Материалдар / ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАУЫ БАР ЕРЕСЕК МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН ОЙЫН ӘРЕКЕТТЕРІН ҚОЛДАНУ.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАУЫ БАР ЕРЕСЕК МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН ОЙЫН ӘРЕКЕТТЕРІН ҚОЛДАНУ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңдағы еліміздегі және шет елдің ғалымдарының зерттеулері бойынша дамуында түрлі кемістігі бар балалардың саны жоғарылап өсуде.Соның ішінде сөйлеу тілі бұзылған балалардың саны жоғары деңгейде екені анықталды. Біздің басты мақсатымыз-осы балалардың мүмкіндіктерін анықтау, оқыту, тәрбиелеу, түзету жұмыстарын жүргізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
284
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАУЫ БАР ЕРЕСЕК МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН ОЙЫН ӘРЕКЕТТЕРІН ҚОЛДАНУ.

Қазіргі таңдағы  еліміздегі  және шет елдің ғалымдарының зерттеулері бойынша дамуында түрлі кемістігі бар балалардың саны жоғарылап өсуде.Соның ішінде сөйлеу тілі бұзылған балалардың саны жоғары деңгейде екені анықталды. Біздің басты   мақсатымыз-осы балалардың мүмкіндіктерін анықтау,  оқыту, тәрбиелеу,  түзету  жұмыстарын жүргізу.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы деп – есту қабілеті мен ой-өрісі қалыпты дамыған балалардың дыбыстық және мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің жүйесінің қалыптаспауының бұзылуынан болатын тіл кемістігі.

Дефектология ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері (Н.А.Никашина, Р.А.Каше, Л.Ф.Спирова, Г.И.Жаренкова және т. б.) Р.Е.Левинаның басқаруымен өткен ғасырдың 50 – 60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіл кемістіктерін жан–жақты зерттеулерінің нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Р.Е.Левина жалпы сөйлеу тілінің дамымауын үш деңгейге бөледі:

Жалпы сөйлеу тілі дамымауының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы байқалады. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынандай болып келеді: былдырлап сөйлейді, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздермен, күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап мүлде түсініксіз етіп үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдету арқылы ым-ишара қолданып, ымдап түсіндіруге тырысады.

Жалпы сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіндегі балалардың белсенді сөз қоры зат есім, етістік, сын есім, үстеу сөздерімен толықтырылады.Сәтсіз болса да бұл деңгейдегі балалар септік жалғаулар мен жұрнақтарды пайдалана бастағаны байқалады. Балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.Сөзді түсінуі жетіледі, белсенді және енжар сөз қорлары толығады.Әлі де көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды. Дыбыстық талдау, жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі байқалады.

Жалпы сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейі сөйлем құрамындағы лексикалық-грамматикалық және фонетикалық-фонематикалық элементтердің жетілмеуімен сипатталады. Осындай дәрежедегі, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағылармен тілдесіп, сөйлесе алады, бірақ қанша дегенмен де өзінің айтайын деген ойын анықтап түсіндіре алмайды. Тіпті, бала дұрыс айта алады-ай деген кейбір дыбыстардың өзі де өз бетімен сөйлегенде жеткілікті түрде айқын шықпайды.

Жалпы сөйлеу тілі дамуында кемшілігі бар балаларға ойын әрекетінің ықпалы зор. Себебі ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Ойынның түрлері:

- Дидактикалық;

- Қимылды;

- Шығармашылық құрастыру;

- Драматизм-ойындары;

-Рөлдік-мағыналық.

Дидактикалық ойындар. Бұл ойынды белгілі ережесі мен мазмұны бойынша үлкендер  ұйымдастырады. Дидактикалық ойындардың міндеті - балалардың бағытталған және ортақ іс- әрекетін ұйымдастыру. Бұл ойын барысында бала еш мәжбүрсіз, байқамай қажетті білімдерді алады. Балалар ойын тапсырмаларына қызыға көңіл бөледі. Табу, айту, атау, ойын тапсырмасын  сапалы шешуге көңіл бөледі: сұлбаны әдемі құрастыру, суретті дұрыс таңдау.5 жастаға бала дидактикалық ойын барысында заттардың саны мен сапасын оның атауларды, оларды сыртқы бейнесі бойынша салыстырып, есте сақтауды үйренеді. 6 жастағы бала ойын тапсырмасын сапалы шешуге қызығушылығы арта түседі. Ал 7 жасқа таман бұрынғысынша ойын әрекеті қызықтырады, бірақ көбіне ойынның нәтижесі қызықтау болады.Логопедиялық сабатардағы дидактикалық ойын барысында балаларды асықпай сөйлеуге тәрбиелейді; дыбыс айтуы шыңдалады, сөздік қоры молаяды. Есту зейіні мен фонематикалық естуін дамыту үшін музыкалық дидактикалық ойындардың да маңызы зор.

Қимылды ойындар. Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларда қимыл бұзылысы жиі кездеседі: қимылдың епсіздігі жинақылық емес ебедейсіз, әр түрлі қимыл икемсіздігі. Сол үшін қимылды ойындардың алатын орны ерекше. Балалар қажет қимылды шыңдайды, ұжымдық ойындар ойнауды үйренді. Олар үшін дыбысталған қимылды ойындардың маңызы зор, логопедияда бұл ойындар логопедиялық ритмика деген атаумен таныс.

Шығармашылық ойындар. Бұл ойында балалар өз ойын қиялын, қоршаған әлемнен алған әсерін өз білімі мен тәжірибесін көрсете алады. Шығармашылық ойынның бір түрі құрылыс заттарымен ойнау. Бұл ойынға баланың кеңістікте бағдарлануына көлем мен сан, сапа туралы түсінігін дамытуға әсер етеді.

Құрылыс ойындарында кубиктер, қораптар, баулар, құм, сазбалшық, т.б. қолданылуы мүмкін және де құрылыс ойындарын сондай-ақ түзету мақсатында да қолданады: баланың байсалды мінезіне, сабаққа өзгерту енгізу үшін. Құрылыс ойындарын бірінші логопедиялық сабақтарда ғана қолдануға болады. Бұл баланың сөйлеуімен байланысты. Жеке заттарды атайды, сұрақтарға жауап береді.

Драммалық ойындары өте қызықты өтеді. Бұл кезде балалар сүйікті ертегілерін айтады, ертегі кейіпкерлерін салады, диалог жүргізеді. Егер қажетті киімдер мен бетперделер дайындалса ойын одан әрі қызығырақ болады. Драммалық ойыны бала бақша қуыршақтары мен де жүргізіледі. Бұл ойын бала дұрыс сөйлеуге үйренгеннен кейін ғана ойнатылады. Ойынды өткізу үшін жақсы дайындалу керек. Алдымен балаларға ертегіні оқиды, сұрақтар қояды, қимылдарды бейнелейді. Осыдан кейін ғана барып ойынға кірісуге болады.

Мағыналық-рөлдік ойындарда баланың өмір туралы түсінігі кеңейеді. Мағыналық - рөлдік ойындардың тақырыбы әртүрлі әрі балаға жақын болуы керек. Логикалық сабақтарда рөлдік ойындар бала еркін сұрақтарға жауап бере алғанда ғана ойнатылады. Ал, саусақ ойындарды балалар қызықтап ойнайды.Саусақ ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай - ақ ойнау іс - әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.Саусақ ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор.

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан - жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!