Материалдар / "Ішкі сыр" немесе "Сәби мұңы" (ата-ана мейіріміне мұқтаж балаларға арналған өлең жолдары)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ішкі сыр" немесе "Сәби мұңы" (ата-ана мейіріміне мұқтаж балаларға арналған өлең жолдары)

Материал туралы қысқаша түсінік
балалар мекемесінде тәрбиеленіп жатқан балалардың мұң-мұқтаждарын қоғаммен бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2021
385
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Ішкі сыр..." немесе "Сəби мұңы"


(ата-ана мейіріміне мұқтаж балаларға арналған өлең жолдары)


Тогисова Айгерим Бахытбековна


Айтайын, ащы сырды жайып мына, 
Өз баласын жатқа тастап, тайыпты ма?
Ата-ананың тас жүрек болуына, 
Айтшы, Аллам, күнəсіз сəби айыпты ма?! 

Əппақ бет көз жаспенен шайылуда,
Қатыгез ана атауы жайылуда.
Керексіз зат секілді тастап кетер, 
Əр істің бармай ешбір байыбына. 

Бала көңіл анашым деп зар илейді, 
Ана жүрек бұл үнге де именбейді.
Қимастастықпен қоштасқан боп секілді,
Жылама, ертең тағы келем дейді.

Күтеді, үмітсіз бар шайтан деген,
Əр есік сыңғырына болар елең.
Анам бəлкім ауырып қалған шығар,
Не болмаса, бас тартты мүлде менен.

Жұдырықтай жүректе бір қайғым бар,
Неге мені анамнан айырдыңдар?!
Бұл жалғанда тірі жетім болуыма,
Уа, Жаратқан, қандай менің айыбым бар?!

Болды ма бұған кінə тентектігім,
Ана жаным жатқа тастап сен кетпегін.
Құшағыңа ып-ыстық алып мені, 
Неге ана, əлі де тербетпедің.

Жатқа мені анашым тастамашы,
Көлге айналар жанардан аққан тамшы.
Келеріңді тағатсыз күтіп күнде
Болдым ғой аң аңдыған мен бір аңшы.

Келші ана, көңіл үйі жылытылсын,
Сен мен үшін ғажапсың, сыры тылсым.
Құшағыңнан жұмақ исін бір иіскейін,
Жүректегі бар мұңым ұмытылсын.

Осылай сыр айтады бала жүрек,
Барады тірі жетім саны үдеп.
Қаншама жан құшағын жайса да оған,
Өз анасы тек оған болар тірек.

Баланы, өтінемін, тастамаңдар,
Жас жүректі бейкүнə ластамаңдар.
Бала саған керек емес боп көрінсе,
Зар болып, құлап жүрген,
Тəңірден сұрап жүрген,
Еңіріп жылап жүрген,
Қанша жан бар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!