Материалдар / Іс-әрекеттегі зерттеу туралы есеп.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Іс-әрекеттегі зерттеу туралы есеп.

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған білім мазмұны бойынша есеп жазуға көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Ақпан 2018
634
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қарағанды қаласы"№44НМ"КММбастауыш сынып мұғаліміДузенова Жансая Ораловна

Іс-әрекеттегі зерттеу туралы есеп.Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».  Соның ішінде білім беру саласында елеулі өзгерістер орын алды. Қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көз қарасы қалыптасқан оқушыны дайындау арқылы ғана ісіміздің оңға басатынын ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланысты қарастыру қажет деп ойлаймын. Оқыту - бұл жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені. Менің ойымша оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу, өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау, оқушыларды жүйелі ойлануға үйрету, т.с.с. бұл «шебер мұғалімнің» бейнесі. Жаңа тәсілдерді күнделікті сабақ барысында пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат-мүддесіне, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Сондықтан мұғалім оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуда топтық және жұптық жұмыстардың маңыздылығын есінен шығармауы тиіс деп ойлаймын. Сол себепте мен Бағдарламаның «Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» модуліне, соның ішінде топтық, жұптық жұмыстарға аса назар аудардым. Тәжірибе кезінде осы модульмен жұмыс жасауды жоспарладым.Жеті модуль элементтерін енгізу арқылы өткізген  1 «ә» сыныбының бірінші сабағы сауаташу оқу пәнінің тақырыбы „ Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі сабағын жопарлаған кезде,  мәтін бойынша жаңа тақырыпты ұғындыру үшін   біршама тапсырмалар орындаттым. Сабақ барысында  әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап (диалогтік оқыту), ауызша, жазбаша жұмыстар (қалай оқу керектігін үйрету), топтағы белсенді әрекетті дамыту үшін (сыни тұрғыдан ойлау), түсіндіру (ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану), бақылау (оқыту үшін  бағалау және   оқуды бағалау) әдіс-тәсілдерін қолдандым. Сабақта әрбір оқушыларғаАКТ-ны пайдаланып, ширату жаттығулары негізінде бейнежазба көргеннен кейін сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. К дыбысы мен әрпіне қатысты сөздерді айтуды сұрадым. Оқушылар экран арқылы көрген заттардың атауларын айтып, жауап берді,осы жерде мың рет айтқаннан бір рет көрген артық деген мысал осы жерде негіз бола алды.Оқушылардың сөздік қоларын толықтыруға осы тұста АКТ-ны пайдасы тиімді болды. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге оқушылар1- сынып болғандықтан сөздік қорлары жетпеді. Зерттеу жұмысына үш деңгейдегі үш оқушы назарға алынды. А оқушы-дарынды, мектепке жақсы ықыласпен, жаңа білім аламын деп әрқашан да құштарланып келеді, өзіндік бағалауы орташа, нақты ойлау қабілеті жоғары барлық пәнерден  үздік оқиды. Бұл оқушыны дарынды деп айта аламын. В оқушы-енжар, мектепке жақсы ықыласпен әрқашан да жаңа білім аламын деп құштарлана  келеді, өзіндік бағалауы орташадан жоғары, нақты ойлау қабілеті орташа. Ал С оқушы-мектепке әрқашан да жаңа білім аламын деп анда-санда құштарлана  келеді.Өзіндік  бағалауы орташа, нақты ойлау қабілеті орташадан төмен. Жалпы жоғары және орта деңгейдегі оқушылардың  оқу үлгерімі жақсы, оқу үздігі мен екпінділер қатарында, ал төмен деңгейдегі оқушы  үштіктер қатарында оқиды. Дәстүрлі сабақтарда А оқушы өз білгенін сабақ үстінде өзінің қажеттілігі үшін ғана пайдаланатын еді, ал осындай сабақтардан кейін байқағаным, ол оқушым сыйластыққа, өзгенің пікірін тыңдай білуге, ынтымақтастыққа үйренді. В оқушым пәнге деген қызығушылығы болса да, сабақта белсенділік танытпайтын еді, өйткені ол тұйық мінезді оқушылардың бірі. С оқушымның сабаққа қызығушылығы төмен, сөйлемей отырды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге қажетті құралдармен қамтамасыз етті. Ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болды.   Осындай жұмыс түрлері оқушыларды сыни ойлауға үйретіп, белсенділіктерін арттырып,  өзін-өзі реттеуге үйрететіні байқалды.Сабақта байқағаным, көпшілік  мұғалімдердің жиналғанының  әсері болдыма, оқушылар абдырап сабаққа деген қызығушылығы болмады. Бірақ тапсырманы орындау барысында өте баяу, тапсырманы толық және дұрыс орындаған жоқ. А деңгейдегі Назерке ,В деңг. Аяулым  және С денгейдегі Мухаммедмуса атты (өзбек ұлты) оқушылар аса қатыса қойған жоқ . Осы өткізген сабағымнан үш баланыңда жұмыстанбай күндегіден немқұрайлы жауап бергендерін байқадым  көрдім. Зерттеудегі үш оқушының сабақтағы іс әрекетіне қарап, келесі сабаққа осы кемшіліктерді негізге ала отырып келесі сабаққа жоспар құрдым.



Іс-әрекетті зерттеудің екінші сауаташу сабағының тақырыбы:«Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі»  тақырыбында болды. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, осы екі сабақта байланыс болып, оқушылардың К дыбысы және әрпіні туралы білімді әрі қарай жалғастыру және де тағы бір себеп, осы тақырыппен жұмысты түрлердіріп көру. «Миға шабуыл» тапсырмасын орындағанда А деңгейлі оқушы белсенді қатысты. Үнемі сабақ айтқысы келіп, қолын көтеріп отырды. В деңгейдегі оқушы тапсырманы аса түсінгенбесе де өзі сұрақ қойып, өзі толығымен  жауап берді. С деңгейдегі оқушы берілген сұраққа жауап бере алмады. Келесі «Сөзжұмбақ » шешуде қызықты сұрақтарға оқушылар таласып жауап берді. «Сиқырлы сандықша» ойынында оқушыларда жұптық тапсырма болды. Оқушылар жұппен жұмыста бір-бірлеріне білгендерін айтып,жұптар арасында біз жеңеміз деп жарысыпта қойды. В оқушы талқылауға қатысып жауабын айтуға дайын болды. Келесі топтық тапсырмада А және В деңгейдегіоқушылар топ ішінде пікір таласқа қатысып отырса С оқушы өз бетімен отыр. Сондықтан тақтадағы  кестеге байланысты сұрақтар қойып, жауабын айтуға көмектесті. Сабақ барысында Ажәне В деңгейдегі оқушылар барлық тапсырмаларды орындады. С деңгейдегі оқушы бүгінгі сабаққа аса белсенділік  танытпады. Жазба жұмысты да дұрыс жазбай, баяу орындап, тіпті толық жазған жоқ.  Интерактивті тақтада слайд арқылы және оқулық арқылы   түсіндірген соң, топтық тапсырмасында А деңгейдегі оқушы белсенділік танытып, үнемі қолын көтеріп жауабын алдын ала анықтап отырды. «Қай әріпті жоғалттым?» ойынын ойнағанда С деңгейіндегі оқушы жоғалған әріпті табуға талпынбай, топтың арқасында жауапкершіліктен құтылып кетті. Дыбыстық талдау жасауда АКТ-ның электронды шаршыларды пайдалану жұмысы,оқушылар үшін пайдалы болды.
Ана


 

Іс-әрекетті зерттеудің екінші сауаташу сабағының тақырыбы: «Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі» тақырыбында болды. Сабақтың жалпы мақсаты: Оқушыларға Ү дыбысы мен әрпін таныту, сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол арқылы берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету Ү дыбысының әріп элементтерін, сөздерді дұрыс жазуға, есте сақтауға үйрету.Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде . Сондықтан да, оқытуда интерактивті тақтаның тиімділігі өте көп. Сабақ барысында тапсырмаларды топтарға бөліп, постерде қорғау керек болды.С денгейдегі оқушы өз ойын айтуға тырысты. Осындай тапсырмалар арқылы оқушылар еркін ойлауға мүмкіндік алды, ойын дамыта отырып,ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленетінін ,тіл байлығы жетілетінін, жан-жақты ізденетін,өз ойын, көзқарасын жеткізетінін көрсете білді.Әр топқа жеке тапсырма беру арқылы А деңгейдегі оқушы  оқулықпен жұмыс атқарды, тапсырмаларды толық орындап шықты. В деңгейдегі оқушыға оқулықпен жұмыс, кластер жасау тапсырмасы берілді. Оқушы тапсырманы түсініп орындай бастады.Оқушылар сабақта Ү дыбысына байланысты жаңылтпашыты жаттап, белсенділік танытты. Келесі жұмыс барысында яғни"Ү- ні қайдан алам" ойынында С денгейлі оқушы сұрақтарға нақты жауап бере алмады ,өз ойын жеткізе білмеді.  Әрине, сабақ үдерісінде АКТ-ны пайдалану оқушылардың тәуелсіз ойлануына , ой қорытуына, қабілетіне, визуалды және  ақпараталуына ,өз бетімен  ізденуіне  ықпалын тигізді. Жан- жақты  ойлауды қалыптастырып, балалардың өз білімдері мен  жаңа білімдерін  ұштастыра отырып, тақырыпты түсінуге бағыт берілді. Үдыбысына байланысты постер қорғауда оқушылар тапсырманы орындап, кімдікі әдемірек болады деп жарысыпта кетті. Презентациялар біржағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалықматериалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және  оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Әр сабақтың соңында "Өзін-өзі бағалау", "Бірін-бірі бағалау" әдістері арқылы балалар өздерінің артықшылығын, кемшіліктерін айтқанда бір- бірлеріне ренжіп, жылап қалған оқушылар да болды. Тізбектелген  сабақтарымыз  аяқталған соң талдау жүргіздім. Бақылау нәтижесі бойынша оқушыларымыздың өзгергенін байқадым. А деңгейіндегі оқушымның тапсырмаға деген  ынтасы өте жақсы, кез келген уақытта өзін сенімді сезінеді. Әркез алдыңғы орында, шапшаң жылдам қозғалады, диалогті оқытуда топтағы достарымен жақсы тіл табысады. Тобын алға алып шығуға  талпыныс жасап отырады, жинақы, сабырлық сақтай отырып, қарсылас топтарын да тыңдайды, балалармен өз ойымен бөлісіп ғана қоймай, достарының сабаққа қатынасуына да мүмкіндік бере отырып, топпен ынтымақта жұмыс істей біледі. Өзін топ басшы ретінде  сезінеді. Тіл қолдануда өте шебер. Вдеңгейіндегі оқушым салмақты. Жұмысқа жауапкершілікпен қарайды. Сабақ жайлы әсерімен бөлісуі өте жинақы, пікірін  жақсы білдіреді. Ұяң  мінезді. Алға ұмтылып шығуына кедергі-ұялшақтығы, ойын салмақтап жинақтап  сөйлеуге тырысады, мұғалімді бар ынтасымен  тыңдайды. Сабырлылық танытады. Әр нәрсенің байыбын күтеді. Тілді қолдануы баяулау, бірақ  ойын  жинақтап  жеткізе  алады. Көңіл – күйі  өте жоғары, өзіне  сенімділік артқан. Баяу жұмыс жасаудан шапшаң болуымен алға басқаны  көрінді. Өзін еркін  сезінеді. С деңгейіндегі оқушымды  өзім  жоспарлағандай, оқуға  ынтасын аса арттыра білдік, сабаққа деген қызығушылығын байқадық. Оқушыны  сөйлеуге, ойын  жинақтап айтуға,сөздік қорын толықтыруға бет бұру керек екенін байқадым. АКТ-н жұмыстар жасауға  түрлі  тапсырмалар беру арқылы іс-әрекеттер  жасаса да, ілгері талпынысы  байқалды. Сондықтан да С деңгейдегі  оқушымен  жұмысты ары қарай тағыда жалғастыра беріп, сабақты түрлендіріп, қызықты түрде  өткізу керек екенін  ұйғардым.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!