Материалдар / IT технологияларды тиімді қолдану – заман талабы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

IT технологияларды тиімді қолдану – заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім сапасын арттыруда ақпараттық технологиялардың маңызды рөл атқаратындығына басты назар аудара отырып, пән мұғалімдерінің тәжирибесі арқылы тиімді әдіс-тәсілдерді көрсету. 1.Пән мұғалімдері IT технологияларды тиімді қолданудың ерекшеліктерімен танысады. 2. Пән мен тілді кіріктіріп оқытуда мультимедиялық құралдарды қолдану ерекшеліктерімен танысады 3. Цифрлық білім беру ресурстарының мүмкіншіліктерін көрсетеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2022
379
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектебі: Ораз Жандосов атындағы №30 жоббм

Уақыты: 22.04.2022 ж.

Сағат: 12:00-12:40

Орны: 22 кабинет


Мұғалім: Тоқаев Н.Л Битуған А.Қ.

Сабақтың атауы:

IT технологияларды тиімді қолдану – заман талабы

Мақсаты:

Білім сапасын арттыруда  ақпараттық технологиялардың маңызды рөл атқаратындығына басты назар аудара отырып, пән мұғалімдерінің тәжирибесі арқылы тиімді  әдіс-тәсілдерді  көрсету.

Күтілетін нәтиже:

1.Пән мұғалімдері IT технологияларды тиімді қолданудың ерекшеліктерімен танысады.

2. Пән мен тілді кіріктіріп оқытуда мультимедиялық  құралдарды  қолдану ерекшеліктерімен танысады

3. Цифрлық білім беру  ресурстарының   мүмкіншіліктерін   

көрсетеді.

Өткізілу түрі:

Ауызша ақпарат құралдарына шолу, суреттермен, тақырыппен, интерактивті тапсырмалармен жұмыс.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта,тақырыпқа байланысты суреттер, ноутбуктер, А4 парағы, әріптер.

Қызығушылықты ояту:

Сәлеметсіздер ме қымбатты әріптестер! Бүгінгі болғалы отырған коучинг сіздерге сабақта заманауи интерактивті жаттығуларды тиімді қолдана отырып, педагогикалық еңбек жолдарыңызға өз көмегін тигізеді деген үміттеміз. Адамзат күш жарыстырып емес, ақыл жарыстырып алға басатын мына заманда ұстаздың қаншалықты деңгейде білімді де білікті, талапшыл да парасатты болуы керектігі өздеріңізге белгілі. Ж. Аймауытов айтқандай: «Сабақ беру – жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер». Сол себепті жаңа заманның ағысымен жаңа интерактивті құралдарды пайдалануды бірге үйренейік.

«Әріптер сөйлейді» тренингі.

Мақсаты: Қатысушылар арасындағы психологиялық жағымды жағдай қалыптастыру.

Өту барысы: қатысушыларға әртүрлі әріптер беріледі. Жүргізуші қатысушыларға әртүрлі жағдаяттық сұрақтар қояды, қатысушылар өздеріне берілген әріптее басталатын сөздермен жауап береді. Қатысушылардың жауабы қисынды бола бермеуі мүмкін. Осылайша қатысушылар арасында жақсы көңіл-күй қалыптасады.

Тақырыпқа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Негізгі бөлім

Қазіргі заман – қарыштап дамыған білім заманы. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету. IT технологияларды оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырманы орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады.

Олардың әрқайсысы көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін тиісті құралдарды қолдануды талап етеді.

Солардың бірі оқушылардың өз бетінше жұмыстануына және өз жетістігін бағалауға негізделген LearningApps сервисі.

LearningApps сервисі оқушылардың оқуын өз бетінше дамыту және қамтамасыз ету үшін көп мүмкіндіктерге ие және оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс бере алатын негізгі құрал болып табылады.

LearningApps сервисі туралы.

LearningApps - бұл әр түрлі пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік қосымшалар жасауға мүмкіндік беретін білім беру мекемелеріндегі білім беру процесін қолдау үшін арналған сервис деп есептеймін.

LearningApps құралдары әртүрлі интерактивті тапсырмаларды жасауға мүмкіндік береді: викторина, сұрыптау, топтастыру, жіктеу, мәтінді енгізу, кроссворд, уақытша таспа және т.б.

Осы қосымшалардың бірін таңдау сабақ барысында мақсаттарға жету мен білімді игерту көзделеді. Мен осы қосымшаларды сабақтың білімді тиянақтау, топтық және жұптық, жаңа материалды игерту, үй жұмысын тексеру кезеңдерінде көптеп қолдануға болады деп есептеймін.



Қорытынды

Ойтолғау



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!