Материалдар / І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Қазақстан тарихы 5 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Қазақстан тарихы 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты: 40 минут Балл саны: 20 Тапсырмалар түрлері: КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар; ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2022
1481
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аты- жөні "Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы пәндері В бөлімі

Карагулова Альфия бойынша бағалауға арналған

тапсырмаларды әзірлеу және сараптау"

Алматы қаласы .ПШО филиалы мұғалім портфолиосы


B бөлімі


І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Қазақстан тарихы 5 сынып


І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу


Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты: 40 минут

Балл саны: 20

Тапсырмалар түрлері:

КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.



Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар:көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететіе сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа жалған/ақиқатты ажырату, кысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын, толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады. Бұл тапсырмаларда білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.




І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

тапсырма*№

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*

Балл*

Бөлім бойынша балл

Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

5.4.1.1 Ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау

Білу және түсіну

1

1

КТБ

8

5

20

5.4.2.1. Еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау

Білу және түсіну

5.2.2.1 Археологиялық ескерткіштерді сипаттау



Қолдану

1

2

ҚЖ

10

6

5.2.2.2 Археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау


Қолдану

1

3

ТЖ

12

5

5.2.1.1 Алғашқы адамдардың наным-сенімдерін сипаттау


Қолдану


1

4

ТЖ

10

4

Барлығы:

-

4


-

40

20

20

Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер







«Қазақстан тарихы» пәнінен І тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары




1-тапсырма. Төмендегі берілген ақпараттардың «ақиқат» не «жалғандығын» анықтаңыз.



Ақпарат

Ақиқат

Жалған

1

Жамбыл обылысындағы Арыстанды өзенінің бойы мен Қаратау жотасынан бұдан 1 мил. жыл бұрын өмір сүрген алғашқы адамдар жасаған еңбек құралдары табылған.



2

Алғашқы адамдардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы мен егіншілік болған.



3

Адамдардың алғашқы бірлестігін шартты түрде тайпа деп атайды.



4

Шамамен б.з.д. 100 мыңжылдықтарда мұздықтар еріп, жер бетінен мамонттар жойылып кеткен болатын.



5

40-35 мың жыл бұрын ойлау қабілеті жоғары дамыған кроманьондық (саналы) адам қалыптасты.



[5]

2- тапсырма. Кестедегі ақпараттармен танысып, қай кезеңдегі еңбек құралдарын сипаттап тұрғанын және сол кезеңнің хронологиялық шеңберін анықтаныз.



1.________________

2.________________

Бұл кезеңде табылған еңбек құралдары соққылау техникасы арқылы, яғни бір тасты екінші тасқа соққан, сөйтіп өткірленген имек жүзі бар тас құралдар пайда болған. /нуклеустар, үшкір тастар, пышақ тәріздес пластиналар, жоңғылар, қырғыштар, шапқылар/





1

















Бұл кезеңде адамдар дәнүккіш, тас орақ, қайла, тесе, келі сияқты еңбек құралдарын ойлап тапты. Сонымен қатар адамдар қыш ыдыстарды жасау үшін құм толған қалыптың сыртын саз балшықпен орап, тегістейді. Саз кепкенде қалыпты ыдыстан алып, оны отқа күйдіреді.



1.________________

2._____________________



Бұл кезеңде мөлшері жағынан шағын тас құралдар пышақ, орақ, найза ұштарын жасаған кезде қыстырма ретінде пайдаланылатын микролиттен жасалған қаруларды пайдаланды

1.________________

2.________________


2

3





[ 6 ]

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

А) Беғазы және Дәндібай қоныстарын 1946 жылдан бастап зерттен атақты ғалым, академик, археолог кім?



Ә) Әлеуметтік саты бойынша санағанда Беғазы-Дәндібай қорғандары кімдерге салынған?



Б) Беғазы-Дәндібай мәдениеті Қазақстанның қай аумағынан табылды?



В) Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасқан дәуір?



С) Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын құмыралардағы өрнектер түрі?


[ 5]


4- тапсырма. Төмендегі берілген тірек сөздерді пайдалана отырып, алғашқы адамдардың наным-сенімдеріне сипаттаймыз.

Қызыл минералды бояу- _______________________________________________

_______________________________________________________________________


От- __________________________________________________________________

_______________________________________________________________________


Тотемизм - _________________________________________________

_______________________________________________________________________


Тұмар- _________________________________________________________________

_______________________________________________________________________



Балл қою кестесі

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

1. ақиқат

1


2. жалған

1

3. жалған

1

4. жалған

1

5. ақиқат

1

2

1.1. палеолит

1


1.2. б.з.д 2 мил 500 мың- 12 мың жыл

1

2.1. неолит

1


2.2. 5-3 мың жылдықтар

1

3.1. мезолит

1


3.2. 12-5 мың жылдықтар

1

3











А) Ә. Марғұлан

1


Ә) көсемдер

1

Оқушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады

Б) Орталық Қазақстан

1


В) Қола дәуірі

1


С) тарақ жүзді және үзік сызықты үшбұрыш


Оқушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады

4

Анимизм

1

Оқушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады

Ежелгі дәуірде адамдарды өртеуден отқа табынушылықты көре аламыз

1

Шығу тегін жануарлармен байланыстыру

1

Табиғат құбылыстарын құдіретті күшпен байланыстырып, құрбандық шалды, зұлым куштерден қорғайды деп сенді


Жалпы балл

20






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!