Материалдар / ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек? Эссе
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек? Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің бұл жазба жұмысым арқылы әріптестерм жастар ізденіссіз жұмыстың болмайтынын,ал зейнеткерлік жасқа таяған замандастарымның алдымыздағы әр бала ел болашағы екенін өзгеріп жатқан білім саласында өзгеріссіз отыру мүмкін емес екенін түсінер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
640
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек?ЭссеДүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. «Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтеп болашағына жетелейтін шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел болашағын басқарған азаматтар да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, адам жанының арашасысы дәрігер де, мал бағып терін төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаз даналған білімі мен тәлімінің жемісін көруде. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, қазіргі жаңартылған білім беру бағдарламасымен өзгеріп отырған заман талабымен еңбек ету ұстаздардың алдына үлкен жауапкершілік жүктегені белгілі. “Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер, ізденіс пен ілгерілеуденжалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Н.Ә.НазарбаевМен 34 жыл Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылында ұстаз болып бастауыш сыныпта еңбек етіп келемін. Елбасының осы сөзінен жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу үшін ұстаздықтың жаңа жолын іздеуге бет бұрыс жасау керек дегенін түсіндім. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейтіні белгілі. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойын дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жасұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. 2016жылы ҚР педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы аясында үшінші деңгейлік бағдарламасын оқуға бардым Сындарлы білім берумен дәстүрлі 31 жыл берген әдістемемді өзгерту қалай болар екен деген ой мені қатты ойландырды. Бұл қорқынышымды жеңуге ұстаз болу уақыт күттірмейтін, үнемі ізденісті талап ететін жауапкершілігі зор мамандығыма деген сүйіспеншілігім сейілтті. АКТ-ны қолдана отырып әлемдік деңгейде ізденіп, берген білімдерім оқушының белсенді әрекетін ұйымдастыру болып табылатынын, сабақтар оқытудың әрекеттік принциптеріне негізделетінін, оқытудың интерактивті әдістерін, диалогтік (сөйлем құру) және рефлексиялық (ой қорыту) технологияларын, оқушылардың жобалық және зерттеулік әрекетін ұйымдастыруды пайдалану талап етілетінін түсіндім.Талмай ізденудің талай белестерді бағындыруға жеткізетініне толық көз жеткіздім. Жаңа ғасырдың мұғалімі кез келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болу керек. Оның бойындағы осынау қасиеті өзгелерге үлгі болады. Мұғалім ұғымының өзі өзгеге үлгі болуға үйретеді. Бұның дәлелі жаңартылған білім беруде ұжымым мен ата- аналарымның алдында, желілік қоғамдастық ұстаздар қауымдастығында жұмысымның жоғары бағалануы. Ұстаз еңбегі- оқушы білімімен бағаланады. Классикалық кітаптың, қалам мен қағаздың дәурені өтіп бара жатқаны шындық. Дегенмен кітаптың құндылығын айта отырып, оған шәкіртті қызықтыру үшін бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты заманауи инфрақұрылымдарды, техниканы меңгеру екен. Соның ішінде компьютердің ішкі жүйесін, электронды тақталарды игеру арқылы жаңа заманға бейім бүлдіршіндердің көңілін алдандыра да, сабақты қызықты өткізу мамандығыма деген құштарлығымды арттыра түсті.Осындай жетістігіме қол жеткізу 2014жыл«Білім беруді жаңғырту жағдайында шағын жинақталған мектепте бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісін қалыптастыру» 2015жыл ҚР пед.кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстары, . 2016жыл, ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бойынша 120 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын,2017жыл Мектеп үйлестірушісіне арналған курсты,2018 жылы мектеп тренері курстарынан өтуімнің арқасы. Деңгейлік курсты аяқтағанда «Мен қалай өзгердім?» атты таныстырылым арқылы бірге оқыған әріптестерімнен қуанышымды жасыра алмай бөлістім. 34 жыл білім саласында еңбектенгенде оқу, үйрену ешқашан кештік жасамайтынын тағы бір дәлелдедім. Шәкірттерімді жан-жақты білімді, білікті, тартысқа түссе өз білімін дәлелдеп шығып, додаға түссе бәйгені берместей етіп тәрбиелесем онда ол бір ғана ұстазы менің емес, бір мектептің, қазақ елінің абыройы болар еді.

Айнабұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амиржанова Жанна Тусупбекқызы









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!