Материалдар / ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар ғасыры
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар ғасыры

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2019
753
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Апталықтың тақырыбы: ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар ғасыры М.Сералин атындағы орта мектебінде 21-25 қаңтар аралығында МИФ апталығы өтті. Апталыққа алдын ала жоспар құрылып мектеп директоры бекітті.Мақсаты: • Математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру;Апталықтың міндеттері:• Оқушылардың нақты ғылымдардың XXI- ғасырда алатын орынын бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу;• Әр баланың өз қабілетін таныта біліп,одан әрі дамуына жағдай туғызу;• Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату; Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. «ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар ғасыры» деп елбасымыздың қойып отырған маңызды міндетінің негізгі салмағы да осы үш пән-математика,физика және информатикаға бағытталған.Сондықтан да биылғы оқу жылында өткізілетін апталықтың тақырыбын да барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағыттадық.  МИФ апталығы аясында өткізілген іс-шаралардың барлығы оқытудың жаңа формасы негізінде жүргізілді. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сабақта және сыныптан тыс дамытуға, яғни, оқушылардың еркіндігін қалыптастыруға, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Апталықтың алғашқы күні апталықтың салтанатты ашылуы болды. Екінші күні жоспар бойынша 7-сыныпта физика пәнінен жас маман Айткалиев Е.Қ. ашық сабақ көрсетті. Сабаққа мектеп басшылары және пән мұғалімдері қатысты. Сабақта жаңа «Қысым» тақырыбы болды. Сабақ бүгінгі өмірмен тығыз байланыстырылған. Мұғалімнің білімі жеткілікті, дайындығы жақсы. Сабақтан тыс екінші күнгі тапсырма сөзжұмбақ және ребустар құрастыру еді. Оқушылардың құрастырған ребустары мен сөзжұмбақтарынан стенд жасап ілдік. Апталықтың үшінші күнінде екінші сабақта 8-сыныпта алгебра пәнінен Ердосова Т.Е сабақ өткізді.Сабақтың тақырыбы « Мәтінді есептерді квадрат теңдеудің көмегімен шығару». Бүгінгі сабаққа да мектеп басшылары және пән мұғалімдері қатысты. Сабақ дәстүрлі сабақ болды.. «Қайталау айнасы» өткен тақырыптарды қайталады.



«Информатика-ақпараттар ғылымы» күні үшінші сабақта жоспар бойынша 3-сыныпта информатика пәнінен ашық сабақ өтті. Сабаққа сабағы жоқ бос мұғалімдер және пән мұғалімдері қатысты. «Микрофон әдісі» бойынша үй тапсырмасын тексерді. 3 топ жұмыс істеп сабақтың тақырыбын шығарып алды. Сабақтың мақсатын оқушылар құрды. « Адасқан әріптер» ойынын қолданып топтық жұмыстар өткізді. Зертханалық жұмыс яғни компьютермен сурет салды. Сергіту сәтін балалар сабақта орындап отыратыны көрініп тұр. Мидың суреті арқылы бағалады. Кері байланыс «СМС» арқылы болды. Салтанат Маралбекқызы өз сабақтарында әр баланың компьютерлік бағдарламаны жете меңгеруімен қатар шығармашылық ізденісінің де дамуынына жол ашудың әдіс-тәсілдерін әріптестеріне таныстырды. «Информатика-ақпараттар ғылымы» «Адамның ақыл-ойының кеңейе түсуімен математиканың тигізетін әсерін айтып жеткізу қиын. Математика ақыл-ой шегін кеңейтеді»дегендей математика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары - тақырыбында сәрсенбі күні ұйымдастырылған 5-7 сынып оқушыларның арасында «Сандар құдіреті» атты сыныптан тыс жұмыс өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, теориялық білімдерін практикеда қолдана білу, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын арттыру. Жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Әр бала логикалық есептер байқауына берілген есептерге жауап тауып, өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін танытуға мүмкіндік алды. Бейсенбі күні  апталықтың жоспары бойынша 11-сыныпта алгебрадан Абилова М.М. ашық сабақ өткізді. Сабаққа пән мұғалімдері және мектеп басшылары қатысты. Сабақтың басында «Шаттық шеңберін» құрып, оқушылар бір-біріне сәттілік тіледі, содан соң топқа бөліп, үй тапсырмасын тексерді. «Миллион кімге бұйырады? » ойынының « Іріктеу » кезеңін қолданып , «Дәреженің қасиеттерін» жаздырды кім дұрыс, тез жазып болғаны жауап берді. Осы арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын шығарып алды. Сабақтың тақырыбы : «Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері» тақырыбына есептер шығару. Деңгейлік тапсырмалар, жұптық және топтық тапсырмалар орындалды . «Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты сыныптан тыс жұмысты 8-10 сыныптар арасында МИФ пәнінің мұғалімдері өткізді. Интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін шебер пайдаланған ұстаздар бұл шараны өте қызықты әрі мазмұнды етіп өткізді.Көрнекіліктері эстетикалық талғаммен жасалуы да баланы қызықтыруға, талғамын тәрбиелеуге көп әсерін тигізеді. Қорыта келгенде,МИФ апталығында жоспарланған жұмыстар жүзеге асырылып отырды.Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді. Назарларыңызға рахмет !

























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!