Материалдар / Интеллектуалдық сайыс. "Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым" 6 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Интеллектуалдық сайыс. "Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Интеллектуалдық сайыс. "Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым" 6 сынып Тәуелсіздік туралы түсінік беру оқушыларға. Оның маңыздылығын түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2022
1210
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің

«№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ

















Интеллектуалдық сайыс

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»







Сыныбы: 6 «Б»

Сынып жетекшісі: Аметова А.К.















2021-2022 оқу жылы

Күні: 14.12.21ж.

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты интеллектуалдық сайыс

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.


Көрнекілігі:  Еліміздің рәміздері, қазақ халқының тарихи тұлғаларының, мәдениет және әдебиет өнері қайраткерлерінің суреттері, слайд – шоу.


Қолданылған құрал - жабдықтар: Компьютер, презентациялар, топқа бөлінген гүлдер, қобдиша, марапаттау қағаздары.

Ойынның барысы:

Интеллектуалдық сайыс Мемлекеттік Әнұранмен басталады.

Жүргізуші: - Армысыздар, құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты интеллектуалдық сайысымызға қош келіпсіздер! Ойынымызды бастамас бұрын «Мен қазақтың ұлымын» әнімен 6«Ғ» сынып оқушысы Демепберген Еркебұланды ортаға шақырамыз


Жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен, өз мектебінен басталады. Міне, бүгінгі біздің «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты интеллектуалдық сайыс осыған дәлел. Біз тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сендер деп білеміз. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы оқушыларды шақырайық.


Оқушылар топқа бөліну үшін қобдишадан түрлі түсті гүлдерді алады. Кімге бірдей түсті гүл түссе, сол оқушылар топ болады.


Жүргізуші: - Оқушылар, бейбітшілік пен болашақ – ол біздің бірлігімізде. Сондықтан да, топтың аттары «Бейбітшілік», «Болашақ» және «Бірлік» деп аталады.

Ортаға топ мүшелері шығады, орындарына жайғасады. Топтарға арналған үстелдер әзірленеді және әр үстелде топтың атауы жазылған кесте көрсетіледі.

Жүргізуші: - Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сендерге үлкен сәттілік тілейміз!

- Ойын 2 кезеңнен тұрады:

І кезең «Бәйге» - ойынды бастамас бұрын ет қыздыру, яғни, балаларды ойынға бағыттау кезеңі.

ІІ кезең «Сырлы ұяшықтар» - бұл кезеңде тақырып және соған сәйкес ұпай санын таңдайсыңдар. Ұпайларға сәйкес сұрақтар бар, соған жауап бересіңдер.

  • Міне, құрметті ойынға қатысушылар, қонақтар, ойынның барлық ережелерімен таныстық, ендеше,іске сәт.

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей отырып ойынымыздың І кезеңін бастайық.

І кезең: « Бәйге»

  • Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде әр топқа кезек-кезек 5 сұрақтан қойылады, ал сендер, сол сұраққа тез арада, сол сәтте жауап берулеріңіз қажет. Әр нақты дұрыс жауап 2 ұпай.

1 топтың сұрақтары:

2 топтың сұрақтары:

3 топтың сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасының Әнұранының авторы.

Сөзі - Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденовтікі, музыкасы - Шәмші Қалдаяқовтікі

1.Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары.

Елтаңбаның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

1.Қазақстан Республикасының Туының авторы.

Авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

2. «Қара алтын» деп нені атайды?

Көмір

2. Нұрсұлтан қаласының символы

Бәйтерек

2. Алғаш қазақ мектебін кім ашқан?

Ы.Алтынсарин

3. Күй атасы кім?

Құрманғазы

3. Қазақ тілінде неше септік бар?

7 септік

3. Қазақстан Республикасының рәміздері

Ту, Әнұран, Елтаңба

4. «Тәуелсіздік» сөзінің синонимі.

Еркіндік

4. «Отан» сөзінің синонимі.

Туған ел, жер

4. «Халық» сөзінің синонимі.

Ел, жұрт

5. «Нағашы» кімнің туысы?

Ананың туысы - нағашы

5. «Жиен» деген кім?

Қыз баланың баласы нағашы ата-әжесіне жиен болады.

5. «Бөле» деген кім?

Ағайынды апа-сіңлілердің балалары бір-біріне бөле болады.


Жүргізуші: Бірінші кезең бойынша топтар сұрақтарға жауап беріп, өз ұпайларын алды. Енді екінші кезеңді бастамас бұрын «Желтоқсан желі» күйімен 6«Ә» сынып оқушысы Орысбай Темірланды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

  • ІІ кезең «Сырлы ұяшықтар». Бұл кезеңде 4 категория беріледі, әр топ кезекпен категорияны және ұпай санын таңдайды. Сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда, топқа таңдаған ұпай саны беріледі.

Категориялар:

Мақал-мәтелдер 10 20 30

Жұмбақтар 10 20 30

Тәуелсіздік 10 20 30

Видео сұрақ 10 20 30

Мақал-мәтелдер

Оқушылар бос орынға қажетті сөздерді айтып, мақал-мәтелдерді толықтырулары керек.

10 ұпай. Туған жердей ..... болмас, (жер)

Туған елдей .... болмас. (ел)

20 ұпай. Өзге елде ........., (сұлтан болғанша)

Өз еліңде ....... . (ұлтан бол)

30 ұпай. Алтын ұяң - ..... қымбат, (Отан)

Құт берекең - .... қымбат. (Атаң)

Аймалайтын - ..... қымбат, (анаң)

Асқар тауың - ...... қымбат. (әкең)


Жұмбақтар

Оқушылар жұмбақтардың жауабын 3 тілде айтады, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтулары керек.

10 ұпай. Көздері бар, қабағы жоқ

Әсте кірпік қақпайды.

Ол қай жәндік суға салсақ

Тұншықпайды, батпайды.

(Балық – рыба - fish)


20 ұпай. Дауысы жоқ, тілі жоқ.

Сөйлеп кетсе, міні жоқ.

(Кітап – книга – book)

30 ұпай. Дене мен аяқ-қол жоқ, құйрық пен бас,

Бұрыннан жан-жәндікке ойлаған қас.

Бес-алты ай демалыста күн көреді,

Оншалық керек етіп жемейді ас.

(Жылан – змея – snake)

Тәуелсіздік

Оқушылар тәуелсіздік туралы сұрақтарға жауап береді.

10 ұпай. Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды?

Жауабы: 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.


20 ұпай. Желтоқсан құрбандарын ата.

Жауабы: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мухамеджанова, Ербол Сыпатаев.


30 ұпай. 1991 жылы Қазақстанда қандай жаналықтар орын алды?

Жауабы: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады.

1991 жылы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент сайланды.

1991 жылы 2 қазанда қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.


Тарихи тұлғалар

Оқушыларға тарихи тұлғалардың суреттері көрсетіледі. Тарихи тұлғаның кім екенін атап, сипаттама береді.

10 ұпай. Әбу Насыр Әл-Фараби

Әбу Насыр Әл-Фараби — әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туылған.

Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты.

Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.


20 ұпай. Сұлтан Бейбарыс

Сұлтан Байбарыс— 1223—77 жылдары Мысырда билік құрған сұлтан.

1223 жылы беріш руынан туған. Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Бейбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. Бейбарыстың әкесі — Жамақ, анасы — Әйнек. Ол хорезмдік, бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Сол кезде беріш руы Қырым өңірінде тұрған (қазіргі заманда беріш көбінесе Атырау облысында қоныстанған).Әмір Айтегін әл-Бұндуқтар Димашқ құл базарында сатып алған сондықтан Байбарыс әл-Бұндуқтари деп аталған. Ерекше ерлігі, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген.


30 ұпай. Сақ патшайымы – Томирис

Тұмар (Томирис) – аты аңызға айналған сақ-массагет халқының ханшайымы. Бұл патшайымның есімін барлық қазақстандықтар біледі. Ол туралы көптеген кітаптар жазылған және фильмдер түсірілді. Зерттеушілердің айтуынша, Тұмар ханша б.з.д. 570-520 жылдар аралығында өмір сүрген. Әкесінің есімі – Сыпыр, ол массагет тайпасының патшасы. Анасы Әби тайпасының көсемінің қызы еді. Бұл заманда – әйел адамның патша болуға құқығы болған. Сондықтан, әкесі қайтыс болғаннан кейін, билікті өз қолына алды. Жауынгерлер үшін, Тұмар ханша ерлік пен күштің символы ретінде қабылданды. Ханшайымның өмірі қиын және қайғылы болды, оның бейнесі бүгінгі күнге дейін әдебиетте және өнерде қолданылады.



Ж үргізуші:

  • Ал, оқушылар, бүгінгі ойын сіздерге ұнады ма? Ендеше, сіздер, берілген қағазға бес саусақтың суретін салып, бүгінгі ойын туралы өз ойларыңды жазыңдар.

Кері байланыс.




Жүргізуші:

Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,

Болашаққа бар білімін берерін.

Барыс текті жастар, сендер, білемін,

Жалындатып биік шыңда жүрерін,- дей отырып, бүгінгі додадан кім озып шыққанын білу үшін әр топ өздерінің жинаған ұпайларын айтады.

Марапаттау рәсімі

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған интеллектуалдық сайысымыз да өз мәресіне жетті.


Қорытынды: - Осымен бүгінгі іс- шарамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты болсын! Атамекеніміз – Қазақстан жасасын!







































Бірлік














Болашақ
















Бейбітшілік



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!