Материалдар / Ізгілікті өсиетті бойыма дарытамын десең...
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ізгілікті өсиетті бойыма дарытамын десең...

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапта ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарымыз, тіліміз бен дініміз жөнінде кеңінен мағлұмат беріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2020
226
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ізгілікті өсиетті бойыма дарытамын десең...

Адам баласы үшін игілікті дүние - білім қазынасы. Ол бізге ауызша, жазбаша немесе әдебиет арқылы жетеді. Кітап - адам баласының ойлап тапқан ұлы істерінің ішіндегі ең ізгілік құралы. Ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. 

Қазір заман күнде өзгеру үстінде. Ертең не болары белгісіз. Болашағымыз бұлыңғыр. Күннен – күнге проблемалық мәселелер туындалуда. Осындай келеңсіздіктердің жолына тосқауыл қойып, жарқын болашаққа сеніммен қарау үшін көмекке келер үлкен дүние, ол – Кітап. Кітап көп. Қайсысын оқимын десең, өз еркіңде. Дегенмен, биыл оқырман қауымға жол тартқан, әдебиет көлеміне үлес қосқан керемет шығармалар жинағы деп Шаймырза Жаңайұлының кітабы «Ізгілікті өсеиеттер» туындысын айта аламын.

Кітапта ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарымыз, тіліміз бен дініміз жөнінде кеңінен мағлұмат беріледі. Бұл жөнінде автор түйін сөзінде: «Өзім ойлап шығарған кітап емес, бұл әртүрлі дереккөздерден, жазбалардан, кітаптардан өзімнің санамның, сауатымның, түсінігімнің, түйсігімнің деңгейінде ғана сүзіліп алынған – жинақ. Бұл жинақта мен қолымнан келгенше ұлттық құндылықтарымызды, діни танымдарымызды саралап, салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрыптарымызға, тілімізге, ділімізге және дінімізге сәйкес оқырман «Отбасы хрестоматиясы» есебінде пайдалануын көздедім» деген. Автор бұл кітапта 1-7 аралығындағы сандарға байланысты ізгі өсиеттер, әңгімелер мен мысалдар, ислам парыздарын; 8-30, 35, 40 сандарына қатысты неше түрлі деректер келтіреді. Күнделікті оқылатын дұғалар жөнінде кеңінен мағлұмат беріледі. Қаншама мағлұматтар мен деректер оқырман қауымға өте түсінікті етіп жазылған. Жалпы айтқанда, «Ізгілікті өсеиеттер» кітабы – қарапайым, түсінікті тілмен жазылған құнды дүние, рухани қазына. Сөз қадірін түсініп, жүйелі ойлай білетін оқырман қауымға бұл кітапты оқып шығуға кеңес беремін.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!