Материалдар / Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2020
1444
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар.

Күні: Сыныбы: 9

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6. Елтану және саяси география негіздері

1.2 Дүние жүзі елдері.

Мектеп: Болашақ мектеп-гимназиясы

Мұғалімнің аты-жөні: Жумагулова Г

Сабақтың тақырыбы:

Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.6.1.2. Халықаралық ұйымдарды деңгейлері және мақсаттары бойынша топтастырады. Қазақстан Республикасы мүшелікке қабылданған ірі халықаралық ұйымдарды анықтайды.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Халықаралық ұйымдар, олардың құрылуы туралы сипаттайды , мүше болу сипаты бойынша жіктей алады. Қазақстан Республикасы мүшелікке қабылданған кейбір халықаралық ұйымдарды атайды.

Басым бөлігі: Халықаралық ұйымдарды қатысушылар сипаты бойынша ажырата алады, Қазақстан Республикасы мүше аймақтық және аймақаралық ұйымдарға түсінік береді, аймақтық және аймақаралық халықаралық ұйымдарға мүше елдерді анықтап, кескін картаға түсіре алады.

Кейбірі: Әмбебап халықаралық ұйымдардың құрылу мақсатын, атқаратын қызметін, үлкен саясатта алатын орнын өмірмен байланыстырып, талдайды.

Бағалау критерийі

  • Халықаралық ұйымдар ұғымын түсіндіреді, мүше болу сипаты бойынша жіктейді.

  • Қазақстан Республикасы мүшелікке қабылданған кейбір халықаралық ұйымдарды атайды

  • Халықаралық ұйымдарды қатысушылар сипаты бойынша ажыратады. Қазақстан Республикасы мүше аймақтық және аймақаралық ұйымдарды анықтайды.

  • Белгілі бір аймақтық және аймақаралық халықаралық ұйымдарға мүше елдерді анықтайды , кескін картаға түсіреді.

  • МАГАТЭ және ГРИНПИС мысалы негізінде осы халықаралық ұйымдарының құрылу мақсатын, саяси аренадағы ролін зерттейді, өмірмен байланысты мысал келтіреді.


Тілдік мақсаттар

Оқылым–айтылым: Мәтінді оқи отырып, халықаралық ұйымдардың құрылу мақсаттарын анықтап, олардың мүше болу және қатысушылар сипаттары бойынша жіктелетінін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшелікке қабылданған халықаралық ұйымдар туралы білім алады. .

Тыңдалым – жазылым: Халықаралық ұйымдарды қатысу сипатына қарай жіктейді , Қазақстан Республикасы мүшелікке қабылданған ірі халықаралық ұйымдарды анықтап , кестеге түсіреді. Өз қалаулары бойынша бір халықаралық ұйымның құрылу мақсатын көрсете отырып , кескін картаға түсіреді.

Пән бойынша сөздер мен терминдер: МАГАТЭ, ОПЕК,ОБСЕ ұйымдарының мағынасын ашу, үкіметаралық, үкіметтік емес ұғымдарын айқындау.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының «Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы» құндылығын насихаттай отырып, мемлекетіміздің белсен-ді , теңдестірілген , сындарлы және жауапты ішкі саясатының мәнін оқушыларға ұғындыру , ұлтжандылыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Тарих – халықаралық ұйымдардың құрылу мақсатын, алғашқы ұйымдардың қай ғасырда құрылғанын , бұл ұйымдарды кімдердің құрғанын анықтайды.

Адам және Қоғам -- халықаралық ұйымдардың әлемдік саясатта алатын орнын талқылайды.

Алдыңғы білім

Елдердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырылуы

Жоспар

Сабақтың жоспарлан-ған уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дерексөздер, ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

1. Ұйымдастыру кезеңі : оқушыларды кезекшінің көмегімен түгелдеу.

2.Топқа біріктіру:

1. «МАГАТЭ» 2.«Гринпис»

3. «Ашық микрофон» әдісі арқылы алдыңғы білімдерін еске түсіру.

Сабақтың ортасы

30 минут

Сабақтың тақырыбын ашу.


1.Бейнебаян «Халықаралық ұйымдар». Бейнебаянның мазмұны туралы айтады.

2. Бейнебаянды тамашалау арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын айтады.

3.Бүгінгі тақырып «Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары». Тақырыпты дәптерге жазамыз.


1 тапсырма

«Еркін талқылау» әдісі. Мәтінмен танысып,топта ой бөлісу. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі тапсырмаларды орындайды.


1-топ .Үкіметаралық халықаралық ұйымдар. ҚР мүше болған үкіметаралық халықаралық ұйымдар.


2-топ. Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар. ҚР мүше болған үкіметтік емес халықаралық ұйымдар.


Әр топ өздерінің түсінгенін постерға түсіреді , қорғайды.






Дескриптор

1. Халықаралық ұйымдар ұғымын айтады.

2. Мүше болу сипаты бойынша халықаралық ұйымдарды жіктейді.

3. Қазақстан Республикасы мүшелікке қабылданған ірі халықаралық ұйымдарды анықтайды.


ҚБ : Екі топ өзара топаралық бағалау жасайды.


2 тапсырма


«Айырмашылығы неде» әдісі.

1. Оқушыларға қатысушылар сипаты бойынша бірнеше халықаралық ұйымдардың атаулары ұсынылады. Әр топ берілген халықаралық ұйымдарды қатысушылық сипатына қарай ажыратады.

2.Қазақстан Республикасы мүше болған әмбе-бап , аймақтық және аймақаралық ұйымдарды анықтап кестеге түсіреді.

3.Өз қалаулары бойынша жоғарыда берілген бір халықаралық ұйымдарды алып, ұйымның құрылу мақсатын көрсетіп , кескін картаға түсіреді.



Дескриптор

1.Халықаралық ұйымдарды қатысушылық сипатына қарай ажыратады.

2. Қазақстан Республикасы мүше халықаралық ұйымдарды анықтайды


3. Бір халықаралық ұйымның құрылу мақсатын көрсетіп , кескін картаға түсіреді.


ҚБ: Екі топ өзара топаралық бағалау жасайды



  1. тапсырма


1.МАГАТЭ тобы МАГАТЭ халықаралық ұйымының құрылу мақсатын, қатысу сипатын, атқаратын қызметін зерттеп , эссе жазады.


2. ГРИНПИС тобы Гринпис халықаралық ұйымының құрылу мақсатын, атқаратын қызметін, қатысу сипатын зерттеп, эссе жазады.







Дескриптор

1. МАГАТЭ мысалы негізінде осы халықаралық ұйымдарының құрылу мақсатын, саяси аренадағы ролін зерттейді.

2. ГРИНПИС мысалы негізінде осы халықаралық ұйымдарының құрылу мақсатын, саяси аренадағы ролін зерттейді,


3.Өмірмен байланысты мысал келтіреді.


ҚБ: Мұғалім кері байланыс жасайды.



Интерактивті тақта

Бейнебаян

«Халықаралық ұйымдар»

YouTube. Kazakh TV.

15.01.2015 ж







Дүниежүзінің саяси картасы





Флипчарт, маркер




















Сәйкестендіру

кестесі


Дүниежүзінің саяси картасы


Кескін карта









































Бейнебаян

«Халықаралық ұйымдар»

YouTube. Kazakh TV.

15.01.2015 ж

Сабақтың соңы

3 минут

рефлексия



Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады

Саралау- сіз оқушыларғақандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз

оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану

1.Сабақта ұстаз бен достарының көмегін қажет ететін оқушылар-ға тақырыптың ауқымдылығына байланысты жекелей көмек көрсетемін. Әсіресе, халықаралық ұйымдарға қатысатын елдерді мүше болу және қатысу сипатының ара жігін ажырату , қатысушылар сипаты бойынша жіктей білу аса маңызды.

2. Сабақ барысында ешкімнің көмегін қажет етпейтін, өзіндік білімі жоғары оқушылар белсенділік халықара-лық ұйымдарды қатысушылар сипаты бойынша жіктейді , дәптерге термин сөздердің анықтама-ларын жазады, өз қалаулары бойынша бір ұйымды сипаттай отырып кескін картаға түсіреді.

3.Шығармашы-лық қабілеті дамыған, жоғары логикалы, ешкімнің қолдауын қажет етпейтін аса қарқынды оқушылар халықаралық ұйымдар қызметінің маңыздылы-ғын зерттеп, олардың саяси қызметін өмірмен байланыстыра отырып эссе жазады.

Сабақ барысына қойылған мақсаттарға байланысты , сыныбымдағы оқушылардың аздығын ескере отырып оқушылардың әрбірімен жеке жұмыс жүргізіп , тапсырманы орындау барысын қадағалай-мын. Қалыптастырушы бағалауда оқушылардың білім алғандығының дәлелдерін жинауға бағытталған сыныпішілік оқу үдерісін ұйымдастырамын. Екі топ арасында өзара бағалауды назарда ұстаймын, себебі оқушылар арасында бірін-бірі дұрыс бағалай білуі аса маңызды. Асыра бағалау немесе төмен бағалау жағдайларында кері байланыс жасап отырамын.

Сабақты тарих және Адам және Қоғам пәндерімен байланыстыра отырып , халықаралық ұйымдар қызметінің маңыздылығын нақты дәлелдермен ұштастыруға үйретемін.

Оқушыларға жағымды, ынтымақтастық орта қалыптастыру, топ және қауіпсіздік ережелерін орындауын бақылауда ұстауды басты мақсат етіп қоямын. Ізденушілік мүмкіндігі бар оқушыларға АКТ тиімділігін пайдаланып ізденуіне мүмкіндік беремін.


Қорытынды бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?


Қорытынды бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!