Материалдар / Химияны оқытуда қолданылатын жаңашыл әдістердің тиімділігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Химияны оқытуда қолданылатын жаңашыл әдістердің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқыту кезіндегі жаңашыл әдістердің тиімділігімен тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2021
405
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы – техникалық колледжінің

химия пәнінің оқытушысы

Каденова Анар Мукымовна


Химияны оқытуда қолданылатын жаңашыл

әдістердің тиімділігі



Қазір заман ағымына байланысты қашықтықтан білім берудің жүйесі - бұл ақпараттық технологияның дамуымен бірге пайда болып отырған дүние.

Қашықтықтан оқыту технологиясы — білім алушылар мен оқытушылар арасында оқу үрдісі кезінде интерактивті өзара пікір алмасуда жүзеге асырылып, оқу материалдарын білім аушыларға негізгі бөлігін жеткізуді қамтамасыз етуге, тақырыпты меңгеруге, сондай-ақ білім алушылардың берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен жұмыс істеулеріне жағдай туғызатын ақпараттық технология болып табылады.

Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен  қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.

Өз тәжірибемнен қоса кететін болсам, маған химия пәнің қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды меңгеру, оны сабақта қолдану бағыттында біраз ізденісті қажет етті.  Қашықтықтан оқыту кезеңінде әр мұғалім өз шеберлігіне қарай түрлі платформаларды қолдану арқылы оқытуды жүргізеді. Ол платформалардың қайсысы болмасын ақпаратты білім алушыға ыңғайлы және түсінікті түрде жеткізуге, олармен диалог жүргізуге және кері байланыстар жасауға өте тиімді болуы керек.

Мысалы: сабақты ZOOM арқылы өткізу кезінде  оқушылар жалпы залда жұмыс істеген кезде де, яғни сұрақтарға жауап беру,  орындалған тапсырманы экраннан көрсету, сұрақ қою кезінде, сондай-ақ оқушыларды сессия залдарында жұптарға немесе топтарға бөлу (3-тен 6 оқушыға дейін) арқылы жүзеге асырамын. 

Бұл жағдайда мұғалім бір залдан келесі залға ауысып, оқушылардың жауаптары мен түсініктемелерін тыңдай алады және қажет болған жағдайда бағалау қызметіне қатыса алады. 

Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылармен кері байланыс жасау үшін тиімді құралдардың бірі  Google Дисктегі: google формалар, google презентациялар, Jam board тақтасы ең танымал функциялардың бірі. Google формалары – қашықтықтан оқыту кезінде кері байланыс жасауда, әсіресе бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау өткізуде өте қолайлы құрал. Google формалары тест жұмыстарын (бір дұрыс жауаппен және бірнеше дұрыс жауаптармен) өткізуге, оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша жазба жұмысын жаздыруға, бақылау жұмыстарын орындатуға ыңғайлы құрал болып болып табылады.



Жаңа сабақты түсіндіру кезінде, материал оқушылар үшін таныс емес және күрделі немесе іс-әрекет тәсілдер көрсету немесе бағалау сияқты ойлау дағдыларының деңгейлерімен байланысты болған жағдайда.  Білім алушылар сабақ мақсатын талдап, сұрақтар қоя алады, ұсынылған оқу материалдарын талқылау үшін топтарға немесе жұптарға бірігіп жұмыс істей алады, ұсынылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің меңгерген білімі мен тақырып бойынша түсінігін тексере алады.    Бұл процессте Jam board тақтасын, гугл формаларды қолданаған өте тиімді.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Химия сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізуді қолға алдым. Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, сабақ барысында оқушылардың қабілетін, білім деңгейін, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге баулып, қорытындысында оларды машықтандыруға, оқушының ақыл-ойын дамытуға, өзіндік дүниетанымын қалыптастыруға, әр баланың сабаққа деген ынтасын арттырып, олардың тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беріледі. Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отырып, оқушының білім сапасын, алған білімдерін байқап көруге болады.
Оқушылардың химиялық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін оқушыны қызықтыратындай химиялық ойындар викторина шешу, кроссворд құрастыру, логикалық есептер шығарту арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту қажет.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!