Материалдар / Жаңа форматтағы әдіс тәсілдер мен дидактикалық ойындарды математика сабағында қолдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңа форматтағы әдіс тәсілдер мен дидактикалық ойындарды математика сабағында қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де , мұғалім үшін де тиімді бағдарлама. Мысалы: Брунер оқытудағы маңызды тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынды. Брунер теориясының ажырамас бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзін ашушы болуға рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер шынайы» деген ұғымдар болды. Оқытудың мұндай типінің артықшылығына төрт аспектінің арасында; біріншіден, зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы; екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өту арқылы; үшіншіден, жаңалық ашу арқылы және соңғысы, жадыны дамыту үшін осындай оқытудың арқылы қол жеткізіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2021
3505
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Л.Н. Толстой атындағы орта мектебі" КММ














Жаңа форматтағы әдіс тәсілдер мен дидактикалық ойындарды математика сабағында қолдану













Жауынбаева Альмира Көрегенқызы

Математика пәнінің мұғалімі







2018 – 2019 оқу жылы


Мазмұны




  1. Кіріспе

  2. Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану аясы

  3. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын қолдану

  4. Дидактикалық ойындар

  5. Логикалық есептердің пайдасы

  6. Қорытынды

  7. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
































Кіріспе


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс » деп атап көрсетті. Сондықтан да қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Себебі қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі қазіргі заман талабына сай болуы баршаның мақсаты болып отыр.

Қазіргі заманның оқушысына оқуға, білім алуға не кедергі? Оқуға қызығушылықтың жоқтығы десем қателеспеймін.

Қазір оқушыны жан-жақтан, қоршаған ортадан алаңдататын көптеген қызықты, қолжетімді «объектіліер» көп-теледидар, компьютер, интернет желісі, басқа да құрылғылар. Осындай ортадан оқушының назарын оқуға, білімге тарту оңайға түспейтіні белгілі. Бірақ қай заманда болсын ұстаздың шеберлігі сонымен сомдалады, түрлі кедергілерді жеңе біліп, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыта отырып, білімді шәкірт тәрбиелеу.

Білім беру мақсаты  — келесі негізгі кең ауқымды дағдыларды қамтиды:

  • білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану;

  • сыни ойлау;

  • зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  • ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану;

  • әр түрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану;

  • топта және жеке жұмыс істеу ептілігі;

  • проблемаларды шешу және шешімдер қабылдауға ие оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру.

Мұғалімнің шеберлігінің кілті оның сабақ технологиясын меңгеруі, әдісте-мелік тәсілдерді тиімді қолдана білуі болып табылады. Осындай тиімді де, нәтижелі әдістердің бірі-дидактикалық ойындар деп есептеймін.

Ойын-адамның өмір танымының алғашқы қадамы, ол оқыту проце-сінде жаңа технологияның маңызды бөлігі.

Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «Ойын- күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге де-ген қабілеті байқалады»-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзіне қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Ойын-екі немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.

Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды дидактикалық ойындардейді.


Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану аясы

Қазіргі кезеңде білім беру ісіне жаңа сапалы деңгейге көтерілуіне кедергі келтіріп отырған проблемаларға мыналарды жатқызуға болады:

  • білім мазмұны бойынша: мұғалімнің ақпаратты оқушыға дайын (өңделген) күйінде бере салуы, оқушының пәндерді оқуда білімді жай ғана «қағып алуға» бағдарлануы;

  • оқыту үдерісіндегі қарым-қатынас бойынша: мұғалім мен оқушы арасында қатынасқа субъект-объект сипатының тән болуы, оқушының мұғалімді және оқулықты дайын оқу апаратынының көзі ретінде қабылдауынан енжар келуі;

  • оқыту нәтижелері бойынша: оқушы іс-әрекетінің репродуктивті деңгейі, оқушы игерген пәндік білім-біліктің сандық мөлшерін бағалануы.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны қолданыстағы жүйенің осындай кемшіліктерін еңсеруге бағытталған.

Педагогикалық әдіс-тәсілдер

  • құндылықты-бағдарланған;

  • тұлғалық-бағдарланған;

  • жүйелік-әрекетті;

  • коммуникативтік;

  • интегративтік

  • зерттеу

  • интербелсенді

Әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.

Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.

Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және      өмір          жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.


Жаңа форматтағы әдіс – тәсілдер мен ойындар топтамасы


Сегіз тәсіл

Жұптасып жұмыс істей отырып, ұсынылып отырған сегіз тәсілді формулалармен сәйкестендіріңіз. Бұл әдісті мысалы қысқаша көбейту формулаларын қайталау сабағында қолдануға болады

Тәсіл

Сурет (формула)


















Оқушыларға арналған қызықты ширату жаттығуларына жатады: бейнеклиптер, фотосуреттер, фильм үзіндісі, заттар, мультфильмдер, музыкалық үзінділер, сұрақтар, ойындар, жұмбақтар

БББ кестесі (Білемін, Білгім келеді, Білдім)

Б (Мен не білемін?)

Б (Менің не білгім келеді?)

Б (Мен не білдім?)




Бұл әдіс сабақты қорытындылауда жекелеген оқушыларға қолданылады.


Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қалыптастырушы

бағалау тапсырмаларын қолдану


«Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктері

Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірлігі болып табылады. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу және т.б. жатады. Қазақстан халқын біріктіретін «Мәңгілік Ел», «Қазақстан – ортақ мекеніміз», «Қазақстан – менің Отаным» жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыруда мектептердің рөлі аса маңызды болып табылады.

Осы тұрғыда бөлімдер бойынша күнделікті берілетін қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын оқушыларға қазақ халқының тарихы, ақын-жазушылары, мәдени жаңалықтары және өмірмен байланысты жағдайлармен байланыстырып құрастыру тиімді және қызығушылығын оятады.

Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысын қамтамасыз ететін үдеріс.

«Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдер оқушылардың өтіліп жатқан тақырыптар мен дағдыларды игеруін бағалау үшін қолданатын құрал. Ол белгілі бір тақырып өтіліп жатқанда ол бойынша оқушының қате түсінігін және түсінбеген мәселелерін анықтаудың «өзегі» болып табылады» (Каль, 2005, 11-б.).


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма дайындау үлгісі

Математика 5-сынып


Бөлім/ Тақырып

5.1А Бөлім: «Натурал сандар және нөл саны»

Оқу мақсаты

5.1.1.1

натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру;

5.1.1.2

тақ және жұп сандар ұғымдарын меңгеру;

Ойлау дағдыларының деңгейлері


Түсіну, білу, қолдану

Бағалау критерийлері


Тапсырма

1.Тапсырма

Арай кітап беттерін санап жатыр. 1, 2, 3, 4, 5, ... . Ол үштен бір бөлігін санап болғанда 100-ші бетке келді.

Тұжырым

ақиқат

жалған

1

Ең кіші натурал сан - 1



2

Ең кіші натурал сан - нөл



3

Натурал сандар - 1, 2, 3, 4, 5, ...



4

Натурал сан - үштен бір



5

Натурал сан - 100




Бағалау критерийi

Дескриптор

-натурал сандар анықтамасын қолдану;

-дұрыс тұжырымды анықтау

Білім алушы

  • натурал сандар анықтамасын қолдана отырып дұрыс тұжырымды анықтайды.


2.Тапсырма

ЭКСПО көрмесіне b елдер қатысты, оның шамамен -і халықаралық ұйымдар. Егер халықаралық ұйымдар саны 25 болса, онда ЭКСПО көрмесіне қанша елдер қатысты?


Шешуі: Жауабы:115 елдер

3.Тапсырма

Мемлекеттік тудың ұзындығын 2000 мм болып жасалса. Бұл неше сантиметр, дециметр және метр болады?


Шешуі: 2000мм=200см

2000мм=20дм

2000мм=2м


4.Тапсырма

Әбілхайырдың тілашар тойында 150 қонақ тілек айтты, бұл барлық тойға келген қонақтардың 75%-ын құрайды. Тойға қанша қонақ келген?

Шешуі: Жауабы:200 қонақ


5.Тапсырма


Диаграммада Қазақстан, Ресей, Түркия, АҚШ, Иран елдерінің осы елдер аралығында жер аумағы бойынша пайызы көрсетілген.

















Дөңгелек диаграммадағы мәліметтерді қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Ресейдің жер аумағы қанша пайызын құрайды?

  2. Қай ел жер аумағы бойынша ең төмен пайыз көрсетті?

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!