Материалдар / Жамбыл Жабаевтың қазақ еліне қосқан үлесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жамбыл Жабаевтың қазақ еліне қосқан үлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқырмандары Ж.Жабаев өмірі мен өнері туралы мағлұмат алғысы келген оқырмандар үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
424
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жамбыл Жабаевтың қазақ еліне қосқан үлесі

Авторы: Каликулова Казима Абдразаковна

Ұйымы: Абай атындағы мектеп-лицейі

Қаласы: Түркістан облысы,

Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы

Е-mail: kalikulovak@gmail.com



XX ғасырдың Гомері атанған әйгілі суырыпсалма ақын , еліміздің тарихында аласапыран заманда дүниеге келіп , халқымыздың рухани тұғырына айналған ұлы тұлға – Жамбыл Жабаев .

«Жамбыл Жабаев - көп жасаған , көпті көрген, туған халқының кешегісі мен бүгінгісінің куәсі болған данышпан қария , сол көрген білгенін маржандай жыр сөзімен баяндаған құдіретті құдіретті талант иесі , үлкен шәйір, ақын еді. Жаңа заманды жырлайды келіп , ұлы ақын Жамбыл өзін жүз жылдық терекке теңеген еді» ,-деп жазады Д.А.Қонаев. « Менің тамырларым- туған халқым , менің бұтақтарым- жырларым , менің жапырақтарым- ұлдарым мен қыздарым . Мен бар болғаны жүз жылдық терекпін , қартайғанда тапқан жарық күнімді халқымның, ұл-қыздарымның бақыты үшін жырлаймын деген болатын.» Жамбыл халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, елдің еңсесі биік болса деген асыл мұратын жырларына арнау етті . « Жамбыл- менің жәй атым , халық- менің шын атым» деп жырлаған ұлы жырау халқының ғасырлар бойы көкейінде жүрген арманын өлеңмен жеткізді. Сол себепті де , Жамбыл шығармаларының негізгі идеясы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қарқынды қадамдарымен, жасампаз істерімен үндесіп келеді . Осыған орай Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Жамбылға «Адалдық пен адамгершіліктің , әділеттілік пен ізгіліктің алып жыршысы» деген тарихи бағасын берді. Жамбыл бабамыздың ұшан-теңіз шығармасының мұрасы- халқының талайлы тарихы мен шынайы өмірінің айнасы . Осы арқылы біз ұлтымыздың өзіндік болмысын , өмір салтын , көркемдік дүниетанымы мен арман-мақсатын танимыз. Әсіресе:

«Адалдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.»- деп жырлаған Жамбыл шығармашылығынан еліміздің бүгінгі бейбіт тірлігі мен берекелі тіршілігін көргендей боламыз .

Сөз зергері Мұхтар Әуезов болса «Ақындардың ақыны , айдын-көлдей ақылы» деп атаған Жамбыл Жабаев шығармаларына бүгінде терең бойлап, оның әр сөзінің салмағын сезініп, тәуелсіздік тұрғысынан бағамдап келеміз. Жамбыл өмірі – ол халық өмірі , ұлы тарихымен тамырлас тамаша тағдыр. Жамбыл шығармашылығы- Ұлы дала Елінің ұлағатты қазынасы!» деп танытты.

Мемлекет басшысының: « Жамбыл туралы айтылар сөздің мәдени-рухани өміріміздің, саяси-әлеуметтік тарихымыздың ең бір көкейтесті арналарымен ұласып жазылуы заңды»,- деген сөзі ақын шығармаларының халықтық сипатын танығандықтан туындаған ой деп білеміз.

« Халықтың енді міне жетілгені ,

Құрыштың білінбейді кертілгені.

Аталып Қазақстан, ел боп туып ,

Үй тігіп , ірге қалап бекінгені.»- деп ақын жырлаған жыр жолдарының бүгінгі тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған заманмен ғажап үндестігін көреміз. Сонау өткен ғасыр басында Ж.Жабаев Қазақстанның тәуелсіз ел болып түлейтінін, үй болып ірге қалайтынын сол кездерде болжағандай еді.

Аннотация

Жамбыл өмірімен де , шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тумаластырып тұрған ұлы жырау. Десе де Ж.Жабаев өзінің ғасырға жуық ғұмырында тау мен даланы жырлады. Поэзия әлеміндегі туған халқының мақтанышы, әлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Ол ақыл ойға , парасатқа , терең тарихқа , мөлдір судай өлеңге құштар өнер үйлер әрбір жанды сүйсінтті. Жамбыл бабамыз – есімі қазақ әдебиетінде алтын әріптермен жазылған ғажайып құбылыс ! Алып та биік , айдынды да айбынды жыр жампозы!

Аннотация

Жамбыл – великий поэт живущий своей жизнью и творчеством в сердцах народа в течение двух веков. Все же Жамбыл Жабаев за свою почти вековую жизнь воспевал горы и степи. Стал гордостью народа в мире поэзии , поэтическим великаном мирового уровня. Он восхищал каждую душу жаждущую разума , человечности , глубокой истории , чистую как вода поэзии. Жамбыл – удивительное явление, имя которого вписано в казахскую литературу золотыми буквами! Великий да высокий , широкий и доблестный гигант поэзии!

Annotation

Zhambyl was a great poet living with his life and creation about two hundred years. But Zhambyl Zhabaev for his almost century long life sang about the mountains and steppes . He became the pride of his native people in the world of poetry and world-class poetic giant. He delighted every soul thirsting for reason, humanity, deep history, pure as the water of poetry. He was an amazing phenomenon whose name was written in the Kazakh literature golden letters! He was great and tall, broad and valiant, giant of poetry!

Түйінді сөз

1. (қаз.) Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан тастары іспетті . Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

2. (рус.) Поэзия Жамбыла похожа на жемчуги разбросанные по дну моря. Собрать его и дать в руки народа – гражданский долг каждого из нас.

3. (eng) Zhambyl's poetry like pearls scattered on the deep of sea . Collecting them and give to the native people is our civic duty.

[ Пайдаланылған әдебиеттер :

  1. Ж.Жабаев: “Жапанға біткен бәйтерек", “Ж.Жабаев шығармалары” Жазушы баспасы , Алматы , 1982ж.

  2. С.Мұқанов: “Жамбыл Жабаев туралы" NurlyPress.kz , Алматы, 2014ж. ]

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!