Материалдар / III Бөлім Кәсіп пен еңбек Сабақтың тақырыбы: Қасқырмен айқасқан қойшы 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

III Бөлім Кәсіп пен еңбек Сабақтың тақырыбы: Қасқырмен айқасқан қойшы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға ҚМЖ жазуға көмектесу барысында жіберіп отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Наурыз 2021
529
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


III Бөлім Кәсіп пен еңбек

Сабақтың тақырыбы: Қасқырмен айқасқан қойшы

Мектеп: 17 мектеп КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Онербаева А.А

СЫНЫП: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу

мақсаттары

Т/А 8.1.4.1- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық – әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

ӘТН 8.4.3.1- сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтінде көтерілген мәселедегі негізгі ойды анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Алынған деректерді дәлел ретінде қолданып талдай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Диалогті сценарий жазу арқылы, сөздік қор мен сөздік құрамдағы сөздерді анықтайды.

Ойлау дағдылары:


Білу, түсіну, қолдану, жинақтау, бағалау

Бағалау критерийі:

  1. Мәселені талдап, негізгі ойды анықтау

  1. Алынған деректерді дәлел ретінде қолдану

  1. Сөздік қор мен сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Мәтінде көтерілген мәселедегі негізгі ойды анықтайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Кәсіптің бір түрі жайлы сценарий жаза отырып, сөздік қор мен құрамды анықтайды.

Диалог құруға арналған пайдалы сөздер:
Акция, инвестиция, нарық, актив, қаржы, кәсіп.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Қойшының қасқырлармен айқасуы қаншалықты сенімді?

  2. Қойшы еңбегі қаншалықты қиын?

  3. Оның қоғамға пайдасы бар ма?

  4. Спорттық ойын түрлерін үйрететін,баптайтын қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

  5. Суреттегі көріністі сөзбен қалай суреттеп берер едіңдер?

  6. Қойшы Қоспанның еңбегіне қандай баға берер едіңіздер?




Құндылықтарға баулу:

Өндірісті білім мен ғылымды біріктіру арқылы, кәсіби маман даярлау

Пәнаралық байланыс:

Технология, экономика

Алдыңғы оқу:

Жекпе – жек (күрес, спорт)

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 мин

Ұйымдастыру. Тақырыпқа қатысты суреттер бойынша топқа бөлу.

Диагностикалық бағалау. «Доп лақтыру» әдісі

Спорттық ойын түрлерін үйрететін, баптайтын қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

Қандай мамандық түрлері бар? Ол мамандық түрлері туралы не айта аласыңдар?

Мына суреттерде не көріп тұрсыңдар?

Суреттегі көріністі сөзбен қалай суреттеп берер едіңдер?


Дескриптор:

1.Сұрақтарға жауап бере отырып, алдыңғы оқуды нақтылайды.

2.Сабақ тақырыбын болжай алады.


Қалыптастырушы бағалау:Ауызша(«Өте жақсы!», «Керемет!», «Мұқият бол!»)

Қыс көрінісі, қойшы тірлігін суреттейтін суреттер, слайд.


Ортасы


30 минут



1-тапсырманы орындауға 10минут, жауап беруге 5 минут




2-тапсырманы орындауға 9 минут, жауап беруге 6 минут

1-тапсырма «ЖИГСО» әдісі

1-топқа 1, 2, 3 абзацтар

2-топқа 4, 5, 6 абзацтар

3-топқа 7, 8, 9 абзацтарды «ЖИГСО» әдісі арқылы оқып, негізгі мазмұн мен ойды анықтайды.


Дескриптор:

1.Мәтінмен танысып, көтерілген мәселені талдайды.

2.Негізгі ойды анықтап, бір-біріне түсіндіреді.


Қалыптастырушы бағалау:Ауызша («Жарайсың!», «Дұрыс жауап!», «Ойыңды әлі де толықтыр!»)


2-тапсырма «Еркін ой» әдісі

«Менің сүйікті кәсібім» диалогты сценарий жазу.

1-топқа қойшы

2-топқа егінші

3-топқа етікші диалогты сценарий жазу.


Дескриптор:

1.Тақырып төңірегінде білетін ақпараттарын байланыстыра отырып, диалогты сценарий жаза алады.

2.Сөздік қор мен сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдана алады.


Қалыптастырушы бағалау:

1.Жазбаша («Өте жақсы жазылған!», «Жақсы, дегенмен ойыңды жүйелеп көр!» ) 2.Графикалық(смайлик, жұлдызшалар)


Т:Н.Ермекова, А.А.Қасымбек, Н.О.Абдижаппарова, А.Б.Бипажанова

Оқулық «Арман ПВ», 2016

53-56 беттер;








«50 әдіс-тәсілдер» топтамасынан, 20-26 беттер;

Соңы



5 минут



Рефлексия: «Желпуіш» әдісі

Мен бүгін өзіммен бірге нені ала кетемін?

Неліктен?

Не қиын болды?

Үй тапсырмасы

1-топқа

1.Қасқырлардың тигізетін зияны туралы не ойлайсыңдар? («Қасқырлардың мал шаруашылығына тигізетін зияны»)

2-топқа

2.Қойшы еңбегі қаншалықты қиын? Оның қоғамға пайдасы бар ма? («Қойшы еңбегінің қоғамға тигізетін пайдасы»)

3-топқа

3.Қойшы Қоспанның еңбегіне қандай баға берер едіңдер?(«Қойшы Қоспанның еңбегі»)

3 топ зерделеу жұмысын жүргізеді.

Дескриптор

Дәлел, фактіге сүйене отырып, ғылыми жаңалық аша алады.



Сұрақтар жазылған кеспе қағаздар;


«50 әдіс-тәсілдер» топтамасынан ,20-26 беттер;

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

Сабақ тақырыбының негізінде оқу мақсаты сараланады.

Оқу мақсатының негізінде сабақ мақсатын сараланады.

Оқу мақсаттары арқылы ойлау дағдылары мен бағалау критерийлері сараланады.

Оқу мақсатына жету үшін тапсырмалар саралап алынады.Тапсырманы оқушының жас ерекшелігіне, қажеттілігіне, деңгейін ескере отырып таңдалады.

Нәтижеге бағытталған саралау тәсілі бойынша оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылады, оқушы деңгейі анықталады.

1-тапсырмада мәтінмен танысу арқылы көтерілген мәселені талдап, негізгі ойды анықтауда барлық оқушы мәтіннің мазмұнымен танысады, ал көпшілігі негізі ойды анықтайды . Кейбірі өз танымымен жеткізе алады.

2-тапсырмада диалогтік сценарий жазуда сөздік қор мен сөздік құрамдағы сөздерді барлығы қолдана алады, ал көпшілігі қажетті тұстарда ғана қолданады.

Кейбірі сөздік қор мен сөздік құрамдағы сөздерді түрлендіріп қолданады.

Осындай тапсырмалар берген кезде де, оқушы деңгейі анықталады. Қабілетті оқушыға тапсырманы орындаудағы өзінің тәсілі туралы барлық оқушыға сызба мен көрсетуі тапсырылады.

Оқу үшін бағалау үдерісінің нәтижелі болуы үздіксіз байланысты орнату мақсатында болмақ.Сондықтан әрбір тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалаудың ауызша, графикалық түрде өтуі жоспарланады.

Сабақ тақырыбын болжауға арналған тапсырмаларда ауызша қалыптастырушы бағалау үдерісі жүргізіледі.Онда«Жарайсың!», «Ойыңды әлі де толықтыр!», «Дұрыс жауап!» деген түрлері қолданылады.


1-тапсырмада «ЖИГСО» әдісі арқылы орындаған тапсырмаларын да ауызша бағалау түрлерін, соның ішінде топтарды өзара ауызша кері байланыс жүргізіледі.


2-тапсырмада «Еркін ой» әдісі арқылы орындаған жұмыстарын графикалық түрде кері байланыс жүргізіледі. Онда «Жарайсың!», «Жақсы!», «Толықтыр!» деген жұлдызшалар беріледі.


Сабақ мақсаты негізінде тапсырмаларды саралап, нақтылап, қажеттіліктерін ескере отырып құрудың нәтижесінде өндірісті білім мен ғылымды біріктіру арқылы кәсіби маман даярлау бағытында технология мен экономика артықшылық-тарын ұғындырылады.

Әрбір тапсырманы орындау барысында белгілі бір кәсіпті игеру жолында қажырлы еңбек ету керектігі, оның өзі біліммен келетіндігіне көз жеткізе біледі.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу

міндеттері

орындалды ма?

Бүгін оқушылар

не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?

Жоспарланған

саралау жақсы

іске асты ма?

(тапсырмалар

сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма

қандай өзгеріс

енгіздім және

неге?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері толық орындалды, себебі сабақ жоспары SMART мақсат талаптарына сай құрылғандықтан, сабақ сәтті болды.


Сабақтағы тапсырмаларды сәтті орындау арқылы кәсіп пен еңбектің біртұтас екендігін ұғынды.


Сабақ жоспары нақты, мақсатты құрылғандықтан жақсы өтті.

Жоспарланған саралау жақсы жүзеге асты, тапсырмалар сараланып, түрлендіріліп берілгендіктен уақытты тиімді пайдаландым.


Сабақ жоспарым нақты, сараланып құрылғандықтан, жоспарыма өзгеріс енгізген жоқпын.

Жоспарланған саралау сәтті өтті, оны оқушылардың тапсырманы орындаудағы белсенділіктерінен байқадым.


SMART талаптарын орындағандықтан уақытты тиімді пайдаландым, себебі әрбір тапсырма өз уақытында өтті.


Сабақтың өн бойында әрбір тапсырма мен дескрипторларды, қалыптастырушы бағалауларды SMART мақсат талаптарына сай жоспарлағаннан кейін өзгеріс енгізген жоқпын.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Еркін ой» әдісінде оқушылар диалогтік сценарий жазған кезде, ойындағыларын жүйелеп, оқиға желісін жинақы жеткізді.

2: «Желпуіш» әдісін қолданған кезде, рефлексиялық сұрақтардың өзіне қызығушылықпен жауап берді, себебі әрбір сұраққа ойларын асықпай, желпуішпен желпіне отырып жауап берулерін ескерттім.Сондықтан оқушының іс-әрекеттерінде өзгерісті байқадым.Көңіл-күйлері көтеріңкі болды.


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту

мен оқуға қатысты)?

1:Диалогті сценариий бойынша шағын көрініс дайындаса;

2 «:Қойшының бір күндік өмірі» туралы деректі фильм көрсетілсе ;


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.Әрбір топтa қабілетті оқушының қасына бір орта, бір төмен деңгейдегі оқушыдан біріктіру арқылы бір-бірін қолдау, бір-біріне ықпал жасай отырып, көздеген мақсатқа жетелеу керектігі туралы білдім.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!