Материалдар / Химиялық реакция теңдеулері тақырыбы бойынша математика пәнін кіріктіре отырып, химия сабағында пайдалану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Химиялық реакция теңдеулері тақырыбы бойынша математика пәнін кіріктіре отырып, химия сабағында пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала дарында оқушыларға химия пәнінде реакция теңдеулерін теңестіруде математикалық білімін көрсете отырып, пән аралық байланысты көрсетуге бағыттылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
1156
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Химиялық реакция теңдеулері тақырыбы бойынша математика пәнін кіріктіре отырып, химия сабағында дарынды балаларға пәндер арасындағы байланысты көрсету

Оразбеков Асылбек, химия пәні мұғалімі, Тұрсынғазин Нұрғазы, математика пәні мұғаліміФизика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Семей қаласы

Кіріспе

21 ғасырда күннен-күнге қарыштап дамып жатқан заманның мұғалімдер мен оқушыларға қояр талабы жоғарылап келеді. Мектептерде оқушыларды бұрынғыдай репродуктивті-дәстүрлі білім беру арқылы пәнге қызықтыру қиындық келтіруде. Кейбір оқушылардың белгілі бір пәнге қатты қызығып, басқа пәнді елемеуі, сонымен қатар өзі бейімделген пәнінде алғыр дарынды оқушылардың сабақ барысында қол қусырып отыратын кездері де мұғалім тәжірибесінде кездесіп жататыны айқын. Сондықтан мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетпей, үнемі жаңашылдық пен ізденіс үстінде болуы - білім саласындағы заман талабы. Жоғарыда көрсетілген мәселе мен еңбек етіп жүрген Семей қаласындағы Физика-математикалық бағытындағы Назабаев Зияткерлік мектебінің 8-9 сынып оқушыларымен туындады. Химия пәнін оқытудағы маңызды кездердің бірі – химиялық реакциялардың типтерін қарастыру болып табылады. Кез-келген химиялық реакция теңдеулерін жазған кезде «Зат массасының сақталу заңын» оқушы сауатты көрсете алуы керек. Дарынды оқушылар сабақ барысында «Химиялық реакция теңдеулері» тақырыбын еркін меңгеріп, берілген тапсырмаларды тез орындап, кейде салғыртық танытып, сабаққа қызығушылықтары төмендегені байқалды. Кейін олардың сұранысымен берілген үлкен мәнге ие коэффициенттерді қоюды талап ететін күрделі тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру оқушыларда айтарлықтай қиындық туғызды. Осы мәселені шешу жолдарын қарастыру барысында мен пәнаралық байланысты кіріктіре отырып, математикалық әдіспен химиялық реакцияларды теңестіруге болатындығын түсіндірдім. Бұл жерде маған жоғары оқу орнында химия ғылымдарының докторы, профессор Құрманғали Батырбекұлы Бекішевтің дәрістерінен алған білімім айтарлықтай көмегін тигізді. Жалпы бұл әдіс бойынша химиялық реакция кезіндегі материалдық балансты сақтау үшін анықталынатын коэффициенттерді математикадағы «белгісіз айналымдар» ретінде қарастыра отырып, жүйе құрастыру арқылы шығаруға болады. Осы әдісті дарынды оқушыларға түсіндіру арқылы олардың пәнге деген ынтасын қайтаруға мүмкіндік туды және сабақ барысында қазіргі күндегі оқыту мен білім саласындағы өзекті әдістердің бірі – дифференциациялық оқыту жүзеге асырылды. Енді химиялық реакцияларды математикалық әдіспен теңестіруді нақты мысалдармен қарастырайық.

Теңдеу 1. хLi + уO2 = zLi2Oмұндағы х, у, z реакцияға қатысатын литий, оттек және литий оксидінің молекула сандарын көрсететін коэффициенттер. Ал, химияда коэффициентер ол бүтін сандар болуы керек.Зат массасының сақталу заңы ережесі негізінде әрбір элемент үшін теңдеулер құрамыз: а) Li үшін: х = 2z; б) О үшін: 2у = z; у = 0,5z; Осыдан:2zLi + 0,5zO2 = zLi2O. Бұдан қысқарту арқылы:4Li + O2 = 2Li2O реакция теңдеуі алынады.Химиялық реакцияға коэффициенттер қойылды, теңдеудің екі жағындағы элементтердің атом сандары теңесті, реакция теңдеуі құрылды.

Енді бірнеше айнымалылардан тұратын күрделірек мысалды қарастырып көрейік.

Теңдеу 2. хZn + уHNO3 (өте сұйылтылған) = zZn(NO3)2 + mNH4NO3 + nH2O мұндағы х, у, z, m, n реакцияға қатысатын мырыш, азот қышқылы, мырыш нитраты, аммоний нитраты және судың молекула сандарын көрсететін коэффициенттер. Химиялық қосылыстарды құраушы элементтердің индекстерін ескере отырып, төменде кестеде көрсетілген 5 белгісізден тұратын жүйені құрастырамыз.
Znх = z
Hy = 4m + 2n
Ny = 2z + 2m
O3y = 6z + 3m + n








Жүйені түрлендіру арқылы кестеде төмендегідей қатынастарды өрбітуге болады:
Znх = z







x=4m
Hy = 4m+2n



6m = 2n+2

y =10 m
Ny = 2z+2m

n/3 = m

10m = 2z+2mz = 4m
O3y= 6z+3m+nу=2z+m+n/3





n = 3m


Кестеден көрініп тұрғандай, x, y, z, n айналымдары m арқылы түрлендірілді.Нәтижелерді химиялық реакция теңдеуіне қоюға болады:4mZn + 10mHNO3 (өте сұйылтылған) = 4mZn(NO3)2 + mNH4NO3 + 3mH2O Осыдан қысқарту арқылы:4Zn + 10HNO3 (өте сұйылтылған) = 4Zn(NO3)2 + NH4NO3 + 3H2O. Химиялық реакцияға коэффициенттер қойылды, теңдеудің екі жағындағы элементтердің атом сандары теңесті, реакция теңдеуі құрылды. Жоғарыдағы мысалдардан көрінгендей кез-келген химиялық реакцияны математикалық әдіс көмегімен теңестіруге болады. Өткізілген тәжірибе бойынша көрсетілген әдісті 8 сыныпта оқушылардың 10-15 пайызы, ал 9 сыныпта оқушылардың 35-40 пайызы меңгерді. Ал сауалнама нәтижесі бойынша көрсетілген әдіс 8 сынып оқушыларына 70 пайыз, ал 9 сынып оқушыларына 100 пайыз ұнағаны анықталды. Осы өткізілген тәжірибенің нәтижесінде төмендегідей бірнеше оң өзгерістерді байқадым:
  • оқушылардың сабаққа қызығушылығы біршама деңгейге жоғарылады;
  • дарынды оқушылармен сабақ барысында тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік туғызды;
  • сыныпта оқушылардың түрлі қабілеттерін ескере отырып, диференциациялық оқыту әдісін жүзеге асыруға мүмкіндік берді;
  • математика мен химия пәндері арасындағы байланысты қамтамасыз етуге ықпалы болды;
  • «жүйе» термині бойынша оқушылардың концептуалды ойлауын кеңейтуге жол ашты;
  • оқушылардың тапсырмаларды сыни көзқараспен ойлауын дамытты;
  • химиялық реакцияларды теңестіру кезінде бірнеше белгісізден тұратын күрделі жүйелерді шешуде математикалық есептеу дағдылары біршама артты.


Химия пәнін дарынды балаларларға оқытуда кездескен қиындықтың шешу жолдарының бірі – осы әдіс. Пәнаралық байланыстың арқасында түйіні тарқаған күрделі мәселенің берер пайдасы мол. Бұл әдісті оқушыны пәнге қызықтыруда, оның химия жайлы түсінігі мен ойлау қабілетін ұштау үшін барлық орта мектептердегі әріптестердің қолдануына болады.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!