Материалдар / Халқымның қадір қасиеті
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Халқымның қадір қасиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
жас тәрбиешілерге оқу қызметін құруға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
532
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Халқымның қадір-қасиетіМақсаты:Ұлттық мұраның бай қазынасыҚазақ халқының ерекше қасиеттері-сүйінші сұрау,шашу, қонақасы, сыбаға,қолға су құю,сый-сиапат,байғазы беру дәстүрлерін балаларға таныту,дәстүрлердің мән-мағанасын ашып көрсету арқылы, ата-бабамыздан қалған дәстүрлерді бала бойына сіңіре білу. Қазақ отбасында дастархан басына отбасы мүшелерінің отыруының мән-мағанасын ашып көрсету.Жаман әдеттен аулақ болуды салт- дәстүрді жаңғырту,Ұлттық тәрбие арқылы бала тілін дамыту,үйрету,жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.Барысы:Қазақтың киіз үйі. Ата мен әже,неиересі дастархан басында шай ішіп отыр.Даладан олардың үлкен немересі жүгіріп кіре сүйінші сұрайды. - « Сүйінші! Қаладан «Тамшылар» тобының бүлдіршіндері келеді! Ата. Айналайын ,өркенің өссін! Қалағаныңды ал! Балалар келіп бір жасап қалатын болдық қой!(Барлығы сыртқа шығып,бүлдіршіндерді қарсы алады.Әже балалардың алдына шығып, шашу шашады) Әже. Шашу! Шашу! Балалар ,шашу теріңдер!(Балалар шашу тереді) Әже.Амансыңдар ,ма балалар? Жоғары шығыңдар. Тәрбиеші.Ата,біз сізге арнайы амандасуға келіп отырмыз.Сіздердің өнегелі сөздеріңзді тыңдап,халқымыздың салт-дәстүрлері туралы шертер сырларыңызды естуге келдік. Немере.Ата жаңа ағам сізден сүйінші сұрады. «Сүйінші!» деген не? Ата. «Сүйінші!» деген, балам,қуанышты хабар.Жаңа ағаң өзінің құрдастарының келгеніне қуанып,сүйінші сұрады.Қазақта ,өзінің құанышын сүйінші сұрау арқылы білдіреді. Ондайда шын қуанған адам «қалағаныңды ал», сүйіншіңді берейін деп,бала өзінің қалағанын алады.Балалардың бірі.Әже «шашу» деген не?Оны неге шашасыз? Әже. Шашуды үлкен тойларда,қуанышты күндерд,е тәтті мен күміс тиындарды жиналған көпшілікке шашады.Ол нағыз берекенің,ырыстың, ақ жарқын көңілдің белгісі. Балалардың атасы ,балалардың қонақасына бір мал даярламайсың ба?Мен балалардың сыбағасын қазанға салайын! (Ата мал союға тапсырма береді) Тәрбиеші. Ата біздің бүлдіршіндерімізге халқымыздың қадір-қасиеті туралы айтып берсеңіз. Ата әңгімесін бастайды.-Балаларым,сендер менің немеремнің құрдастары екенсіздер.Бүгін біздің үйге келген «құтты қонақ»болдыңдар! Қазақ әрқашанда үйіне келген қонақты сыйлаған.Соның құрметіне мал сойған,соны «қонақасы» дейді. Ол- жомарттықтың,елдіктің үлкен белгісі. Ал жаңағы әжелеріңнің қазанға салғалы жүрген сыбағасы–ол алыста жүрген жақындарыңа сақталған соғымның еті. Қыста соғым сойғанда арнайы сақтап қояды- соны «сыбаға» деп атайды.(Слайдтан сыйлы қонақтарды күту сәті көрсетіледі) Тәрбиеші. Балаларда құр қол келген жоқ,өздерінің өнерлерін ала келді. Сіздерге арнап ән шырқап береді.Ән: Қазақстаным ОтанымӘже барлығын дастархан басына шақырады.Үлкен немересі иығына орамал іліп келіп,қолындағы құманмен су құяды.Ол су құюды атасынан бастайды да, отырғандардың жасына қарай құяды. Ата өолға су құю тәртібі туралы сөз қозғайды. –Су құюшы шылапшынды жерге қойып,сол қолымен құманның шүмегінен, оң қолымен тұтқасынан ұстап, жылы суды үзіп-үзіпқұяды.Қол жуылып болған соң,құманды жерге қойып, орамал ұсынады. Балаларым қолға су құйған өте құрметті іс.Себебі үлкендерден алғыс аласыңдар.(Әже барлығын дастархан басына шақырады)Әже.Балаларым,қазақ отбасында дастархан басына отырудың да өзіндік бір ерекшелігі бар.Төрге отбасының ең үлкен мүшесі аталарың, қонақтардан сыйлы ауыл үлкендері отырады.Содан төмен ақ жаулықты әжелер, әке,аналарың өздерінің жастарына қарай отырады. Ең төменде жасы кіші –сендер сияқты балалар отырады. Бұл дастархан басындағы үлкенге көрсетілген сый- құрметтің бірі.( Слайдтан отбасы мүшелерінің дастархан басындағы сәтінен көрініс көрсетіледі)Тәрбиеші.Біздің бүлдіршіндерімізде әрқашан үлкенге ізет,кішіге қамқор болуға дайын. Енді өздеріңіздің құрметтеріңізге арналған қыздарымыздың биін қабыл алыңыздар!Би: ҚамажайДастархан үстінде ата балалардан жөн сұрайды:Қазақта «Жеті атасын білген ер,жеті жұрттың қамын жер» деген сөз бар. Жеті аталарыңды білесіңдер ме? Тәрбиеші:Біздің бүлдіршіндер өздерінің шыққан руларын,жеті аталарын жатқа біледі. (Балалар жеке-жеке жеті аталарын , руларын айтады) Әже,біздің қаладан өздеріңізге арнап әкелген сый-сияпатымыз бар. Соларды ұсынайық. Балалар «сый-сияпат» дегеніміз -арнайы ұсынылатын сыйлықтар.(Қыз балалар атаның иығына шапан,әжеге орамал,немерелеріне тақиялар кигізеді) Ата:Рахмет айналайындар.Мұндайда балалардың жаңа киімдері үшін халқымызда «байғазы» берген. Әжесі мына балалардың байғазысына не бересің? Әже:Айналайындар,тақияларыңды тек тойда киіңдер,көп жасаңдар.Ал мынау байғазыларың деп қамшы береді. Ата:Балаларым,сендердің келгендеріңе әжең екеуіміз бір жасап қалдық.Олай болса мен өздеріңе «бата»берейін.Барлығы қол жаяды. А,құдайым оңдасын,Сәтсіз күнің болмасын.Бастарыңа бақ сыйлап,Қыдыр бабаң қолдасын.Төрт құбылаң түгел болсын,Төрт түлігің сай болсын.Айбат асқан ұлан бол,Хақың сүйерсұлтан бол!Ә,құдайым, жарылқа,Әумин!Ал,енді үлкен ас келгенше есік алдына шығып,бой жазайық!Тәрбиеші: сұрақ-жауап арқылы оқу әрекетін қорытындылау ,ұлттық ойындар ойнатуАрқан тартыс,тақия тастамақ,көкпар



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!