Материалдар / "І санаттағы тәрбиешілерге есеп жазу үлгісі" құжат толтыру шаблоны
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"І санаттағы тәрбиешілерге есеп жазу үлгісі" құжат толтыру шаблоны

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2019
791
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен, Сулейменова Мейрамкуль Сугирбаевна1963 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылында дүниеге келдім. Кіндік қаным тамған қазақы ауылымның тіршілігі,балаға қазақы тәрбие беруге деген іштей принцип қалыптастырды.1982 жылы Ойық орта мектебі жанындағы мектеп-интерната еңбек жолымды бастадым. Өзімнің мамандық таңдауға итермелеген сол интернаттың балалары болатын. «Қалайда мен тәрбиеші боламын, олардың тәрбиесіне өз үлесімді қосамын» деген оймен, сол кездегі Жамбыл қаласы Абай педагогикалық училищесіне «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінен тәрбиеші мамандығын алып шықтым.1985 Жылдан бастап өз мамандығыма адал болып тәрбиеші мамандығын атқарып жүрмін. Жоғарыда айтқандай менің принципім ұлттық тәрбиені мадақтау болатын. Және осы принципіме лайық, жаңа технологияларды қолдана отырып, жаңа леппен жұмыс атқарып келемін. Мысалы жас маман кезімдегі балаларды еңбекке араластыруым, олардың қызығушылығын арттыруым қазақ ертегісі, мақал-мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары яғни бала жасына лайық аңыз-дастандары ауыз әдебиетінің барлық қырларын , тіптен салт-дәстүрімен қол өнерін қатар таныстырып баланы осы үлгілер арқылы тәрбиелеуді жөн көрдім.Тіптен біліктілікті арттыруымдада қол өнерді, сенсорлық бағытты, тәрбиенің адамгершілік тұстарын насихаттайтын курстарды таңдауға тырыстым. Еліміздің аяққа тұрып келе жатқан шағында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» халық санасын дұрыс бағытта өзгерту туралы жобасы дәл маған арнап жазылғандай болды. Бұрындары зерттеген «Су» тақырыбындағы жұмыстарымды қайта жаңғыртып, заманға лайық етіп қайта жүргізіп, өңдеуіме септігін тигізді.Қазақтың қол өнерін дәріптеу мақсатында салт-дәстүрлер жайлы оқу қызметін көптен өткізіп,ол жерде қазақ қол өнері –қамшы өруді, текемет басу жолдарын тәрбиеленушілеріме практика жүзінде үйреттім. Тәрбиеленушілерім өзіммен қатар көптеген конкурстарға, турнирлерге, өнер додаларына қатысып жүлделі орындар иеленіп келеді.Кейінірек бастаған «Баланың тілін дамыту» тақырыбындағы жобамда аяқталуға жақын. Ол жерде мен көбінесе зерттеу жұмыстарын баламен бірге ұйымдастырдым, балаға «Осылай сөйлесен қалай болады, ал егер мынандай сөздерді қолдансаң қалай болар екен» деген түрлі ұсыныстармен, ерекше ыждахатпен жобамды көпшілікке ұсынғалы отырмын. Жақында бақшамызда өтетін семинарда өзім жасап шығарман «танграм диктантын» көпшілікпен сынап көрмекпін.Одан бөлек дидактикалық ойындарымның тізбесін осы жобамда, барлық баламен жасаған жұмыстарыма қосып отырдым.Баланы қызықтыру, ыңғайлау қиын кезде жаңа, тың дүниелер бала жүрегіне жол тауып, менің ізденістерімді ақтады.Жұмыстыңда өз ауыртпалығы, қызығы болады. Осындай сәттерде ата-аналардың қамқоры, менің балалармен бірлескен жұмыстарыма қызығушылығы менің жігірімді баспай әркез қайта көтере түсті. Болашақтада балаларыммен түрлі қол өнер жұмыстарын жасап көрме ұйымдастыру жоспарымда бар. Әрине бұл менің жалғыз тәрбиеленушілермен емес, ата-ана, бақшамыздың педагогтарымен ұйымдастырылған жұмыс болады. Ол жұмысты бақша ішінде бірнеше рет шындап,басқа балабақшалардың тәрбиешілерімен жүргізуді ұсынғым келеді. 18 жыл тек балабақша саласында атқарған еңбек өтілім мені еш жалықтырмай, үнемі ізденуге, жұмыстарымды басқанікінен қайталамауға,өз міндетіме жауапкершілікпен, махаббатпен қарауға үйретті.Қарапайым тәрбиешінің шығармашылық есебін мынандай лозунгпен аяқтағым келеді. «Үйретемін, оқытамын, тәрбиелеймін»
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!