Материалдар / «Халық әні - қадірлім» сазды бағдарлама сценарийі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Халық әні - қадірлім» сазды бағдарлама сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме жетекшілеріне, музыкалық жетекшілерге көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
554
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сырым аудандық »Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК










«Халық әні - қадірлім»

Сазды бағдарлама сценарийі












Дайындаған: Мергенов Амандык Нариманович

Қосымша білім беру педагогы




















2020 ж

«Халық әні - қадірлім» атты халық әндерінен

концерттік бағдарлама


Өту барысы:

Сахнаны безендіру.

Сахнада әуен ойналып тұрады.

Жүргізуші ортаға шығады.


Жүргізуші: Армысыздар құрметті өнер сүйер көрермендер!

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын ілгерілету мақсатында және рухани байлыққа ұмтылу қасиеттерін оқушылар арасында дамыту. Оқушыларға халық әнінің басқа әндерден ерекшелігін, адамның жан дүниесіне тигізер әсерін сезіндіру. Ұлттық дәстүріміздің, құндылығымыздың жоғалмауын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Халық әні қадірлім» атты концертімізге қош келдіңіздер!


Жүргізуші: Халкымыздың ғасырлар тереңінен жеткен саз өнері үлкен екі арнада көрінеді. Олар: ән және аспаптық дәстүр. Зерттеушілердің анықтауынша, бұл екеуінің ерте туғаны — ән. Ән — халық мұрасы. Халық әндері — сарқылмас қазына. Оны жай ғана ән салу, коңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар. Ең алдымен, ән — өнер. Ән — адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән — табиғат суреттемесі. Ән – халыктың өмір айнасы. Осындай жан тебірентер әндердің біріне кезек берейік.

Халық әні: «Айкаракөз» орындайтын Молданияз Бақнұр.


Жүргізуші: «Музыкалық әуендер жақсы мінез құлықты, адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Музыка мен ән эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді» - деп жазған екен шығыс философы, ұлы ғұлама ғалым, энциклопедист, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл – Фараби. Олай болса, тағы да халық әндерінің біріне кезек берейік,

Халық әні: «Беу айдай» Орындайтындар: Хабдыгали Фариза, Рақымғали Айкөркем, Кадим Сағынтай.

Қошеметтеріңіз!


Жүргізуші: Музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы, мұхиттай шексіз ғажайып дүние. Музыкада адамның асқақ ойлары, арман - мақсаты, ізгі тілектері, қуанышы,қайғы-қасіреті мен әртүрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.

Келесі әнге кезек берейік.

Салауат Айдарханның орындауында халық композиторы Ақан серінің әні «Балқадиша» қабыл алыңыздар!


Жүргізуші: Соңғы кездері  жиі айтылып,  ел арасына кең тараған әндердің бірі – «Қоғалы-ай”.  Бұл жері шұрайлы, шөбі шүйгін, малға жайлы қонысты, қазақ халқының белгілі бір таррихы кезеңіндегі тыныс-тіршілігін суреттейтін ән.  Әуені созылмалы, қайырмасы сазды, әсерлі.

Боз беткейлі, ендеше, боз беткейлі,

Боз беткейден, ендеше, мал кетпейді. -  деп басталатын әннің өлең кестесі шалыс ұйқасқа құрылған  қазақтың қара өлең үлгісін еске салады.

Халық әні «Қоғалы-ай» орындайтындар: Сағынғалиева Гүлназ, Махамбет Арайлым, Меңдешова Нұргүл.



Жүргізуші: Бүгінгі таңда жастар үшін жарқын әуенді жеңіл музыка аса қажет. Жас адамның көңілін көтеріп билегісі келетіні анық, Осындайда ескертетін бір жай, көңілденудің жөні осы екен деп, құр даңғырлаған даңғаза музыкасымақтарға әуестенудің ешбір пайдасы жоқтығын білген дұрыс. Ондай әндер мен музыкалар адамды жеңілдікке, ұшқалақтыққа әкеліп соқтыруы мүмкін. Бір кезек байыптылықпен әдемі – әуезді тыңдап көрелікші, жанымыз бір жадырап, көңіліміз жайланып қалары анық.

Мергенов Мейрамбектің орындауында халық әні: «Он алты қыз» қабыл алыңыздар!


Жүргізуші: Бұл соңғы жылдары ел арасына  көңінен тарап жүрген әндердің бірі.  Соған қарамастан әннің лирикалық әуен-сазы мен сөз саптауы оның нағыз халық туындысы 

екенін байқатады.

Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,

Сала берме көзіңді әр жақсыға.

Сусамыр  бар ма байлауы, -  деген  жерде әннің негізгі шумағы да,  қайырмасы да екі жолдан құралып тұр. Бірі –11,  екіншісі – 8 буындық өлшеммен берілген. Қайырмасы ықшам, тұрақты.

Ендеше, Айкөркем мен Фаризаның орындауларында

халық әні «Сусамыр - елдің жайлауы» Қабыл алыңыздар!


Жүргізуші: Халық әндерінің стильдік ерекшеліктеріне бойлай түсетін болсақ, олардың музыкалық әуені мен әдеби мәтінінің бірде сәйкес, бірде сәйкес еместігін аңғарамыз. Бұл ерекшелікті ғылым тідімен синхрондық және асихрондық деп екіге жіктейміз. Асинхрондық жүйеге негізделген әндердің музыкасы мен әдеби мәтіні әр түрлі кезеңдерде тугандықтан, олардың құрылымдық жағынан бір-біріне сәйкес келмейтіні байқалады. Олай болса, тағы да халық әніне кезек берейік. Халық әні: «Әгугәй» орындайтындар Махамбет Айжұлдыз, Мутиголлиева Назерке.


Өмір ырғақ, нәзік әуен асқақ үн,

Айдын дала аспан күн!

Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!

Ей, адамзат бас әуенге, қос әнге,

Шырқат биік тіршіліктің дастанын!

Өмір ырғақ, әуеніне ермесең,

Тірлігің – тұл, тас – жаның!

Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаны! – дей келе, бүгінгі «Халық әні қадірлім» атты шағын концертіміз аяқтала келді. Көңіл койып тыңдағандарыңызға рахмет!

Ән аманат сіздер үшін!













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!