Материалдар / Химия пәнін оқытуда ойын технологиясын қолдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Химия пәнін оқытуда ойын технологиясын қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия жаратылыстану ғылымының цикліне жататын оқу пәні болғандықтан, оқушылардың санасында дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Химияның басты жетекші компоненті, әрі оның оқу пәні ретінде атқаратын қызметін анықтаушы – пәндік ғылыми білім болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Наурыз 2021
600
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Химия пәнін оқытуда ойын технологиясын қолдану

Жеке адамның қалыптасуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайтынын ескерсек, берілетін білімді ізгілендіру, әсіресе химия мазмұнын осы бағытта жүзеге асыруда мүмкіндіктері молдығын байқаймыз. Себебі, адам, табиғат, қоғам бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның дамып жетілуіне мүмкіндік туғызатын орта болса, сол қоршаған орнаның табиғат байлықтарын, табиғи жағдайларын мектепте оқытып үйрететін пән – химия. Химия жаратылыстану ғылымының цикліне жататын оқу пәні болғандықтан, оқушылардың санасында дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Химияның басты жетекші компоненті, әрі оның оқу пәні ретінде атқаратын қызметін анықтаушы – пәндік ғылыми білім болып табылады.

Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Педагогикалық ойындар қарекет бойынша: физикалық, интеллектуалдық,еңбектік,психологиялық,әлеуметтік болып бөлінеді. Педагогикалық процесс сипатына қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:

· Оқыту,жаттығу,бақылау және талдап қорыту.

· Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;

· Репродуктивті,продуктивті,шығармашылық;

· Коммуникативті(қатынас), диагностикалық хабардар ету.Ойын әдістемесі бойынша пәндік, сюжеттік, іскерлік, рольдік, имитациялық, драмалық болады.

Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады, білім-білік дағдылары,пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының көтерілуіне ықпал етеді.Ойын сабақтың 1/5 уақытын қамтиды. Оқыту үрдісінде – көзбен көрген(тәжірибе,оқу): есте сақтау ақпараты-50%. Құлақпен естіген ақпарат – 10% ғана есте қалады, оқушының өзі қызығып, қатысқан (ойын)жағдайда -90% ақпарат жадында қалады екен. Химияны оқыту әдістемесінде оқу материалын меңгеру барысында ойын әрекетіне үлкен көңіл бөлінеді. Ойын іс-әрекеті оқушылардың өздігінен білім алуында кеңінен қолданылады.

Қызықты тәжірибелерді көрген оқушыда қызығушылықтан әртүрлі сұрақтар туады. Одан әрі сол сұрақтың жауабын табуға ынталанады. Нәтижесінде оқушының химия пәніне деген қызығушылығы артып, ынтасы дамиды. Қызықты тәжірибелердің «кілтін» немесе мәнін бірден айтудан гөрі оқушылардың өзіне ойландырып айтқызған дұрыс.

«Домино» ойыны. Қағаз екіге бөлініп, біреуіне сұрақ немесе реакцияға түскен заттар, екіншісіне басқа сұрақтың жауабы немесе реакция өнімдері жазылады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап тауып,құрастыруы керек.Егер тапсырма дұрыс орындалса, қағаздың екінші жағында белгілі бір сурет немесе мақал-мәтел шығады.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!