Материалдар / Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Периодтық заң,электрондық қабаттың құрылысы, кіші және үлкен периодтар туралы білімді бекіту мақсатында әңгіме жүргізіледі. Оқушылар мына сұраққа жауап береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2019
742
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрал – жабдықтар:          Химиялық элементтердің периодтық жүйесі, кіші және үлкен период элементтерінің салыстырмалы кестесі.Тірек білім мен біліктер:   Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеру себептері, атом құрылысы, электрондық қабаттарының құрылысы.Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Периодтық заң,электрондық  қабаттың құрылысы, кіші және үлкен периодтар туралы білімді бекіту мақсатында әңгіме жүргізіледі. Оқушылар мына сұраққа жауап береді.1.      Период дегеніміз не? Кестеден кіші және үлкен периодтарды көрсет.2.      Үлкен периодтағы және кіші периодтағы элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді?3.      Кіші периодтағы элементтердің оттегі және сутегі бойынша валенттілігі қалай өзгереді?4.      Период бойынша элементтердің қандай қасиеттері өзгереді?5.      Периодтық жүйедегі сілтілік металдар мен галогендердің қасиеттерінің периодты өзгеруін түсіндіру.Оқушыларға кіші және үлкен период элементтерін салыстыруға дайын түрде беріледі.
БелгілеріПериодтар


кішіүлкен
Период нөмірлері1,2,34,5,6,7
Элемент саны2 және 818 және 32
Қатар саныбірекі
Элемент атомы құрылысының ерекшеліктеріАтомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады. Валенттік электрондар сыртқы энергиялық қабатта орналасады.Атомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады.  Валенттік электрондар сыртқы және астыңғы энергиялық қабатта орналасады.
Период бойынша элементтер қасиеттерінің  өзгеру ерекшеліктеріМеталдық қасиеті тез кемидіМеталдық қасиеті баяу кемиді (жұп қатарда металдар орналасқан)
    Жаңа тақырыпты оқыту. Сөйтіп топ, топша, негізгі топша және қосымша топша туралы түсінікке біртіндеп келеміз. Элементтердің оттегімен қосылыстарындағы жоғары валенттілігінің  топ нөміріне сәйкес келетіндігіне көңіл аударамыз.    Жоғары  оксидтер мен сутегі қосылыстарының формуласы жазылған кестені көрсетеміз. Сілтілік металдар тобы мен галогендер тобындағы элементтер қасиет- терінің ядро зарядына атом радиусына тәуелді өзгеретінін айта отырып, мынадай қорытындыға келеміз. Негізгі топша элементтердің ядро зарядының артуына байланысты металдық қасиеті артады, бейметалдық қасиеті кемиді.    Бұл бағыныштылыққа тек қана негізгі топша элементтеріне тән екендігін атап көрсету керек. Үлкен периодтағы тақ қатардың элементтерінен құралған қосымша топшада тек металдар ғана орналасқандығына көңіл бөлген жөн.    Қосымша топша элементтерінің атомдарында арттан санағандағы екі қабаты электронға толады, ал сыртқы электрон қабаты негізгі топшаның металдарындай болады.    Период және негізгі топша бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеруі.
ҚасиеттерӨзгерістер бағыты  


Негізгі топшадаПериодтарда
Металдықөседі ↓өседі ←
Бейметалдықөседі ↑өседі →
Оттек бойынша валенттігітұрақты,топ нөміріне сәйкес1-ден 7-ге дейін өседі
Сутек бойынша валенттігітұрақты,8-ден топ нөмірін алғанға тең4-тен 1-ге дейін кемиді
Ядро зарядыөседі ↓өседі →
Салыстырмалы атомдық массасыөседі ↓өседі →
 Осы тақырыпты оқушылар қалай меңгергенін тексеру үшін мынадай сұрақтар қоямыз:1.      Д.И.Менделеев ашқан жаңалығын – заңын неге периодтық деп атады? Жауаптарыңды химиялық элементтердің қасиетін талдай отырып дәлелдеңдер.2.      Период бойынша және негізгі топ бойынша химиялық элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? Бұл заңдылықтарды атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіріңдер.Екінші сабақта мына біліктерді қалыптастыруға көңіл аударған жөн:1.      Элементтерді периодтағы орны бойынша салыстыру;2.      Элементтерді қосылыстардың белгілі түрлері бойынша анықтау (оксиді, сутекті қосылысы, т.б.);3.      Нағыз металдар мен бейметалдардың қасиеттерін сипаттау;4.      Оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерін түсіндіру;5.      Периодтың, топтың, элементтердің реттік нөмірінің физикалық мәнін ашу;6.      Химиялық элементтердің атом құрылысын сипаттау;Сабақтың басында өткен тақырыптарды қайталау мақсатында оқушыларға төмендегі сұрақтарды қоямыз:1.      Мына элементтердің оксидтерінің формуласын атаңдар:Na,Mg,AI,Si,P,C. Осы  элементтердің сутекті қосылыстары бола ма?Олардың формуласы қандай?2.      Мына элементтердің жоғары газ тектес сутегімен қосылыстарының формуласын жазыңдар: германий, мышьяк,теллур, иод.3.      Реттік нөмірі 19 және 29-ыншы  элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?4.      Реттік нөмірі 14 және 32-інші элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?5.      ІІІтоп элементі оксидінің с.м.массасы Мr=102-ге тең, ол қай элемент?6.      Қосылысының формуласы Н2Э. Егер ол 5-інші периодта болса, оның с.м.массасы қанша?7.      Кіші периодтардағы металл элементтерді атаңдар. Атомдарының сыртқы қабаттарында қанша электрон саны болады?8.       Кіші периодтардағы бейметалл элементтерді атаңдар. Олардың  сыртқы электрон қабаттарында қанша электрон болады?9.      Элементтердің сыртқы қабаттарындағы электрондар неге валенттік электрондар деп аталады?10.  Реттік нөмірлері 7 және 10-ыншы элементтердің атом құрылысының сызба нұсқасын келтіріңдер. Осы элементтердің тобын, топшасын, периодын анықтаңдар. Ол қандай химиялық қасиет көрсетеді?11.  Реттік нөмірі 12, 13,  және 16-ыншы элеенттерінің жоғары оксидінің, гидроксидінің формулаларын жазыңдар. Осы қосылыстардың қасиеттері қандай?12.  Оттегі мен селен, литий мен берилий элементтерін салыстырыңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? Оқытудың жоспарланған нәтижесі:Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі элементтер қасиеттерінің электрон санына тәуелді өзгеруін периодтық заң негізінде түсіндіру. 2-3-інші период элементтерін мысалға алып дәлелдеу. Негізгі топшадағы элемент қасиеттерінің ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру. 

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!