейіннен осындағы археологиялық мұражайдың қор сақтаушысы қызметтерін атқарды. Ол Қазақстан аумағында академик Әлкей Марғұлан мен Кемал Ақышев басқарған ғылыми экспедицияларға қатысып, қазақ археологиясында өзінің өшпес ізін қалдырды.  Жетісу археологиялық экспедицииясын басқарды. Зерттеушілік жолы қола дәуірінен (б.з.б. XIV ғ.) ортағасырлық (б.з. X - XII ғасырлар) кезеңдерге дейінгі аралықты қамтиды. Қаңлы заманын (б.з. ІІ – IV ғасырлар), көне түркі дәуірін (б.з. IV - VIII ғасырлар) тұрақты зерттеді. Атап айтқанда, Отырар өңірінің Көкмардан, Күйікмардан қалаларының жұрттарындағы зираттарда, Арыс өзені бойындағы Бөріжар, Қарааспан, Бөген обаларында қазба жұмыстарын жүргізді. Көне мұраларды қорғау және пайдалану жұмыстарын жолға қою мақсатымен 1980 жылы жедел көмек тобын құрды. Бұл шағын топ кейін Қазақстан аумағын түгел қамтып,  сақ қорғандарын, атап айтқанда ШұбартМолалыҚырғауылдыБоралдайЕсікТүрген обаларын қамқорлыққа алды.1999 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында “Алтын адам” Ұрпақтар сабақтастығы ассоциациясын құрды. Ассоциацияның басты мақсаты – “Алтын адам” табылған Есік обаларын ашық аспан астындағы мұражай-қорыққа айналдыру еді. Бекмұханбет Нұрмұханбетов осы обалардың қоғамдық негіздегі шырақшысы міндетін атқарып келді. Археолог-ғалымның 50 шақты ғылыми мақалалары, көпшілікке арналған 200-дей материалдары жарық көрген. Мәдени мұраларымызды жан-жақты зерттеп, зерделеп, көпшілікке таныстыру, оларды көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат ету, рухани байлығымыздың қадіріне жете білу үшін  Елбасының қолдауымен қолға алынған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасы аясында 2010 жылы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы құрылды. Бекен ата ашық аспан астындағы мұражай-қорыққа айналдырған осы бір қасиетті мекен Ұлы Жібек жолында орналасқан еліміздің мәдени туризмін дамытудағы маңызды нысандардың біріне айналды. Қазір бұл орда еліміздегі белгілі мұражайлардың бірі. Археолог атамыздың бастамасымен Есік  қаласындағы Сақ бабаларымыздың қорымдарының қорғау аумағының ішінен, ондаған көр-қабірлердің үстінен мектеп тұрғызу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде, мәңгілік ел ұрпақтары  байырғы бабаларының молаларының үстінде ойнап өседі де, ата тарихын осында оқып жетілетін болады. Сонымен, Елбасының Қазақстан жолы-2050 стратегиясын іске асыру жұмыстары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында осылай басталды. Қорымдардың маңында су жаңа білім ордасы бой көтерген. «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы «Алтын адамды»  алғаш ашушылардың бірі, белгілі археолог, сақ бабаларымыздың мәдени-мұрасының шырықшысы Б.Нұрмұханбетовтің (Бекен ата) бейнесін жадымыздан өшірмей, ата туралы ел арасындағы естеліктер мен әңгімелерді жинастыруға, өмір жолы мен еңбегін, тарихтағы алар орнын насихаттау мақсатында өскелең ұрпақ өзөлкесіндегі ұлы тұлғалардың қазақ тарихына қосқан үлесі жайында зеррттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізуі кере деп есептеймін. Мен осы жұмысымды жазу барысында Бекен атаның үш ұлы тәрбиелегенін білдім. Үлкен ұлы – Арман Нұрмұханбетов журналист, тарихшы екен, Есік қаласында тұрады. Екінші ұлы – Мирас Нұрмұханбетов Алматы қаласында тұрады екен. Өкінішке орай, кенже ұлы Бекбол қайтыс болған екен. Жұбайы 2015 жылы өмірден озған екен. Мұражайдың ғылыми қызметкері – Амаргазиева Асель Жақсылықбайқызымен байланыс орнатып, Бекен ата туралы әлі де зерттеу жұмысын жалғастырғым келеді. Болашақта Бекен атаның еңбек жолы мен қазақ тарихының бір бөлшегі Жетісу өлке тарихында маңызды орын алатынын біз секілді жасөспірімдердің бағалағанын қалаймын.  Әлкей Марғұлан мен Кемал Ақышев сияқты тұлғалармен жұмыс жасай жүріп, сақ қорғандарын зерттеуді тоқтатпаған. Өзі сол қорғандардың қорғаушысы болған. Келген қонақтарға Алтын адамның қазақ тарихындағы ерекшелігі туралы баяндап отыратын тірі жәдігер болған екен. Археолог –ғалым кабинетте отырып жұмыс жасағаннан гөрі бірнеше сақ қорғаны жатқан қорық аумағында ашық аспан астында жұмыс жасағанды ұнатқан екен. Бекен атаның өмірі мен еңбек жолы туралы әрбір Жетісу өлкесінің азаматы білуі керек. Ол үшін галым атамыз туралы оқып қана қоймай, Есік қаласына барып, атамыз жүрген жерлермен жүріп, ол кісі туралы естеліктерді атамыздың ұрпақтары мен замандастарынан естіп білу әлдеқайда маңызды болар еді. Осы орайда ел ағаларына айтарым, саяхат жасауға, біздің өлкеміздің тұнып тұрған тарихы мен осы тарихты зерттеуші тарихи тұлғаларымыз туралы толық мәлімет алатындай туристік маршрут жасап, материалдық жағынан көмек болса дер едім. Менің бір ғана барған саяхатымнан алған әсерім осындай. Жетісу тұлғалары мен тарихы туралы зерттеуді жалғастырғым келеді. Елбасымыздың « Туған жерге туыңды тік» деген ұранына осылай кішкене болса да өз үлесімді қосқым келеді.



ІІ ЕЛ ЕСІНДЕ ҚАЛҒАН АРХЕОЛОГ Біз өз тарихымыз бен мұраларымызды өткенімізді айтып мақтану үшін емес, ертеңгімізді  ойлап қам жасау үшін, даму үстіндегі замана талабына жауап бере алатындай алғы шарттардың бәріне ие екенімізге өзімізді де, өзгелерді де сендіре алуымыз үшін зерттеп зерделейміз»- деген Елбасының сөзі халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын жинап, сақтауға, зерделеп, жүйелеуге, оларды болашақ ұрпаққа толықтай жеткізуге міндеттейді. Қазақ елінің тарихы мен мәдениеті жылдар бойы зерттеліп келді, әлі де зерттеле бермек. Ел тарихын жасайтын – халық. Халық есінде елі үшін адал еңбек еткен, Отаны үшін ерлік көрсеткен тұлғалар мәңгілікке сақталынады. Олардың есімдері алтын әріппен тарихта жазылады. Сондай ұлы тұлғалардың бірі, бірегейі — Бекмұханбет Нұрмұханбетов. Ол өзінің адамдық қасиетімен қатар жазған археологиялық зерттеулерінің тереңдігімен ерекшеленеді. Бекмұханбет Нұрмұханбетовті көпшілік Бекен ата дейтін еді. Бекен ата өмір бойы Есіктегі сақ обаларының шырақшысы болып, ұрпақ санасына сақ дәуіріндегі бабалардың рухын сіңіруге өлшеусіз үлес қосты.Қазіргі қазақ мемлекетінің басты рухани құндылығына айналған «Алтын адамды» ең алғаш қабірден аршып алып, әлемге таныту бағы Кемел Ақышев пен Бекмұханбет Нұрмұханбетовтің маңдайына бұйырғаны тегін болмаса керек. Ол кісінің ашқан жаңалықтары қазіргі Қазақстан тарихы, біздің Отанымыз рухани жаңару жағдайында тұрған ел үшін тарихымыз терең болғанын, көне ескерткіштердің көп болғандығын дәлелдейді. ХХ ғасырдың басты жаңалықтарының бірі - «Алтын адамды» ашқан Бекен Нұрмұханбетов бар ғұмырын қазақ археологиясына арнады. Қорық-мұражай ашып, ашық аспан астындағы тарихи жәдігерлерді қорғауға алу туралы бастаманы алғаш болып көтерді. Қазба жұмыстарын жүргізудің тың әдіс-тәсілдерін енгізген де Бекен Нұрмұханбетов болатын. Археолог өмірінің соңына дейін өзінің сүйікті кәсібімен айналысып, экспедициялық сапарлардан қалмаған. «Алтын Адамды» киесі мен иесі бекем топырақтан өз қолымен аршып алған Бекен ата – археолог Бекмұхамед Нұрмұханбетовтің қуанышында шек жоқ. Ол осыған дейін де осы қорғанның тылсым сырлары мен тағдыры мен тарихы тереңде жатқан құпияларын зерттеуге өмірін арнап келе жатқан айтулы ғалым еді. Сонау бір жылдардан бері қорғанның қорғаушысы, зерттеушісі, әр рет келген қонақтарға өзінің білгендері мен көргендерін насихаттап, айтушы – осы қарт. «Бұл жай тас пен топырақтың үйіндісі емес, бұл – киелі де сырлы топырақ, бірегей ғимараттардың бізге жеткен шөгіндісі. Мұндағы әрбір түйір топырақтың өзгеше орны бар. Оны ұрпаққа жеткізу, түсіндіру, өз мәдениетіміздің тым тереңдегі мәніне үңілдіру – біздің міндетіміз. Суреттер мен экрандардан насихаттағаннан гөрі, жас ұрпақты осы жерге ертіп келіп көрсету – анағұрлым маңызды. Біз соған жұмыс істеудеміз», – дейді мұражайдың жетекші ғылыми қызметкері Бекен ата.Саналы ғұмырын осы қорғанның елге насихатталуына сарп еткен ақсақалдың сөзіне бойлап, өзінің бұрынғы және жаңа тарихын білу мен түсіну – әрбір Алаш оғланына серт болуға тиіс. Себебі, сенің өткеніңнің әрбір сәтін қаз-қалпында сақтап отырған осы топырақ. Бәрі ұмытса да, өзінің қойнауында өткен жақсылық пен жамандықты, зұлымдық пен зұлматты топырақ ешқашан ұмытпақ емес. Топырақтың бойында біздің асыл тарихымыз, өнегелі өткеніміз жасырулы. Топырақтың қойнауында тағдырлы тарихымыз бен шерлі болса да шежіреміз көмулі. Ал сақ қорғандары соның бірегей дәлелі. Бекен атаның айтқаны осы. Ол кісі тағы былай дейді: «Бұл жерді шаң басып жатқан заттар қойылатын орын деп емес, оны тірі тарих деп қабылдауға тиіспіз».Есік маңындағы Алтын адам арнайы ғылыми жұмыс нәтижесінде емес, кездейсоқ табылды. 1969-1970 жылдары Жетісу жерінен табылған «Алтын адам» туралы Қазақстан тарихы сабағынан білеміз. Осы жұмысымды жазу барысында ғаламтор бетінен ютуб желісінен Бекен ата мен Алтын киімді адамның табылуы туралы бейнежазбаларды қарадым. Әр түрлі авторлардың мақалаларын оқыдым.Есік қаласындағы «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына сыныппен баруға жол түсті. Мұражайға барғанда алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қақпасынан кіргеннен тұнып тұрған тарих. Аталған мұражайға келіп, көне тарихтың құпияларына қанығып, сырына бойлаймын деушілерді ең алдымен кіре беріс дәліздің қабырғасына бекітілген «Қазақстан аумағындағы сақ-скиф дәуірінің ескерткіштері» атты электронды карта қарсы алады. Онда қазақ жеріндегі сол дәуірге тән 155 археологиялық нысандардың орындары көрсетіліп, тізімдері берілген. Келушілер аталмыш картамен танысып болған соң, 145 жәдігерліктері бар екі бірдей экспозициялық зал есігі ашылады. Оның біріншісі – сақтар тарихы мен тұрмыс-тіршілігіне арналған «Сақтардың тарихы мен мәдениеті» залы. Ал, келесі зал «Алтын адам» мен оны тауып, ғылыми айналымға қосқан ғалымдарға арналған. Бұл залда «Алтын адаммен» бірге табылған заттар, сақ ханзадасы табылған обаның сызбасы мен жобасы, әйгілі ғалым – К.Ақышев пен «Алтын адамға» алғаш қолы тиген – Б.Нұрмұханбетов туралы мәліметтер бар. Бекен ата көзі тірісінде қазақ жерінде табылған басқа да алтын киімді адамдарды осы мұражайға жинап, ұлт құндылықтарының бір арнаға тоғысуын қалағанын оқығаным бар. Әр өңірден табылған алтын адам туралы мәліметтер беретін тарихи жәдігерлерді аталмыш музейден көре алдым. Бұл қуанарлық жағдай. Жоғарыда аталған алтын адамдар табылған қорғандардың ішінде осы Жетісу жеріндегі қорған ғана тоналмаған деп тұжырымдады қазақ археологтары. Оған дәлел Алтын киімді адаммен бірге сақ заманынан көптеген мәліметтер беретін археологиялық ескерткіштердің табылуы. Бұл ұлттық құндылықтарды Есік қаласындағы мұражайдан көріп қана қоймай, олардың тарихынан сыр шертетін мәліметтер де алуға болады. Қорық-мұражай қызметкерлері келушілерге түрлі тақырыптағы экскурсиялық қызмет көрсетіп қана қоймай, киелі жердің кепиетін ұқтырып, болашақ жобалармен таныстырады. Әсіресе, мектеп оқушыларына, бұл орындар кезінде әлемге атын шығарған даңқты бабаларымыздың сан ғасырлар қойнауынан бүгінгі ұрпақтарына жетіп отырған аманаты екені, ал аманатқа қиянат жасап, қасиетті жерде қасиетсіз іске жол беріп, қорғандар маңайын ластап, таптап жүруге болмайтыны, аманатқа адал болу керектігі баса айтылады. Бекен ата өмірінің соңғы күніне дейін осы мұражайда қызмет еткен екен. Саяхат барысында археолог жұмыс істеген кабинетке бас сұқтым. Төрде атаның ақ шапаны ілулі тұр. Музейде өтетін игі шараларда оны үнемі үстінен тастамайтын деп Жазира апай өз сөзінде. Қазба жұмыстарына барғанда арқасына іліп жүретін жол сөмкесі де осында жұмыс орны да атаның казір келіп қайтадан жұмысын жалғастырардай дайын тұрғандай көрінді маған. Енді мұндағы заттардың бәрі құнды жәдігерлердің біріне айналып кеткендей. Бекен ата келешек ұрпаққа сақ заманынан келе жатқан құнды жәдігерлерімізді жинақтап, мәңгіге қалдыруды мақсат еткен екен. Елбасы « Қандай арманыңыз бар? » -деген сұрағына ата бабамыздан келе жатқан тарихи мәдени мұрамыз аяқ астында тапталмасыншы, осы жер болашақ ұрпағымыздың қадір қасиет тұтар мекені болса екен деген арманын айтқан екен. Археолог атамыздың ғылыми атағы болмаған екен. диссертация жазумен емес, Қазақстан аумағындағы тарихи жәдігерлерді зерттеумен халыққа қолжетімді болу үшін газет беттеріне жүзден аса мақала жариялаған екен. Көктем шығып күн жылына сала, Бекен ата патша қорғандарының қасына киіз үйін тігіп, өзінің жақсы көретін жүмысын жасаған. Мұражай қызметкерлері «Генератор» деп атап кеткен екен. Өмірінің соңғы күндері зерттеу тобымен Рахат қонысының маңында қазба жұмыстарын жүргізуге бармақшы болған екен. Тіпті жол сумкасын да жинап қойған археолог атамыздың жақындары оны тағы бір зерттеу жұмысына кеткендей сезімде екендерін жеткізген. 2016 жылы Есіктегі «Алтын адамды» тауып, бүкіл әлемге танытқан қазақтың белгілі археологы Бекмұханбет Нұрмұханбетов 2016 жылы 12 маусымда 81 жасында дүниеден озды.Егер Бекен атаның армандар орындалса, одан ешкім ұтыл
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!